Өлең, жыр, ақындар

Құдіретті комедия

  • 07.04.2019
  • 0
  • 0
  • 38271
А. Данте
Тамұқ

Бірінші жыр
Бұл фәниде жарты өмірді жасадым да, әрі астым,
Әрі астым да, қара орманға қапелімде жанастым.
Ойпаттағы опа көрген оң жолымнан адастым.
Ежелгі оның қорқынышын есте тұтып келемін,
Үрей бұққан тағы орманды тажалдайын көремін.
Қандай еді ол, пәруәрдігер, қалай айтып беремін!
Сұрқай еді-ау, өлім одан әлдеқайда сұлу-ды,
Бірақ онда бір игілік мәңгі-бақи бұғулы,
Бәрін де айтам, нелер көрдім, нені жүрек ұғынды.
Есімде жоқ, алқапқа қалай барып қалғанмын,
Анық ізден адасқанда абдырадым, таңдандым.
Сайқымазақ сұм ұйқының сайтанына алдандым.
Бөктеріне жон-жотаның жақынырақ келгенде,
Қыратқа кеп иек артқан атырапты көргенде,
Аузыма кеп тығылады жатқан жүрек кеудемде.
Көрдім сонда, қос жанарым жалт етіп бір ашылып,
Айналаға жол сілтеген аппақ нұрлар шашылып,
Жадырап тұр алып таудың иығына асылып.
Сонда ғана жаным еркін жадырады, жай тапты,
Тұла бойда тулаған қан жайыменен қайта ақты.
Тұңғиық түн тұралатып, жан азабын байқатты.
Тал қармаған шыңыраудан шыққан пенде алайтын,
Жағаға кеп, әзер дем ап, құтылдым деп санайтын.
Артындағы үрей шашқан толқындарға қарайтын.
Солай менің рухым да құрақ ұшқан, шошынған,
Бір үміттің сәулесіндей сапарыма тосыннан.
Хақ-ажалға апаратын хас-соқпақта тосылған.
Төрт мүшеме сәл дем бердім қалжыраған, қаңсыған,
Өрмеледім өрге қарай тағат алмай бар шыдам.
Ал табаным тіреу болды жердің төсін жаншыған.
Ылди төмен, мекен етіп балқып жатқан баурайды,
Құйқылжыған бір сілеусін құйындайын аунайды,
Әшекейлі таңғажайып тарғыл жүні лаулайды.
Шыр айналып тұрып алды сол сілеусін көлденең,
Сол қауіпті шыңыраудан шыға алмаймын, сенделем.
Кері қайтып, қорғансам деп, сәл абдырап көрген ем.
Тамаша құн тұғырында, таңсәріде, ерте еді,
Шок, жұлдыздар бірін-бірі ұзатады, ертеді,
Айнала бір тұнып тұрған, тұнып тұрған ертегі.
Құдіретті махаббат көп жұлдыз шоғын қозғады,
Сол бақытты сәтке сеніп, жігерім де тозбады.
Жүрегімде тулай ағып қаным дағы қозбады.
Алабажақ тағыға мен қарап тұрып алыстан:
Тағы да бір құбыжықпен зәре ұшыра табысқам.
Қарсы алдымда қасқайып тұр айғыр жалды арыстан.
Қарсы қарап келе жатыр, жалмайғұғын секілді,
Аштық буып, айбат шегіп, үрей бүркіп өкірді.
Тұнып тұрған жан-жағымның тынышын да кетірді.
Аран ашып, толтыра алмай ашкөздіктің қоржынын,
Қаншық бөрі ілесті де, арыстанға болды күң.
Көргенде оны құты қашқан талай-талай сорлының.
Өңменіңді тесіп тұрған қанды көздің алдында,
Айлам құрып қапаландым, құтылып көр, ал, мұнда.
Армандаған биігімнен адастым ба, қалдым ба?!
Қоңыз-дүние қоламтасын қалт жібермей қурайтын,
Бір сараңдар болушы еді аш өлуге шыдайтын.
Бастарынан дәулет тайса қайғыратын, жылайтын.
Мен де солай абдырадым, сабырсыздық жаншыды,
Қыр соңымнан қалар емес аш бөрінің қаншығы,
Ықтырады түнекке бір, сәуленің жоқ талшығы.
Қу далаға құлатты әкеп қорқыныштың өр күші,
Қарсы алдыма келді сонда қалжыраған ер кісі.
Қалжырапты кейпіңде бар үнсіздіктің белгісі.
Мұңды үнмен жалына бір, сол адамды болжадым, —
"Мейлің әруақ, мейлің адам, мейлің елес бол, жаным,
Құтқар мені, құтқар мені, бұ пәледен қорғағын!".
Үн қатты ол: "Адам болғам, қазір адам емеспін:
Ломбардтар ұрпағымын, сол рудан мен өстім,
Мантуяны ломбардтар отаны емес демес кім?
Юлий Цезарь кезінде мен кеш болса да туғанмын,
Августқа мен арқа сүйеп, Римде де тұрғанмын.
Қасиетті сол жандарға халық тағлым қылған мың.
Ақын едім жырға сенген, жырдан рахат сезгемін,
Анхиз ұлы секілденіп аулақ жаққа кезгемін.
Жалын құшқан Троядан жанұшыра безгемін.
Бар қуаныш бастамасы, себебі мен қорегі,
Шұғылалы шында неге сүйдірмейсің денені?!
Артындағы азап-сорға неге кайтқың келеді?".
Апырау, сен, Виргилий ме, бар әлемге жыр құйып,
Мөлдіреген бұлақпысың, теңізбісің тұңғиық?" —
Дедім дағы тайды жүзім, барлық жүйем турды иіп.
О, шамшырақ, ар мен ождан, жыр төресі жер-көкте,
Құрмет көрсет махаббатқа, қажымайтын еңбекке.
Демеп жібер, келдім міне, қауымыңа еңбекке!
Тағлым тұғын, тәрбие алған ұстазымсың сен менің,
Әлі есімде әсем жырды мұра қылып бергенің.
Әсем жырың аралап жүр барша әлемнің елдерін.
Келші маған, медет берші, о, көреген Адамым,
Жыртқыш тағы тұңғиыққа тықсырады, қарағын!
Қыл үстінде құрақ ұшып, қалтырап мен барамын!
Үрейімді көріп менің тар қапаста қалғанда,
Жаңа жолды тиістісің, — деді маған, — таңдауға,
Бел байлайсың артыңдағы жабайы інге бармауға.
Сені аңдыған қаншық бөрі — қанішерлер қу аңы,
Өсіп келе жатқандарды өлтіреді, қуады.
Жолындағы заттың бәрін жалмайды да, тынады.
Ол өзі бір қайырымсыз, қанды ауызды сұрапыл,
Жемді көрсе, бір азуын бір азуына ұратын.
Ол өзі бір обыр жауыз, жалмайтын да жұлатын.
Көрінген бір мақұлықпен құшақтасып аунайды,
Ол әзірге алдарқатып талайларды алдайды,
Қара Төбет келген күні қарасы оның қалмайды.
Жер бетінің байлығына ол бас ұрмайды, тайқайды,
Ар, махаббат, ақыл-парасат не екенін байқайды,
Мемлекеттік құшаққа алып, меңіреу түңді шайқайды.
Камилла, Нис, Эвриал, Турн өлген жерлерде,
Жауына жай түсіретін жаратылар өр кеуде,
Италия қалқаны боп қалар мәңгі өлмеуге.
Күншілдіктің құрты қозып желіктірген — "жарыққа",
Қаншық бөрі қашып барып, енсе дағы табытқа.
Желкесінен сүйреп шығып, қақтайды ол Тамұқта.
Саған айтам, айтам саған, сөз кезегі келгенде,
Мына жерден әкетемін, құры босқа сенделме,
Ер соңымнан, алып барам махшардағы елдерге.
Сонда естисің боздауларды, қарғыс отқа қарылған,
Атам заманғы рухтарды азап-сорға таңылған,
Басқа өлімді арман етіп, босқа көксеп жалынған.
Ұжмақтағы пенделерге қосылуды қалаған,
От ішінен көресің сен қайғыға жат сан адам,
Ізгіліктен ниеттеніп үмітпенен қараған.
Шыңға өрмелеп шығам десең, қанаттанар қарқының,
Қарсы алдыңнан күтіп алар сол бір әйел — алтының.
Жолың болсын, енді екеуміз қоштасайық, жарқыным.
Тәкаппарлы тәңірінің қарсы тұрған заңына,
Қаласына кіргізбейді ол, тыйым салған жауына.
Маған ерген адамдарды жолатпайды маңына.
Бар ғаламға ол әмірші, сонда өтеді уақыты,
Сонда оның қаласы да, тәжі менен тақыты.
Жолы болып, соған енген пенделердің бақыты!".
"О, ақыным, — дедім де мен, — жалбарына жалынам,
Сен шындығын аңғармаған құдай ақы табынам.
Кетейінші аждаһа ажал, жауыздықтан, тағыдан.
Мәңгі азапқа жан тапсырған, жалынменен баттасып,
Көрсет маған сол жандарды, көрсет тәңір қақпасын,
Өзің өткен жолды көрсет, сәуле шашсын, сақтасын".
Аяңдады ол, мен артынан келем ізін тап басып.

ЕКІНШІ ЖЫР
Күн де батты, мақұлықтар тірлігінен енді ада,
Бәрісін де ұйқыға алды, кешкі ауа, кең дала,
Кең далада үйсіз-күйсіз жалғыз қалған мен ғана.
Алда тұрды ауыр шайқас, даярланып, қамданам,
Азап-қайғы, ауыр сапар төзейін деп қарманам.
Жалғаны жоқ, есіме алам, жалғыздықтан арланам.
Муза, саған жалбарынам, шақырамын келе гөр!
О, ақылдың қазынасы, дана ойыңнан бере гөр!
Әңгімеме ақылыңнан нұр тамызып, себе гөр!
Былай дедім: "Ей, ақыным, сын сағаты қысқанда,
Сен шақырған бұл ерлікті опық жемей ұстауға.
Сірә, менде қуаты мол құдіретті күш бар ма?
Сен айтасың, пәмле етіп Сильвилердің бабасын,
Безбей тұрып, үзбей тұрып тіршіліктің қарасын.
Тірісінде-ақ көрді дейсің қияметтің арасын.
Жалғандағы бар күнәні байыппенен еңсерер,
Ықыласын төгіп оған, ақ батасын берсе егер.
Даңқ тағдырын, кім болғанын саралаған сол шебер
Қадірменді жандарға оның жақсылығы анық-ты,
Ол жаралған меңгеруге жақсылық пен жарықты.
Қадірлі Рим қасиетті елге баба болып қалыпты.
Ол да, анау да алма-кезек сәтті уақыт төнгенде,
Әулие Петр мұрагері дүниеге келгенде,
Бұл өмірде ардақты тақ тұрғызған-ды, берген де.
Ол өзінің, сен жыр еткен ерлігінің жолында,
Баянды боп қалу үшін бар ынтамен қоруда.
Дүниеге аса таяқ папа ие болуда.
Алға апарар атышулы, таңдамалы Жол бар-ды,
Демек сонда басқалар да сенімменен қорғанды.
Сенімменен қорғанды да, құтылуды қолға алды.
Мен ғұлама Павел емен, Эней емен және де,
Кіммін осы? Сүйенемін кімдер салған кәдеге,
Ардақ тұтар жоқ менде, жоқ қой менде дәнеңе.
Елестердің ортасына бара қалсам егер мен,
Әй, қорқамын, қор боламын өлермен.
Барлығына қанықсың сен, ақылдысың, көрермен".
Айырылған адамдайын жаңа ғана еркінен,
Шыңырау бір құпияда қайта ойланып елтіген,
Бұған дейін ойлағанын ойран-асыр серпіген.
Мен де солай тұңғиыққа, дал болдым да, бас қатты,
Алдарқатқан, қызықтырған әсем ойдан бастапқы.
Ойлай-ойлай жойдым оны, санам менің бас тартты.
Киелі аруақ сонда маған салмақпенен үн қатты:
"Ақиқатты ашып айтып, ащы үніңді тыңдаттың.
Амал нешік, рухыңды ұялттың сен, қымбаттым".
Ақылды үрей билемесін, билемесін әрдайым,
Әйтпесе біз әр нәрсені құбыжық көрген андайын,
Адыра қалып, аулақтаймыз біткен істен дап-дайын.
Саған айтам бір әңгіме көңіліңді бұратын,
Сейілтейін қауібіңді, мұқалмасын мұратың.
Қалай білдім сендей жанды аяуыма тұратын.
Жақсылық пен жауыздықтың арасында болғанда,
Ару әйел шақырған-ды, алған мені қолдауға,
Барымменен міндеттімін, қарыздармын сол жанға.
Жанары оның жарқыраған жұлдыздайын тұнық-ты,
Сорғалаған әңгімесі баурап алар ырықты.
Сөзі оның періштенің тәтті үніне жуық-ты.
"Мантуяның таза жанды, о, ғажайып ұлысың,
Дүниені дүбірлеткен даңқың менен ұлы ісің.
Өшпек емес, дүниемен мәңгі бірге тынысың.
Досым менің, амалым не, дос бола алмай қалған жан,
Қузар тауда оң жол таппай, опық жеген, қарманған.
Қорқыныш кеп ығыстырып, абдыраған, қорланған.
Көк әлемнен бір хабарды есіттім де, тыңдадым,
Әл беруден кешіктім бе деп, қорқып та тұрғаным,
Мұқалта алмай қалуы хақ сор — азаптың тырнағын".
Жанға шипа жақсы сөзбен табыл оның қасынан,
Қорға оны, сонда мен де тағат табам, басылам.
Қорға оны, не мүмкіндік қолында бар, бас ұрам?
Мені мұнда комбат өлке, қимас ұжмақ, гүл-елден,
Алып келген махаббатым, сені осында жіберген.
Мен — Беатриче, сүйіп айтам, жігерлен.
Тәңірі алдында есіміңді даңқ көтеріп, мақтағам,
Сан-сан рет есіміңді есіл үнім жаттаған".
Үнсіз тұрған әйелге мен мына сөзді саптағам:
"Өлгендердің ортасында жалғыз сенсің мәуелі,
Сенің жарқын жамалық ғой жарқыратқан әуені.
Бұл ғарышта сенен өтер зат жоқ шығар әдемі.
Саған ғана қызмет етсем, ең бақытты жандаймын,
Бар ісінді тындырам да, ешбір ақы алмаймын.
Әміріңді берсең болды, басқа жаққа бармаймын.
Бірақ қалай үрейленбей қара жерге енесің,
Тұңғиықтан кетпек болып, қарманасың, көнесің.
Сен отырған сол биіктің көрмек болып төбесін".
"Неге маған қорқынышсыз енгенімді бұл маңға,
Айтам саған, ақиқатты білгің келіп тұрғанда, —
Үн қатты ол, зейін қойдым оның сөзін тыңдауға.
Ең қадірлі жақыныңа қауіп-қатер төнгенде,
Содан ғана қорқу керек, бір жауыздық келгенде.
Ал басқадан қорқу деген — қуатсыз бір шерменде.
Бұл ғаламның падишасы мені солай жаратқан,
Қайғыдан мен қаймықпаймын, маңайыма жолатпан.
Жанған отқа енгеніммен, жалынына жалатпан.
Ғарыштағы Мариям ару ізгілікті қолдаған,
Ауыр азап шеккен жарды аянышпен қорғаған.
Тәңірінің зауалдарын жұмсартуға жолдаған.
Сол бір әйел Лючияға былай деп бір үн қатты:
Ең сенімді серпінді жауыздықтар шырмашы.
Ізгілікті жақтаушыны жібер соған, қымбаттым, —
Лючия — қашаннан да қаталдықтың қас жауы,
Рахильмен бірге отырған маған назар тастады. —
О, өркенің өскір! — деді, әңгімесін бастады.
Махаббатын арнап саған құдіретіндей табынған,
Күнделікті күйкі өмірдің қақысынан арылған.
Беатриче, ұмтыл соған, қорлықта тұр жарымжан.
Әлде оның жалынышы құлағыңа жетпей ме?
Теңізден де жолы тасқын, көремісің, көктей кеп.
Күрестерде күш сарыққан сорлыны алын кетпей ме?—
Мен зытқандай ешбір пенде қайғы-сордан зытпаған,
Қуанышқа, сірә, мендей басқан емес нық кадам.
Осы сөзді жүрегіммен мың қайталап, жұптағам.
Мақтауға да тұрарлық жан, кем де емес ақылдан,
Сөзіңе еріп келіп турмын, қасиетті сатыдан.
Құрмет сыйлап келдім саған, құрметті батыл жан", —
Деді дағы, көкті нұсқап оның мұңды жанары,
Көз жасымен араласын, сәуле шашын жанады,
Ұзақ, сапар, алыс жолға асықтырып барады.
Сол аруды тыңдадым да, саған қарай жытқанмын,
Шыңырауға шығар жолды шырмап тұрған мықты аңның
Тырнағынан, азуынан, талауынан құтқардым.
Неғыл дейсің? Созып тұрсың неге, неге, неге енді?
Неге үзбейсің берекесіз бұйығылық бөгеуді?
Ту ғып неге көтермейсің тәкаппарлық дегенді?
Үш арудың батасымен көктен қорған тапқанда,
Ғажайып жол қарсы алдында кең ашылып жапқанда,
Әл-дәрменін, келмей тұр ма алға батыл аттауға?
Салқын түнде гүл-жапырақ бүрісетін, семетін,
Семетін де, келе жатқан аппақ, таңды көретін,
Көретін де, сабағыңда гүл-гүл жайнай беретін.
Мен де солай, танды көріп, қанаттандым ерлікпен,
Үрейімді бастым соңда жүрегіме мен бүккен,
Мен де үн қаттым, салауатпен сөйлеп тұрмын ерлікпен:
"Қандай ғана қайырымды ару мені азаптан арылтқан!
Ақиқатты әңгімесін сол адамның танытқан.
Сен де ұстазым, шапағатты, мені өзіңе табынтқан.
Айтқаныңа қуандым да, құлақ астым, тыңдадым,
Алған жолды бар ынтамен жалғайын деп тұрғаным,
Ерік, жігер — бәрісін де бұрынғыдай шындадым.
Екеуміз де бір тілекте, баста мені, еремін,
Сен — ұстазым, сен — көсемім, сен — тәңірім, сенемін!"
Аяндады ол, қарсы алдында мен осылай деп едім.
Тас қараңғы күз арасы, мен артынан келемін.

ҮШІНШІ ЖЫР
Қараң қалған тұл мекенге — ұнтақтарға апарам,
Мәңгі-бақи күңіренген сырқаттарға апарам,
Күні бітіп опат болған ұрпақтарға апарам.
Данам менің ақиқатпен шабыттанған, нәр алған:
Құдіретті күш, ағыл-тегіл ұлы ілімнен сан алуан,
Мен осылай ең алғашқы махаббаттан жаралғам.
Жалғыз мәңгі жаратылыс менен көне, білгемін,
Мәңгілікпен де иықтасам, мәңгілікпен біргемін.
Сеніміңді, үмітіңді сөндір мұнда кіргенің.
Кіре беріс маңдайшадан оқыдым да осыны,
Ұстазға айттым, көз алдымда сұрғылт белгі жосыды,
"Мәнісіне түсінбедім, жаным менің шошыды".
Көрегенім көңіл бөліп, басу айтты маған шын:
"Жаның мұнда жасқанбайтын жай оғынан жаралсын.
Үрей мұнда кеңес берер болмақ емес хабаршың.
Ақыл-ойдың шуағынан біржолата арылған,
Қарғыс атқан қан-тамұқтың таңбасымен қарылған.
Айтқам саған барамыз, — деп, — елестерге сарылған".
Қолын берді ол, сезбесін деп сезік құдай атқырды,
Бап-байсалды кейпін құрып, маған қарап шақ, тұрды.
Бір құпия тар аяға жайлап қана ап кірді.
Жұлдызсыз да, саңлаусыз да қараңғыда жаңағы,
Шыңғырулар, біреу әзер ақтық демін алады.
Әуелгіде көзім жасы мені буып барады.
Барша тілдер жамырасын, жабайы наз, оттаулар,
Ашу, үрей, жылау-сықтау, өтініштер, даттаулар,
Ербеңдейді, қарманады дене, басы жоқ қолдар.
Ыю-қию, азан-қазан, тынымсыз шу мәңгілік,
Тас қараңғы тар үңгірде шыр айналды мәңгіріп.
Құйып қуған қаңқаларға жан біткендей әл кіріп.
Үрей қысқан басымды иіп, әзер былай дедім мен:
"Кімнің даусы ол мәңгі-бақи тұңғиықта көмілген.
Апырау, бұл неткен жандар қасіретті кемірген?!"
Деді көсем: "Пешенеге жазылғанды жөн көрер,
Масқара өлімді ойламайтын, тіршілікпен дөңгелер.
Мақтаудан да, мазақтан да хабары жоқ пенделер.
Бірге олармен бір әумесер періштелер қаптаған,
Жаратушы тәңіріге сенімсіз боп, жақпаған,
Қорсы тұра алмайды олар, екі ортаны сақтаған.
Оларды тәңір аластаған масқараға көнбеген:
Тамұқтың да құз-қиясы оларға орын бермеген,
Әйтпегенде бөсер еді күнә дейтін өр немең".
"Ұстазым-ау, кім бұларды осыншама қорлаған,
Жалбарына бас салуға бас игізіп, зорлаған?"
"Сұрағыңа жауап қысқа, тыңда", — деді ол маған.
"Ақ өлімнің өзі — олардың қол жеткісіз арманы,
Төзгісіз де, көргісіз де мына өмірдің зардабы.
Әйтпегенде, имантараз болар ма еді қалғаны.
Жер бетінде аты аталмас, есімдерін жұрт көмген,
Әділ қазы, аяушылық енді оларға сырт берген.
Сөз етерге тұрмайды олар, жалт қара да, шық бермен!".
Қарадым да, қашып жүрген тобыр көрдім алыстан,
Шыр айнала қуалаған дүлей күштей жанышқан,
Құтырынды құйып қуған, құйқылжыған шаң ұшқан.
Бұлардан соң бір-біріне итіндіре жалғаған,
Адамдар тұр, әзер сендім, сендім дағы таңдағам.
Мұңдар өлім мұнша адамды қалай ғана жалмаған?!
Біреулерді шырамыттым, ал біреуді таныдым,
Қорқақ сорлы жемі болып жігері жоқ жанының,
Иен-тегін несібеден сыбаға алмай қалуын.
Түсіндім мен пақырларды зәре ұшыра зарлаған,
Құлым деп те құрметтемей, құдай жолын қармаған,
Жаратқанға қарсылар да қатарына алмаған.
Тіршіліктің пендесіне келмейді олар қосуға,
Қараң қалған қалың тобыр тыр жалаңаш босуда,
Арқаларын қанға бояп, маса-сона жосуда.
Беттерінен қан аралас көздің жасы ағуда,
Құжынаған жексұрын құрт құлқындарын қағуда,
Жалма-жан кеп жұтып жатыр, қоректерін табуда.
Бір қиянда, көк айдында тасқын шапшып алысқан,
Бір топ жанға көз қиығын тастадым мен алыстан.
"Айтшы, ұстазым, саған аян, сірә
Кімдер олар, қандай тағдыр ығыстырған, айдаған,
Кімдер олар, қандай қаһар толқындармен байлаған,
Кімдер олар, шалғай шеттен көрінуді ойлаған?"
Жауап қатты ол: "Ахеронға қалған сәтте бір адым,
Көреміз ғой жағалауды — мұң-қапаның тұрағын,
Өз көзіңмен көресің ғой, оның несін сұрадың".
Ұстазымды ығыр қылмай, алға түсе жөнедім,
Жасқаншақтап жанарыммен жерге қарай беремін.
Жарқабақты жағаға мен үнсіз тұйық келемін.
Қарсы жүзіп қарт келеді, қайықпенен қатулы,
Андап тұрмыз екеуміз де аппақ басты пақырды.
"О, сор маңдай, қарғыс атқан ұрпақтар!" — деп ақырды.
"Кездескенде меніменен, пейішіңді ұмыт та,
Мініңдер де қайығыма, барар жерге жуықта,
Қамданыңдар мәңгі-бақи түн, қапырық суыққа.
Ал сен жоғал, мұнда сенің қалуыңа болмайды,
Тірілер кеп өліктердің ортасына қонбайды!".
Басқалардан менің бөлек кеткенімді қолдайды.
"Келмес жерге кездейсоқта бекер аяқ басқасың,
Жеңілдеу бір желқайық тап, тыңдамаймын басқасын.
Басқа жерге мұнан аулақ апарсын да тастасын".
Көсем оған: "Харон, дөкір, сөздеріңді доғарғын,
Соны қалап — сонау жаққа бетін түзеп, жол алды.
Үкімдерін орындауға тиісті енді солардың".
Сұрқия өзен қайықшысы бола қалды сұмпайы,
Қорқынышты өзен қайықшысы бола қалды тұрпайы,
Жанарының жасыл оты жыланнан да сұрқайы.
Тыр жалаңаш, тырбың жандар тәңірінен қаза алын,
Құтылуға құлқы қайда, үкім тыңдап сазарып,
Азулары сатырлайды, мұңға батын, бозарын.
Тәңіріге қарғыс айтып шыңғырады, зарлайды,
Адамзатқа айтылмаған қара қарғыс қалмайды.
Өскен өлке, өнген ұрық, күн, саратын қарғаңды.
Қан өзенге бет алды да, қарт еңіреп жылайды,
Күнәкарлар мәңгі азапта кешер осы лайды.
Көрер оны бұл жалғанда ұмытпаңдар құдайды.
Харон сайтан кіжінеді күнәкарларға ес кеткен,
Қоздағы шоқ — екі көзі қанталап тұр кеспеттен,
Бейқам тұрған бей әруақты қуын, соғын ескекпен.
Күздің күрең кездерінде жапырақтар жайрайтын,
Үкі таққан үйеңкілер сөйтіп соры қайнайтын,
Жерде жатқан киімдерін көретін де ойлайтын.
Сорға бола жаратылған Адам ата ұрпағы,
Бірін бірі кимелеп кеп, тұңғиыққа шырқады,
Торға алданған топ құстайын кезек күтіп тұр тағы.
Сол мүсіндер жүзді әрі тас-тереңнің бетінде,
Амал нешік, үлгермеді арғы жаққа өтуге.
Өзен үстін өлімші топ қайта қаптап кетуде.
"Ұлым менің, — деді маған ұлы ұстазым райлы, —
Барлық пәнде, мемлекеттер кектендірген құдайды,
Бәрі осыған асығады, бәрі осында қулайды.
Әркімдер-ақ асығады баспай кетуге өзенді,
Құдайдың бұл айналайын ақиқаты ежелгі,
Ұран болын шақырады қорқыныштың өзі енді.
Ізгі ниет жандар үшін басқа жол бар алайда,
Харон шалдың түйсінгенін зейінге сал, ал ойға,
Қаталдықпен айтқандарын түсінесің қалайда".
Ол да тынды, барлық өңір бар күшімен сілкінді,
Есіме алып ойлап тұрсам ес кетірген бұл күнді,
Әлі күнге өз теріме өзім шомам бір түрлі.
Қара жердің қара өзегі қалт дем алды желменен,
Сезімге ине жасуындай саңлау, сәуле бермеген,
Шөл-қайғының қандай қызыл жалыны тұр көлбеген.
Ұйқы қысқан пендеге ұсап қуладым мен көлденең.

