1941 жыл. Ақпан
Бұл бетте «1941 жыл. Ақпан» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Аулымызды ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,
Алапат аспан, жерді аттандатқан.
Аттан! деді,
Ол ертең аттанады.
Аттанады еңбектің ақ табаны:
Күрегінің орнына қару алып,
Жауынгердің ролін атқарады.
Ол ертең аттанады.
Жарты Ай тұр шар аспанда - тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!
Әжем жүр туған жердің топырағын,
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға.
Ол отыр.
Аямай-ақ ішіп алған.
Санасын мазалайды күшік-арман.
Аттан, әке.
Таныс қой күрес саған,
Күресуі керек қой күші бар жан.
Here бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке.
Жолыңнан кешігесің.
Кеудесінде шыбыны бар паңырлар,
Тауып жейді сенсіз де несібесін.
Қалай сені жұбатам, аңыра, Ана,
Сау қайт деп тәңіріңе жалын, Ана.
Мына отырған иеміз құласа егер,
Саған жар, әке бізге табыла ма?
...Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған,
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған...
Керемет өлеңдер
Осыны жаттап алыныздар!
керемет екен мен осыны жаттайым бирак аздау екен
керемет екен меносыны жаттайым бирак аздау жалгасы жок па
керемет екен бирак аздау толыгы жокпа мен жарыска айттайын деп жатырмын
Осы өлеңнің жалғасы жоқ па?
KepeMem
Ақ түнек ақ қар аспанда
Ақсайда жылқы баққанда....деген өлеңін қалай тапса болады?
Керемет өлеңдер
Мағыналысы ұнады
Мағыналы әрі сөздері анық жазылған
Өте жақсы , маған ұнады
Өте керемет
Мағансы Жақсы
Мұқағали Мақатаевтың «1941 жыл. Ақпан» — соғыс басталар шақтағы үрей мен үміттің тоғысқан терең поэзиясы! Бұл өлеңде ақын 1941 жылғы ақпан айының аязды атырабы мен Ұлы Отан соғысының ауыр күндеріне алғашқы дайындықтың қасаң көрінісін әдемі тілмен жеткізеді: «Аулымызды ақ қар жапқан… Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін…» — деген жолдар тарихи кезеңнің атмосферасын сезіндіріп, оқырманды сол кездегі күйзеліс пен күтуге толы сезімге жетелейді.
Өлеңде әже мен ана бейнесі арқылы отбасы, туған жерге деген сағыныш пен күйзеліс, сонымен қатар әкенің майданға аттану алдындағы шешуші сәттері шынайы бейнеленген. Бұл шығарманы оқыған сайын адам ел қорғау мен батырлық, ар‑ұят және адамгершілік сияқты құндылықтарды терең сезінеді.
Осындай қазақша поэзиялар мен тарихи сезімге толы өлеңдер туралы пікірлерді бөлісу — қазақ әдебиетінің рухани байлығын интернетте кеңінен танытуға, оқырман қызығушылығын арттыруға және ұлттық тарихи тақырыптардың маңыздылығын сақтауға көмектеседі!