ТӨРТІНШІ ЖЫР
Апандайын азынаған, азынаған гулеген,
Мимырт ұйқы зынданына лап қойысты дүрбелең.
Біреу түртіп оятқандай тітіркеніп тұр денем.
Толастаған шырағыммен төңірекке қарадым,
Атып тұрдым, айналамды ақтарып жүр жанарым,
Көрмек болып қияметтің қиян кескі ғаламын.
Алпауыт бір апан гулеп аяғымыз астыңда,
Ию-қию үн ұласты үрейлі бір тасқынға,
Құрдым құздың қиясында тұр екенбіз тас шыңда.
Ол соншама қап-қараңғы, көп-көмескі, теп-терең,
Бір нәрсені білмек болып еңкейіппін текке мен,
Ештеңе де түйінбедім, гулейді ұра леппенен.
"Түсеміз біз дүниеге тас қараңғы шарқ ұрған, —
Деді ақын, өңі құп-қу, өзегінде салқын қан, —
Алдыменен мен жүремін, сен ересің артымнан".
Боп-боз болған ұстазымды байқадым да, үн қаттым:
"Өзі үрейде тұрған шақта, көсем досым қымбаттым,
Сүйенішсіз мен қалайша қапасқа алдым бұрмақпын?"
"Таяу қатқа құрсауланған ғазиздерді көргенде,
Өңім құп-қу тартқаны рас, аяу турды кеудемде,
Аяушылық, үрей емес, сол ойыңа келген де.
Кеттік әйда, біздің сапар сан салалы шалғай тым",
Төмен түсті ол, өкше басын мен де артынан қалмаймын,
Алғашқы қат, алда турды апан аузы жалмайтын.
Түпсіз түнек арасынан естіледі түршігіп,
Жылау емес, айналаның әммесі тұр күрсініп,
Мәңгі ауаға шапши барып, мәңгі-бақи тұр сіңіп.
Жанды жеген аурусыз, жалаң-қайғы жарапты,
Әйел, еркек, нәрестелер қаптап кеткен алашы.
Ауру-дертсіз мұң жайлаған мұңдар, мылқау абақты.
"Қандай рух, нендей әруақ пана тапқан бұл жерде?"
Абақты — апан ауырлығын арқалатты кімдерге?
Алған жолды жалғау үшін не жетеді білгенге.
Күнәсіздер қудай салған адал жолға баруда,
Адал сеніп, шоқынбаса, бас имесе нанымға.
Жалаң еңбек жарамайды оттан алып қалуға.
Христиан іліміне дейінгілер — дінімен,
Тәңіріге шын табынып қадір тұтпас, біліп ем.
Соған тете күнәсі жоқ көп жандардың бірі — мен.
Ақиқатты ақ үкімі, тәңірінің сиынған,
Сондықтан да айыптаған, бізді осында бұйырған,
Аңсаймыз біз, амал нешік, үмітіміз қиылған".
Бұл хабарды естігенде, кеудем менің аһ ұрды,
Қалайша осы қайраткерлер құрметті һәм ақылды,
Жәһаннамның зәр-сыбаға заһарларын татулы.
"Ұлы ұстазым, ием менің, ұғындыршы, — дедім мен,
Еш бүкпесіз, еш күдіксіз бір ашқарақ сеніммен.
Сенімменен, жалғандықтан үрдіс биік көрінген, —
Өзінің бе, өзгенің бе шындығымен жуылып,
Осы көрден шыққан бар ма рахатқа нұр іліп?"
Жауап берді ол қадірлі сөз қасиетін ұғынып:
"Жеңіс туы желпуімен нұр дидарын шайқаған,
Көз алдымда көктен түскен құдіретті байқағам,
Осы арада тәңірді мен көргемін деп айта алам.
Адам ата мұны кешкен тәңір алғаш жаратқан,
Адам ата адал ұлы Әбіл мұнда зар атқан,
Нұқ пен Мұса кешкен мұны тәңір ісін таратқан.
Бұл арадан Дәуіт, Авраам дей алмаймын құр қалған,
Әзірейіл, ұрпағы мен әкесі де бұл маңнан.
Құр қалмаған Рахиль да, қисабы жоқ құнға алған.
Басқалар да күні бүгін тау шуағы нұр берген,
Буларға дейін пенде жоқ-ты құтқарылған бұл көрден,
Міне, осылар рахаттанып, ең алғашқы нұр көрген".
Айта берді ол, аяңдадық аялдамай келеміз,
Шырқыраған шыбын жанның шытырманын көреміз,
Түйіндім мен: өлгендердің ортасында денеміз.
Ұйқтап тұрған орнымнан алыс емес бөктердің,
Түртсе білмес түнектерін көз алдымнан өткердім,
Қаратүнек астынан мен қарақоңыр от көрдім.
Ол алыста болғанымен, болжай біліп тұрғаным,
Сонда барып саялапты мәртебелі бір қауым.
Байқаудамын әлдеқалай адал жандар тұрғанын.
"Білім менен көркемөнер өнеге етіп тұрар-ды,
Мына көрде, мыналардан несі ерекше бұлардың?
Тобырлардың ортасында құрметтеулі бұлар кім?"
"Атағымен, атыменен күңірентті олар жеріңді,
Даңқы олардың құдіретке лайықты көрінді,
Сондықтан да құрметтеулі, нұр — рахат берілді".
Осы сәтте әлдеқалай біреу кенет бақырды:
"Ең жоғарғы мәртебелі құрметтеңдер ақынды!
Әнеки ол, ақ елесін аппақ нұрға матырды".
Сонда көрдім, бізге қарай ақындардың көркемі
Келе жатыр, құдіретпен, маңғаз басып төртеуі,
Жүздері тек жайдары емес, қатал да емес, өр, тегі.
"Қара — деді қадірлі ұстаз, — тәкаппар жан келеді,
Ол — бастаушы, ал соңынан ана үшеуі ереді,
Ақ семсерін серт ұстаған ұлылықтың желегі.
Анау — Гомер, барлық елдің жыршысының құдайы,
Ал Гораций жат қылықты осқылаған ұдайы,
Овидий, Лукан — бәрісі де поэзия Күн, Айы.
Біздерді сол ұлы атақ жария қып, жалғап тұр,
Құрмет тұтып, жақындағам мен де соған андап бір,
Олардікі ақ, құрмет тұтам құрметімді арнап бір".
От жырлары дүниені өртеді де шек, кетті,
Басқалардың бастарынан қыран болын көкте өтті,
Солай түйдім, сонда мен де сол бір ғажап мектепті.
Оларды қарсы ап, ұстазымның күлімдеді көздері,
Ақындардың ақындары жақындады өздері,
Сәлемдесіп жыр желкені тура мені көздеді.
Жиынына қатысуға жол алғанда олардың,
Қадірім де арта түсті, шалқи түстім, жаңардым.
Кемеңгерлер арасында алтыншы боп саналдым.
Әңгімеге зейін қойып аяңдадық нұрға бір,
Жайсандарды жалмап қойған керексіз-ақ бұл қабір,
Шіркін, жарық дүниеде рахат қой бұл да бір.
Жеті қабат қабырғамен қайыспастай қойылған,
Сыңғыр бұлақ — сылдыр күлкі айналаға жайылған,
Қарсы алдымда сарай тұрды шырқау көкке бой ұрған.
Толқынымен өттік біздер жердегідей түрге енген,
Жеті қақпа арасында ендік ішке сүрлеумен.
Жасыл алқап ашылды бір айналасын гүл көмген.
Отыр екен ойшыл жандар — алты қарыс маңдайы,
Байыппенен, салмақпенен алыс қарап арнайы,
Сөздері де жайбарақат, бал — тілі, жез — таңдайы.
Ашық теңіз бетіндегі ұқсайды аппақ, кемеге,
Жасыл бақты жайлап тұрған әлде маңғаз төре ме?!
Қасымызда қатар тұрған көтерілдік төбеге.
Жасыл барқыт көк майсада жайнап тұрған өң беріп,
Жақсы менен жайсаңдардың елестерін мен көріп,
Жүрегімнен нұр атылды, әзер тұрдым меңгеріп.
Ұрпақтардың қауымынан Электраны андадым,
Эней, Гектор жыртқыш жанар, майдан еткен жан-жағын,
Арпалысты ақылшы еткен Цезарьды да барладым.
Пентесилея Камилламен бір жерде отыр сұхбаттас,
Лавина — әкесімен, әкесі оның тіпті ақ, бас,
Тұңғыш елші Брут отыр, сыбағасын ұрттатпас.
Цезарь қызы — Коллатинның жан жарын,
Гракхтың да шешекесін, Катонның да алғанын —
Сонда көрдім, қиыр шеттен Саладиңды андадым.
Қос жанарым төменірек баурай жаққа ауыпты,
Ғұламалар ұстаздарын қоршап отыр, тауыпты.
Көрегендер көсемдерін ортасына алыпты.
Сократ Аристотедьге жақын барын жайғасқан,
Платондай көрегенге қауым тағзым ойласқан.
Дүние зәру жайсаңдар дана басын ой басқан.
Аты әйгілі философ Демокрит те осында,
Диоген, Фалес, Анаксагор — бәрі соның қасында.
Зенон менен Эмпедокл, Гераклит — осында.
Диоскорид, дәріптелген дәлел тауын дәріге,
Сенека, Орфей, Лин, Туллий — осында отыр бәрі де,
Өткен жандар көз алдымда, көз тастадым әріге.
Әнеу жерде — геометр Эвклид Птолемей — қарсы алад
Гиппократ, Гален менен Авиценна бар сонда,
Аверроис, жаңа күнді насихаттап жар салған.
Барлығының атын атау — ауыр ғой тым, мүмкін бе,
Бір сөзбенен бірегей боп бәрісі де тұр тілде.
Әңгімемді әлсін-әлсін әлсіреттім бұл күнде.
Салтанатты жиынның салтанаты тарқады,
Әдемі әлем қап қойды, ауа алапат, тар тағы,
Басқа жолмен қозғалдық басқа сапар тартады.
Сәулесі жоқ қара түнек енді мені қоршады.

БЕСІНШІ ЖЫР
Алғашқы қат қалды солай, темен түсе бастадым,
Екінші қат біріншіден кем де емес, ашқаным,
Бірақ мұнда азап басқа, ыңыранған басқа мұң.
Мұнда Минос күтіп турды, азу тісін қайрайды,
Аузы алапат, босағада сот үкімін байлайды,
Байлайды да, құйрық сілтеп, қияметке айдайды.
Шыбын жанның сағы сынын, зауқы қайтып алладан,
Алдында оның есеп беріп, әңгімесін жалғаған.
Бар кінәні жіктеген ол қаталдықпен барлаған.
Күнәкәрді шыр айналын, қанша иірілсе құйрығы,
Соншама peт сор маңдайдың жерге кіру — сыйлығы,
Тамұққа әкеп тұрғын ету — сол сайтанның бұйрығы.
Әрқашан да жұрт нөпірі, жан қауіптің шегінде,
Сайтан-сотқа жақындаған кезекпенен өтуде.
Сәл үн қатып, сәл сезініп, шыңырауға кетуде.
"Ей, пақырым, қалап келген қырсық атқан ұяны, —
Деп айқайлап, Минос маған көзінен от құяды,
Құйды да, зәрлі істерін бірер сәтке тыяды, —
Неге жүрсің бұл арада, серігің кім қасында?
Оп-оңай-ақ енемін деп азғырынба, бас ұрма!"
Көсем оған жауап қатты: "Доғар сөзді, басынба.
Доғар сөзді, доғар сөзді, неменеге төске алдың?!
Бұл тамұққа келгендерге кедергі боп кеспе алдын,
Жаратқанның жазмыштарын орындайды, еске алғын".
Ыңыранған дыбыстарды әзер байқап, тек тұрдым,.
Ию-қию боздаулар құлаққа дәл кеп тұрды,
Азан-қазан аңыраулар лықсып келіп бетке ұрды.
Мінеки, мен пақырмын бір, жарық сөнген жердегі,
Ұлы теңіз тұңғиығы ұли келіп тербеді,
Жан берісіп жауласады қос құйынның селдері.
Біресе кеп тамұқ желі тағат алмай сарнайды,
Жан нөпірі жайрап ұшып бара жатыр шалғайды.
Шыр көбелек айналдырын, езіп, жаншып, жалмайды.
Құзар құзға құрақ, ұшып, құйын айдап жеткесін,
Атылады ашу-айғай, ақ көбікті кектесін,
Тәңіріге жаудырады балағат сөз, өкпесін.
Сонда сездім бұл қыспақтың алапатты қылығын,
Ақыл-есін сатқандарға салған бұғау құрығын,
Қу нәпсіге құл еткендер парасаттың тұнығын.
Суық, күзде үйірілген қара торғай көштерін,
Қанаттары әкететін қағын алын естерін,
Сол сияқты дауыл қуған жауыздықтың дестерін.
Азаптары жеңілмейді, үміттері үзілген,
Сәл мызғуға бұйырмайды жалғыз тұтам үзік дем,
Сандалсақ боп сенделеді құжынаған, тізілген.
Асқар таудың жотасында баяулатып мұңлы әнін,
Үшкілденіп Оңтүстікке ұшқанындай тырнаның.
Көріп тұрмын боран қуған көлеңкелер тұрғанын.
Шыр айналып, торыққанын көрдім дағы олардың,
Ұстазымнан сұрадым тек, бөтен сөзді доғардым:
"Түнек ауа жегідей жеп, түтіп тұрған олар кім?"
Жауап қатты ол: "Қора да көр қалжыраған бұл жанды:
Осынау әйел қаһарлы бір патшалықты құрған-ды,
Өткен шақта талай тілдер бұған құлдық ұрған-ды.
Қу нәпсіге құшақ ұрған осынау әйел-балқыма,
Етектерін жаптырмай бір ерік берген халқына,
Қатыгезді қауым келіп, салғанынша талқыға.
Нин патша қатыны еді, некеленген жары еді,
Семирамида аталатын көне патша бар еді,
Бір султанға берілген-ді жері менен бар елі.
Қора мына құрбан болған, құмар-құйқыл сопқанды,
Осы үшін де Сихей көрі масқара боп шайқалды,
Таны, мынау Клеопатра — күнәліні, сайқалды.
Алапат кез айыпкері — Елена анау шатылды,
Қылышынан қаны тамған матаған ол Ахилды.
Майдандардың найзағайын махаббатқа батырды".
Атап жүр ол сан жеткісіз Парис, Тристаңдарды,
Қолыменен көрсетеді елестерді, бағдарды.
Қу нәпсінің құшырынан опат болған жандарды.
Ақын айқан, қауесетпен дәріптелген есімдер,
Қалды ойымда нелер жаугер, нелер әйел-жесірлер,
Санам сонда күңгірттенді, тас қараңғы десім — көр.
Мыналардан жауап алсам, — көсеміме қас қағам, —
Мына екеуден, қаңбақ құрлы боран түтіп тастаған.
Жауап алсам, осы сәтте, құйын алын қашпаған.
"Күттік онда оларды жел бізге қарай қысқанын,
Жалбарына аят оқып, жағаңды да ұстағын,
Тілегіңді қабыл алып, қояр сонда ұшқынын".
Жел оларды бізден аулақ, айдап кетті, қарадым,
"Шерменделер, тарт берменге, егер болса амалың.
Үн қатындар, егер өзі мұрсат берсе Ананың!"
Шақырғанда, көгершіндер, ұясына қонатын,
Еріктерін ес тұтып бір, самғайтын да баратын,
Қайыспай-ақ қанаттарын қалықтата қағатын.
Соларға ұсап әлгі екі жан қанат қаға бастады,
Дидоның да құжынаған қасіретін тастады,
Сәлем берген даусыма назар салды, қашпады.
"Қанымызбен қара жердің қабырғасы жылыған,
Түнектеміз өте алмаған қияметтің қылынан.
Келіпсің-ау иман жүзді, инабатты, тірі жан,
Біздейлерге дос болса егер әміршісі ғаламның,
Қайғымызға ортақ сіздей жаны ашыған адамның.
Жанын сақта дер едік біз, жалбарынып оған мың.
Қазіргідей құйын қумай, құйқылжымай тұрғанда,
Айтарыңды айт біздерге, қуанамыз тыңдауға,
Тыңдаймыз да, құмартамыз біз де әңгіме құрғанға.
Толқындары хабаршыдай қажып, ерні кезерген,
Кездесетін сан өзендер По дейтұғын өзенмен,
Сол жағада туған едім, тұрған едім, сезем мен.
Махаббат ол өртейді ғой нәзік, шырын жүректі,
Ол да солай құл еткен-ді қу нәпсіге тілекті,
Міне содан қорлық көрді ол, қорқынышты күні өтті.
Сүюіме жарлық еткен ынтызарлы сүйіктім,
Тартқан мені, тәкаппарлы әміріне тиіппін,
Көріп тұрсың, айрылмайды ол лағындай киіктің.
Сол махаббат екеумізді апатқа әкеп қамады,
Тек Каинде біздің күндер сөнеді де қалады".
Екеуінің аузынан осындай сөз ағады.
Жапа шеккен елестерге сүле-сопа қарадым,
Басымды иіп уайымдап, мең-зең болып барамын,
Сұрады ұстаз: "Қандай ойлар қажытты, — деп, — қарағым?".
"Білді ме екен бірер адам, сезді ме екен қатал жан,
Не сәбилік, не еркелік, қандай ғана от — арман,
Оларды осы заһар жолға, сор-сапарға апарған!".
Үнсіз қалған жандарға мен қарадым, сөз арнадым:
"Франческа, тебірентті өтініштің, жан зарың,
Жан зарыңа жаным ашып, көз жасымды жалғадым.
Көкіректі қарс айырған нәзік күндер шебінде,
Сана ашылып, махаббаттың оянғаны тегін бе,
Құпия сол құмарлықтар кулак, түрді не үнге?"
"Шаттық шақты есіне алса қапастағы кімде-кім,
Тек сол ғана азап-сордың ауырлығын білгені.
Соған кепіл көсемің де, — деп ол маған үндеді. —
Сол бақытсыз махаббатты білуге сен шөлдесең,
Жалғыз дәнін жарып тұрып, сырын ашып бер десең.
Ағыл-тегіл көздің жасы сездіреді сенбесең.
Демалын бір отырғанда оқыған ек бірде біз,
Ланчелоте туралы бір тәтті әңгіме білгеміз,
Екеуміз де қамсыз едік, тек екеуміз біргеміз.
Сонда біздің жанарымыз бір-біріне төнген-ді,
Өң бозарып, өн бойымыз діріл қаға берген-ді.
Бірақ, әрі кітап бізді жетелеген, жеңген-ді.
Езу тартқан еріндерді еркек келіп өпкенде,
Сол кітаптың осы тусын біздер оқып өткенде,
Меніменен мәңгі-бақи құрсауланған көк пенде.
Діріл қағын аузымнан мені сүйе бастады,
Галеот болып турды бізге махаббаттың дастаны!
Назарымыз басқада еді, оқи алмай тастады".
Рух өксіп, жаншиды кеп қорқынышты бір ағын,
Естідім де жан азабын, біреулердің жылауын,
Маңдай шылқын қора терге, тамұқ болды тұрағым:
Күрт күйреген өліктейін мен де сонда құладым.

АЛТЫНШЫ ЖЫР
Төзе алмай күңгірлеген тілдер менен үндерге,
Күреңіткен елестерге, күңіренген түндерге,
Енді өзіме өзім келіп, енді есім кіргенде,
Ортасынан бір-ақ шықтым тары да бір азаптың,
Қан қақсаған құрбандықтар әлсін-әлі, ғажап тым,
Айналамның барлығы көр қасірет пен мазақтың.
Қарғыс ақан қан-нөсерлі сол үшінші қатта бір,
Мәңгі-бақи мұз бүріккен мұндар зындан жатты ауыр:
Мәңгі-бақи толастамас, мәңгілікке ол жат бауыр.
Қорғасындай ауыр бұршақ, ақ қар, сызды шірінді,
Көз түрткісіз көр-ауаны көлбей қаптап жүгірді,
Сұп-сұйқылтым буалдырдың астында жер бүлінді.
Өз қиына өзі батып, нәжісіне маталған,
Үш өңешті алын Цербер жыртқыш жұртқа төніп, тақалған,
Тақалған да, дүйім елге ит боп үріп, қақалған.
Қара сақал майға шылқып, найза тырнақ зыр қағын,
Жанарлары қанталаған, қарны кеуіп, жүрді алып,
Шыбын жанды түтіп жатыр, ет-терісін жұлды алып.
Ал сорлылар нөсер төпеп, қаншықтайын ұлыған,
Жаппақ болып жасырады бүйірлерін құрыған,
Жан ұшыра дөңгелейді жатпақ болып қырынан.
Бар тәнінің баршасы да қыбыр-қыбыр қозғалып,
Бізді көріп Цербер зұлым аузын ашты қозданып,
Айыр тырнақ, саусақтарын ашып-жұмып, созды алып,
Көсем сол сәт еңкейді де, қос уыстап, табанда,
Қос алақан топырақ алып, қомағай сол тағы аңға,
Дәлдеп тұрын лақтырды, алпауыттай аранға.
Бір төбеттер болушы еді сүйек сұрап ұлыған,
Қу сүйекті құшырлана кеміретін құныға.
Есі кірмей, қажалайтын қу сүйекті құрыған.
Соған ұсап сақақ тұмсық Цербер пері "кенелді",
Ит үруін естігенше түршіктірген денеңді,
Сорлы жандар сүйкімдірек көруші еді кереңді.
Елестердің арасымен алға қарай аттадық,
Қырғын-нөсер иеленіп, бұл қапасты жатты алып,
Қуыстағы мәйіттердің кейпін біздер таптадық,
Тізбектеліп жатыр екен қияметтің жандары,
Арасында тек біреуі бізді байқап, андады,
Сәл ұмтылып, қайта отырды: бізге назар салғаны.
"Ей, тірі жан, саған айтам енген мына тамұққа, —
Деді әлгі, — мүмкін, мені тұр шығарсың танып та:
Сен қалғансың, бордай тозғам, мен кеткемін табытқа".
Дедім: "Бейнең тым мүсәпір, көзге бөтен соншама,
Таныс рең көз алдыма келмей отыр оншама,
Бұл. кескіңді тану қиын ең жақының болса да.
Басқалардан күйікті емес, бірақ сұрқай тұр, жаны.
Сағат сайын жазалаған қасіреттің зынданы,
Айтшы маған, сен кім едің, кекті тағдыр құрбаны?"
"Сенің қалаң бір кездерде болған менің қалам да,
Кеңірдектеп, сұмдық күншіл толған еді адамға,
Сызат алып тұрушы еді, сынған жоқ па, аман ба?
Азаматтар арасында Чакко деп мен атанғам,
Құлқын ұрып мешкейлікке, қу нәпсіге қақалғам.
Қан-нөсердің; астыңда енді шіріп барам қапамнан.
Бишара жан мен ғана емес тосқан құдай жарлығын,
Сол күнәмен осы жерде жазалайды барлығын", —
Деп үзді ол әңгімесін өтінішін, зар-мұңын.
"Чакко, сенің мақшардағы қорлығыңа қиналам,
Көзім жасы көкірек қысын, уайым, дерт жинаған.
Алайда мен өтінемін, бір ауыз сөз қи маған!
Өш қалада өшіккендер неге апарын соқтырмақ;
Өзара бұл жауласуда кімі әділ боп тұрмақ,
Қастандыққа желік беріп, желпіген не от бұлғап?"
"Ұзынсонар айтыстан соң қаны — сөлі төгілер,
Ақтар жаны үстем болын, бар үкімет берілер,
Ал жаулары қуғындалып, масқара боп көрінер.
Үш мәртебе жүз көрсетіп жарқ еткенде күн қызын,
Құлайды олар, бұл шақтағы екі бетті бір бұзық,
Қараларды демеп, сүйеп, жібереді тұрғызып.
Ақтарды олар аямайды, жаншиды да езеді,
Ұзақ мерзім дестік етер келеді де кезегі,
Қырғындардың тым қымбатқа түскендігін сезеді.
Игі жанды екеуге, сірә, мойын бұрған ба,
Менмендік пен күншілдік, озбырлықтар бұл маңда.
Мәңгі-бақи қалғымай, ұшқын атын тұрғанда".
Опық жеген сөздерге ол тоқтады да, езілді,
"Қырсық, шалған зынданнан, құрбан еткен төзімді, —
Дедім оған, — қишы маған игі, жомарт сөзіңді.
Теггьяйо, Фарината рухтары қуатты,
Парасат пен ақылға бай жандар еді шуақты,
Арриго, Моска, Рустикуччиді нендей тағдыр құлатты?
Әлде Тамұқ қинады ма, еркелетті әлде аспан,
Тағдырларын білмек болып, жалын жүрек алжасқан,
Тарландарды көрсем егер қуанар ем әу бастан!"
"Күнәлілер арасында бізден бетер датталған,
Өткендегі айыптары темен сүйреп сотталған;
Кездесесің, оларменен алдыңдағы қаттардан.
Бір-ақ нәрсе өтінерім: оралғанда жарыққа,
Арасында өмір сүргем, ескерт мұны халыққа.
Ақырғы соз, жауап та осы: ал, бара ғой, қамықпа".
Мұң ұйыған көздерімен алаң етіп, бір қарап,
Ол еңкейіп бара жатты өз-өзінен ұрланад,
Соқырлардың арасына құлап түсті сырғанап.
"Ол осында шіриді де, — деді ұстазым, — тұрмайды,
Қызыл ошақ, қиямет соты күңіренткенше сырнайды.
Өлі-тірі араласып, аспан асты шулайды.
Қасіретті өз көріне бәрі сонда ұмтылар,
Баяғыдай қалпына кеп, бір сүрініп, бір тұрар,
Күңіренген жаңғырықты мәңгі естіп тыншығар".
Нөсер елес, мибатпақ арасында келеміз,
Мәңгі өмір туралы тұңғиық, ойға төнеміз,
Пайымдаймыз әртүрлі, үнсіз ойлай береміз.
"Ұлы ұстазым, бұлардың азаптары арылмай,
Қатал үкім бойынша қала ма өстіп алынбай?
Жеңілдей ме немесе бере ме әлде қалыңдай?
Жасағанның бір өзі жетілдірсе пәндені,
Рахат пен азапқа онан сайын дәндеді,
Соны айтады ғылымың, пәнде дейтін зәндемі.
Күнәкарлар тірілгенмен, көгермейді қайтадан,
Бұрынғыдан бетер оны мына тамұқ жайпаған,
Сопыларды баяғыдай бейіш тербеп, шайқаған".
Біздер енді осы жолмен қатқа кадам басамыз,
Болған жайды босқа сөз ғып, несін жұртқа шашамыз,
Еңіс бізді бастағанда зынданға бір тас ауыз.
Бізге қарап, қарсы тұрды Плутостай хас жауыз.

ЖЕТІНІШ ЖЫР
"Раре Satan, раре Satan aleppe!" —
Қырылдаған Плутос айғайлайды ала өкпе.
"Ашуына ашу қосқан дүлей, кәрлі әлекке.

Құлақ аспа, жаныңа үрей, қорқынышты түсірме, —
Деді маған демеу беріп, ғұлама ұлы кісім де, —
Не кедергі болмақ бізге бұл жартастан түсуге?"
Жекіді ол жауыздықтан жалын атқан тұмсыққа:
"Үніңді өшір, бейбақ, бөрі, қат та қалғын қырсықта!
Шұрылдаған құрсағында шірі де жат, тұншық та!
Тұңғиыққа түсеміз біз келіс мейлің, келіспе,
Бізге медет тәңір өзі, өр Михаил періште.
Құдірет өзі қолдап отыр, сенесің сен не күшке?"
Алысқанда қайраты мол аптал, атан кісімен,
Мың бұралып құлаушы еді жел үрлеген күшіген,
Сол тәріздес жыртқыш құлап, айырылды күшінен.
Күлді әлемді күрмеп алған зұлымдықты көрдік біз,
Күңіренген азаптармен төмен түсе бердік біз,
Үшіншіден төртінші қат төріне енді еңдік біз.
Жаратқанның жазуын-ай! Бұл алапат ғажапты,
Кім есебін айыра алар көзім көрген тозақты?
Қандай күнә қамап қойған мұнша сорды, мазақты?
Харибданың үстіменен ақбас толқын ұмтылып,
Бөгеттерге кездескенде, кері ағатын жұлқынып,
Сол сияқты адам селі бір жығылып, бір тұрып.
Лек-лек ағылады қараң қалған қар — халық,
Екі тобыр келе жатыр нықпа-нық, қарманып.
Кеудесімен ауыр жүкті игереді зарланып.
Құлады да, әзер-әзер артқа қайта соқтықты,
Ығысады, теңселеді, әлдері де жоқ тіпті.
Айғайлайды, бір-біріне ағызады боқтықты.
Күреңіткен қапаспенен олар және ығысып,
Қарсыдағы нүктеге кеп екі жақтан тұрысып,
Ұмтылады қайтадан, баяғыдай ұрысып.
Қайта тағы шегініп, қайта айнала бергенде,
Жұлқыласқан сұрланып сол тобырды көргенде,
Былай дедім жүрегім жайрап тұрып кеудемде:
"Ұстазым-ау, кімдер булар салбыраған иығы?
Сол жақтағы сонау қатар — төбел таздар сиығы
Оу, неліктен мұның бәрі клириктер жиыны?"
"Көзің шалған мұның бәрі — бақас болған өмірде,
Ақылдарын пақырлар сарын еткен көңілде,
Сауда нарқын білмегендер шығындарын бөлуде.
Қырсығады қиястанып, итше үріп зынданда,
Бір-біріне бетпе-бет кеп опасыз боп туғандар,
Бір-біріне қарсы тұрған қияметте бұл жандар.
Ал аналар — клириктер төбе шашы алынған:
Бір де сараң шендеспейтін, жұрт та қулай табынған,
Кардинал мен папа дағы шығар әлі алдыңнан".
"Осылардың арасынан ойда жүрген көптенгі,
Білер едім ласталған өңшең қара беттерді,
Опасыздар кеше ғана арсыздықпен өткен-ді".
"Көрудің де керегі жоқ, олар көрге көмілген,
Мибатпаққа батқан олар мимырт сұрқай өмірден,
Айтып болмас арамдыққа ақылдары жеңілген.
Олар мәңгі сенделеді, әл-дәрмені таусылып,
Көрлерінен тұрады да, көрсетеді қарсылық,
Соқа басын сойыл қылып, жұдырығын қамшы ғып!
Мағнасыз дүние жиып, қайта шашса кімде-кім,
Ізгіліктен құралақан, жаһаннамда жүргені,
Менсіз де оны ұғындың, сол ғой жаның білгені.
Өштік отын қаулатып, өзеуреткен жер бетін,
Көресің, ұлым, Фортуна зекетінің зер бетін,
Өмірдегі тым өткінші жалғандықтың келбетін.
Бұл жалғанның бар алтынын бергеніңмен жұбанбас,
Мына тобыр арасында бір аруақ та қуанбас,
Азап-сорды алтының да алдарқатып жыға алмас".
"Өсиеттер өркеніңдей, о, ұстазым, ар-тұлға!
Құрыш тырнақ шеңгелінде құрыстырған қалпында,
Барлық ұрпақ, бақытыңдай бар емес пе Фортуна?"
"О, есі жоқ ақымақтар, аңқауын-ай тағдырдың,
Қандай ғана қара түнге ақылыңды алдырдың!
Ал ұғын ал, уағызға сусыныңды қандырғын.
Дана құдай әлімсақтан бұл ғаламды меңгерген,
Жаратушы жаратқанда әммесін де теңгерген,
Өзгелерге нұр құятын көсемдікті жөн көрген.
Жөн көрген ол көсемдерден нұрлы шуақ атқан-ды;
Тағдырлардың тәңіріне өмір сәнін тартқан-ды,
Сондықтан да сол бір әйел әмірші боп жатқан-ды.
Өлкелерден өлкелерге, ұрпақтардан ұрпаққа,
Бақыт тастап, байғұстарды салып қойған бұлтаққа,
Өлімге де өзі ие боп, бөліп отыр бұл шақта.
Бір халықтың бір халықты жаныштауы, басуы,
Соның ғана билігінде, соның қатал кәсібі.
Шалғындағы жыландайын көрінбейді ол әсілі.
Өзі құдірет патша да, сот та болған адамға,
Ешкім даты таласа алмас ол әйелмен әманда,
Құдірет сол құдайлардай өткен-кеткен заманда.
Ол толассыз әділ сотын бір минут та тыймайды,
Уақыттың әр сағаты асықтырып, қинайды,
Жұмыр басты пендесіне қысқа өмірін сыйлайды.
Сол аруға жала жауып, қайбар айтын, оттауда,
Аяққа арын басып оның, ақымақтар таптауда,
Амал қанша, сол бір жаңды турар еді мақтауға.
Фортунара естілмейді балағат сөз кіл бүлік,
Жаратқанның тұңғыштары арасында тұр күліп.
Тәңір добын айналдырып, рахатта, нұр кіріп.
Шарамыз не, кеттік енді, алда — нағыз сор-қайғы,
Нағыз азап әлі де алда, кешігуге болмайды.
Ғарыштағы жұлдыз әне ізгі сәлем жолдайды".
Қапы кесіп өттік тағы, жеттік долы жылғаға,
Кең апанды морып, қағып, түтіп әрі жұлмалап.
Су аяғы құр дым болын ағып жатыр жындана.
Жылға реңі қызыл күрең түске еніп, сырланған,
Иықтаса, жанай жүріп, өттік судан сұрланған,
Соқтырмалы соқпақпенен төмен түстік құз-жардан.
Тұнжыр қайнар түнереді, басылады, жылайды,
Өшпенділік батпағында тасынады, сұлайды,
Сұп-сұр тасты биіктердің баурайына құлайды.
Үсті-басы ласталып, меңірейген-меңгірген,
Құрдым өзен жылымына құр бекерге телмірген.
Ашу буған тыр жалаңаш тобырларды көрдім мен.
Төбелесіп жатыр олар аяқпен де, қолмен де,
Кеудеменен, баспен де, иықпен де, жонмен де.
Бірін-бірі түтпек болып ұмтылады соркеуде.
"Ұлым менің, — деді ұстазым, — алдан тағы көресің,
Ақылдарын ашу жеңген пенделердің төресін,
Су астыңда сан адам бар толқын көмген денесін.
Ақтық демі көбіктеніп су бетінде ойнайды,
Өзен беті қазандағы қора судай қайнайды,
Алапат бір арпалысқа көзің жетпей қоймайды.
Шырмалады, сыбырлайды: "Күнге қорап қуанған,
Айналайын ауада біз, қуанған да, сыланған,
Көңілсіз бір жандар едік айықпаған мұнардан.
Енді, міне, көңілсізбіз, құртты лас құлқынды",
Көмейінде олардың осындай бір жыр тұрды,
Бір лебіз айтпақ болып бекер босқа ұмтылды.
Жылым тұрған сол қуысты орап өттік айналып,
Тартпа батпақ, жиегімен құрғақ жерді ойға алып,
Тұрды адамдар балдырменен кеңірдегі байланып.
Мұнараның бауырына жеттік әзер айла ғып.

СЕГІЗІНШІ ЖЫР
Әңгімемді жалғастырам, ойламағын жетті деп,
Сол мұнара әудем жерін әп-сетте аттап өтті деп,
Кертпештерге қарағанда, кемелденген көк тіреп.
Жанын тұрған екі бірдей отты біздер байқадық,
Әлдеқайда үшіншісі әзер көзге байқалып,
Тұрғандайын бір қиырдан, сірә, жауап қайтарып.
Ғаламдағы даналықты теңізге мен шақырдым,
"Бұл нағылған оттар? — деймін, жалбарынып жатырмын, —
Ол кім өзі, белгі тастап, жауап беріп жатыр кім?"
"Тұмандардың арасымен қарағанда көресің,
Ылайлы аймақ, үстінен сен, — деді маған төрешім,—
Кімдерді олар шақырғанын көресің де сенесің".
Ешкімнің де көз алдынан бұлай өткен жоқ дерсің,
Зымыраған жеңіл қайық — ауа тілген оқ дерсің,
Ұшты солай, бізге қарай, қызметін өткерсін.
Ұмтылды ол бізге қарай, суды тілген күш мүдде,
Бір ескекші жар салады, айғайлайды үстінде:
"Иә, бәлем, күнәһар жан қолыма енді түстің бе?"
"Жоқ Флегий. Флегий, айқайлайсың бекерге,
Біз сенікі, — деді көсем, — қас қаққанша өтерде,
Қайығыңа отырамыз белді байлап бекемге".
Опық жейтін жан болатын алдағанда, қызынып,
Талағы тарс айрылатын, өзін-өзі қыжырып,
Соған ұсап Флегий тұр ашулы өңі бұзылын.
Желқайыққа отырды ұстаз игілікті, байыпты,
Мен де міндім әдеппенен ұстазыма лайықты,
Сездім сонда екеумізді ауырлаған қайықты.
Мінгеніміз сол екен, көне қайық заулады,
Шапшыған су қақ тілінген қауындайын аунады,
Ешкімдер де, сірә, осылай еркін жүзе алмады.
Өлік селі ортасында ешнәрсені сезбесті,
Шоқпытпенен кебінделген маған біреу кездесті,
Сұрап жатыр: "Мерзіміңнен бұрын неге кездестің?"
"Келдім, бірақ алмағайын, ізім өшіп қалады,
Ал өзің ші, өзің кімсің, бар пәнденің жаманы?"
"Кім жыласа, сол мен едім", — осы болды жауабы.
"Жыла да зарла, мибатпақ, жібермесін, жабыссын,
Құлқыныңа мәңгілік лас атау тамызсын!
Сұмпайы лас, мына бір сұрыңмен-ақ таныссың".
Қолын созын қайықтың ернеуіне ол жармасты,
Итерді ұстаз, әлгінің өңі-түсін зәр басты.
"Жоғал әрмен құрдымға! — деді ұстазым, — Албасты!"
Мойынымнан аймалап, қолымды алып қайтадан,
Ұлағатты сөз айтты ұстаз зердесімен байқаған:
"Қатал рух, мейіріммен жұмыртқаңда шайқаған.
Ол өмірде менмен еді, тас жүректі, пәс неме;
Оның озбыр қылықтарын дәріптемес әсте де ел;
Міне, осында ол — ыза-кектен соқыр әрі таскерең.
Соншама көп Фәниде желіктіруді үйренген,
Доңызға ұсап бәрі осы мибатпаққа иленген,
Іс қалдырған артына адам шошын, жиренген!"
"Қайық көлден өтпей тұрып, құмартып бір келем мен,
Ұлы ұстазым, соларды мен тартпа жалмап жөнелген,
Мибатпаққа батқандарын анығырақ, көрер ме ем!"
Жауап қатты ол: "Жеткеніңше анау тұрған жағаға,
Құмарыңды қандыра бер, қарық, болын қара да,
Күткеніңді көріп те қаларсың сол арада".
Осы сәтте бір өлікке қаптай келіп ұмтылды,
Тыржалаңаш былғаныш топ жанұшыра қылқынды,
Сасқанымнан құдайға шүкір дедім мың түрлі:
"Аржентиді жібермеңдер!" — айғай осы талайғы:
Флоренциялық бір рух тар қапасқа қарайды,
Жабайы бір ашуменен өзін-өзі талайды.
Ол осылай шіріп жатар, әңгіме енді тамам-ды:
Алыстан бір күңіреніс аударады санамды.
Қимылсыз құр бадырайған көрдім екі жанарды.
"Ұлым менің, — деді маған улы ұстазым мақтаулы, —
Мынау, міне, Дит шаһары сормаңдайлар қақтаулы,
Қуаныш жоқ құрыған жұрт мұңға батып жатқан-ды".
"О, ұстазым, ар жағында дуалдардың сыз алған,
Шіркеулер тұр бір-бірінен мойнын соза ұзарған.
Жалын отқа балқығандай қызыл күрең қызарған".
"Сол дуалдың ар жағында мәңгі жалын жалаулап,
Мұнараны боямақшы, — деді ұстазым, — алаулап,
Тамұқтың да бір қабаты, міне, ашылды талаурап".
Толқындардың нән жотасын құшып тұрған өңгеріп,
Құзар орға жеңіл қайық сумаң етіп келді еніп:
Шомбал-шомбал дуалдарды шойын дедім, мен көріп.
Топан судың қарауылы лайқаттап, жон көрген:
"Ал, түсіңдер! — деді ақырып, — жағадамыз, кел бермен!"
Деген жерге жеткенше біз өттік талай шеңберден.
Қақпаларда кіре беріс сан күзетші желегі,
Сапта тұрды, көрдім, нөсер көк бетінен төнеді,
"Мынау кім? — деп күзетшілер қадағалай береді, —
Әруақтардың мекеніне неге тірі келеді?"
Көсем сонда түлейлерге белгі берді келелі,
"Не үшін біздер келдік мұнда, білсін олар", — дегені
Олар сонда тежеді деп қаһарларын батпан зіл:
"Өзің тоқта, мықты болса, мынауыңды аттандыр.
Көрем десе көрсін, кәне, әлеметті жатқан бұл..
Қайта оралсын тағы да бір ессіз өткен сапарға,
Бірақ сенсіз, сен қал біздің қасымызда, қатарда,
Ендігі оның бастаушысы қараңғы түн — апанда".
Қарғыс атқан осы сөзді естігенде ой-жаным,
Ойран болып, қорқыныштың түнегіне бойладым;
Қайтар жолды таппасымды көргеннен-ақ, ойладым.
Мұң тұмшалап тұрған шақта десім менің сетінеп,
"Сақтап едің сан мәртебе, сан мәртебе, неше рет, —
Деп зарландым, — алдында тұр, міне, тағы жетімек.
Тастай көрме басыма қатерлі сәт кеп қонғанда!"
Тыйым сапты бұл шәріге, тыйым сапты қорғанға,
Бізді осында бастап келген оралайық жолдарға.
Құдіретті қайраткерім мені осында бастаған:
"Саспа! — деді, — бұл жолға бара алмайды басқа жан
Бұл сапарды әубастан екеумізге тастаған.
Осы жерде күт мені, рухыңды түсірме,
Жақсы үміт пен жаныңды жоғалтпағын күшің де.
Әрі қарай қорғаймын бұл түнектің ішін де".
Мейірімді кетті әкем, ешкім де жоқ қасымда,
Жалғыз қалдым күйзеліп, жабырқауда, жасуда.
Не "бар", не "жоқ" деген ой арпалысты басымда.
Әке сөзін анығырақ құлақ ести алмады:
Оныменен алайда аз сөйлесіп жаулары,
Апыл-ғұпыл бәрі де ішке енді, жалмады.
Ұлы кеуде алдында жауып қойды қақпаны,
Қартын сыртта қалдырып, жындар ішке аттады,
Көрінді қарттың қайтадан шаршап келе жатқаны.
Сағы сынын қартымның, сарыуайым мінгесті,
Әлсін-әлі күрсініп өз-өзімен тілдесті
"Қайғы басқан қалаға сапарымды кім кесті?!"
"Мен қайғырып тұрғанмен, сен сескенбе мұңымнан:
Маған қарсы тұрғанымен осы жерде зұлым жан,
Қалт етіп бір қалтыраман, тұғырымнан жығылман.
Соғысқұмар сойқандардың бұлары емес жаңалық;
Солай болған, солай болар, солай тұрар жаңарын,
Ашылмақшы бір қақпадан бір қақпаға таралын.
Жазуды сен көрген едің жаһаннамға енерде,
Сол арадан, шырқау көктен шын құдірет төнер де,
Қосшысыз-ақ осы араға шыр айналып келер де,
Өз қолымен бұл шәріні бізге ашып берер де".

ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫР
Қалжыраған серігім қайта айнала кіргенде,
Үрей бұққан жанымды дидарымнан білгенде,
Өкінішін серпіді, өңі өзгеріп бір демде.
Ол тыңдап тұр, ақылмен маған бағыт берердей,
Сасық батпақ, сызды ауа арасымен бөгелмей,
Алдамшы көз алысқа әкетпесін дегендей.
Әйткенменен жеңеміз, — деді ол маған, — алайда...
Қорғаныш Беатриче, қамқоршымыз қалайда!
Жарық жұлдыз көрсетер жақынымыз, о, қайда!"
Түйіндім мен, сөзі оның екі ұштылау, сән қашты,
Көкейіне көсемнің нендей күдік жармасты?
Қуат берген жаныма сөзі қайда алғашқы?!
Сол әуезден гөрі де сұрлануым мүмкін-ді,
Батылдығым басылын, елтіп сөзге біртүрлі,
Сабақтаймын қайтадан үзілген ой шіркінді.
Сойқаны мол тереңге, сол бір сорлы қуысқа,
Үміт өлген жүректе, үміт өлген тыныста,
Баспалдақпен бірінші бару әлде дұрыс па?"
Жауап берді қолма-қол, сауал алып ол менен:
"Сен екеуміз тұрған бұл., мен таппаған жолменен,
Бірер елес болмаса, басқа өтіп көрмеген.
Алмағайып, бір кезде бұл жерден мен өткен ем,
Эрихто зұлым өңмендеп төңіректеп кетпеген,
Өлі тәнге жан беріп сөйлетуге беттеген.
Қуат деген әлсіреп, салқын тартқан қан дағы,
Тар куыстың арасымен тамұқ, жолын таңдады.
Иуданың шегіндегі бір тұтқынды алғалы.
Шыр айналған дүниенің шырмауығы шынында,
Тым тереңде, тым түнекте таудан алыс тұруда,
Білем оны, жаның жасып, босқа уайым ұруда.
Сасып жатқан сол ойпаттан бар үмітті жойған-ды
Ақбас толқын ұлын кеп, атырапта ойнады,
Зәһар шашып ол бізге жолды бөгеп қойған-ды".
Есімде жоқ ол және айтты қандай хабарды,
Аударамын мұң басқан мың құбылтып жанарды,
Арыстан тіс мұнара басына көзім қадалды.
Көкке кенет атылды қорғамақ, боп жынданын,
Үсті-басы қызыл қан үш Фурия сұрланып,
Жеті басты жап-жасыл жалмауызбен шырмалын.
Қатындардай бастарын түйістіріп құрамы;
Бұрымдардың орнында құмның улы жыланы,
Самайында олардың сан бұралып тұрады.
Мәңгі түндер күндерінің көз жасына таныс жан,
Қатындарды нұсқады сонадайдан, алыстан:
"Қора, — деді, — Эриниге шашын жұлып алысқан.
Ортадағы — Тисифона өлімге өш, қырсық-ты,
Солда отырған Мегера қызғанышын ыршытты.
Оң жақтағы — Алекто", — деп ұстазым тыншықты.
Ал қатыңдар кеуделерін түтіп жатыр жұлмалап,
Айғай-сүрең дауыстар, қолдарымен тырмалап,
Екі көзім ұстазға жәутең-жәутең тұр қарап.
"Қайда кеткен Медуза? Тамұқ тасын көтергіз!
Сол Тезейден бекер-ақ, өш алмаған екенбіз".
Олар солай шыңғырды, жаңғырықты мекен-құз.
"Теріс айнал тезірек, қос көзіңді тас жұмғын;
Сұрын көру қауіпті Горгон қара басқырдың,
Жарық келіп түскенше жанарыңды ашпа, ұлым".
Осылай деп ұстазым айналдырды өзіңді,
Қолдарымның сыртынан жауып тұрған өзімді,
Қоса келіп жасырған қолдары оның сезілді.
Ей, есі бар түлейлер, қараңдаршы өздерің,
Түсінбесін түсінбессің, түсінерсің сезгенің,
Астарлы өлең ар жағында ақын нені көздеді...
Лай судың ойпаңына арпалыса қомдана,
Жетті міне тозақ үні гүрілдеген долдана,
Қапелімде дірілдеген оң жаға мен сол жаға.
Арпалысқан ауадағы алапат жел осындай,
Алдындағы көлденеңге аялдамай. тосылмай,
Ну орманды күйрететін күркіреген жасындай.
Бұтақтарды бүлдіреді, қиратады, заулайды:
Будақ-будақ шаң-тозаңдар әлеметтей қаулайды,
Алдында оның қашпай қалған адам да, аң да қалмайды.
Алақанын көзімнен алды да айтты ұстазым:
"Көне көбік қай жерінде қара түтін, күшті ағын,
Байқайсың ба, әне, соны жанарында ұстағын".
Жыландайын жауыз жауы бас көтерсе жылмаңдап,
Құрбақалар қашатұғын құрақ ұшын, тырбаңдап,
Жасырынар пана іздейтін әр тесікті бір қармап.
Тап солардай сорлыларға қарадым да қалдым мен,
Әлдебіреу зытады жан нөпірі алдымен,
Стиксше адымдайды ол аттағандай шалғынмен.
Көлегейлі түгіңді ол көз алдынан ұшырған,
Сол қолымен сәл сермеп, бет алдынан ысырған.
Байқауымша, осыдан сәл-сәл ғана қысылған.
Ғарыштың мен елшісін тани кеттім, келеді,
Көсеміме қарасам, ол бір белгі береді,
Үн шығармай, тағзым ет, — түсіндім мен дегенін.
О, не деген құдірет түнекке кеп орнады!
Қақпа алдына тоқтап ол, асасымен қолдағы
Қақпаны ашты, қарысқан бір жауыз да болмады.
"Аласталып аспаннан, қарғыс таңба басылған,
О, сормаңдай ұрпақтар, не сырың бар жасырған? —
Деп кірді ол есіктен, үні үрейді қашырған —
Алшаң басып, адымын келе жатқан шегелеп,
Сорларыңа сор қосқан, нөсердейін себелеп,
Жаратқанға жармасын жаза тарту, не керек?
Ашуға ақыл жеңдіріп таптадыңдар тағдырды,
Церберлердің, есте ме, әлі күнге қан мұрны,
Тұмсығына Геракл өшпес таңба қалдырды"
Қайсыбіреу біреуді ығыстырған секілді,
Бір сөз айтпай біздерге, басқаларға жекірді,
Кері тартты кер жолмен, ойлап енді кетуді.
Шаруа көп қой алдыда, әуреленіп жатпадық,
Қасиетті сөздерді медет тұтып, шаттанын,
Қақпа жақты бетке алын, екеуміз де аттадық,
Екеуміз де ішке ендік, кездеспеді бір залым,
Күнәкарлар азабының көрмек болып сұрларын,
Құрсауланған қорғандардың арасында тұрғамын.
Көзімменен тінтемін ә деп ішке кіргеннен,
Қаңыраған бос қуыс, жан көрінбес бір жерден,
Жайлап жатыр құр гөйгөй жұбанышсыз күңіренген.
Арльдағы Ронадай жапқан жердің тақтасын,
Полодағы Карнародай — мол арнамен аққасын —
Иін тіреп, тұтастырған Италия қақпасын.
Бедеу алқап болушы еді мекен еткен мазарлар,
Қаптай келіп көтерілген мұнда да сол тажалдар,
Бірақ оған ұқсамайды тамұқтағы базарлар.
Сумаңдайды, шыжғырады орды кезіп оттары,
Сом болаттар балқып кеткен мұндай апан оқпаны
Ертеде де болған емес, қазірде де жоқ-ты әлі.
Аузы ашылып көрлердің, әлдекімдер күңіренді,
Күңіренгендер куә боп, күдіктілер білді енді,
Қойны суық қара жер жасырғанын кімдерді.
"Айтшы, ұстазым, — дедім мен, — кімдер мұнда жерленген,
Жалын атқан неткен үн жатқан мынау көрлерден,
Зар илеткен не зауал мына ауаға дем берген?"
"Дін бұзарлар, — деді ұстаз, — имандары жоқ халық,
Танымаған құдайды тәкаппарлар сотқары,
Жатады олар тапталып, жер түбінде топталып.
Табыттағы аптапта кімі қалай қарманып,
Тең-теңімен жатады олар мәңгі бақи зарланып".
Деді де ұстаз оң жаққа бетін түзеп алды анық.
Мұнарамен, жерменен азап жолын жалғадық.

ОНЫНШЫ ЖЫР
Кремілдің қабырғасы, азап мекен шетінде,
Соқпақпенен ұлы ұстазым мені алып өтуде.
Обы өкшелеп жүріп келем, белді байлап бекемге.
"Кәрлі қаттан зәрлі қатқа бой ұрған да ұмтылған,
Парасатты ақылгөйім, — дедім қажып түр-тұлғам,
Өтінішімді орындашы достық көңіл, құлқыңнан.
Жасағанның жанып жатқан осынау бір жерінде,
Болар ма екен кебінделген пақырларды көруге?
Ақымдары ашық жатыр, қарауыл жоқ көрінде".
"Қияметтен оралғанда тәңір берген тағдыры,
Қабылданын әмірі де, бұйрығы да, жарлығы,
Ашық мына лақаттардың жабылады барлығы.
Бұл молада — құдайына сенбегендер кешегі
Эпикурдай тәңірге жат, өздері ойлап, шешеді:
"Жаһаннамда тән мен жан да бірге мәңгі өшеді.
Бұл көрден сен жауап алып, сұрағыңа бас ұрған,
Ой қалауын басасың сен берекеңді қашырған.
Ойларыңа нәр аласың жүрегінде жасырған".
"Қайырымды ұстаз, өсиетіңді есте қатал сақтауға,
Есім менің екіталай басқа сөзді жаттауда,
Басқа сөзді жаттауда, қасиетіңді сатпауға".
"От қаламен тірі жүріп, кешкен оны белшеден,
Өнегелі қарапайым, ақыл-есін теңшеген,
Тосқаналық, жақын келші, өтінемін мен сенен.
Бір жақындық бар тәрізді, сөздеріңе қарашы,
Менің жомарт Отанымның болмағайсың баласы,
Мүмкін, сені әдеттен тыс қажыттым-ау, шамасы".
Алмағайын, бір қабірден құдіретті үн атты,
Ой-санамды ойран етіп, тұңғиыққа құлатты.
Жабыстым да, қатып қалдым көсеміме қуатты.
"Неге сонша бұйығасың, неге имене бересің?
Фарината көтерілді, әне, қара, көресің.
Кіндігінен жоғары көрініп тұр денесі".
Жүзіне оның сұқтанып, телміре қарап қалыппын;
Кеудесі мен маңдайына кереметтей алын тым,
Кекірейе көз тастап көлеміне Тамұқтың.
Ортасында оттардың өкшемізді жалаған,
Қауіпсіз мені қозғады жақсы көсем, жан Адам,
Айтты маған ақырын: "Ашық сөйлес, бар оған".
Ашық жатқан лақаға барғанымда тіреліп,
Тәкаппар да, сұсты да, көр ішінде түнеріп:
"Тұқымысың сен кімнің?" — деп сұрады бір өлік.
Көндім, бірақ, мен оған жұмған ауыз ашпадым,
Ашпадым да, алайда бірден тани бастадым;
Міне, сонда, әлгі өлік сәл-пәл керіп қастарын.
"Сыбайластар сырластарға өшпенділік жолдаған,
Жалғандағы, — деді өлік, — жау үй еді ол маған;
Екі мәрте талқандап ем, екі мәрте, ол — оңбаған".
"Қуғындалып кеткенімен, — дедім дереу, — қоғамнан,
Әр қиырдан Отанына олар қайта оралған;
Ал сендерге еш бақыт жоқ мынау көрде тоналған".
Осы көрдің жиегіне иек артты басқа елес,
Иек артып, қармана кеп, кемсендеді ашты өңеш;
Сірә, өзі, саргідір, сергек-селтең жас та емес.
Басқа біреу жоқ па деп, қам жасады ол көруге,
Айналаға алақтап, қос қуысы төнуде;
Ол үміті өшті дағы, өкірді кеп көрінде:
"Тозақ, оты лаулай жанған тотанақ көр басында;
Анау ұлы данышпаның ап келді ғой осыңда,
Ұлым қайда? Ол неге жоқ мына сенің қасында?"
"Елестердің мекеніне еркімменен келмегем,
Жарық жұлдыз көсемім тұр қарсы алдымда көлденең;
Мұның ғажап еңбегіне Гвидо ұлың сенбеген".
Сөзін оның, өзін оның көрдім дағы тайындым,
Қарсы алдымда кім тұрғанын таныдым да айырдым;
Жауабымды келтесінен, түсінікті қайырдым.
"Қалай дедің? Оларды ол еске алмады дедің бе?
Ол жоқ па енді сендердің қатарында, шебінде?
Жарық дүние шуағынан аттанды ма өлімге?"
Есі кетіп есірді жаңағы сол хабардан;
Жауабымды сезді де көмейімде қамалған,
Етбетінен құлады ол ғайып болын жанардан.
Ал ана бір өркөкірек мені өзіне шақырған,
Өзін-өзі, сыбыс жоқ, қазықтай ғып қатырған.
Өңі-түсін өзгертпей, мелшиіп тұр пақыр жан.
"Олар үшін бұл қабір қайғы менен мұң жатқан,
Менің көрген азабымнан ауыр болар зіл-батпан, —
Қайта тағы қайталап қитар сорлы үн қатқан, —
Ерігі мен әмірін ол орындатқан Тамұққа
Елу рет сол ханымды көргеніңше жарықта,
Оңай емес екенін де ойланарсың табытта.
Жарық дүниеге оралғыр! Айтшы маған, алайда!
Әккі болған жандарыма таңба басу жарай ма?
Заңдарыңыз адамдарға шапағатсыз қарай ма?"
Қанға бөккен Арбияны есте мәңгі сақтауға,
Дедім оған: "Біздің Орда құлшылықты баптауда.
Тәңіріге басын иіп аяттарын жаттауда".
Жауап қатты ол ақыры қарс айрылын жүрегі:
"Онда жалғыз мен емес ем, қанды соғыс тұр еді,
Бір де сарбаз еш себепсіз бармағанын біледі.
Флоренция тағдырын сарапқа сап, жалтарды,
Жоймақ боп жер бетінен жойқын күш кеп, қаңтарды,
Өзім жалғыз қорғап едім көтеріп көкке қалқанды.
"О, сіздердің ұрпақтар тыныштық тапса егерде!
Ақыл мен ой осылай кісенге ерік берер ме? —
Дедім оған, — Есіме шырмау түсіп көрер ме?
Болашақ құпиясымен араларың тым алшақ,
Байқап турмын, — дедім мен, — сәті түсіп сынау шақ,
Көлеңкелі көздерің, көңілдерің мұнар шақ".
Қарайғанды кілт жібермей аңғаратын алыстан;
Қанық бізге жалғыз ғана қиыр шет пен алыс маң,
Көсем берген бұл қасиет бізбен бірге қабысқан.
Не жақындап келе жатыр, не боп жатыр мекенде,
Біз осымен ақыл-ойды әуре етеміз бекерге,
Ақыретті әңгімелеп, арқа сүйеп бөтенге.
Айтарымды аңғарасың, түсінесің өзің де;
Болашақтың есігі жабылатын кезінде,
Бізге тәннің өлер бәрі: өнер, білім, сезім де.
Жанды өртеген өкінішпен қарадым да жан-жаққа:
"Айтыңызшы, әлгіндегі құлап түскен аруаққа,
Оның улы әлі тірі, жер үстінде аулақта.
Терең ойға шомған едім күдіктене, сескене,
Күдікке бой алдырғанда тұрушы еді есте не,
Сондықтан да айта алмағам сол сорлыға ештеңе".

Көсемім де шақырды әне, аруаққа ізет сақтадым,
Әңгімемді үзсем дедім, білсем дедім нақ-нағын,
Қарғыс атқан қара жерде кімдер бірге жатқанын.
"Мыңнан аса жан жайлаған осы көрдің апанын,
Осы ұраға келіп құлап, осыдан тапқан жатағын,
Фридрих екінші мен кардиналды атадым".
Ғайып болды ол, санам әлі қорқынышты сақтады,
Көші көрген көне ақынға үрей қысып аттадым,
Бұлдыр жауап бұралаңын іздеп, содан тапқалы.
Әрі қарай аяңдадық; ұстаз салды зердеме:
"Жүрегіммен сезіп тұрмын, абыржисың сен неге?"
Айтарымды ақтардым мен сыймай тұрған кеудеме.
"Естігенді еске сақта, — деп бұйырды ол, — суытпа,
Тағдырыңның қатерлі сен ақиқатын ұмытпа,
Мына жәйтті түйініп ал кездесетін жуықта.
Көреген, көркем көздер әлі кездеседі, көресің,
Айналаны анықтаған нұр шуаққа төнесің,
Жылдарыңның болашақ жарық жолына енесің".
Аспай-саспай ұстазым солға қарай аттады,
Жазық ылди жетеледі, дуалдардан сақтады,
Ортасына шеңбердің, орға таман тартты әрі.
Қолқаны ұрған қолаңса иіс шыққан жақтағы.

ОН БІРІНШІ ЖЫР
Келдік біздер бір қорымның бір шетіне көлденең,
Өкшеміздің дәл астыңда құз-жартастар көлбеген,
Тым үрейді шыңырау жатыр бұрын ешкім көрмеген.
Аңқып тұрған шыңырау құздан шығандағы мүйістен,
Қолқа қапқан қолаңсалы сасық, мүңсік иістен,
Мола артына жасырынып, бастарымыз түйіскен.
Нән мазардың тақтасынан жазу көріп, шайлығам:
"Анастасий папа осында бұғау киген қайғыдан,
Фотинаға еріп, тәңірі салған ақжолынан айныған".
"Бұл баурайды басуға әлі асықпағын, қарағым,
Сәл сабыр ет, мына иіске үйір болсын танауың,
Сонда ғана әрі қарай жеңіл тиер қарауың".
"Сабыр түбі — сары алтын, уақыт кетпес тегінге".
Сабыр еттім, серігіме мен осылай дедім де:
Ол да мені қоштай кетті: "Қалауым сол менің де".
"Ұлым менің, — деді ол маған, — ортасында ұшпа қат,
Үш баспалдақ жатыр мұнда, үш баспалдақ, үш қабат,
Бұған дейін көргеніңнен кіші, байқа, түс қарап.
Бәрінде де қарғыс атқан елестер жүр мәңгілік,
Қарап қана өту үшін, тұрмау үшін мәңгіріп,
Олардың сен айыптарын, азаптарын ал біліп.
Өшпенділік мақсаты жалғандықпен шектелген,
Зиян тартын басқалар, қудай да оны жек көрген:
Алдау, зорлық, — құралы адамдардың кектенген.
Алдау дейтін ол — бір дерт адамдардан таралған,
Жаратқанға ол жексұрын, соңдықтан да қамалған,
Тұңғиықтың түбінде жазаланған сан алуан.
Зорлық мынау бірінші қат зынданына көмілген,
Көмілген де, үш белдеудің үлесіне бөлінген,
Сондықтан да өздерінше үш одақ, боп көрінген.
Ойран-асыр осынау бір жазаланып жатқандар,
Жақынына, өзіне де озбырлық зәр атқандар,
Көресің де сезесің, шапқандар мен жаққандар.
Тонау, өртеу, өлтіру, ес алдырған қысымға,
Әлдекімге жара сап, әккі зорлық, уысында
Ұстағанның не өзі, не жақыны осында.
Кісі өлтіргіш қарақшылар, жара салған пендеге,
Ақылдарын ашу жеңген баукеспелер өр кеуде,
Зәрін татпақ дозақтың мынау сыртқы белдеуде.
Бәз біреулер өз жанын, мүлкін өзі жалмайды,
Өзін-өзі өлтіреді, айыпқа айып жалғайды.
Солар мынау орта белдеу ортасында зарлайды.
Жаратқан мен жаратылыс мейіріміне сенбеген,
Құдайына тіл тигізіп, балағаттап жерлеген.
Анау жатқан сол содырлар, зорлық бойын кернеген.
Күңкілдесіп бәз біреулер, құдайына налиды,
Мынау белдеу әр жағында оларды да таниды.
Каорс пен Содомның қарғыс оты қариды.
Алдау дейтін зымиян әр жүрекке таныс-ты,
Алдарқанған сорлыларға сойқан болып жабысты.
Түкке сенбес пақырлар да торға түсті, бағы ұшты.
Табиғи тән байланысты қасиеттемей сүйреткен,
Ізгілікті сүйіспендік ізін жойып, күйреткен.
Мына тұрған соңғы сойқан тозаққа еркін билеткен:
Екіжүзді жағымпаздар, парақорлар жат жандар,
Сиқырлықпен, жалғандықпен жалған атақ тапқандар,
Шен көрсетіп, шіркеудің де лауазымын сатқандар.
Қандас, туыс, махаббатты ылайлаған, қаяусыз,
Жан сенімін, жан қадірін жайпағандар аяусыз,
Алғашқы анау алапатта тұрған солар баянсыз.
Дит тәж-тағы орын тепкен ең кішкене қаттағы,
Қарғыс таңба басылған да, қара жерге батқаны,
Мәңгілікке жұтады оны әккі әлемнің ақпаны".
"Ұлы ұстазым, — дедім мен, — ұлағатты сөзіңнен,
Алдымдағы апаттың сырын ұқтым төзіммен,
Арпалысып азаппен кім жатқанын сезінгем.
Айтшы: осынау қаттағы мибатпаққа батқандар,
Нөсер осын жотасын, құйын түйреп атқандар.
Жан ұшырып, өзді-өзі жағаласып жатқандар.
Құдіреттің қаһары айырғанда еріктен,
Осынау қызыл шәріге қамалмапты, не күткен?!
Осылай болған жағдайда, бақытсыз бұлар неліктен?"
"Байламыңнан байыпты, апырау, неге бас тарттың?"
Жолсыз, жөнсіз адасын, ақылың қайда бастап тур?" —
Деп, көсемім реніш көзін маған тастап тұр.
Қалайша сен Ғибрат қағидасын ұмыттың?
Пәнденің ең жаманы жыланнан да суық тым,
Жаппар көкке жат болған үш нәрсе бар — мұны ұққын.
Ұстамсыздық, ыза-кек, хайуандық қан ұрған,
Ұстамсыздық — құдайға пәс күнә боп танылған,
Сондықтан қызыл ошақта сәл жеңілдеу қарылған.
Қабырғаның сыртыңда қандай орын тұрғанын,
Жазаланған жандардың босағада сұрларын.
Есіңе алын екше де, мойныңды бұр, жаным.
Түсінесің сен олардың бөлінгенін неліктен,
Айырмасы қанша екенін ашу бұған өліктен,
Айырмасын, құдайдың азабының кеміткен".
"О, ғұлама, көзін ашқан, көңілін ашқан соқырдың,
Әлі сенің іліміңді үйренермін, оқырмын,
Білмегенді білермін де, көңіліме тоқырмын.
Пайдакүнем, паң-сараң мысқал беріп, ақша алған,
Жаратқанның мейірімін қалай былғап, дақ салған
Қайта орал да, — дедім мен, — мәнісін айт, абзал жан".
Құдіретті тәлімдерін құрметтеген жандарға,
Қайта-қайта философтар қағидасын жалғауда,
Жаратылыс қайнар көзі неде екенін барлауда.
Даналық пен көркем өнер құдіреті ойдағы,
Физикадан да оқисың, бітпек емес байламы.
Парақтап көр тек қана алдыңа оны жай дағы.
Бар өнерін пәнделер табиғатқа арнайды,
Оқушыдай өкшелеп, жалғыз қарыс қалмайды;
Құлымын деп құдайдың өздерінше сарнайды.
Шар кітаптан білуге тиістісің кенеліп,
Табиғат пен пендеге тәңірі айтқан төрелік,
Өмір сүріп адамдар өссін деген көгеріп.
Жаратқанның жолынан пайдақорлар тайған-ды,
Табиғаттың өзін де талақ етіп, жайланды,
Енжар қарап еңбекке, қулығымен пайда алды.
Аяңдайық, мына көр уақытты тауысты;
Таң жұлдызы шығыстың таң сәулесін ала ұшты,
Үркер ауып жамбасқа, Каврге кеп жабысты.
Баратұғын тұңғиық әлі бізден алыс-ты".

ОН ЕКІНШІ ЖЫР
Төмен түсер құлама — қорқынышты әудім көр,
Қияметті қыл көпір, қырсық шалған мәңгу — жер,
Әркімдерді шошытқан, жүрексінген әркімдер.
Жатушы еді бір қорым Трентодан төменде,
Жер сілкініп, тас қулап, әлеметтен келген бе,
Жататұғын, әйтеуір, Адичені бөгендеп.
Құз жартастың құлама кедірі менен бұдыры,
Жүргендердің тал қармар аяқ тірер тұғыры.
Жалғыз аяқ жолдайын жатушы еді ғұмыры.
Мына сұрқай уәлаят кейпі солай тур ұйтқып,
Түнекке түсе берісте айбат шегіп бір иттік.
Бұқа басты адам жатыр мазақ болған криттік.
Пасифая туған-ды оны бұқамен боп бастаңғы,
Бізді көріп, өзін-өзі ол жүндей түте бастады.
Мағнасыз айбат қылып ақсияды тастанды.
"Жатырмысың тағы да күйің келіп жынданып,
Әкелді деп тұрсың ба Афиндықты бірге алып,
Түйреу үшін жаныңды, — деді ұстазым сұрланып, —
Әрі тұр, әрі, хайуан! Босат жолын апанның,
Серігім менің сезбейді қулығын сенің апаңның:
Тыңдаушысы тек сенің азап пенен жапаңның".
Айбалтамен өлтіре соққанда өгіз әңгүдік,
Үзетін де арқанын, қаша алмайтын әл кіріп,
Жанға батқан жарадан тыпырлайтын мәңгіріп.
Солай турды бұрқанып, бөксесі өгіз, басы адам;
Айғайлады ұстазым: "Төмен қарай қаш одан.
Ол долданып тұрғанда, сен өтіп кет тасадан".
Ылди төмен бет алып, екеуміз де аттандық,
Қаусап тұрған қорымдар салмақпенен тапталып,
Құлайтындай көрінген құз жартастан сақтанып.
"Жасырған бізді жаңағы жауыз, жыртқыш тағы аңнан,
Жартастарға таңданып келемісің сан алуан, —
Деді ұстазым, торлаған ойды қуып санамнан —
Тамұқпенен төменгі өткенде мен енген ем,
Ынтықтырған ымыртқа мен сол соқпақпен келген ем,
Мына жатқан тастарды, түсін, онда көрмегем.
Сонша жанды Дит көрінен алып кеткен аспанға,
Сол құдірет тозақтың бірінші қатын басқанда,
Сол келерден сәл бұрын, қақпаны алғаш ашқанда,
Ойран-асыр осы аймақ опырыла сілкінді,
Күйреуден барып жаралған бұл дүние шіркінді,
Бағзы біреу жорыпты байлам айтып бір түрлі.
Бұрын даты ол осылай астаң-кестең құлаған,
Сонда мынау шың жартас шыңыраудан сулаған:
Әр жерлерде-ақ, қираған, қалғаны жоқ дін аман.
Әне, қара, әне бір көмкеріп ап баурайды,
Күнәһарды күйдіріп қанды тасқын заулайды.
Жақынына жат қылық көрсеткендер лаулайды".
О, көрсоқыр ашкөздік, есалаң ыза ашулы,
Қиратып, тонап жатырсың біздің шолақ ғасырды,
Мәңгі бақи азаптап, жібересің жасынды!
Серігімнің айтқанынан сезінгем де, түйінгем:
Бар аймақты шеңберге алып, шегендеген, шүйілген,
Орап жатқан ор көрдім бір доғадайын иілген.
Жылқы бөксе адамдар жындана кеп жосыды-ай,
Жер үстінде тағылар да алқымдайтын осылай,
Көк шалғында емін-еркін көсілетін шошымай.
Қия тастан бізді аңғарып, барлығы да тоқтады,
Бір үшеуі жақын келді, жалмауыздай оқпаны,
Жебелерін желпіндіріп, садақтарын оқтады.
Үйірінен озып шыққан біреуі кеп шалғайдан:
"Сендерді бұл ізге салған, — деп ақырды, — қандай жан?
Тұрған жерден жауап қатқын, болмаса атам маңдайдан?"
"Біздің жауап, — деді ұстазым, — тек Хиронның алдыңда,
Қорқытпа сен, саялатар қорғаушымыз бар мұнда,
Әумесер ең қашаннан, одан "сыбаға" алдың да.
Өлердегі қанды кегін өзегінде сақтаған,
Несс қой мынау, Деянира үшін тозақ отын аттаған", —
Деді даты плашымнан қасымдағы тартты Адам.
"Анау — Хирон, ортадағы басы төмен иілген, —
Ахиллдың ұлы ақылшысы алақанда иірген:
Үшінші — Фол, қаһарлы, зәрлі ашу үйірген.
Бұлар топ-топ осы өзенді әрлі-берлі қоршаған,
Қан толқыннан қалқып шығар қарғыс атқан болса адам,
Қақ төбеден қадап атар қайырымсыз қансоғар.
Саңлақтанған құбыжық келдік біздер шетіне,
Қою мұртын сұр жебемен Хирон бөліп екіге,
Алма-кезек сипап қойды ойдым-ойдым бетіне.
Қалың ернін қозғады да ол, айтып жатыр кімдерге:
"Әнеу тұрған екіншісі, мұнда келген бір пенде.
Қозғайды екен тастарды өзі тым дөрекі жүргенде:
Бірде-бір өлік ешқашан дәл осындай жүрмес-ті,
Адам менен хайуан бір денеге мінгесті.
Таяу барып, мергенге көсем былай тілдесті:
"Тірі адамдар сияқты бұл да тірі, өлмеген,
Осы тұрған түнекке өзім бастап енген ем.
Мақсатпенен келген бұл, машық қуып келмеген.
Салауатты сол әйелдің мен — үкімін тындырған,
Осынау жан үшін ол дұғасын да сындырған:
Күнәкар рух емеспін мен, ұры емес бұл жын қуған.
Тәңірінің әмірімен барам азап сапарға,
Біреулерің баста бізді, адаспайық жапаңда,
Біздерменен бірге болып, жүрсін біздің қатарда.
Ауаменен қалқитұғын елес емес, жаны бар,
Менің мына серігімді жармастырып жалына,
Тайыз жермен алып кетсін өзеннің ар жағына.
Хирон оңға бүйірін бұрып, Неске назар тастады:
"Мыналарға жол көрсетіп, бағыт сілтеп, баста әрі,
Аулаққа айда, қарсы алдыңнан кездестірсең басқаны".
Жағамен ол алып жүрді қан бұрқылдап қайнаған,
Азан-қазан, үрейлі бір үндер оны жайлаған.
Шыжғырылған тірідей шерменделер айналаң.
Жандар көрдік қасынан қанботқаға былыққан,
"Мұнда, — деді кентавр, — ар-ожданын ұмытқан.
Әккі әкімдер аз емес қанға, алтынға құныққан.
Мәртебесін зорлықпен былғап алған бар жауыз:
Александр осында, Дионисий жалмауыз,
Сицилия бейбаққа жара салған қанды ауыз:
Қара түкті — әйгілі анау Адзолино — граф-ты,
Бозай шырай бұл Обиццо, бүлік кезде сұлапты,
Туған ұлы өз қолымен құрбан етті, құлатты".
Көсеміме қарадым мен дегендейін ескерсін,
Түсінді, деп данышпаным: "Сәл сабыр ет, есітерсің.
Сұрағыңа енді жауап мына тұрған Несс берсін".
Жақындадық бір топқа — бізге таяу тұрғанға,
Кеңірдектен бүркелген, әрқайсысы бір маңда.
Қырқылдап тұр қып-қызыл қыздырылған қырларда.
Бір аруақ түр Несс айтты, құдай ұрып, мына адам,
Қанжар салып жүрекке арылмаған күнәдан,
Шәһит жанын еске алып, Темза бүгін жылаған!
Басқаларды аңғардым, ылдиында ағыстың,
Кеуде, қарын, иығын ербеңдетіп, алысты.
Елестердің ішінде кейбіреумен таныспын.
Пәс-пәс толқын бәсеңсіген сәтті уақыт кезенді,
Аяқ қарыр аязы бар, жыны қайтты ежелгі;
Осы сәтті пайдаланып, кесіп өттік өзенді.
— Қанды ботқа қайнаған таяздайды бұл маңда, —
Деді бізге кентавр, — басын ылди бұрғанда,
Қайта келген толқынға пенде шыдап тұрған ба?
Өзен түбі жоғалды да, тасқын қайта төмен кеп,
Айналасын тықсыра кеп, шеңберге алып, шегендеп,
Әкімдер жатқан тозақта кетеді кайта тереңдеп.
Ашулы аспан астыңда айыптап құдай жаршысы,
Аттиланы иленді атанған жердің қамшысы,
Пирр, Секст те зарлайды қан болын көздің тамшысы.
Көз жастары беттерін айғыз-айғыз етеді,
Риньер де Пацци, Риньер Корнето екеуі —
Қарақшылық күн кешкен қарақытылар жетегі".
Осы жерде кентавр ғайып болып кетеді.

ОН ҮШІНШІ ЖЫР
Өтпей тұрып кентавр, кешпей тұрып тасқынды,
Тағы орманға іліктік, тағылығын паш қылды.
Соқпақ таппай сорладық біз, еңсемізді бастырды.
Қошқыл қоңыр жапырақтар салбырап тұр асылып,
Жыбырлаған әрбір бұтақ шырмауықтай жасырып,
Жеміс те жоқ, қылқандардан у сорғалап, шашылып.
Сыңсып жатқан жыныс орман жабырқады, соңы мұң,
Шөлдің тағы аңдары кеп сая табар отты күн,
Чечина мен Корнетода мұндай орман жоқтұғын.
Пері құстар ұясы түр, ізі жатыр айнала,
Бал ашқан ол Трояндарға осы жерді жайлаған.
Қырсық шалар мезгілді айтып, Строфадтан айдаған.
Етек қанат, қыз кейіптес, сыңсиды кеп сылаңдап,
Түкті қарын, тырнақтары көстең-көстең тыраңдап.
Ағаштарға оралып жүр уайымдап ұрандап.
"Әрі қарай екеуміз аяқ баспастан бұрын,
Осы екінші белдеудің біліп алғын тағдырын, —
Деді маған данышпаным, уағыздап алғырым, —
Одан әрі алдында шөл жатады лаулаған,
Өрт жайнаған құдды бір өртең жерден аумаған.
Кереметті көресің бұрын естіп, нанбаған".
Төңіректің бәрінен қыңқыл-сыңқыл естідім,
Айналайын, алайда көре алмадым ешкімін;
Аялдадым аңырып, әлдеқайдан есті мұң?!
Ұстазым да өзімдей ойда тур ма деп не түрлі,
Әлдеқайдан, ой, тоба, әлдекімдер өкірді?
Арасында бұтаның жасырынған секілді.
"Арылғың келсе әп-сәтте мынау үрей көздерден,
Сындырып көр бұтақты алдындағы кез келген".
Менің дана бастаушым айтқан осы сөзге ергем.
Бір ағашқа қол созып, келгенде сәт кезеңі,
Бір бұтасын сындырсам, о, ғажайып сезеді!
"Ауырып кетті, сындырма!" — дейді сыңсып өзегі.
Қақ бөлінген бүршіктерден көрдім қызыл қан меңін,
"Қинауыңды қысқартсаңшы! — дейді налып әлдекім, —
Шыныменен дәтің берік қайырымсыз жан ба едің?!
Біз бір кезде адам едік, енді, міне, өсімдік...
Жазғандардың жандарына жасамаса кешулік,
Жаратқанға мұның өзі айып-күнә, кесірлік".
Бөренедей бір басы лаулаған да өртенген,
Бір шетінен су тамған көз жасындай мөлтеңдеп.
От пен суды шыжғырып, ерегесіп жел төнген.
Сол сияқты жаралы ағаш сорғалатты қан жасын,
Қолдан бұтақ жерге түсті мен абдырап қалғасын,
Дереу менің үнім өшті, зәрем ұшып, жан жасып.
"Менің жырым хабарлаған жайттардың, бұл пенде,
Өз жолынан алдын ала кездесерін білгені де, —
Деп ұстазым жауап қатты жалынышты үндерге:
О, бишара, саған қолын созбас еді бұл адам,
Кереметті сезсін, көрсін деп мен едім сынаған,
Мен кінәлі сенің осы азабыңа шыдаған.
Өзіңнің кім екеніңді бұл адамға түсіндір,
Жақсылықпен бар айыбын өтейтұғын ісін біл,
Оралғанда жер үстіне сені еске алар кісің бұл".
"Сенің мынау лебізің еліктірді соншама,
Жайбарақат үнсіз, тілсіз, тыңдағам жоқ оншама,
Ал айтайын әңгімемді, сіздерге ауыр болса да:
Қаталдық пен қайрымдылық дейтін екі қақпадан,
Фридрих жүрегінің екі кілтін сақтағам,
Сылдыратпай ашып-жапқам, бөтен ойлар жат маған.
Азды-көпті құпиясын қорғадым да, жинадым,
Парызымды өтей жүріп, қасиеттеп сыйладым.
Әзер тұрған дәрменімді, ұйқымды да қиғамын.
Бақталастар хандығында бақталасқан сан адам,
Сайқалданып, селт жібермей, сайтан көзін қадаған,
Қауымға: оба күншілдіктің орда зәрін жалаған.
Сарайдағы сайқалдар да сумаңдады, ісіңді,
Ашу буған Август әкім мені жалған түсінді,
Ойран етіп, қара қырсық шыңырауына түсірді.
Қайран рухым қайрап қалып, аласұра сенделді,
Өсектерден өлімімен ош алуды жон көрді.
Өз алдында күнәсіз жан күнәлі боп енді өлді.
Ант етейін түбірімнің түбіндегі қанымен,
Өстім, өштім өзімнің иманымның арымен,
Еттім қызмет мырзама, құрметтедім тағы мен!
Жайсаң жарық дүниеге тосыннан есен шыққаның,
Ескерсін де, ерітсін арымның менің шықтарын,
Естісін жұрт күншілдік көрге әкеліп тыққанын!"
"Ол тынды, — осы лебізді естідім мен ақыннан,
Сөйлесіп көр онымен, — уақыт алға шақырған, —
Сұрағыңа не жауап берер екен бақыл жан".
Маған пайда келтірер болса оның несі бар? —
Дедім біраз қысылып, — сұрап өзің шешіп ал,
Батылым бармай, ауырлап тұрғанымды есіңе ал".
"Мынау, — деді қасымда қайырымды серігім, —
Тілегіңді орындауға беріп те тұр сенімін,
Зындандағы зарыққан, мойныңды бұр, өлігім.
Шырмауығы бұтақтың жанды қалай шандиды,
Руқсат болса, айт бізге, қалай жанды аңдиды,
Құтыла ма бір күні бұл тұзақтан сан қилы?"
Осы жерде ағаштың өзегі ауыр күрсінді,
Жаннан атқан жалын сөз жарып шықты дүрсілді:
"Ал тыңдаңдар, жауабым келте болар бір сырлы.
Арпалысқан азап жан өзі болып білермен,
Айрылғанда денеден, үзілгенде шідерден,
Минос оны жетінші тұңғиыққа жіберген.
Белгілі шек бермейді береке жоқ сорларға,
Құйттай ғана дән болып құлайды олар орманға,
Тағдырына табынып, тұрады өсіп сол маңда.
Айналады сол бір дән жас бұтаққа, сабаққа,
Жапырағын пері құс айналдырып тамаққа,
Ауыртады жаңағы сендерге ұсап, алад та.
Қиямет соты болғанда, тәнімізге барамыз,
Алайда оған ене алмаймыз, құр әншейін табамыз.
Өз тәніміз өзімізге жат боп кеткен, қараңыз.
Бір кездерде еркіменен тастап кеткен денені,
Сорлы аруақтар сұр саяға сүйреп алып келеді,
Керегіміз жоқ оларға, пері құстар — қорегі".
Уайым сорған сорлы бұта сөйлейді деп әлі де,
Ұстазымыз екеуміз де ойлаған ек дәніге.
Жыныс орман кенет шулап, басты ежелгі әніне.
Аңшыдаймыз тосқауылда тына қалған тың тыңдап,
Тазы қуған тарлан қабан зытқандайын ыңқылдап,
Естігендейміз бұталардың сынғандығын сыртылдап.
Жыныс қопа бұталарын кеудесімен сындырып,
Бұтақтардың арасында, сол жақта, әне, жын қуып,
Тыржалаңаш, пәре-пәре келеді екеу шыңғырып.
"Өлім, тез жет маған қарай!" — деп зарлайды алғысы,
Артыңдағы ұмтылады, оның да жоқ қалғысы,
Айғайлайды: "Бүгін, Лано, жылдамсың ғой, қарғышы!
Топпода сен дәл осылай тырмыспап ең, гөзелім!"
Айналаға қарады да ол, алқындырып өзегін,
Бұта құшып құлады-ай кеп, аяқтады кезегін.
Ал кейінде, орман толы өлекшіндер қап-қара,
Босатылған тазылардай арсалаңдап, топтана,
Аш-жалаңаш заулайды кеп, қарамайды артқа да.
Құлағанға жармасты олар, желіктіріп қолқасын,
Азуларын салды келіп жұла тартып арқасын,
Көкпар тартып бара жатыр бишараның қаңқасын.
Мені ұстазым ыңырсыған бір түп бұтаға әкелді,
Қызыл ала қанға батып, жылап жатқан екен-ді.
Сынған мүше пайдасы жоқ көз жасымен өтеулі:
"О, Джакомо да Сант-Андреа! Бұ неғылған ермегің?
Бодауыңа мені беріп, сорлаттың ғой сен мені!
Қарғыс атқан өміріңді жынды қылған мен бе едім?"
Уағызшы ұлы ұстазым қасына оның аялдап:
Кім едің сен, жаралы жан, айтшы, — деді, — баяндап,
Қан жосаның арасында қалжыраған қай аруақ?"
"О, тірілер, келіп көрген мәңгі түнек тағдырын, —
Деді ол бізге, — ақтардыңдар ақыреттің хандығын,
Көрем десең пәре-пәре табытымның дал-дұлын,
Жапырағымды жинаңдар, жаңағылар қырыққан!
Ионна үшін байырғы қорғаушысын ұмытқан,
Бар ғой бір жер, сол — менің қалам еді былыққан.
Сондықтан да толассыз тозақы ашу кектенген,
Бөлшегі Арно суында сақталмаса, не еткенмен,
Қалмас еді ештеңе қазіргіден, өткеннен.
Атилланың үрейлі күлі үстіне, жаңадан,
Қиналар еді бекерге қорғап соққан сан адам,
Еңбектері еш кетіп, өлер еді наладан.
Өз үйімде өзімді-өзім жазалағам, қанағам.

ОН ТӨРТШШІ ЖЫР
Туып-өскен жерімді ойлап, қайғы буып, шайқалдым,
Жайрап жатқан жапырақтарды жинадым ғой, не айтармын.
Әлі құрып, әлсіреген дәрменсізге қайтардым.
Шетке шықтық орманнан, ол маң әлі күшінде,
Үшінші белдеу жаңағы екіншінің ішінде,
Қиямет соттың жарлығы қақ төбеден түсуде.
Айтайын мен жаңадан нені аңғарды от жанар,
Дала жатыр бір қылпық жоқ көз сүрініп тоқталар,
Дала жатыр алдымызда, тіршіліктен жоқ хабар.
Қайнап жатқан қан өзен өзін қалай ораса,
Даланы солай сорлы орман көмкеріпті орасан;
Серігіміз екеуміз шетте тұрдық оңаша.
Бір шетінен бір шетіне Катон өтіп, таптаған,
Өртеп жатқан жазықтайын жалын өзек, от-табан.
Сусымалы қып-қызыл құм қиян қырды қаптаған.
О, құдайдың алмас кегі, жазғанымды менің не,
Оқығандар ойран-асыр шошынады-ау, тегінде,
Шошынады-ау сұмдықтардан көзім көрген өңімде.
Құмда болған тыр жалаңаш тобырларды мен көргем,
Бәрі боздап, мәңгі бақи азап-сорда сенделген.
Әрқайсысы әр түрлі тағдырменен шенделген.
Шалқасынан құлаған біреулерін қан жауып,
Бүрісіп отыр біреулер қолқасымен шаң қауып,
Біреулері ерсіл-қарсыл айналуда сандалып.
Сапын түзеп сандалғандар бір тасынып, бір ақты,
Жатқандары шамалы екен, бірақ, сұмдық мұң атты,
Шыбындары шыңғырады, тұндырады құлақты.
Желсіз күнгі қардайын тау жотасын бүркеген,
Жалын нөсер қанат жайын, шөл үстінде тур төмен.
Баяу келіп басып жатыр баяу-сабыр діңкемен.
Үндістанмен қолын бастап өткен кезде Ескендір,
Құлап түскен алқызыл от арасымен кешкен бір,
Ми қайнатқан ыстықтарда от лаулап ескен құр —
Сарбаздарға бұйыратын жерді түте таптауды,
Жанып жатқан жалыннан андыз-андыз сақтанды,
Ғарасат оты ауызын сол тәсілмен жапқан-ды, —
Отты құйын араласты от деміне аптаптың,
Шәйіт лаулап жанып жатыр білтесіндей шапақтың,
Жазалылар жан азабын екі еселеп таптап мың.
Қаңқа қолдар ербең-ербең мәңгілік би билеуде,
Аруақтардың құр сүлдерін әрі-бері сүйреуде,
Желіккен от ішіндегі жалын қармап илеуде.
"Үрейлі сол қақпаның жолын бізге бөгеген,
Сол жындардан басқаның бәрі таныс көнеден,
Айтты маған ұстазым, "Бұ не сұмдық? — деген ем, —
Айналаны өртеген селт етпеген жалынға,
Ғарасат отын сөндіре алмай сабап жатыр жауын да,
Тұнжырап жатқан ұп-ұзын мынауың кім тағы да?"
Пәруәрдігер, о, ғажап! Түсініп қойды ол, тегінде,
Тәкаппар жан айғайлап жауап қатты көрінде,
Қандай болсам, өмірде сондай тұрам өлімде!
Өлер күні иығымнан қиып түсер басымды,
Қылыш алған қолынан, қыл қабатын жасын-ды,
Қинай берсін сол ұстаны, мейлі, Зевс ашулы.
Мейлі, босқа әуре боп, ауыр жаза арнасын,
Этнаның көмейіне тықсын, мейлі, жалмасын,
"Құтқара көр, құрметті Жанар тау!" — деп зарласын.
"Флегра үстіндегі қайталасын шаруасын,
Мейлі, мені сағат сайын жасынменен жалғасын,
Білсін, бірақ қайткенмен де қанды кегін алмасын!"
Сонда менің көсемім бар күшімен үндеген,
Оның мұндай әр сөзін естімегем, білмегем:
"О, Қапаней, менмендігің — әлі көзін ілмеген, —
Сол ғой сенің зәһар қайғың, зауалыңды зілдеген,
Сондықтан да өзіңе-өзің өшіге кеп мінген ең,
Қайырымсыз соттан қатал өзіңе айып ілген ең".
Ұстаз маған бұрылды да, бап-байсалды реңі,
"Тағы еді бұл тәкаппар, жұрттың бәрі біледі,
Фиваны қоршап алған жеті патша біреуі.
Құдайға тіл тигізген ол, бас имеген дегенмен,
Жаңа өзіңе айттым ғой мен, қылығына кенелген,
Дөрекі сөз даңқыменен "құрметке" бөленген.
Сен — соңында, мен — алда, әдет бар ғой бекіген,
Кеттік енді әр қарай, бірақ сенен өтінем,
Баса көрме от құмды, айналып өт шетінен".
Жеттік біздер жылғаға, үнсіз көңіл жасыды,
Орман жақтан шапшыған шапшаң жылға тасуы,
Әлі күнге таңданам, сұмдық оның ашуы.
Жезөкшелер су алатын шипа етерге сыйынып,
Буликаме көлінен бір бұлақ ағар бұйығып,
Сол тәріздес мына жылға құмға жатыр құйылып.
Арғы-бергі жағасында, жиегінде жылғаның,
Түбінде де, шетінде де көріп тастың тұрғанын,
Өтер жолдың сол екенін сезіп, біліп тур жаным.
"Бері қарай, босағаға есік ашып, енгеннен,
Осы жылға өзгешерек, сол екеуміз көргеннен,
Бұл бір ғажап, олай болса, сол ғажапты көрген жөн.
Бас идіріп, ырыққа бағындырған, көндірген,
Бұл күшімен кез келген өрт-жалынды сөндірген,
Осы бұлақ ғажайып, ғажайыптан сен білген".
Солай деді көсемім; ақылын-сырын жалғауда,
Аштық дейтін бәлекет артымыздан қалмауда,
Азық сұрап өтіндім өзегімді жалғауға.
"Крит атты өлке бар жастық еткен теңізді,
Әмірінің күшімен дүние рахат дегізді, —
Деді көсем, — ол өлке күнәсіз де, көне, ізгі, —
Алып таулар арасында аты әйгілі Ида бар;
Бір кездерде ылғалмен, жапырақпен құйған нәр.
Бұл күндерде ол ұмытылған еске алған жан қаналар.
Рея оған сәбиін аманаттап, сенген-ді,
Пана тауып басына, бақылауға берген-ді.
Жылағанын дабырмен естіртпеуді жөн көрді.
Әлдеқандай ұлы қарт тау басында тұрған-ды,
Дамиатқа арқасын, Римге бетін бұрған-ды,
Қарағандай айнаға қасын керіп, нұрланды.
Жарқыраған басы оның жасалған-ды алтыннан,
Кеудесі мен қолдары ақ күміспен тартылған,
Абыройына дейін қызғылт мыспен шарпылған.
Қалған жері қарапайым темірменен сапталған,
Алайда оң жақ табаны балшықпенен қапталған,
Қапталған да тіреудейін қатып қалған, сақталған.
Мойынынан төмен қарай қақ бөлінген бар тәні,
Көлдей аққан көздің жасы жарықтан дым тартады.
Шымырлаған толқынын шыңырау мүжіп, қарпады.
Жердің шыңырау түкпіріңде шым-шым қайнап олардан,
Ахерон менен Стикс, Флегетон жаралған,
Олар осы жылғамен ақыретке де таралған.
Өтіп ап соңғы баурайдан, төменде Коцит құруда,
Көрсетер көзге қылығы осал емес мұның да,
Айтпаймын әзір, көресің шығанақты жуырда".
"Егер жердің үстімен жеткен болса мұнда ағып,
Әлдеқайда бұл бізден жасырынып тұр неғып?" —
Деп сұрадым көсемнен, әртүрлі ойға шырмалып.
"Тұңғиықтың түбіне түсу үшін сен бөлек,
Сан соқпақпен сол жаққа жүргеніңмен өрмелеп,
Кездесер-ді бір шұңқыр шеңбердейін дөңгелек.
Әлі толық өткеміз жоқ сол шеңберден басталған,
Жағдай егер жаңа бір зат жайып салып жатса алдан.
Таңданбағын, таңғажайып жанарыңа жасқанған".
"Лета қайда, қайда Лета, неге атамай келесің?
Қайда әлгі Флегетон, қалай оны көресің?
Әне бірде көз жасынан жаратылған дегесің".
"Дұрыс сұрақ — деді ұстазым, — жауабымды жалғармын,
Алқызыл су гүрілдеген арасынан аңғардың,
Алайда өзің бір шешімді өз көзіңмен аңғардың.
Күнәкар жан ғұсылға шығарғанда денесін,
Мол күнәні тазартқан Летаны да көресің,
Қасіретті ұмыттырар Летаға да келесің.
Қоштасайық аруақтармен өзін-өзі жерлеген,
Із жоғалтпа, ер артымнан, қалып қойма сен менен,
Арна бойлап, ағынменен соқпақ жатыр көлбеген.
Ылғал ауа отты өшірген — жүреміз сол жерменен".

ОН БЕСІНШІ ЖЫР
Кезіп біздер келеміз тасты өлкенің жан-жағын,
Жылға үстінде жойқын бу жосыла кеп парлады,
Жалаңдаған жалын өрттен жасқап, қорғап арнаны.
Бруджа мен Гвидзанто арасында қорған нән,
Орнатуды алдын ала фламандтар қолға алған,
Алапат су апатынан күні бұрын қорғанған.
Кьярентан үстінде аптап қарып жатқанда,
Сарайларын, қыстақтарын алдын ала сақтауға,
Палуандар Брентаға берік қамал соққан да.
Мыналар да сол сияқты екі жақты тур жиып,
Болмағанмен сонша мол, болмағанмен тым биік,
Нағыз шебер жасаған өз ісіне нұр құйып.
Тоғайдан да алыстадық, бет түзедік бөтенге,
Қорғандарға қаншама қайрылғанмен кетерде,
Қарағанмен қадалып, кетер де еді бекерге.
Бізге қарай екі елес алдымыздан шыға қап,
Төмен жақтан қарайды сығырайып, сығалап,
Өстуші еді адамдар бірін-бірі сынамақ.
Абайлап кеп қарайды, бірін-бірі түйгелі,
Бір нүктені тесіліп қас-қабағы үйіреді,
Тігіншідей қартайған сабақтаған инені.
Қадала қарап келеді бізден көзін алмастан,
Сол екеудің біреуі таныды мені жазбастан,
"О, ғажап!" — деп айғайлап, етегіме жармасқан.
Шапанымның әдібіне шап бергенде ол келіп,
Қаттым да қалдым қадалып жалындаған өң көріп,
Бұлыңғыр оның бейнесі санама тұрды дем беріп.
Оның кейпі айдан анық таныс болды жаныма,
Бетіндегі өрт күйдірген үңілдім де дағына:
"Брунетто мырзасыз ба?" — деп тіл қаттым тобына.
"Ұнамсыз боп жүрмей ме, ұлым, ғафу ет, тегі,
Басқаларды қалдырып, оңашада, шеткері,
Латино сеніменен сәл-пәл кейін кеткені?"
"Сізден кетіп басқаны, әсте, ұстазым, іздемен,
Жайып салып жанымды өтінемін сізден мен;
Қаласаңыз егерде, отырайын сізбенен".
"Бізбен бірге жазаланып жатқандардың біреуі,
Кешіксе, ұлым, жүз жыл бойы сорлайтынын біледі,
От осқылап, қызыл ошақ мойындарына іледі".
"Алдымен жүр, мен — төменде, ерем сенің артыңнан,
Сонан кейін, мәңгі бақи зор жазаға тартылған,
Өз үйіріме қосыламын, зар еңіреп, шарқ ұрған".
Иін тіреп оныменен бір жүруге батпадым,
Басым темен салбырап, от жазықтан сақтандым,
Бағынышты адамдай байыппенен аттадым.
"Өлмей тұрып өзіңді бұл ақыретке тастаған,
Қандай жазмыш, деген кім қияметке бас қадам?
Айтшы маған кім анау, сені жолға бастаған?"
"Орағытып аңдыған айуандармен таластым,
Жарық дүние жапанында жалғыз өзім адастым,
Жалғандағы ғұмырымды жалғай алмай қалмаспын.
Кеше ғана таңертең арқамды оған қараттым,
Кездестіріп сол жерде, кейін тағы қараппын;
Үйге бастап барады осы менің қанаттым".
"Аңғарғаным анық болса, сол бір қымбат өмірде,
Желқайығың даңққа бөленеді, тегінде,
Оңнан туған жұлдызыңды сене бергін көруге.
Сенің бала шағында мен аман болсам өлімнен,
Бағыт беріп жолыңа, құдайға жөн көрінген,
Сенің таудай талабыңа көмектесер едім мен.
Амал қанша, Фьезола биігінен ағылған,
Мынау көне жауыз халық, қайырымсыз, қағынған,
Әлі күнге қасірет пен қара тасқа табынған.
Жақсы ісіңнің барлығын жау санады кереғар,
Шетендердің арасында жеміс ағаш не болар,
Жапырағын жайқалтып қалай жеміс бере алар.
Әуелбастан көрсоқыр деп текке айтпаған оларды,
Өңшең күншіл қомағай, менмен сорлы жол алды,
Ар-атағың былғанар жуықтасаң оларды.
Қаралар да, Ақтар да еңбегіңді көргенде,
Берекесіз бейшара боп, жұтынар сені жерлеуге,
Шайнаймын деп, тісі сынар өлепат өңшең шерменде.
Фьезола мақұлықтары, өзін-өзі жалмасын,
Бүршіктерді бүлдірмесін — жаңа өмірдің жалғасын,
Қоламталы қоқсығынан қоқыстарын алмасын.
Қоқыстардан таза ұрықты Римдіктер алғасын,
Жамандық пен жалғандықтың мекен еткен арнасын,
Римдіктер таза ұрықты ұрпағына арнасын".
"Жалынышым, тілегім орындалса, сеніңіз,
Сөнбес еді күніңіз, бітпес еді деміңіз,
Әлі күнге адамдармен ажыраспас едіңіз.
Ақыл алып сізден сан, уағыз ұққан күндерім,
Ақпейіл әке, бейнеңіз жүрегімде жүр менің,
Құрметті ақылшым не күйде қалған, білмедім.
Қалай адам өшпес даңққа бөленерін айтқасыз,
Алдыңызда парызымды, бұйырмаңыз айыпқа сіз,
Жырымменен зерлеймін тез өмірге қайтқасын.
Санамдағы сөзіңізді сол бір әйел басқамен,
Салыстырсын деп ойлап, сарыла күтіп тосқан ем,
Беатричені көрсем деп, сапарды осы бастап ем.
Арым келіп жанымды жазғырмауы үшін де,
Жаһаннамның жазуын көрмекке ырқым күшінде,
Дәйім мұны ұғыңыз, есіңізден түсірме.
Жебірейіл ай балтамен шықсын, мейлі, жортуға,
Доңғалағын айналдырсын қалауынша Фортуна,
Бұл азапқа ет үйренген, қиналмаймын қорқуға!"
Оң иықпен бұрылып, ұстазым қарап тұр маған,
Ескерту айтты жай ғана әлденеге ымдаған,
"Байқағыш жанды жақсы ғой байыппенен тыңдаған".
"Бауырластар арасында ең атақты кім?" — деген,
Сұрағыма Брунетто жауап қатып, үндеген,
Айтқанды ол аяқсыз тастауды әсте білмеген.
"Біреулерді бұл жерде еске алу да орыңды,
Ал біреулер туралы доғарамыз жоруды,
Қалай санап шығарсың қаптаған қалың қолыңды.
Олар әлгі шіркеудің маңызы мен қаймағы,
Барлық елге белгілі ғалымдар ол жайдары,
Бәрісін де тәңірім бір жіппенен байлады.
Присциан да осынау шерлі шеру қауымда,
Аккурсио перзенті Франциск те жанында,
Жексұрындар жөнінде, қаласаң, айтам тағы да.
Тәңірінің құлдарының құлы құмды қаптырған,
Сорлы да бар Арнодан Баккильонға шаптырған,
Тәннің таза жамылғысын соңда былғап лақтырған.
Әңгіменің мерзімі кеп асықтырып тұрғаны,
Ақтарар ем талайлардың әлеметті сырларын;
Құм да әне құтырды, жалаулатып туларын;
Кетуім керек олардан, керемет толы жан-жағым,
"Қазынамды" сақтай гөр, сонда менің бар жаным;
Өтінемін өзіңнен — осы менің арманым".
Веронаның түбінде, естіп пе едің дабысын,
Көк шұға үшін қарманған жалаңаштар жарысын?
Озғандай-ақ бұрылып ап, зытты менің танысым,
Ойламайды-ау пақырың бір ұяты мен намысын.

ОН АЛТЫНШЫ ЖЫР
Алдағы бір қатқа құлай, салмақпенен лап ұрған,
Алапатты су сарынын, аңдап турмын жақыннан,
Баларадай уілдейді омартасын сапырған.
Қара нөсер қасіретімен құрақ ұшып самсаған,
Тасқын бойлап келе жатқан қалың топтан зарлаған,
Үш әруей тартты кенет бізге қарап жалма-жан.
Абыр-сабыр үшеуі де айғайлады сонадан:
"Тоқта! Біздер киіміңнен танып тұрмыз манадан,
Келгеніңді біліп турмыз кеселді сол қаладан?"
Сорлылардың ұсқыны отты азаппен зарыққан,
О, қаншама кесепат, тұтап тұрған тамұқта,
Есіме алсам, әлі де есім кетіп, тарыққам.
Естіді көсем олардың урандарын, нәлетін,
Маған қарап үн қатты, оны тыңдау әдетім,
"Көрсетейік, аялда, әдептілер әдетін.
Желкеден түйреп жайратқан желігіндей жебенің,
Аптапта мынау алау от болмаса егер, жөнегін,
Олар емес, өзің асық, өзің ұмтыл дер едім".
Аялдадық сәл ғана, олар бізге самғады,
Есте жүрген ескі әнін есі кетіп жалғады,
Үшеуі де шеңбермен шыр айнала заулады.
Атлеттердей жалаңаш жалаң қағып жайланған,
Аренада шыр көбелек, қарама-қарсы айналған,
Дер кезінде бір-біріне жармасуды ойланған.
Тізесі алға ұмтылғанда, мойнын кері бұрып ап,
Бетін маған қаратады, берекесіз тыным ап,
Төңіректеп біздерді шыр айналды зымырап,
"Борпылдаған осынау топыраққа келгенде, —
Деді аруақ, — қан жапқан өңімізді көргенде,
Жалынышты біздерді жақтырмау бар сендерде.
Алайда иіл біздегі құдіретіне даңқтың,
Жанай өтіп біздерді, соқпағымен тамұқтың,
Бара жатқан есен-сау кім едің сен, танытқын!
Басып тұрған мен ізін мына бір жан, о, бәлі!
Болғанымен жалаңаш, болғанымен жаралы,
Сен ойлаған биіктен жұлдызы оның жоғары.
Әйгілі Гвальдрада немересі осы еді,
Гвидо Гверра атанған көңілі разы — хош елі,
Ақыл менен семсердің айнымайтын досы еді.
Менің мынау артымдағы қоп-қою шаң бұрқаған,
Теггяйо Алъдобранди аты көкке шырқаған,
Оның ісін еске алған жөн құрмет тұтып біршама.
Кейуана едім керемет алау отта қарылған,
Қылығына жұбайымның қырсық болып танылған,
Рустикуччи едім мен қарғыс таңба тағылған".
Алау оттан арылар айлам егер болғанда,
Жағадағы жолымнан атылар ем сол маңға,
Мақұл көріп бұл ісімді сонда ұстазым қорғар да
Амал нешік, жалтартпайтын дерттен шошын ділгірдім,
Елестерге барудан сәтте безіп үлгірдім,
Амалым не, аянышты қорқынышқа ілдірдім.
Оларға аштым: "Ей, жарандар, жек көрмеймін сендерді,
Тәңірі жазған қасіреттерің жүрегіме енген-ді,
Сондықтан да қастарыңа барғым менің келген-ді.
Осы жерден көсемім көргенде азап мекенін,
Болған маған белгілі сендердің кім екенің,
Ақиқаттап, анықтап айтқан сөздің бекемін.
Атамекен — Отаным сендерменен бір менің,
Даңқтарыңды, туыстар, қаршадайдан білгенмін,
Жаныма алып ардақтағам, жадымда ұстап жүргемін.
Ашуымды талақ, етіп, бақ қалаймын мәуелі,
Талап етем тағдырыма көсем берген уәдені;
Алайда жер ортасына жетуім керек әуелі".
"Сақ денеңде салауат жан емін-еркін жасауда,
Қақың да бар ұзақ, бірге бас сергектеніп алға,
Ақ жолында ақ, даңқтың нұры жүрсін қашанда!
Айтшы маған: жақсылыққа, жайсаң, адамшылыққа,
Сүттей ұйып отыр ма ел, әлі күнге тұнық па?
Әлде аймаққа аты шығып, айналды ма былыққа?
Гульельмо Борсиере бір жат хабар жеткізген,
Әнеки, ол шөлде жатыр отқа тәнін өпкізген,
Жазаланын жатыр қазір, қыл көпірден өткізген".
"Керенаулық, кесапатқа сатылдың да, тойдың да,
Келімсектер, дүние қоңыз... еркелетіп қойдың да,
Енді, міне, Флоренция, қайғы жатыр қойныңда!"
Осылай деп ақырдым мен, ақыл, ашу, таласын,
Жауабымды түсінді олар зерделерін жаңа ашып,
Ақиқатқа құлақ асқан адамдардай қарасын.
"Іздегенің табылын, сусының бір қанғанда,
Осылай жауап қайтарған не арман бар адамда?
Бақытты жан екенсің, ақиқат берген жалғанға!
Жарық дүние тамашасын, жолың болсын, қайта көр,
Түнекпенен қоштас тағы, мекеніңе қайта бер,
Сонда "олармен кездестім" деп тірілерге айта гөр!
Қуанышпен есіңе ал: "Көргемін, — деп, — өлімді!"
Осыны айтып зытты олар, бойлай тартып өңірді,
Аяқтары бір түрлі қанат болып көрінді.
Көзден ғайып болғанша "әумин" деуге болмас тым,
Кетті олар, келдім мен, көсеміммен қолдастым:
Әрі қарай жүруге бет алыпты жолбасшым.
Ердім оған бір сәтте, таяқ тастам жақыннан,
Судың үні естілді зеңбірекше атылған.
Тұншықтырып дыбысты тұңғиыққа батырған.
Монте — Везо шатқалынан шеру тартып шығысқа,
Өзен бар-ды Апеннинмен алғашқы рет туысқан,
Апенниннен жол алған да Апеннинмен ұғысқан.
Аквакета атанған алғашында, бастауда,
Опасыз елге асыққан ойрандап, жайпап тастауға.
Форлиге жеткенде, аты түгіл, бас сауға,
Боларлықтай баспана сопыларға мыңдаған,
Сан Бенедетто Горноның түбіне кеп жындана,
Құлама өзен болатын гүрілдеуден тынбаған.
Сол тәрізді жарқабақтан шыңырауға ұрына,
Қызыл күрең толқын гулеп, жынданады жұлына,
Гуілімен құлақтың етін жейді құныға.
Бір кездерде қыл арқанды орап қойған беліме,
Сілеусінді ұстамақ боп құмартқан желіге;
Құмартқамын құйқылжыған, жалтылдаған теріге.
Арқанды алдым белімнен, ағытқандай тендерден,
Арқанды алды ақыным қадір тұтып мен берген,
Жиып ұстап, жақсылап құлаштауды жөн көрген.
Ұстазымның соншама үңілгенін көрем де:
"Бұл ғажайып белгіні бір ғажайып еренде,
Сезе қойып, кім білсін, алдыңызға келер ме?!"
Жалғыз ғана әрекетті әңгімелеп қоймаған,
Санамыздың шыңырауына шыныменен бойлаған,
Қандай пенде бұл жерде қандай төзім ойлаған.
"Қазір сенің жанарың кереметке тұнады,
Мен де күткен күдікпен, сен де күткен шығады
Деді менің ақылшым, — алдымызда тұрады".
Мына біздер шындықты тілімізді тұсаған,
Міндеттіміз сақтауға, өтірікке ұсаған,
Өйтпейінше арыңды масқара кеп қысаған.
Алайда мен бұл жерде ауыз жұмып тұра алман,
Өлеңіммен ант етейін, о, оқушым, сыр алған,
Жылдар бойы, мейлі, ол арылмасын мұнардан,
Көтерілген түнектен бір бейнені көрген ем,
Жүзгіштейін шарқ ұрып, келе жатыр көлденең,
Өрекпіген жүректер де бұл ғажапты көрмеген.
Жаңа шыққан сүңгуірдей тұңғиықтан тас-талқан,
Кереметтей кемеден бір тұғырына тасталған,
Зәкірді босатқандай тұтып қалған тастардан,
Батыл жігіт болушы еді ерлігіне мастанған.

ОН ЖЕТІНШІ ЖЫР
"Тауды тесіп, бұрғылаған найза құйрық мынау-ды,
Тас қабырға, алмас семсер тойтара алмас ылаң-ды;
Бар жалғанға заһар төгіп уландырған жылан-ды".
Көсемімнің көмейінен осы бір сөз атылды,
Қолын бұлғап ол алыстан сол алыпты шақырды,
Меңзеп мәрмәр қабырғаның қасына кеп жатуды.
Жетті жүзіп алдау-арбау жексұрын бір шұнағы,
Жиналмаған құйрығы құрықтай боп сұлады,
Нардай үлкен нән дене жағаға кеп құлады.
Әлпеті оның ап-анық, әп-әдемі, салмақты,
Жайдары өңі тап-таза, титтей мүдір қалмапты,
Бірақ қалған денесіне жылан кейпін жалғапты.
Қанжар тырнақ, қос табанын желкілдеген жүн басқан,
Арқа, бүйір, қарын, қаптал — әсем шұбар түрлі асқан;
Әлем-жәлем әшекейлі әр түспенен жымдасқан.
Бұдан артық түрлендіріп өрнегі мен арқауын,
Өре алмас-ты түрік, татар, жұмылса да бар қауым,
Бұдан шебер тоқи алмас Арахна-қамқаны.
Айлақтағы қайықтай жатыр мызғып, тынығып,
Сал бөксесі самарқау толқынменен жуылып,
Қомағай, ашкөз немістей телміреді бұғынып.
Суға малған құйрығын ертегі-құндыз бағалас,
Сұмпайы сол сүр жылан таста жатты жалаңаш,
Құмды аймақты бүрістірген жеті басты араны аш.
Бізгегіндей бүйінің, бір кем емес инеден,
Улы құйрық ағытылды тік шаншыла түйреген,
Қаңыраған тұңғиықта иір-қиыр билеген.
"Енді жолдан ауытқимыз, тайдырамыз табанды,
Тасқа қарап аяңдаймыз өрекпіткен тағы анды".
Деді дағы ұлы ұстазым мені бастап жол алды.
Оңға қарай құлдилап, жүрдік жиек жақты алып,
Бойды жазып, бос жермен он қадам біз аттадық:
Жапалақтап жауған оттан, құмнан безіп, сақтанып.
Жақындай кеп көрдім мен бір топ жанды жуырдан,
Құламалы құзға жақын отыр екен бұрыннан,
Құм үстінде қирап отыр аптап-азап қуырған.
"Мынау қаттың ой-шұңқырға зерттеу үшін жан-жақты,
Сан алуан тағдырларға, — деді көсем салмақты, —
Бар да қара, жазмыштары не сыбаға арнапты?
Бас-аяғын байыптап ал, қысқа сөйле алайда,
Мен жаңағы жексұрынмен сөйлесейін, жарай ма?
Иығына міну үшін көндірмекпін қалайда".
Жетінші қат жиегінде жарқабақпен тағы да,
Аяңдадым жалғыз өзім, жан жуымай жаныма,
Үнсіз мүреп, қайғы басып отырғандар маңына.
Отыр олар көздерінен қасіретін ұшырып,
Ербеңдеген қолдарын да бір көтеріп, түсіріп,
Тыным алмай біресе құм, біресе отты ысырып.
Дәл осылай сорлы иттер талма түсте бас ұрып,
Шыр айналған шыбын, сона, бүргелерден ашынып.
Табанымен, ауызымен қорғанатын қасынып.
Сұққылаған алау оттың қызыл күрең қаламын,
Өндеріне олардың мен айнала кеп қарадым;
Емес екен бәрі олардың менің таныс адамым.
Белгісі де, бейнесі де тым ерекше тігілген,
Әрқайсысының мойнына ақша қалта ілінген,
Бір мейірім атқандайын байғұстардың түрінен.
Сурет көрдім біреудің мойнындағы дорбадан,
Сары түсті көк түспен шимайлаған, торлаған,
Арыстанға ұсайды айғыр жалын қомдаған.
Шөлде қалған шөліркеп көрдім және зарықты,
Қан өңдес бір қалтаны мойнына іліп алыпты,
Аппақ сүттей ана қаз ақ суретін салыпты.
Мойнындағы біреудің ақ қапшығы аспалы,
Көрсетіп тұр көгілдір, тұрпайылау шошқаны,
"Не үшін келдің мұнда?" — деп тұрпайы үн тастады, —
Сүйреп жүрген сүлдеңді тірісің ғой, сен несін
Қарап тұрсың, жоғалмай? Витальяно келгесін,
Отырады, біліп қой, жанаса кең жерлесім.
Флоренциялық жандардың арасында бөлекпін,
Үндері де тұрпайылау, сұрлары да бөлек тым,
Палуандық жан едім, мен басқалардан ерекпін".
"Қайда жүр батыр басшымыз қасқайған үш текелі?"
Құлақ түріп барлығы да даңғаза боп кетеді;
Әрбір елес әрқалай бір әдепсіздік етеді.
"Ұзақ тұрма ортасында!" — деген сөзі дес беріп,
Ашуланып қалды ма деп, көсемімді ескеріп,
Азғындаған адамдарды қалдырдым мен сескеніп.
Осы арада ұстазым жармасыпты тағыға,
Үлгіріпті сойқанның арқасы мен жалына,
Айтты ол маған: "Ал енді батылдық бер жаныңа!
Тұңғиыққа түскенше отырасың алдында,
Мен отырам артыңда, ерік бермей малғұнға,
Қалт жібермей құйрығын боламын мен аңдуда".
Бой суынар қалтырап, безгек алғаш төнгенде,
Тырнағының көбесінің көгергенін көргенде,
Сезді бітті сырқатты, қалтырайтын шерменде.
Мен де солай көсемнің айтқанына жасқадым;
Қожасына алайда білдірмейтін сасқанын,
Қызметшідей қымсынып, қорқынышты тастадым.
Арқасына тағының отырдым да, андадым,
"Ойбай, мені құшақтай гөр!" — дегім келіп қармадым,
Өз даусымды бірақта өзім билей алмадым.

Мейірімді ұстазым мерейі үстем, мүсінді,
Қапелімде қатерімді онсыз дағы түсінді,
Қос қолымен құшаққа алды, қорқынышты ысырды.
"Ал, Герион, ұмтыл алға, тарт жолыңды, найқалғын!
Арқандағы ауыр жүкті абайлап біл, байқағын.
Жайлап зула, жайлап бізді мына арқанда шайқағын".
Жағалаудан жол алған қайықтайын сапарға,
Тұрған жерден туралап тартты ол бізді апанға,
Кереметтей кеудесін кере тастап жапанда.
Құйрығы бағыт нұсқаған жаққа қарай самғады,
Жылан балық секілді түп-түзу боп заулады.
Ескек етіп табанын, талықсып бір танбады.
Қолындағы тізгінін тежей алмай тастаған,
Қылығынан тентектің аспан жана бастаған,
Сол Фаэтон сол сәтте, сірә, мендей саспаған.
Икар дағы балауыздың балқығанын сезгенде,
"Балапаным, қайдасың?" — деп, әке төнген кездерде,
Менен артық қорқыныштың кесапатын сезген бе?
Айналаның барлығы түпсіз терең қаңыраған,
Қаптай келіп ауаны, қап-қара боп жамыраған,
Тек арқасы тағының, басқа ешнәрсе қалмаған.
Тұңғиықтан тұңғиыққа байыппен ол самғайды,
Самғайды да, салауатпен сапар жолын жалғайды,
Бетке соққан жел ғана тек бейілімді алдайды.
Оң жақтағы төменнен күркіреген үн ұқтым,
Сарқырама сабап жатыр күреңіткен былықты,
Үрейленіп тұңғиыққа үңілдім де, суыттым!
Құлама жар құлдиынан айғай естіп, от көріп,
Нелер қатер, қорқынышты көңілімнен өткеріп,
Тітіркене шегіндім мен аузыма өкпем кептеліп.
Мән-мәнісін шыр айналып шыңырауға түсудің,
Сұмдық азап — алғаш рет — осы жерде түсіндім;
Анталаған, жақындаған қорқыныштан күсіндім.
Шау сұңқары шайлығып, салған құсты іле алмай,
Отыратын құсбегі не қыларын біле алмай,
"Әттеген-ай!" — деуші еді өкінішпен сынардай:
Самғай алмай шау сұңқар шарықтап кеп, шауланып,
Иесіне қылаптанып, қанаттарын аударып,
Оқшау барып қонатұғын өз-өзіне шамданып.
Сол сияқты Герион да құлди төмен шөкті кеп;
Құз жартастан жоғарыға бойұсынған көк тіреп,
Көлігіміз жанай келіп, сәл сырғанап өтті де,
Садақ оғы секілденіп, самғай ұшып кетті іле.

ОН СЕГІЗІНШІ ЖЫР
Тамұқта бір орын бар реңі ұқсас шойынға,
Бастан аяқ тік жартас — тұлдыр тұла бойында,
Есімі оның ежелден Сығыр Саңлау қойылған.
Күңгірттенген құдықтың апандайын көлемі,
Омырайған ортасында — үңірейген тереңі,
Ықтияттап, қалғанын кейін айтқым келеді.
Ал әне бір кертпештер сақинадай сақталған,
Тұңғиық пен жартастың арасында тапталған,
Опырайған он апан көрінеді қаттардан.
Күшейтетін қоршауды, алмақ болып қорғанды,
Қабырғаның іргесінен қазатұғын орларды,
Мына жер де дәл солай елестетер сол маңды.
Қапелімде айналаны жау қоршаған жағдайда,
Қақ түбінен қамалдың қақпасынан шалғайға,
Қиырдағы жағалауға барар көпір салмай ма.
Сол сияқты оза шауып орлар менен у-шудан,
Құз-қияның шатқалынан шапшаң шыққан тылсымнан,
Жартастардың жотасы кеп құдық тіреп ұмсынған.
Сол бір маңға түсірді де, әрі қадам баспады,
Найза құйрық нар Герион арқасынан тастады,
Сонда ұстазым солға қарай сапар жолын бастады.
Жүріп келем, оң жағымнан қасірет көрдім басқа бір,
Басқа жаза, бөлек азап рақымсыз, тас бауыр,
Алғашқы апан осы екен-ді — күнәкарға тосқауыл.
Жалаңаш жұрт қос қатардан қосарлана ағылды,
Жеңгетайлар бізге қарай бетін түзеп алуды,
Жезөкшелер айналып жүр алшақ тастап адымды.
Римдіктер мүшел тойын жатқан кезде атқарып,
Жұрт нөпірі жүрмеуі үшін кептеліп те қапталып,
Екі жерден өткел жасап бөлетұғын қақ жарып.
Жұрт шіркеуге кірісімен ағыл-тегіл қаптаған,
Көз жазбастан қорғандағы қабырғадан, қақпадан,
Екіншімен қарсы қарап, төбешікке аттаған.
Шегенделген шыңырауды көріп, жаным түңілген.,
Мүйізсайтан қамшы сілтеп, әр жерге бір үңілген,
Күнәкарлар жотасында жылан қамшы жүгірген.
Тездігіне көз ілеспес сойқан мынау соққының,
Дырау қамшы ысқырып кеп өртегенше шоқтығын,
Тыраңдаған сорлылардың есінде түк жоқтұғын.
Тотанақтың арасында тоқтатпадым аяңды,
Екі көзім есі кеткен бір пақырға таянды,
"Мұны, апыр-ау, қайдан көрдім?" — сәтте зердем оянды.
Бұл кім болды, бөлінді ойым сол адамды тануға,
Ұстазым да бұл ойыма шек қоймады жанымда,
Қуа барып дүдәмалды жіті қарап алуға.
Пәре-пәре сорлы жазған кейпін тұрды жасырып,
Онысынан тук те шықпай мысы құрды, басылып;
"Ей, сен, — дедім, — жерге үңілген жетімсіреп бас ұрып.
Өзің ұқсап тұрған шақта өзіңнің сол қалпыңа,
Венедико Каччанемико емеспін деп тантыма,
Не күйменен түстің мына сонша қатал талқыға?"
"Саған жауап қатпас едім, қатырмас ем миымды,
Амал нешік, ақиқатты анық сөзің қиын-ды,
Ескі өмірді еске салып, еске алуға бұйырды.
Масқаралы іс туралы өтірігін бөскенмен,
Гизолабелла маркизге берілуін шешкем мен,
Мен — сол жанмын, екеуінің еншісіне дес берген.
Мен ғана емес балондық еңіреген мұндағы,
Тірісінен де өлісі көп Болонья ұлдары,
Лек-лек, құжынап кеп осы арада шулады.
Савена мен Реноның екі арасын жерлеген,
Несі ғажап, құзғындармыз қу нәпсісін жеңбеген,
Ашкөздіктен арылмаймыз шыбын ұшпай кеудеден.
Сөзін үзіп сорлының, шыбықпенен тілгілеп,
Мүйіз сайтан ақсия желкесіне мінді кеп:
"Мұндағылар қатын емес, қаш, жеңгетай, сұм жүрек!"
Мен қайтадан өзімнің жолбасшыма оралдым,
Оныменен біраз жүрдім, әңгімені доғардым,
Сұлап жатқан жартастардың жотасына жол алдым.
Көп әуре болмай-ақ біз көтерілдік заңғармен,
Оңға қарай бет түзедік ылди-төмен таулармен,
Ажырастық біражола азап шеккен жандармен.
Күмбезденген шоқылар төнген жерде тоқталып,
Пәре-пәре тобырларға жол беруге оқталып,
Былай деді данышпаным ойы баста топталып:
"Жолы бірге тұрғанда менімен де, өзіңмен,
Әлі жүзін көре алмаған жандарыңды езілген,
Саябыр ет сол ғана, жанай қара көңілмен".
Ертедегі сол көпірдің астыменен асығып,
Екінші лек шұбыруда бізге қарай бас ұрып,
Алғашқыдай азаптанбай, алғашқыдай ашынып.
Сұрақ күтпей көсемім бірден айтты жауабын:
"Әнебіреу сойталдай дәуге біраз қарағын,
Тіпті, азаптың өзі де оның тайдырмапты жанарын.
Өткен күннің құдіретіне неткен ырза мына жан!
Әрі ақылды, әрі ержүрек, әрі өктем — бұл адам,
Бұл — Ясон, алтын жабағы асқарынан құлаған.
Әйелдері өлтіріп, еркектерін көмгенде,
Ардақтының барлығын аластаған жерлерге —
Түпсіз теңіз ортасында Лемносқа ол келгенде.
Бал тамызып тілінен әшекей сөз арнаған,
Кезек алып бір кезде серіктерін алдаған,
Гипсипила аруды амалымен қармаған.
Арбаған да аруды, жүкті қылып тастаған;
Жон терісі сондықтан жауыр болған таспадан,
Ханша Медея үшін де қан-жазадан қашпаған.
Бірге осымен сан түрлі алдамшылар, тегінде;
Алғашқы апан, ондағы қамалғандар жөнінде,
Әңгімелеп болмайды, қажеті жоқ көруге".
Екінші лек шетінен соқпақ қиып өткенде,
Көпірге кеп тіреліп, әрі қарай беттеуде;
Тобырларға тап болдық осы араға жеткенде.
Шыңғырған үн естідік таяу жатқан апаннан,
Доңызға ұсап бір топ жан қорсылдаған, қақалған,
Шапалақпен өзді-өзін осқылайды шахарлар.
Шұбатылған бір желім бүркеді кеп баурайды;
Көтерілген төменнен нәжіс әзер аунайды,
Танауың мен көзіңді, қаңсытады таңдайды.
Жасырынған түбі оның тұңғиыққа, тереңге,
Көру үшін нендей бәле жатқандығын төменде.
Шыққан абзал ана бір көпір тұрған белеңге.
Көтерілдік сонда біз, көрдік бір топ тұр адам,
Нәжіс қиға малынып, тұралап тұр тұрадан,
Жинап алып келгендей қоқыс төккен ұрадан.
Шіріндіде шырмалған арасынан жандардың,
Қалай ғана мен сенің бола қалдым таңдаулың?" —
Деді ол маған, мен де оған жауабымды аудардым:
"Кездестіріп едім ғой, сонда бұйра шашың да,
Жарқыраған. Сондықтан қарап турмын, расында,
Алессио Интерминелли жатқандайын осында".
Өз төбесін өзі төпеп, өршеленді ол бүліне:
"Жарамсақтық жабысты да тіліме де дініме,
Әкелді де, тықты осында, жетті ақыры түбіме".
Сездім ішкен бұл бейбақ жарамсақтың кересін,
Айтты көсем маған қарай бұрыңқырап денесін:
"Иығынды сәл ғана иіп еңкей алға, көресің.
Сабалақ жүнді жексұрын қатынның нағыз қылабы,
Былғаныш тырнақтарымен өзін-өзі жұлады;
Бір отырып, бір тұрып әуре-сарсаң құрады.
Бұл — Фаида, ойнастың ортасында күн кешкен,
"ЬІрзамысың?", "ғажапсың", — деп ойнасымен тілдескен,
Бұл — Фаида, құмарпаз қу нәпсімен бірге өскен.
Қанықты ғой әзірге жанарымыз бұл көшпен".

ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫР
О, Симон-сиқыр, о, сормаңдай, сорасы аққан тобырлар
Жаратқанның киелісін жалмап, жұтқан обырлар,
Күнәдан пәк қазынаны қорладыңдар, содырлар.
Алтын менен күміс үшін азғырдыңдар талайды,
Енді үшінші Сығыр Саңлау айыптайды, қамайды,
Енді кезек сендердікі, жазмыш соны қалайды!
Қыл көпірден өттік біз құрақ ұшып, жан салып,
Жаңа апанның үстінде түу биіктен қаншалық,
Ортасына ойпаттың қарап тұрмыз тамсанып.
О, жасаған, неғылған шебер едің, жарықтық!
Қарғыс атқан қуыс, тау, алқаптарды қарық қып,
Ақиқатты айнадай көрсетіпсің анық қып!
Бар маңайдан, ылдидан, бойынан да арнаның,
Санап болмас лекті қарадым да, аңдадым,
Дөңгелене сұр тасқа тұрған мәрмәр жан-жағым.
Менің әсем шіркеуім Сан Джованни нұсқаған,
Құлшылықтың құпиясына тағзым етіп ұстаған,
Мәрмәрларға мыналар да, шет қарасаң, ұқсаған.
Әуреленіп бір бала азаптанып жатқасын,
Құтқарам деп бір жылы сындырып ем ақ тасын,
Күнәкар болған шіркеуге, құдай өзі сақтасын.
Ор шұңқырдан тәңірінің айыпталған пендесі,
Қыбырлайды, о, сұмдық, өлік тұрған көрде осы.
Сереңдейді сирағы, көрде қалып кеудесі.
Табандарын от жалап, иреңдейді жыландай,
Бұлқынады бар күшпен, тұншығады шыға алмай,
Үзілер еді осыған арқан шыдап тұра алмай.
Май тәріздес бір нәрсе шыжғырады шыдатпай,
Өкшеден кеп тырнаққа құйылады сынаптай.
Табандағы жіңішке от сумаңдайды бұлақтай.
"Алау оттың арасында тым ерекше басқадан,
Жиырылып жыландай, тым құныса бастаған,
Айтшы, ұстазым, кім мынау неткен бейбақ, қасқа адам?
"Апарайын, қаласаң, әнеу жатқан төменде,
Әне біреу көрінген барасың ба белеңге?
Сұрағыңа сонда оның өзі жауап берер де".
"Тұрғанымды көңілімде айтқызбай-ақ түсінген,
Өзің нені қаласаң, соны ұнатқан кісің мен,
Әміріңді ардақтап, ақылыма түсіргем".
Шықтық біздер төртінші шыңыраудағы дуалға,
Солға қарай бет түзеп, құлдиладық шығанға,
Үңірейіп үрейлі үңгір апан тур алда.
Тар ұрада талықсып, әл-дәрменсіз жасыған,
Екі аяғы ербеңдеп, тас қармаған басынан,
Жазықтыға жеткенше жібермеді ұстаз қасынан.
"Қара жерге қазық боп басыменен қағылған,
Кім болсаң да түнекке қарғыспенен қарылған,
Халің келсе, қат жауып, — деді оған, — жарымжан?"
Осылай поп туратын күнәкардың жанында,
Табындырып тәубаға, табындырып нанымға,
Мінәжат еткен күнәкар бір сәт тірі қалуға.
"Қалай, Бонифацимысың?! Сен де келіп қалдың ба?!
Тұрмысың сен де, ерте ғой мына тозақ алдыңда?!
Тізім де алдайды екен-ау, қандай сиқыр бар мұнда?
Жалғандықпен жамсатып жақсы көрген жарыңды,
Бастадың ба азапқа қарғыс оты қарулы.
Салтанат пен атақпен шаршаттың ба жаныңды?"
Қабылданбай қалауы, болып тұрған ұятты,
Түсіне алмай жасқанып, таба да алмай миятты,
Екі ортада қап қойдым, сондай бір жан сияқты.
"Ол емеспін, ол емес, күткеніңнен басқамын, —
Кеңес берді көсемім, — осылай үн тастаған".
Айттым солай ақыры, әміршімнен қашпадым.
Осы тұста күнәкар қалтырады, шатылды,
Қарс айрылып кеудесі, қасіретті үн атылды:
"Ойран етіп ойымды, онда несін шақырдың?"
Мынау жатқан ылдиды кеп тұрғанда аттағың,
Білгің сенің келгенде кімнің мұнда жатқанын,
Алтын шапан жамылып, рахатқа батқамын.
Ұланы едім аюдың, айтсам егер анығын,
Күшіктерге қам жасап, қазына құрап жарыдым.
Азапқа сап ашкөздік енді, міне, қалуым.
Менен төмен жетерлік кептелгендер, шөккендер,
Саудагері шіркеудің, менен бұрын өткендер.
Қара жердің айрығында аяусыз азап шеккендер.
Тұңғиыққа жатуға тура келер, мен де енді,
Ауыстырып әлгі айтқан артта қалған пендемді,
Сеніменен әлгінде әңгіме еткен зәндемді.
Алайда мен әлі ұзақ күйдірмекпін өкшені,
Әлгі болса осылай, кеуде қылып бөксені,
Аз уақыт жатуға жазмышы оған көкседі.
Батыстан келер ақыры некесіз улы шіркеудің,
Бәрімізден өзара айласын табар бүркеудің,
Асқан зұлымдығымен тамұқты да шірітер-ді.
Маккавея кітабында Иасонды жан сала,
Патша ағзам еліктіріп, еркелетсе қаншама,
Француздың тәж бен тағы қолдар оны соншама.
Ақылды сөз айттым ба, өзім де оны білмеймін,
Алайда мен сөзімді айуанға біл деймін:
Петрден қалған қазына қайда? — деп мен үндеймін.
Елікті ме қожамыз алғанда алтын мүліктерді,
Әміріне сеніммен тапсырғанда кілттерді?
"Ер соңымнан!" — дегенде, екіжүзді мүлт берді.
Петрге де, басқаға да Матвей зекет бермеген,
Иуданың қара орнынан ешбір қайыр өнбеген,
Қараң қалған сол жерде үміттерін жерлеген.
Бағын сынап барыңменен аттанып ең Карлға,
Арамдықпен жиған пұлды берік сақтап жанында,
Айыбыңның азабын тарт, жат осылай дамылда.
Егерде мен еске алмасам жүрегіммен ежелгі,
Тирандар кілт ұсынған қуанышты кезеңді,
Осы жерде саған айтар сөзім бөлек, сез енді.
Христиан қауымын озбырлықпен аздырып,
Тападыңдар кінәсізді, азғындарды мәз қылып;
Осылай бір өр дауыспен төнер едім жазғырып.
Ей, діндарлар, Иоанн болжап білген сендерді,
Даңқтарың жер-суда ағыздыңдар селдерді,
Патшалармен құптасып бүлдірдіңдер елдерді:
Жаралдыңдар өмірге жеті басты жалмауыз,
Сақтадыңдар біздерді он мүйізді қанды ауыз,
Сақтадыңдар келгенше папа дейтін жау нағыз.
Алтын, күміс бүгінде — сенің пірің, құдайың,
Шоқынғандар біреуге-ақ табынатын лайым,
Сендер бірден жүз рет боласыңдар мүләйім.
О, Константин, қаншама бақытсыздық әкелдің,
Себепкер сен Римді иеленуіне жат елдің,
Діндарларға сый етіп жалғандықты әпердің!"
Айтқанымша осылай бар ойымды мидағы,
Әлде ұяты бейбақты, әлде ашуы қинады.
Сереңдеген бұттарын, әйтеуір, бір жимады.
Жымияды көсемім жанарында нұр жанып,
Сабырлы сол жүзінде салауатты ой тұрды анық,
Менің айтқан сөзіме көрсеткендей ырзалық.
Құшағына ап құтты үнсіз, бөгде сөзді доғарды,
Бастап қойған сапарға тағы қайта жол алды,
Әйгілі әлгі апанға кері қарай оралды.
Ауыр жүктің астыңда мойымастан, талмастан,
Алып шықты ол мені бір биікке зар басқан.
Бесінші мен төртінші дуалдар кеп жалғасқан.
Жартасқа әкеп қойды мені шыңға тіккен шынардай,
Құлама құз, тайғанақ тас құмырсқа да құлардай,
Таудың тағы ешкісі де тайғанайтын шыға алмай.
Қарсы алдымда бір жырғалаң, бимағұлым мұнардай.

ЖИЫРМАСЫНШЫ ЖЫР
Мүлде басқа азаптарды айтуға енді бұрылдым,
Ең алғашқы канцонымен жиырмасыншы жырымның,
Жырламақпын жай-күйін зындандағы ғұмырдың.
Құламаға қарадым мен қарсы алдымнан ашылған,
Азап-сордың зәһарымен суарылып тасынған.
Қасіреттің зауалына зар еңіреп бас ұрған.
Апандағы мылқау қауым — жанарымның көргені,
Сапарларын сап қылып, көз жастарын селдеді.
Қаралы бір жиындайын қасіретті жердегі.
Сорлылардан көз алмай күй аңғардым бұлардан,
Әрқайсысы, о, сұмдық, бір сұмдық боп тұра алған,
Теріс қарап беттері, мойындары бұралған;
Бас арқаға бұрылғанда да, ессіз, үнсіз егілген,
Әзер-әзер адымдап ол артқа қарай шегінген,
Мәңгі-бақи қалып қойған түйсінуден, көруден.
Сіреспе дерт құрыстырып бүрген де шығар біреуді,
Бұраған шығар денесін, ол жағын білмек кім енді;
Алайда, қайдам, ой, мұндай көрмегем шығар реңді.
Менің осы әңгімеме тәңірім сен — оқушым,
Тәлім етіп, ақыл беріп, ізгі ниетте отырсың.
Сонда менің ниетімді көкейіңе тоқырсың.
Жер бетінен келген бейбақ зар еңіреп жаншылад,
Арқасынан аққан жасы жыпқысына тамшылап;
Қалай ғана құрғақ көзбен қарамақпын жан шыдап.
Жақпарына жартастың сүйендім де, жыладым,
"Апыр-ау, сен алжастың ба, мынауың не, мынауың?!" —
Қасиетті серігім осылай менен сұрады.
Ізгілігі өлген адам —- ізгілікті осында,
Ұшыраған шерменделер тәңірі салған тосынға,
Күнәсіздер деп тұрмысың, ойлан, түсін, шошынба!
Әне, қара, қара анаған, жеті қатты қармаған,
Фивяндықтар көз алдында оны осы жер жалмаған,
"Қайда кетіп барасың? — деп, қауымы артта зарлаған, —
Амфиарай, қалдырдың ба жауынгерлік сапыңды?" —
Деген еді, ал ол болса тұңғиыққа батулы.
Бата берді, Минос келіп тежегенде батырды.
Көріп турсың: айналдырған жауырынын кеудеге,
Жанарымен тым алысқа қарау үшін өр неме,
Артқа қарап, айналыпты адам білмес пендеге.
Мынау тұрған — Тиресий, бет-әлпетін өзгерткен,
Еркектіктен әйелдікке айналғанын сезбеп пе ең?
Бар мүшесі бір сәтте өзгергенде көз жеткен.
Шығыршық, ақан жыланды қайтадан келіп ұрған-ды,
Қайтадан түсіп қалпына, әйел өңін ысырған-ды,
Еркектің тағып белгісін, еркек боп қайта тұрған-ды.
Арунс — анау соңында, әзер жылжып келеді;
Лунидағы асқар тау тұрағы оның дер еді,
Каррарлықтар қалқа ғып тіршілік еткен жер еді.
Мәрмәр тасты аңғарды ол мекен етіп, жанары
Түнгі аспанның жұлдызын емін-еркін санады,
Алыстағы алып теңіздің айдынына қарады.
Жалбыраған шаш жапқан жасырынған кеудесін,
Көрінбес жүнін көрдің бе тұтып тұрған пердесін?
Көрдің бе анау әйелді — тозақтың тұл пендесін?
Бұл Манто еді, көшіп, шарлап көп жерді,
Менің туған аймағыма тұрақтауға келген-ді;
Сол туралы әңгімелеп айтып бергім келді енді.
Ата-анадан айрылып, тұлдыр жетім қалғанда,
Бақытсыз қала Вакхқа кеп құл қамытын алған да,
Ұзақ жылдар тентіреумен күн өткізген жалғанда.
Жоғарыда, біздің әсем Италия төрінде,
Манья мен Тираллидің тұйықталған жерінде,
Тауда ұйықтаған айдын мөлдір Бенаконың көлінде.
Валькамоника, Гарданың арасында сан бұлақ,
Баурайын жуып Әлпінің ағатын еді қарғылап,
Ағатын да, сол жерде дамылдайтын балбырап.
Дамылдатар бір орын, даяр шіркеу онда бар,
Вероналық, Брештік, Тридентолық молдалар,
Діндарларға бата оқып, құдай жолын оңғарар.
Көмкерілген ойпаңмен шығанақта нық тұрған,
Пескьера қамалы құдіретін ұқтырған,
Брешьян мен Бергамдық қарсыласын бұқтырған.
Көл-көсір су көлкілдеп құм шағылда қалмаған,
Шалғынменен Бенако өзен болып самғаған;
Қалағанын құмға әкеп аялата алмаған.
Көлден алған қайнарын Минчо өзені атанып,
Асығады жеткенше Говерноға тақалып;
Поға келіп құлайтын-ды біражола маталып.
Орта жолға жеткенде, кездестіріп кедергі,
Құйылады, тұрады мибатпаққа бөгеулі;
Жазда қаңсып, қауымға безгек уын берер-ді.
Рақымсыз дырау қыз келді осында жаңағы,
Мибатпақтың арасынан бір құрлықты табады,
Иесіз қалған жалаңаш тапты со бір пананы.
Қалды сонда мекендеп, оқшауланып басқадан,
Нөкерімен беріле балгерлікті бастаған,
Осы жерде ол тәнін, тәні оны тастаған.
Айнала бей-жай тайпалар әр нәрседен шошынған,
Түйінген де, түгелдей соған қарай жосылған.
Қолайлысын қойнаудың сезе қойып тосыннан.
Мәйіттердің үстінен қала салып, тапады,
Таңдап алған сол жерге орнатты да шаһарын,
Ешқандай да сиқырсыз Мантуя деп атады.
Қазалоди тоғышарды өресі өсіп жетпеген,
Пинамонте зұлым кеп төңкергенше еппенен.
Мантуя көктеген, халқы болған көптеген.
Отанымның басында болған осы жағдайды,
Естімесең халықтан егер осы бар жайды,
"Сақта есіңе: өтірік қауесеттер алдайды".
"Ақылшым менің — ұстазым, айтқаныңа қанықтым,
Бәріне де сенемін, ақиқатты таныттың,
Басқалардың сөздерін есіткемін, жалықтым.
Босқындардың арасында, айтшы маған, алайда,
Назарың ауып біреуге, жанарың байқап қарай ма?
Мазасыз, ынтық жүрегім білуге құмар қалайда".
"Әне бір жанды, сақалы сапсай түсіп жағынан,
Қуалай келіп арқасын, тотыққан тәнді қарыған,
Гректерден сол шақта көзің жоқ, сірә, таныған.
Танымайсың, таппайсың мұндай жанды жөргектен,
Әулие еді ол болжаған әр хабарды жер-көктен,
Бірлесіп Калхант екеуі ақыл сап жұртты тербеткен.
Эврипил сол еді, еңсесі биік елінде,
Шабытты трагедиям шырқаған ол жөнінде;
Естідің, оны білесің, есіңде бәрі сенің де.
Әне бір адам келесі бауырынан жараған,
Микеле Скотто атанып, есімі жұртқа тараған,
Ғажайып сұмдық ілімнің иесіне оны балаған.
Бонатти анау, опық жеп, Аздентемен бірлескен;
Шығармайды Азденте жалманы мен сірді естен,
Уақытын босқа өткізіп, өкінішпен күн кешкен.
Ал мына бір күнәкарлар жоқ пәлемен санасқан,
Шөлмек, ине, ұршығын ұмытқан да, бал ашқан;
Шөп қайнатып, балшықтан қуыршақ жасап, таласқан.
Алайда енді жүрейік, қос белдеуге шығуын,
Севилья әр жағында толқын жұғып ғұмырын.
Каин батып барады қолына ұстап шыбығын.
Өткен түні туған Ай шарасынан шатынап,
Үнсіз сәуле нұрына тұнған орман, атырап,
Есіңде болар, есіңнен шығармасаң мақұл-ақ".
Осылай деп сөйлесті ол жүріп бара жатып-ақ.

ЖИЫРМА БІРІНШІ ЖЫР
Бір өткелден бір өткелге өте бердік екеуміз,
Жырдан жырақ, әр нәрсені әңгіме еткен екенбіз,
Көргіміз кеп және ұмтылдық, алдымызда мекен-құз.
Көргіміз келді басқа бір жапсарын Сығыр Саңлаудың
Бір-біріне жалғасқан босқа кеткен зарлаудың;
Бұғынады ол құрғыр қап-қара түнек, қармау мұң.
Венеция верфінде іс қызатын толағай;
Қысты күні қайнайтын шұбатылған қара май,
Майлау үшін кемені іске тұрған жарамай.
Қысты күні бәрісі қолға алатын қамдауды;
Біреу жөндеп ескекті, біреу барып арнаулы
Бітейтұғын қорапта су құйылған саңлауды;
Біреу жамап тұмсығын, артын біреу барлайтын,
Біреу тігіп желкенді, біреу ауды жалғайтын,
Не керек, сол маңайда қимылсыз адам қалмайтын, —
Осылай, оттың күші емес, тәңірі өзі қайнатқан,
Қоп-қою қарамай тасып, атылып жатыр аймақтан,
Айналаның бәріне жабысып, жұғып, май қатқан.
Не барын сезбей ішінде, текке көзім қарады,
Бұрқыратты ол көбігін, көтеріліп барады,
Ісініп келіп, бір сәтте саябырси қалады.
Не екенін көруге десім ауды анталап,
Кенет менің көсемім қолыменен қалқалап,
Тартты мені жанына: "Қара, қара, ал қарап!"
Қорқынышты қатерден екі көзін ала алмай,
Қимылсыз да шарасыз, қатып қалған бағандай,
Ұстазыма бұрылдым жан ұшырған адамдай.
Құламалы соқпақпен жоғарыда шарлаған,
Көрдім қара сайтанды бізге қарай заулаған;
Есім кетіп сұмдықтың әр қимылын аңдағам.
О, керемет, бәленің кейпі неткен үрейлі!
Сұры солай, сірә да ол жауыздықты тілейді,
Жәйіп тастап қанатын, табанымен шірейді.
Күнәһарды дағардай иығына лақтырып,
Сирағынан ұстады басын жерге қаптырып,
Жақпар-жақпар жартасқа тартты дереу аптығып.
"Ейхой, Сайыпқырандар, — көпірге шығын болжады, —
Қасиетті Дзита сендерге мені жолдады!
Қазына көп қалада, тек таңдасаң болғаны.
Тағы да қарап оларды, тағы да бір сәт барамын,
Бонтуро ғана тек онда "құлы емес" құрдым параның,
Айырбастар қазынаға "жоғы" менен "бары" оның".
Күнәһарды иықтан лақтырып ол кенеттен,
Самғады төмен жартастан әлдеқалай себеппен;
Жылдамырақ өкшелеп ұрыны қуған төбеттен.
Әлгі сорлы қалғыды әлпеті ұқсап малғұнға,
Дәл астынан көпірдің айғайлады-ай ақ жындар:
"Қасиетті Ликтің де бас имейміз алдында!
Серкьоның өзені емес, мұнда жүзу ересен,
Ақ жалманға алқымыңнан ілінейін демесең,
Қайнап жатқан қара майға қайта сүңгі, және, сен".
Күнәһарға жүз істік қадалды да, жөнелді,
"Тыпырлай бер, бірақ та көрсетпегін төбеңді;
Шамаң келсе, астыртын алдап-арбап көр енді".
Қалқыған етті қазанға қайта-қайта батырып,
Ашушаң аспаз тұратын айыршаны матырып,
Қадағалап қарайтын дәл осылай отырып.
"Жартаста мына байқалмай қалу үшін, тәсілім,
Әр жағына төбенің етпетіңнен жасырын, —
Деді менің ұстазым, деді менің асылым, —
Қауіптенбе мен үшін, бір бұл емес көргенім,
Қақтығыстың мұндайлық қаншамасын жеңгенмін.
Менің етім үйренген, бірнеше рет келгенмін".
Қайырымды бастаушым көпірден кетті, тастады,
Алтыншы құздың шетіне абайлап жүре бастады.
Ескерер емес назары тыныштықтан басқаны.
Кезі келген жерлерде қайыр сұрап, табынып,
Кезіп жүрген кедейге кер бөстегін жамылып,
Ұмтылатын төбеттер долдана кеп қағынып.
Соларға ұқсап сайтандар қалдыра беріп көпірді,
Жалаңдата жалманын жармасқалы секірді;
"Желікпеңдер, тоқтаңдар! — деп көсемім жекірді, —
Сәл тоқтаңдар, әзірше таламаңдар, жыртпаңдар!
Біреуіңмен сөзім бар, тоқта әзірше құртпаңдар,
Содан кейін қайтсеңдер де еріктерің, сырттаңдар".
"Шық қу құйрық!" — десті де, айғайлады барлығы,
Алға шықты біреуі, қалғандары аңдыды;
"Не істемекпін?" — деп, әлгі келе жатыр малғұны.
"Айтшы, кәне, қу құйрық, кектеріңе кенелгем,
Қатыгез ашуларыңды қашаннан да сезем мен,
Хақ әмірі болмаса, қастарыңа келер ме ем?
Тағдыры бірге, ей, жазған, тұр былай жолдан, ділгірме,
Басқа бір жанмен енуге жабайы, тағы үңгірге,
Тәңірінің өзі бұйырған мына маған, білдің бе?!"
Сонда барып сайтанның менмендігі басылды,
Қолындағы қаруын тастап, құтын қашырды,
"Ұрынуға болмайды", десі қайтты, бас ұрды.
"Қорыққаннан тастардың арасына бұғынған,
Үрейленбей, кел бермен, зәресі ұшқан шыбын жан;
Түс ізіме!" — дегенде, ұстаз сөзін ұғынғам.
Оған қарай асығыс бұрылдым да, аттадым,
Албастылар жақындап, алға жылжып қаптады,
Алдай ма деп, жүректің басылмады аптабы.
Дәл осылай әскерден қорыққамын, көргемін,
Капроннан шыққанмын, уәдеге ергенмін;
Кешіргенмін басымнан жауларымның төнгенін.
Ұстазымды пана ғып жабыстым мен сақтанып,
Қарап тұрмын қалт етпей, ұсқындары жат халық,
Көз қарасы өртейді өзегімді қақ жарып.
Найзаларды оңтайлап, бір-біріне тантыған:
"Қайтер еді егерде шұқып көрсе артынан?"
"Иә, солай, дәл солай, бір шыңғыртып қарпып ал!"
Сөйлеспек боп көсеммен алға аттаған, ілгері,
Әңгүдікті шақырды алмағайып бір пері:
"Тыныш, Жұлқар! Тиіспе, үніңді өшір, жүр бері!
Бұл жотамен әріге болмайды енді өтуге,
Алтыншының көпірі бұзылып, жол бекуде;
Текке кетер, болмайды тәуекелдік етуге.
Әйткенменен, қаласаң, шығам десең, алайда,
Мына біреу дуалда жатқан ізге қарайла,
Жуықтағы жотаға апарады ол қалайда.
Өткен күнгі сағат бесте осынау аймақ дүр етті,
Одан бері он екі жүз, алпыс алты жыл өтті,
Сол апаттан жол да жоқ, бұл жер қара түнек-ті.
Жігіттердің істері бар, сол аймақта тоқтаңдар,
Шолиды олар, салқындап қалған жоқ па жатқандар:
Үрейленбей олардан, бірге, батыл аттаңдар.
Қайқы қанат, қақсал Төбет, қайдасыңдар, жолдасым,
Аттаныңдар жорыққа енді, жолдарыңды оңдасын!
Қара сақал барлығыңның қожайының, оңбасын.
Жауыз Жирен, Қылымсы — бұлар да аздық қылғандай —
Азулы Қабан, Айдаһар, Құтырған ит, Ұрмаңдай,
Аттаныңдар бәрің де жасырынбай, ұрланбай.
Сендер барып тінтіңдер қайнап жатқан тоғанды,
Бүтін тұрған тарамға қалдырыңдар оларды,
Жақынырақ сол маңға есен жетсе болар-ды".
"Бұл не пәле, ұстазым? Қудай үшін, қараңыз,
Керегі жоқ серіктің, өзіміз де барамыз.
Білесіз ғой жолды сіз, өзіміз де табамыз.
Әрқашан да көреген, әрқашан да күшті едің,
Шын байқамай тұрсың ба ымдап тұрған істерін?
Шын аңғармай тұрмысың сақылдаған тістерін?"
"Сақылдатса сақылдатсын тісін бе әлде басқасын,
Бекер босқа қауіптеніп, бекер босқа сасқасың;
Пісіп жатқан сорлылар дегені ғой жасқансын".
Соныменен, сайтандар солға қарай жол шекті,
Әрқайсысы әртүрлі жасырын белгі көрсетті,
Бастығына біреуі тісінен тілін көрсетті:
Әне бірі соңынан кернейлетіп, теңселтті.

ЖИЫРМА ЕКІНШІ ЖЫР
Қанды майдан жорықтан, байқаудан талай көргемін,
Жан сауғалап жауынан, яки жауын жеңгенін,
Аңғарғам атты әскердің ағызған нелер селдерін,
Аретиналықтар-ау, құттарыңды қашырып,
Біздің найза, семсерге шыдай алмай бас ұрып,
Көргем талай зыттыңдар қараңды үзіп жасырып.
Кернейлер де жар салып, дабыл қағып барабан,
Мұнаралар белгі беріп, қоңыраулатып қаладан,
Біздерше де сендерше бар аймаққа тараған;
Жағадан маяк көрініп бұлдыраса таяуда,
Сырнайлатқан кемеге, аттыға яки жаяуға,
Мұндай ғажап сыбызғыны көрген емен, ой, алла!
Сыбайлас болдық он жынмен біршама сапар кешкелі;
Әйтседе, айтқан бір кезде халықтың сөзі есте еді,
Әулиеге шіркеу — тағзым, мәйхана — сыйлар бөспені.
Қайнап жатқан бұрқылдап қарамайда жанарым,
Қасиет бар деп қаншама шұңқырға және қарадым,
Қайнаған қандай жандар деп, ынтызар болып барамын.
Сақтандырып кемелерді кереметті білетін,
Теңізшіге дельфиндер бір белгі беріп жүретін,
Толқындардың жотасында арқаларын бүгетін, —
Жауырыны жалт беріп, біреулер солай шығады,
Азабын жеңілдетпекке қайнауда қалқып, ығады;
Жасыннан да тезірек, әп-сәтте ғайып, тынады.
Жиекке судан суырған иегімен асылып,
Кеңірдегі бүлкілдеп, ісіп-кеуіп басылып.
Отыратын бақалар басқа жерін жасырып, —
Соған ұқсас сорлылар да отыр екі қатарлы,
Бұғынып келген алайда көрді де Қара сақалды,
Қатерден үркіп, от-майға қайтадан сүңгіп қақалды.
Әйткенмен бірі ілікті, ойласам, әлі шошынам,
Бір сүңгіп, қайта қалқыған, қалып қойып досынан,
Талтақ бұт бақа толайым ұқсайтын еді осыған.
Құтырған итжалманға шашын оның сабақтап,
Таяу тұрып бәрінен тартып еді қабаққа,
Қармақтағы балықтай шықты сорлы салақтап.
Атын білмес сайтаным бұл ортада қалмаған,
Жол-жөнекей әдейі уақытымды арнағам,
Бірін-бірі жындардың шақырғанын аңдағам.
Жамырады жын-сайтандар даңғаза қып өрісін:
"Жауыз жирен, сал тырнақты, болмақ емес келісім,
Ал мынаны, түт түбіттей, таба алмасын терісін!".
"Ұстазым-ау, неткен сұрқай, неткен сұмдық, іреңі!
Болар ма екен білуіме, анау нені біледі?
Мына жаулар қолына алған сұрқай бұзық кім еді?"
Сәл бұрылып көсемім, әлгіге өзін тақады,
Жауап қатты жалма-жан азап, сордың жатағы:
"Наварлық ем, бір кезде Чамполо деп атады.
Анам мені ақсүйекке малайлыққа бергенде,
Кедейленді ынжық әкем, ез болды бір көр кеуде,
Өз жерінде өзін жойды өлапат сол шерменде.
Қайырымды Тебальд король жақын тартып шақырды,
Өкіметке жетті қолым, параға бердім ақылды,
Еңіретіп сол қылығым қарамайға батырды".
Азулы қабан ұқсайды қабан десе қабанға,
Азу тісін ақситып, ұмтылып сорлы адамға,
Бөлшектеп түте бастады сорлыны дереу табанда.
Мысықтарға белгілі тышқанның тәтті екені,
Қара сақал бірақ та қолын бір сілтеп өтеді:
"Керегі жоқ көмектің, қалдырыңдар, жетеді".
Былай деді сол сәтте көсемге көзін бұрған да:
"Бірдеме дегің кеп тұрса, айтып қал сен бұл жанға,
Жалмандарға іліп ап, жұлмаламай тұрғанда".
"Арасынан мұндағы жазаланған жандардың,
Білсең айтшы, қандай сен латынды аңғардың?
Жағасынан мына бір қарамайлы жарлардың?"
"Кездестім жаңа біреумен алыс емес сол маңнан,
Қарамайға қайтадан тастағамын, сорланған;
Өйтпегенде қарудың керегі не қолға алған".
"Ұзақ күттік сарылын!" — деді Ұрмаңдай сұқтанып,
Салды келіп жалманын сан етіне нық барып,
Суырып қайта тартқанда, бір кесегін шықты алып.
Айдаһар да ұмтылып, жұлмақ болды аяқты,
Ескерте бірақ онбасы жанарынан жай атты,
Қақтығысқан жындардың жын сезімін оятты.
Татуласты екеуі, татуласты тағы да:
Анау байғұс қарайды қарс айрылған санына,
Көсем одан сұрады дереу барып жанына:
"Кім еді ол мият боп жан табылған қорғауға,
Сорға бола сен мұнда сойқан көріп қалғанда?"
"Гомитаның туысы, — Галлурадан, алданба!
Жақсы көрер жаны оның жалғандықты құйған-ды,
Әкімінің қозғалтпай жауыздарын жиған-ды,
Жиған-ды да, олардан мақтау естіп сыйланды.
Жасырып ізін, барлығын босатты да, ақша алды,
Жаны сүймес жалдаптың нәпақасын шашқан-ды,
Анау-мынау миқы емес, оқпаны кең қақсал-ды.
Микеле Цанке екеуі — осында да ашына;
Микеле — Логодордан; екеуі ылғи қосыла,
Сардиния тұрмысын мақтайды кеп бас ура.
Тісі ақсиды, қараңыз, тағы пәле тартамын!
Жалғар едім сөзімді, амал қанша, қорқамын,
Опырып кетіп жүре ме сүйектерін арқамның".
Даярланып сайысқа бір жын алға беттеді,
Бәрінен бұрын ұмтылған Ұрмаңдай екен шеттегі,
Қожайыны көріп қап: "Зұлым құс, жоғал, кет!" — деді.
Зәресі ұшқан күнәһар сөзін жалғай беруде:
"Ломбарда мен Тоскана тұрғындарын көруге,
Құмармысың, бұйырам қарсы алдыңа келуге.
Тұруы керек алайда алыста Сайыпқырандар,
Көрмеуі тиіс, мұнымыз сайтандарды лаңдар,
Шақырам сонда осында, нанбасаң көріп біл, аңғар.
Жеткізейін жетеуін, сәл ысқырсам болғаны,
Еліктіреді оларды, әдет осы ордағы:
Тек біреуі сығалап, сылаң етсе, оңдады".
Құтырған ит тұмсығын шүйіре тұрып, елеңдеп,
Басын бұлғап ебдейсіз міне былай деген де:
"Мәссаған, мына жымысқы сүңгимін дейді тереңге!"
Өткерген талай қолынан нелер сұмдық ұрысты,
Жауап қатты ол әлгіге: "Жымысқы — нағыз жымысқы,
Азабын аздап арылтып, ажыратса туысты!"
Қайқы қанат сол сәтте бәрінен де желөкпе
Ескертеді ентелеп, барлығынан ерекше:
"Сен секірсең, артыңнан қуа түсем керексе.
Қарамайдың үстінде қанат жайып төнеміз,
Саған ұқсап жүгірмей, белеңнен самғап келеміз,
Қалай алдар екенсің сен біздерді, көреміз!"
Неше түрлі ғажаптар, оқушым, аңда тамұқты;
Әлдеқайда барлығы мойнын бұрып алыпты,
Бірінші рет бұрылған әлгі бір қайсар, қауіп-ті,
Зәресі қашқан наварлық оңтайлы шақты таңдады,
Жерге қадап өкшесін, құйындайын аунады.
Жын ойнақтан ғайып боп жасырынды, жалдады.
Әрқайсысында ащы ұят, өрт өкініш, зәр қысым,
Бәрінен де ашулы Сайыпқыран нар мүсін,
"Қап, сені ме!" — десін де ол, пәрменімен қарғысын.
Тереңге кеткен наварлық, ендігі әуре бекер-ді,
Ғайып болған үрейге қанат қайтіп жетер-ді,
Мұңайып, қалқып шықты да, кеудесін сайтан көтерді.
Осылай үйрек қарманып, қарасын суға батырар,
Осылай сұңқар алданып, сорғалап босқа шатылар,
Түнерген дүлей ашумен қайқайып көкке атылар.
Әлек болып әлі де долданып тур қартамыш,
Жасырынса екен деп, бұзыққа бұрып тартады іш,
Артынша ол да самғайды, аңсары тілеп арпалыс.
Жасырынды парақор, себеп сол-ды алғашқы,
Тырнақтарын түйреді албастыға албасты,
Қарамайдың үстінде бір-біріне жармасты.
Сорлы емес еді анау да, қадауға даяр тырнағы,
Қыран екен қасқа да қаршығадай қырдағы;
Қарамайға өртенген екеуі де тулады.
Қарыған от бірден-ақ екеулерін айырды,
Ажырасуға алайда шама қайда байырғы;
Жабысып қалған қанатты жаза алмады, қудай ұрды.
Басқалардай, Қарасақал қауіптенген қатарда,
Жалманымен төрт жынға бұйрық берді сапарға,
Жарлық етті қайыра ұшуына апанға.
Қарсылықсыз бәрі де белеңге әлгі жол алған,
Ілмектерін созған болды сорлыларға омалған,
Ал екеуі оған дейін өртенген де, жоғалған.
Соры қайнап жатқанда кеттік біздер олардан.

ЖИЫРМА ҮШІНШІ ЖЫР
Нөкерсіз үнсіз екеуміз, жетімсірей береміз,
Жанға жұмбақ жат жерде жадырамай келеміз,
Бауырлас сопылардай-ақ бір-бірімізге ереміз.
Жадына түссе жаңағы жындардың дырду-шатағы,
Елестетіп ескі аңыз тышқан менен бақаны,
Еріксіз еске келеді Эзоптың мысал-мақамы.
Сол мысалға бұл жағдай соншама ұқсас, сенсеңіз,
Бірі — осы, егерде екі оқиға болса егіз;
Екеуіне бір назар аударыңыз, көнсеңіз.
Белгілі ғой ежелден бір ойдың бір ой — қайнары,
Сарғая санам сарылып, есіме түсті қайдағы,
Берілмес берік қорқыныш екі есе артып, байлады.
"Жел соқпаса, шөп басы қимылдамас демекші,
Соры қайнаған жындарға болдық қой біздер себепші,
Қалайда олар өш алып, ойладым, бізді жемекші.
Қайнаған кек ширықты қатыгез, жауыз мінезде,
Зұлымдық бізге істейді-ау қайрымсыз, қатал, бір өзге,
Қоянға шапқан тағыдай құлқынын құртып ілезде.
Сезіндім, кірпікшешендей төбенің шашы тік тұрды,
Керемет сұмдық ой келіп, тоқтадым, үрей бұқтырды;
Ойран болған ойымды ұстазыма айтып, ұқтырдым;
"Ұстазым, жасыр тезірек, келеді қуып жын-пері,
Неткен сұмдық, ап-айқын алдымда тур түрлері,
Келеді қуып біздерді, естіліп жатыр үндері".
"Алдында сенің егерде айна болсам ақ айдын,
Сыртыңнан гөрі ішіңді көрсетем деп балаймын,
Ішіңнен бұрын сыртыңды көрсетуім неғайбіл.
Түйсігіңмен түйсігім тоқайласты, түйісті,
Бірін-бірі мақұлдап ой-санамыз иісті,
Демек, дереу бір шешім іске асуы тиіс-ті.
Келесі орға жеткенше кең ашылып өткелі,
Болса ыңғайлы егерде таудың оң жақ бөктері,
Онда олар бізге жетпей өкпелері кепкені".
Айтып ауыз жиғанша осы сөзді көсемім,
Жалт қарасам, жақын қапты қанатты өңшең кеселің;
Тұтпақ болып асығады қолыңа алып көсеуін.
Мені дереу бастаушым бас салды кеп жалма-жан,
Үйді көріп құтырған жалын құшып жалмаған,
Шудан шошып оянған Анадай ұлын қармаған.
Ұлын алып, ұмтылып, жан ұшыра самғаған,
Көйлегін де кие алмай, зәре-құты қалмаған,
Бар жігерін, бар ойын ұлын сақтауға арнаған, —
Сол анадай мені алып, сырғанады тік төмен,
Алтыншы апанға қарап, айқара тастар бүктеген
Сорғалап ағып келеді қолында мендей жүкпенен.
Тұтқиыл еңіс науамен қуалай тайғақ тақтайды,
Диірменнің астыңда барақты соққан қақпайлы,
Жан берген іске су дағы асығыс бұлай ақпайды.
Ұстазым мені қолға ұстап, жартастан ақты жұлдыздай,
Досыңдай емес, ұлыңдай құшақтап, мойын бұрғызбай,
Құлама құзбен құйылды денемді тасқа ұрғызбай.
Түскені де сол еді жартастан биік көреген,
Перілер де алқынып, төнген екен төбеден:
Сытылдық та, құтылдық үрей дейтін немеден.
Бесінші апан — жындардың ойнағы да нәсібі,
Себебі көктен оларға тәңіріңнің берген кәсібі;
Шегінуге сондықтан шамасы жоқ-ты, әсілі.
Құз жартастан төменде, боялған табыт реңді,
Айналсоқтап бір топ жүр үмітсіз де сүренді.
Сорасы ағып көзінен жылжиды зорға құр енді.
Клуни сопыларындай бәрі де ұзын шапанды,
Көлеңке басып еңсеңді, көтертпейді жотаңды,
Ауыр жылжып пақырлар алға қарай бет алды.
Тысы алтынмен апталған, көздің жауын алатын,
Қорғасынды астары соншама ауыр соғатын,
Фридрих сауыты тіпті жолда қалатын.
О, мәңгілік жамылғы, о ақырет зіл-батпан!
Олар солға бұрылды, біз де солай бірге аттап,
Аңсарымыз ауып тұр сорлыларға мұң жапқан.
Масыл, ауыр сауытты әзер-әзер меңгеріп,
Аяндайды сорлылар әлі құрып, сенделіп:
Аттаған сайын біздерге жаңа бір топ тең келіп.
"Ілесе жүріп артынан, аңғарып, көсем, қарарсың,
Мыналардың біреуін танып та, мүмкін, қаларсың,
Аты-жөнін білерсің, бірісің, мүмкін, табарсың!"
Тосқаналық сөзімді таныды біреу, үндеді:
"Аяғыңа абай бол, көремісің түрмені,
Астыңда мынау түнектің асықтың неге ілгері?
Сұрауыңа болады менен жәрдем, жүр бері", —
Бұрылды да көсемім келіскендей түрге енді: —
Бол осында мынаумен, қозғалғайсың бірге еріп.
Тіршілікке тырмысып, тірі жандай дамыл ғып,
Екеуінің жүзінен тірі жан деп танырлық,
Аттатпайды бірақ та тар жол менен ауыр жүк.
Жақындады үн-түнсіз сол бір екеу жаңағы,
Қиығымен көзінің маған ұзақ қарады;
Біреуіне біреуі сұрақ қойды шамалы:
"Сөздеріне қарасаң, тірі ме деп қаласың,
Өлі ме деп ойласаң, әлдеріне қарашы.
Сауыттарын қалайша көтеріп жүр адасып?
Шерлі екіжүзділер ортасында тұрғанда,
Жауап қатшы сұраққа, сезіктенбе, ұрланба,
Тосқаналық, кімсің сен, қалай жүрсің бұл маңда?"
"Тұнық Арно жағасында, туған ұлы қалада,
Өскем сонда, — дедім мен, — өмір кешкем жағада,
Кескін-кейпім сол қалпы, тірі жан деп бағала.
Бұл не қайғы, сендерді нұрландырып ажары,
Жауыздықпен жармасып, үдетеді жазаны;
Айтшы, өздерің кімсіңдер, шерлі аймақтың мазағы?
"Қорғасыннан салмақты сары шапан — сәніміз,
Сүйрете алмай сықырлап, сүйегіміз, тәніміз.
Сонша сұмдық салмағы, сарқылуда әліміз.
Болоньяда туған гауденталар біз едік,
Каталано, Лодеринго, енді, міне, біз — өлік,
Жұртың қалап, бір кезде жағдайларын түзедік.
Есіңе алсаң, білерсің тыныштықтың құрбанын:
Бізге сенің халқыңның қандай құрмет қылғанын,
Гардингода әлі күн сезінерсің тұрғанын".
"Істеріңмен, туыстар..." дедім дағы ойланғам,
Басқа өлікте жанарым, соныменен айналғам:
Көрдім шаңда біреуді үш қазыққа байланған.
Мені көріп қалтырап, зәре-құтын ұшырып,
Сақал басқан бет-аузын, күрсінеді қысылып;
Каталан туыс үн қатты, азап-сордан ұшынып.
"Көріп турсың мына бір үш қазыққа керілген
Екі жүзді қауымға ақылшы боп көрінген,
Жоймақ болған бір кезде Христосты өмірден.
Көлденеңнен соқпақты тыр жалаңаш жастанған,
Әрбір өткен күнәһар кеудесінен басқанда,
Өліктерді тартатын таразы боп тасталған.
Қасында қайын атасы, тағдыры естен тандырған,
Тартуға тозаң тағдырдан — күнәһар болған барлық жан,
Еврейдің халқына қырсық ұрық қалдырған".
Қол-аяғын тәңірі керіп тастап қорлаған,
Мәңгі-бақи қуғындағы қу маңдайға сорлаған.
Виргилидің қалай ғажап қарағанын болжағам.
Қарады да ол, әлгі бір туысқаннан өтінді:
Осы жерден он жаққа көрсетсеңіз өтуді,
Көрсетсеңіз болғаны, ойлап турмыз кетуді.
Мүмкін болса, айтсаңыз, қалмас едік сапардан,
Салмас едік әлекке бізді әкет деп апаннан,
Сайтандарды әлгі бір қара періште атанған".
"Осы жерде, жақында, жотада бір жол бар-ды,
Қабырғалап, қасқайып, кесіп өткен орларды;
Соған түсіп, туыстар, тартсаңдар-ақ болған-ды.
Амал қанша, ол соқпақ омырылған, құлаған,
Үйіндіге өрмелеп, өтесіңдер жырадан,
Сайдың түбін толтырып, салындылар сұлаған".
Көсем үнсіз басын иіп, былай деді салмақты:
"Демек бізді манағы сұм сайтандар алдапты,
Амал нешік, өтірікші албастылар сандалтты.
Болонья жерінде естіп талай таңдандым,
Жауыздыққа жындардың жуықтығын аңғардым,
Жындар дейтін көкесі өтірік пен алдаудың".
Жүріп кетті ұстазым сәл ғана бір шамданып,
Сәл шытынып қабағын, адымдады алға нық:
Азап-сорға көмілген артта лаң, дау қалып.
Аяулымның артынан ере бердім таңданып.

ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ЖЫР
Жыл әлі де бесігінен шыға алмаған шақтарда,
Қауға жұлдыз бұйра шашын күнге жылтып жатқанда,
Түн тәуліктің жартысында, асыққанда ақ таңға,
Әдетіне бағып қырау ақ басты қыс ағаның,
Сурет сызып жататұғын өңіріне даланың.
Қадап қойып қылдан бетер тым әлжуаз қаламын.
Талшық еткен жем-шөбін жеткізе алмай малына,
Аппақ болған жайылымға қарайтұғын шаруа,
Қар жауды деп ойлайтын да, бір соғатын санына;
Ерсіл-қарсыл, күңкілдеп үйге енетін нала ғып,
Не істеуге біле алмай байғұс кедей қабарып,
Тысқа қайта шығатын, мәссаған, бұл жаңалық!
Дүниенің бір сәтте өзгергенін аңғарып,
Таяғын ап қолына апыл-ғұпыл қамданып,
Шығы еріген өріске қуалайтын малдарын.
Манағы бір кезінде жабырқаған, жасыған,
Көз алдымда көсемім ұқсап кетті осыған,
Байқап қалып дем берді жігеріме шошыған.
Көрген бетте көпірді әлеметтен құлаған,
Баяғы тау баурайында кездескендей дін аман,
Ақжарқын жүз тастады маған ұстаз, ұлы адам.
Шамалап бір шолып өтіп, кесепатты ылдиды,
Сәл ойланып, шарты келген шаруаға нұр құйды,
Қапсыра кеп денемді, құшаққа алды бір қилы.
Адам бар-тын өлшем беріп, жұмысына өтеулі,
Тек қана алға қарайтұғын ойына алмай бөтенді.
Соған ұсап, тасқа мені лып еткізіп көтерді:
Көтерді де, басқа тасты белгіледі, үндеді:
"Енді осыны ырғап та, қозғап та, ұлым, біл, — деді, —
Тап басуға болар ма екен жүру үшін ілгері".
Болмас еді бұл жолды сауыт киіп өтпекке:
Біздер әзер келеміз құздан құзға етбеттеп,
Өрмелейміз жоғары, ол — жеп-жеңіл, мен — ептеп.
Болмағанда құлама, бұрынғыдан көп төмен,
Көсемімді білмеймін, мен, сірә да, беттемен:
Басқан сайын, ішімнен мен осылай деп келем.
Болғандықтан құлама Сығыр Саңлау аумағы,
Ортасына апанның еңкейе кеп аунады,
Опырайған ұраның тас қабырға жан-жағы.
Биіктігі әрқалай қос бүйірдің арасында,
Ең соңғы тас сұғынып, сүйеу тапқан асуда:
Іліктік-ау әзерде құламаның басына.
Әрі қарай жүруге әлім менің келмеді,
Дем жетпеді өкпеме, жүйкем ерік бермеді:
Әзер шығып отырдым, қажығандық меңдеді.
"Енжарлықты жой, — деді көсем сол бір қалыпта, —
Жатып алсаң жантайып, жайлы орында, мамықта,
Жете алмассың іздеген жеріңе де, даңққа.
Қара басын күйіттеген сәнқұмар да, жанқұмар,
Жатып ішер жалқаулар бойын оңай алдырар —
Желге түтін, суға із соңдарында қалдырар.
Тұр орныңнан! Жеңдірме, енжарлыққа құнықпа
Рухың алмас қамал жоқ, жадыңда ұста, ұмытпа,
Тек сөнбесе болғаны, сөнуге оны жуытпа!
Алдымызда әлі ұзақ баспалдақтар кез келер,
Кетуге одан қақың жоқ, кеткенменен өзгелер,
Сергіт, серпілт жаныңды, секем алма, сөзге кел!"
Ұшып тұрдым сөзін естіп қуат берген ақынның,
Дел-сал болған бойымды жинаған боп жатырмын,
Сыр алдырмай жауап қаттым: "Кеттік, сергек, батылмын!"
Жолға шықтық құлама құз, жарықшақ тас бөктермен,
Опырылған жартастардың сынығымен кептелген,
Әлдеқайда қиынырақ бұған дейінгі өткелден.
Қалжырауды жасырмақ, боп сөйлей бердім, сөз де емес,
Жақпардан бір үн естілді, көрінбеді көзге елес,
Сөз дейтін бір сөз де емес, көрінбейді көзге де еш.
Садақтайын иілген, шыққаныммен көпірге,
Түсінбедім не сөзге, түсінбедім не тілге:
Әлгі бір үн аулақтап босқа әуре етуде.
Еңкейіп ем шыңырауға көзді қадап, жүгіне,
Қап-қараңғы тұңғиықтың жетер емес түбіне;
"Қолдан енді бір айла, — дедім ұстазға үңіле, —
Жетейік те дуалға, жиегінде тұрайық:
Мағынасын түсінбей, құр тыңдаймын — бұл ғайып,
Үңілсем де көрмеймін, бір амалын қылайық".
"Болсын солай ендеше, — сұрағыңа жауабым,
Орындалсын осылай, орынды екен талабың;
Ілесе бер үндемей, сені соңға саламын".
Жайлап ендік бір жерге, төмен түстік көпірден,
Сегізінші апанмен қиюласып, бекінген,
Көрдім бүкіл ұраны, жардың басып шетімен.
Жентектелген керемет жылан көрдім ішінен,
Әлеметтер әртүрлі жан шошырлық түсінен,
Әлі күнге еске алсам, қаным қатып, күсінем.
Амфисбена, кенхр, фарей жұмыртқалап, тұқымдап,
Зымиян Якул зәһар шашып жатқанымен жыпырлап,
Ливия құм-шағылы мына аймақта ұтылмақ.
Мұндағыдан көп те емес, жауыз да емес мұншама,
Эфиоптың барлық жері қол астыңда тұрса да,
Барлық суы Чермнің осында кеп тұнса да.
Құжынаған сұмдықтар қоршап алған жан-жақты,
Аласұрған жалаңаш, сорлы жандар зарлапты;
Жансауғалар бұрыш та, киелі тас та қалмапты.
Қолдарды артқа қайырып, буындыра илейді,
Құйрығымен, басымен шанышқылап түйрейді,
Кеуделерде жыландар шығыршықтай билейді.
Кенет аждаһа аңғарып, көрнеу тұрған адамды,
Батырайын дегендей байыздаған қаранды.
Өңдеріне бейбақтың найзадайын қадалды.
Тездігі оның соншама, қалай десем дәлелді...
Лап етті де, күл болды, тек күл қалды, тән өлді,
Сұлай келіп құлады, кейпі ғайып әуелгі.
Күйрей келіп сұлаған со бір ғажап шағында,
Қоламта күл бүлкілдеп қайтадан жан алуда,
О, керемет! Тірілді ол адам болып тағында.
Бұл белгілі тек қана ұлы ғұламаларға:
Бес жүз жасқа жеткенде ұя құрап алар да,
Өлетұғын Феникс кейінге мұра боларға.
Тағамы шөп, аузына шырын емес құйғаны,
Жанталаста көз жасы атау болып қинады,
Өсімдікті табиғат кебін етіп сыйлады.
Ауру билеп ақылын, құлап түскен алайтым,
Дүлей күшке түсінбей, таңғажайып қарайтын:
Буып кеткен сұмдықты бұлыңғырға балайтын.
Қарайтұғын жан-жаққа, орынынан түрегеліп,
Апат, ауыр азаптан алаңғасар түрге еніп,
Күрсінетін төңірекке аянышты үн беріп.
Сондай еді күнәһар, орынынан тұрған-ды,
Пәруәрдігер тәңірім-ай, аямайды-ау бір жанды!
Әділ жаза жайратар әлеуметтік қылғанды!
— Кім еді бұл? — ұстазым сұрады одан көргенде,
Тосқанадан едім мен, көп болған жоқ келгенге.
Мына жатқан апанда азапталған шерменде.
Адам емес, хайуанша күн көруді жөн көргем,
Тағы есек, расында, Ванни Фуччи — сенделген;
Ұрының нағыз үясы Пистоядан келгем мен".
Ұстазға айттым: "Сәл сабыр, аялдасын, сұра одан,
Неліктен бұл ұраға кеп, ұрынды екен, сұлаған.
Қайтпас нағыз қандыбалақ, қайсар еді бұл адам".
Естіді де, жауапқа даярланды жазалы,
Маған ауды өңі-түсі, есі, көңілі, назары.
Масқара істен талақтай боп қызарып тұр ажары.
"Ауыр тиді жаныма, — деді ол жиып күш-демін, —
Кездерімде сорлаған дәл үстімнен түскенің,
Өлерде де мұншалық ауыр күйге түспедім.
Орындайын ойыңның білмек болып тұрғанын,
Қоймасынан шіркеудің аспаптарын ұрладым,
Сондықтан да апанда азап тартып тұр жаным.
Жазықты боп танылды басқа біреу халыққа;
Қуанбағын алайда, кездесті деп тамұқта,
Қуанбағын, егерде шыға қалсаң жарыққа.
Құлағың тос қабырыма, айрандарың іриді,
Пистояда алдыменен қара күштер шіриді:
Фьоренца жаңарады, күн кешеді бір игі.
Марс буы Магараның жазығынан келеді,
Қара түнекке асылады, қара бұлттар төнеді.
Пиценаның даласына қулайды да, өледі.
Басталады қанды кек, қатал қырғын лаңды,
Өз еркімен алайда ол сыпырады тұманды,
Ақтың әрбір адамы күйреп, тағзым қылар-ды.
Естідің бе, өзегің өртенетін шығар-ды".

ЖИЫРМА БЕСІНШІ ЖЫР
Сермейді кеп қос қолын, доғара сап пышырды,
Қос қолдағы қос бармақ қос саусаққа қысылды:
Екеуін де же, тәңірім!" — деп шұнтитып ұсынды.
Міне, содан жыландарға достықпенен қарадым:
Біреуі кеп жалма-жан жазықтыны орады,
Үніңді өшір!" — дегендей буындырды тамағын.
Қол-аяғын матаған көрдім және басқаны,
Шырмауықтай шимайлап қатты шандып тастады,
Әйгі болды пақырдың әл-дәрмені қашқаны.
Өртен, өртен, Пистоя, күлің ұшып сен мейлің!
Бұл өмірде тұруға керегі жоқ сендейдің!
Арнасынан астың сен арамзалық деңгейдің!
Фивада көргем біреудің шыңнан құлап өлгенін:
Тәңірге бармақ көрсеткен тозақыны көрмедім.
Бұдан өткен бұзыққа бұл тозақта сенбедім.
Өшті үні қың демей, қияметке бас ұрды:
Жытты бейбақ, жетті артынан кентавр да ашулы,
Шоқытып кеп айғайлады: "Бөспені кім жасырды?"
Сауырынан өріліп, салалаған шоқтығын,
Күнәкардың үстінде жыландарда жоқ тыным,
Мұншама көп жыландар Мареммада жоқтұғын.
Желкесінен мініпті отты қанат айдаһар,
Соқтыққанның бәрін де жойып, сорын қайнатар,
Кездескенді жандырып, табан асты жайратар.
"Авентиннің шатқалында ажал құсып, елірген,
Талайларға өлім әкеп, талай қандар төгілген,
Қандыбалақ қанішер Как қой мынау көрінген.
Қаһар, күшін ұрлыққа қасақана арнаған,
Қасындағы табынды бөрлеген де қарлаған,
Қандастардан сондықтан айырылған, қорлаған.
Тыйым салған Геркулес әдетіне құныққан,
Жүз соққан да шоқпармен діңкелеткен, құрытқан;
Бұл бәтшағар өмірін он соққанда-ақ ұмытқан".
Бұл керемет туралы біз сөйлесіп жатқанда,
Жиналыпты үш аруақ төмен жақта, шатқалда;
Көруіміз неғайбіл біз оларды нақ барлап;
"Кімсіңдер ей?" — деген бір төмен жақтан үн естіп,
Әңгімені жалма-жан аяқтадық, түгестік.
Келгендерге телміріп, үнсіз қарап сірестік.
Білмейтін ем дозақтың мына тұрған жандарын,
Бірі олардың алайда сұрақ беріп қалғаны.
Бұлар кімдер екенін сонда әзер аңдадым...
"Апырау, бұл жартасқа Чанфа неге келмеген?"
Көсемнің де бұл үнді тыңдағанын жөн көрем:
Алақанымды аузыма тақай қойдым көлденең.
Ғажап емес, оқушым, айтқаныма сенбесең,
Салғырт қарап, өзің біл, санаңды сәл бөлмесең:
Айтпас едім, ғажапты өз көзіммен көрмесем.
Қарағаным сол еді, алты аяқ жылан атылды,
Құшаққа алды қапсырып, құлшына бір пақырды:
Сыға түсіп, сорлыны құшағында қатырды.
Аяқтары ортаңғы қос бүйірін жайлады,
Алдыңғысы бейбақтың иықтарында ойнады.
Құшырлана аруақтың екі жағын шайнады.
Артқы аяқтар шеңгелдеп, жармасты екі санынан,
Найза құйрық сумаңдап жүгірді де шабынан,
Ирелеңдеп бұралып, жотасында қағынған.
Ойлайтұғын түрі жоқ тағы — тажал обал-ды,
Бөлек тәнмен кірігіп, шегенделе оралды:
Нән теректі шырмауық бүйтпеген, сірә, болар-ды.
Жабысқақ, ыстық сағыздай екі дене жармасты,
Қорытыла бастады өңін жойып алғашқы,
Басқа бояуға айналып, басқа реңмен алмасты.
Жанғандайын лапылдап, қағаздың бір парағы;
Жалынменен жан-жаққа қоп-қоңыр түс тарады.
Қара да емес, ақ та емес, басқа болып барады.
"Әттеген-ай, Аньел, не көрінді, тетелес?
Қарашы өзің өзіңе, жалғыз да емес, екі емес".
Айғайлады осылай, қарап тұрып екі елес.
Адам менен жәндіктің біреу болды қос басы,
Алдымызда тұрды айқын екі беттің қоспасы:
Байырғы түс жоғалды, о, тәңірдің тоспасы!
Қолдары да төрт бұтақ — төрт бағытқа сермелер;
Сандары мен аяқтар, қарын менен кеуделер —
Құбыжыққа айналды көрмеген бұрын пенделер.
Бір ібіліс; ештеңе бастапқыдан қалмады.
Сұмдық бейне жылжыды жайлап қана барғалы,
Екі дене — бір сайтан сапарларын жалғады.
Ми қайнатпай ыстықта, жанып тұрған тұтанып,
Зыр қағатын кесерткі ауыстырып бұтаны,
Найзағайдай жалт етіп, жолды кесіп, зытады.
Дәл осылай, қарасұр бір жыланшық зәһарлы,
Қалған манағы екеудің қарынына тақалды,
Сумаңдатып сұм тілін біреуіне апарды.
Апарды да, әлгінің кіндігіне қадады,
Зұлым ісін тындырып, аунап түсіп барады,
Аяғына құлады епті зәлім жаңағы.
Жазымданған бейшара, сөйлей алмай әл үзді,
Есі кетіп есінеп, тек ашады ауызды:
Безгегі ұстап байғұсты тітіркенген тәрізді.
Жылан оған қарайды, ол жыланға қарайды,
Анадан — у, мынаның аузынан түтін борайды,
Түтін келіп зұлым мен жексұрынға тарайды.
Лукан айтқан: Сабелді. Насидиді сорлаған:
Мыналарды мен айтсам, байбалам салмас ол маған,
Түсінсе болды төркінін түпкі ойымның болжаған.
Овидий де жырлаған-ды Аретуза, Кадмды;
Бірі бұлаққа айналып, жылан боп бірі қағынды;
Не етсе де еркі ғой, ренжітпен жанымды.
Екі жәндік осылай бір-бірімен бетпе-бет,
Бір-бірінің алмасып киімін киіп кетпеген:
Ауыстырған денесін әлдеқандай сеппенен.
Ал мыналар бір мезгілде өзгеруді шақ көрді:
Жыланшық кеп құйрығын екі ашалап қақ бөлді.
Адам екі аяғын жабыстырып жатты енді.
Қос аяқ бірге кірігіп, айналды бір-ақ аяққа,
Біріккен де, кіріккен ізін, жігін жояд та,
Ұқсай қойды жұп-жұмыр, жып-жылмағай таяққа.
Құйрық бітті адамға, аяқ бітті жыланға,
Жыланның терісі адамда, адамның терісі жыланда,
Жылан — адам тұр мұнда, адам — жылан тұр онда.
Жыланның көзі бозарды, адамның көзі қызарды,
Жыланның өңі нұр алды, адамның өңі мұз алды.
Адамның қолы қысқарды, жыланның бауыры ұзарды.
Жыланның аша құйрығы жиырылып, жай қалды,
Көрсетпейтін еркектің анаусына... айналды;
Иемденді бәтшағар екі бірдей сайманды...
Екеуін де көк түтін көлеңкелеп, қамауда,
Жаңа бір түсті жамылып, жаңа бір рең қарауда;
Адамның басы — жыланда, жыланның басы — адамда.
Жылан болған құлады, адам болған тік турды,
Арам көздер алайда ауыспапты, ұқтырды;
Бір-біріне, о, ғажап, бет-әлпетін жұқтырды.
Жылан пішін құбыжық адамзатқа жат өңді,
Сәл-пәл ғана ысылып, самайына әкелді,
Құлақтың да үлесін үзіп-жұлқып әперді.
Кейін қарай ысырылмай, кесектеліп қалғаны —
Мұрын болып көтерілді оймышталып жан-жағы,
Басқа еттерін басы артық, екі ерінге арнады.
Адам-жылан тұмсығын созды шанда керіліп,
Қос құлағы шұнайып, әзер-әзер көрініп,
Құлағындай ұлудың батып кетті көміліп.
Қақсауық тіл бір кезгі қақ ортадан тілінді,
Тілінді де, қысқарды, қысқарды да бүлінді:
Қаптап тұрған көк түтін жоғалғаны білінді.
Адам-жылан жорғалап, ирелеңдеп, ысылдап,
Алыстады аулаққа, құм тастарда тысырлап.
Жылан-адам артынан түкіреді пышыңдап.
Құбыжыққа айналған былай деді көр неме:
"Бар сұмдықтың барлығын маған ғана бермеген,
Маған ұқсап Буозо жорғаласын жерменен".
Алмастырып тәндерін жыланы мен адамы,
Айырбасталды осылай жетінші ұра ғажабы:
Әлде менің қаламым, мүмкін, басқа жазады.
Тұманданып көз алдым, көргенменен түрлерін,
Олар жасырынғанша Пуччоны ақсақ, білмедім,
Айдалада рухым адасқандай жүр менің.
Баурайында жартастың мана басын құраған,
Сол үшеудің ішінде — басқа екеуі құлаған, —
Содан бері осынау ақсақ Пуччо дін аман.
Жылан-адамды еске алып Гавилле де жылаған.

ЖИЫРМА АЛТЫНШЫ ЖЫР
Тағдырыңа тәкаппар, Фһоренца, есір, аласұр!
Теңізде де, жерде де қанатыңды қағасың,
Өзінен де тамұқтың өз даңқыңды табасың!
Кездестіріп бес жерден ұры-қары жиылған,
Отандастарым үшін ұялғам да, қиылғам,
Үлес қалар саған да менің алған "сыйымнан".
Ертең ерте ақиқат түсімізге енсе егер,
Жақын күндер бірінде жаның сезіп, теңселер —
Басқалардан құнығып, Прато да көрсе егер.
Боладыдан болғанның өзі жақсы әманда,
Болса тездеп болса екен, бордай тозған заманда!
Күндер зулап өткен сайын күдік салмай адамға
Әлгіндегі текшемен көтерілді серігім,
Ердім мен де соңынан, сонда менің ерігім,
Бой алдырып, басылып, әлім менен желігім.
Жалғызаяқ соқпақпен тарта бердік әр қарай,
Жақпар тастар, жол-жота әуреге салғаны-ай!
Аяқ сорлы баспайды екі қолды жалдамай.
Азаптандым сонда мен, әлім құрып, шатылды,
Әлі күнге ойласам, ұмытамын атымды;
Сондықтан да жүргенім ауыздықтап ақылды.
Сондықтан да ақылды арам жолға бастаман,
Адалдықтан алғанды адастырып тастаман,
Арамдыққа итерсе, жарты қадам баспағам.
Ұлы бесін шағында ұйып тұрған мамырдың,
Дем алуға кеткенде жер-әлемге бауыр Күн,
Отыратын кейбіреу бір төбеде дамыл ғып.
Шыр айналып шіркейлер, шыбын қарасы үзілген,
Көретұғын жазықтан заузаларды тізілген,
Жылтылдап жапатармағай шырын алған жүзімнен.
Соған ұқсас жылтылдап, алдымызға тақалды,
Екі жақ та жалтылдап, білтедейін от алды;
Көрдік біздер осылай сегізінші апанды.
Отты күйме, тұлпарлар көтерілді аспанға,
Отырғызып отқа орап, Илияны алып қашқанда,
Аюлар кегін әперген артынан көзін ашқанда.
Жалынды ғана өрт шашқан, өлгенде әзер андаған,
Отты күйме артынан қадала қарап, барлаған.
Жалын жалды тұлпарлар аспанда бұлтқа самғаған.
Көмейінде апанның осылай от қозғалған;
Жатқанымен көрінбей көмескілік кезді алған,
Жасырынған әр отта бір күнәкар боздаған.
Қарап тұрмын еңкейіп, биік, тайғақ көпірден,
Жақпар тастың жармасып, ұстамасам шетін мен.
Құлар едім құлдилап, ешкімсіз-ақ бетіммен.
Деді сонда көсемім, сезіп менің құлқымды:
"Мынау оттың ішінде, лаулап жанған мың түрлі,
Бір-бір рух өртеніп, мәңгілікке құртулы".
"Оны сезіп, ұстазым, өзімнің де тұр жаным,
Оған менің өзімнің көзім жетіп, тынғамын.
Мынау еді сондықтан сұрайын деп тұрғаным.
Сонау отта кім жатыр, тым шалғайдан көрінген,
Үшкілденіп үш жағы екі ашаға бөлінген,
Сонау жерде Полиник туысымен көмілген?"
"Тозақ тартқан ондағы Улисс пенен Диомед,
Жазмышқа ісі жақпаған, екеуі бір ұялы ед,
Екеуін бір алған ғой енді міне қиямет.
Жазаланған осынау жапа шеккен оттарда,
Қара шаңырақ іспеттес римдік зәу-заттарға,
Қабырғасын қаланың қайыра ашқан аттар да.
Ахиллды жоқтап Тамұқта аядай қуыс ішінде,
Аруақ Дейдамия да азап, мұңға түсуде,
"Сый алған жандар — осылар, Палладий батыр үшін де
"Жалынамын жүз рет, жұбатушы мені ұстазым,
Жалынамын көруге, түйінуге де құстамын;
Мынау оттың тілге кеп сөйлер сәтін ұстағын.
Басқаларды аралап, бізге назар бөлгенше,
Ұстазым менің, күте түр мүйізді жалын келгенше,
Қарашы маған, қамығып, өлгелі тұрмын көргенше".
"Өтінішің, — деді ол, маған іле жалғаса, —
Жол табады жүрекке орындатуға әрқашан;
Тіліңді бірақ бір сәтке тісіңменен қармасаң.
Мен сұрайын олардан толқытқан сені жайттарды,
Түсініп тұрмын: сұрасаң, саған жауап қайтпауы.
Гректердей мелшиіп, мүмкін, бір сөз айтпауы".
Біз тұрған жартас астыңда от жақындап ұлғайды,
Орыны да, сәті де түскен шақта ыңғайлы,
Мынадай деген ұстаздың сұрағын зердем тыңдайды:
"Ей, ағайын; ей, оттар қос айрылған жалыны!
Құрметтегем өмірде, құрметтегем, анығы,
Аз ба, көп пе құрметтеп, артқан көңіл нанымы.
Алмағайып адасып, опат болған біреуің,
Асқақтата жырлағам, сендерді мен білемін,
Сендер маған көрінуге міндеттісің — тілегім".
Шұбатыла назданып, ертедегі от көлденең,
Деу мүйізін шайқады секем алып ол неден;
Өстуші еді құмдағы өрт ығыр болған желменен.
Ұшар басын шалқытты, олай-бұлай бұлғатып,
Әлде сөйлеп тұр ма екен, хабар беріп тыңдатып,
Былай деді біздерге отты жалын үн қатып:
Гаэтаның қасында мені бір жыл жасырған,
Эней келіп бүл маңға есі кете бас ұрған,
Цирцеядан осында ажырасқам, тасынғам.
Ұлға деген нәзік бір ізгілікті жойғамын,
Әке алдында қасиетті қаймығуды қойғамын,
Жарым қалып жайына, мүлде басқа ойладым.
Бәр-бәрісі: адамның жақсы, жаман жолдары,
Шөлімді менің басуға бірі тоқтам болмады.
Шарласам деген ғаламды басыма бір ой орнады.
Талайдан бергі жан досым — сенімді шағын кемемен
Айдынына теңіздің батылым барып, жөнегем,
Алған беттен тайдырар болмады бір жан бөгеген.
Орта теңіз жағалауын, Морокконы көрген ем,
Испания, Сардиния өлкелеріне енген ем,
Бірін дағы қалдырмай, аралдарға төнген ем.
Геркулестің өзі қойған шекараны көргенде,
Ит арқасы қияндағы бір бұғазға келгенде,
Ерте дүние ерлері едік осы маңға келгенде.
Севилья оң жақта, қалып қойды кейінде,
Сетта қалған сол жақта, дәл осыдан кейін де,
Геркулестің межесін тұтқандаймыз зейінге.
О, бауырлар, — деген едім, — келіп шыққан батыстан,
Сендерге айтам, серіктерім сан азапқа қатысқан!
Аз өмірде ойланыңдар, ешнәрсе өнбес жатыстан.
Кеудеңде арман тұрған шақта, ғұмырыңның қалғанын,
Иесіз дүние жаңалығын ұғынуға арнағын,
Мына күндей көріп қалғын бұл өмірдің жалғанын!
Ойла кімнің ұлысың, қандай жерден таралдың;
Туған жоқсың татуға несібесін тағы аңның,
Ерлік үшін, еңбек үшін, білім үшін жаралдың".
Менің сөзім жолдастарды соншама өткір түйреді,
Дереу бәрі алға ұмтылып, өзді-өзін сүйреді.
Менің сөзім серіктердің еріктерін биледі.
Атар таңға артын тосып, кеме сонда заулады,
Қанат болып ескектер де есірте кеп самғады,
Жүйтки жүзіп біздің кеме солға қарай аунады.
Түнге қарай маған бір басқа әлем көрінді,
Басқа дүние түнеріп, төбемізден төнулі,
Бағытымыз әуелгі теңізбенен көмулі.
Бастағаннан бер қарай бұл қатерлі сапарды,
Бес рет ай төменде жарық етті жапанды,
Бес рет күн өз сәулесін ұясына апарды.
Күреңітіп алыстан турды алып тау көлденең,
Кең иықты кеудесі кең жапанда көлбеген,
Будан өткен алыпты ғұмырымда көрмегем.
Шаттығымыз шарт сынып, алапатқа ауысты,
Жаңа аймақтан жын-дауыл дереу бізге жабысты.
Кемемізді аударып, ақ толқынға ала ұшты.
Алай-түлей үш рет иірімге аунатты,
Төртінші рет тағы да туралатып, жалға атты,
Батты кеме, тәңірінің өзі осылай арнапты.
Тегіс білдік, қылғытып, теңіз бізді жалмапты.

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ ЖЫР
Қайырымды ақын босатқан, үні өшкен жалын жанып тұр,
Қияметтегі өмірін шалқымай, сөнбей бағып құр,
Жанбай қайда барады, жан-жағында тамұқ тұр.
Соңында оның лаулаған басқадай бір от жанды,
Мағынасыз міңгірлеп, жалақтап тілі шоқтанды.
Сумаңдаған сұрына назарымыз тоқталды.
Сицилия азбанындай ойлап тапқан бір шебер,
Ыңыранған әуелі күнәкар, шебер мінсе егер;
Өзіне де сол керек, опасыздар дүмшелер.
Құйылса да құр мыстан сол бір өгіз өтірік,
Мақұлықтай қиналып, күңіренетін лепіріп,
Ішіндегі адамның дауысымен өкіріп.
Сол тәріздес жол таппай арасынан жалынның,
Ажыратып болмайтын айғай-сүрең дабырдың,
Берекесіз сөз ұшты гуіліндей дауылдың.
Ақырында дыбыс кеп жеткенде оттың тіліне,
Тура қалды қалтырап, қызыл алау бүгіле;
Сонда барып ұғынып, құлақ астым үніне:
— "Бара ғой, Қанды құмарым! — деген жанды кім деймін?
Ломбардша сөйледі ол, болсаң дағы кім мейлің,
Ей, адамзат, тыңдашы, саған қарап үндеймін!
Жалынамын, кешігіп, мүмкін, әлде қалдым ба,
Жалынамын сәл тоқта, сорлағандар бар мұнда:
Күтіп тұрмын, қарашы, күйіп-жанып алдында!
Сүйікті өлке латынмен қоштасыпсың, келіпсің,
Соқыр-мылқау сор көрге енді ғана еніпсің,
Күмән үшін күйзелген мекенімді көріпсің.
Тыныштық па Романья, әлде жүр ме от алып?
Арасында Урбино, алып таулы жотаның,
Сусын ішіп Тибрден жатыр менің Отаным".
Тыңдап тұрдым құныға, ойым ойран, жан-жақта,
Шынтағымнан көсемім түртті де бір салмақтап,
Деді маған: "Жауап бер латындық бұл аруаққа".
Тамағымды қытықтап, даяр тұрған жауабым,
Бірден бастап сөзімді: "Ей, pyx! — деп қарадым, —
Тасталыпсың зынданға, тап болыпты қара күн.
Сенің Романьяң тып-тыныш, бейбіт күндерде,
Озбырлардың жүрегінде соғыссыз, сірә, жүрген бе?!
Бірақ қазір сол қырғын жоқ сияқты іргеңде.
Равенна — бәз қалпы, сол ендігі болғаны —
Пөлеңтаның самұрығы оған келіп орнады,
Червьяға дейін ол қанат жайып, қомдады.
Бір кездегі берік қамал ұзақ-ұзақ қорғанған,
Төбе-төбе француздың өліктері жон болған,
Бұл күндері жасыл табан езгісінде қорланған.
Жойып Монтаньяны, ілә тауып ісінен,
Барбос Веруккьо мен күшігі оның күшіген —
Сол сүйекті әлі күнге кеміруде тісімен.
Бекем тірек — Ламоне, Сантерноның жағасын,
Жаныштауда ақ гербілі арыстанның баласы,
Бір жылда екі ауыстырып дос-жаранын, шамасы.
Әлгі бір тағдыр, Савьо өзені келіп құйылған,
Тау мен дала ортасында шыға алмай жатыр қиыннан;
Еркіндік пен құлдықтың ортасында қиылған.
Ал өзің кімсің, өтінем, ағыңнан жарыл, тегінде;
Іркілмей жауап қаттым ғой сұрағыңа сенің де, —
Өмірде жүрсін есімің сақталып ұзақ көңілде!"
Әуелі от сәл ғана ыңыранып, гуледі,
Үшкіл ұтын әзерге қалтырата үрледі,
Отпен бірге қалтырап, оттан біреу үндеді:
"Қайта көрер жарықты қарсы алдымда бір кеуде,
Құлақ асып сөзіме тұрғандығын білгенде,
Қалтырамас еді ғой отым менің бір демде.
Ақыреттен оралар жол жоқ бізге, тегі, енді,
Естімегем тозақтан қайтып келді дегенді,
Масқарадан сескенбей, жауап берем мен енді.
Кордильера белбеуіне ауыстырып семсерді,
Рахат таптым, көтердім деп ойладым еңсемді:
Опат болған арманымды, о, дариға, көрсе енді!
Күнәға мені батырды және де сол дінбасы,
(Бір жақсылық көрмегір, дінбасы емес, жын басы),
Сол туралы айтпақпын, көңіл қойып тыңдашы.
Анамның берген ақ сыйын арқалап өтті қу маңдай,
Құлазып өткен қулықпен құрғыр со бір жылдарды-ай,
Арыстан емес, түлкідей күн кешіппін жылмаңдай.
Бұрылысын, бүкпе жол құпиясын білгемін,
Алуан сырлы қулық-сұмдық ажыратып түрлерін;
Ғажабымды бұл жалғанның құлағына ілгемін.
Ақиқатты аңғарып, айылын жияр дана адам,
Жортуылын доғарып, жол алар бөлек жаңадан;
Шегіме жетіп шарықтау, түсініп мен де қарағам.
Қызғылықтың әммесін кешкемін де, ішкемін,
Бәрін дағы ұмытып, тәубеге келіп түскемін,
Сорлымын ғой, сорлымын! Сорақы күнә істедім!".
Жаңа келген жағымпаздар қожайыны алғашқы,
Латеран түбіндегі көршісімен жауласты,
Христиан қауымына қарсы шапты албасты.
Бұлар емес, сарациндер — Акраны алғандар,
Бұлар емес, иудалар — қызылқұлақ тарландар,
Мұсылманның жерлеріне сауда жасап барғандар.
Құдіретті дәрежесін құдай жолына арнаған,
Барлығын да талақ етті, қорықпады қар-надан.
Менің дағы бойымдағы бар тәубамды арбаған.
Константин патшадай алапеспен ауырған,
Сильвестрді шақырттырған Сираттидің тауынан,
Мені де папа шақыртты; маған ғана табынған,
Паң — тәкаппар аптығын жұбатпақшы болыпты,
Мас адамдай өзеуреп, өтінді де, торықты,
He айтуға білмедім, сөзге мені тоғытты.
"Қорқпа, — деді ол маған, — сен күнәға батпайсың,
Жоюға Пенестриноны кеңес бер маған нақтай, шын,
Осыныңмен өзіңнің бар күнәңді ақтайсың.
Ашып, жауып ұжмақты әркімге орын арнағам,
Менен бұрын болғанның батылы оған бармаған,
Екі бірдей кілтті қолға бекер алмағам".
Осынша мықты дәлелдің түсіне қойдым мәніне,
Сөйлемеуге болмады, жібермеді әріге,
"Әке, — дедім оған мен, — өз қолында бәрі де.
Әміріңмен істелген жуып тұрсың күнәмді,
Ісіңнен де уәдең ұзақ өмір құрар-ды,
Қасиетті тағында шаттықта әмсе тұрар-ды".
Франциск ұшып жеткен-ді, аттанарда ажалға,
Жарыса келді, амал не, қара сайтан, тажал да:
"Бұл менікі, — деді ол, — жолама бұл адамға.
Барар шағы таянған құлдарымның қасына;
Жауыздық кеңес бергелі бұл жағымпаз басына,
Қалт жібермей қылығын, жармасқамын шашына
Өкінбей тұрып әуелі, жазмыш кешпес ондайды,
Құмарта тұрып күнәға, өкінуге болмайды:
Тәңірі ондай пікірге айып-кесел жолдайды.
Түсінік, түйсік өрерін білмедің бе менен де?"
Жаппар ием, шошыдым ол осылай дегенде,
Сұрады да ол жармасты, қалтырады денем де.
Алдымдағы Миносқа дереу мені жеткізді,
Құйрығымен арқаны сегіз орап, өткізді,
Жаза кесіп, ашумен зәһар уын төккізді.
Жансын тозақ отына, жазығы мол жан екен!"
От көйлектің ішінде қозғаламын, зар етем,
Көзің көріп тұрсың ғой, азап шегіп әлі өтем".
Әңгімесін тамамдап, тайды отты бағана,
Бара жатты оранып азап пенен налаға,
Шанышты отты мүйізі лаулап жанып далада.
Әрі қарай қырқамен тарттық біздер табанда,
Келіп жеттік түнерген апан жатқан алаңға;
Төніп тұрған төбеден қатыгез бұл зауалда.
Жазаланбақ от-ылаң әкелгендер адамға.

ЖИЫРМА СЕГІЗІНШІ ЖЫР
Біздер көрген зілзаланы, қан, жараны, сірә, кім,
Айта алады, айта алса егер, сұрағын,
Қандай сөзбен қарманса да айта алмайды, шырағым.
Ақыл менен сөзіміздің аумағы тар алайда,
Соншама зор сойқандарды сыйдыруға жарай ма?
Кез келген тіл, сірә, мұнда сүрінер еді қалайда.
Қатерлі Пулья жерінде қырғында, азап байқаған,
Малшынып қанға, мертігіп, жиналғандар қайтадан.
Әлдері құрып, осылай болды деп мен айта алам.
Трояндар жаныштап, ұзын сонар қырғында,
Жүзіктерін салыққа төледі деп, құрдымға,
Ақиқатты Ливий дұрыс жазып тұр мұнда;
Робердің сарбазын қиратам деп тырмысқан —
Қиян-кескі қырғында араптар да құм құшқан,
Біз байқаған сұмдықтан бұл да саяз бір мысқал.
Көмілуде әлі сүйектер Чеперано маңында,
Пульялықтар бұл жерде жұртын сатқан залымға.
Сілейткен еді сұм Алар Тальякоццо жанында.
Сондағы қырғын сұмдықтар еске әлемет салар мұң;
Жүз есе артып түседі керемет мынау — алау мұң,
Тоғызыншы апаны алапат, тажал зауалдың.
Қақ айрылған қарыны біреу жүрді бөгетте,
Астына дейін ауыздан тілініпті, себеп не?!
Үңіреймес дәл бұлай түбі түскен шелек те.
Қос тізенің арасында салбырап ішек бір буда,
Өтер жерде жеген ас қарын дейтін құрғырға,
Жексұрын жұмыр қалтада мазасыз жүрек ырғуда.
Көзіме көзі түскенде, бишара бұғып саспады,
Қанталап, қаннан дымданған кеудесін ашып тастады.
"Кейпіме менің қарашы!" — деді де, сөзін бастады:
"Көрдің бе, міне, Мухаммед, өң-түсі қалай бүлінген!
Алдымда Әли барады, азаптан қажып, бүгілген,
Бас сүйегі айрылып, ыңырсыған, түңілген.
Мұндағының әммесі — осынау жатқан ордағы,
Тірілердің ішінде ылаң тастап алдады:
Сол үшін де кінәлі, сол үшін тамұқ, жалмады.
Артымызда — ақсайтан, долдана көзі шатынап,
Мүгедек қып біздерді бастырмайды ақымақ,
Толып жатқан тобырды семсерімен жапырақ.
Қайғылы жолдан сайтанға қайтқанша біз оралып,
Қанды мынау жарақат тәнімізден жоғалып,
Қалпына келіп әуелгі жазылмақшы, ол — анық.
Кімсің өзің, биіктен сонша сұсты қараған?
Әлде мынау түбектен, күнәһарды қамаған,
Шошып туспей турсың ба, бізді көріп жағадан?"
Әруақ емес бұл, әсте, тартпаған күнә кеселін;
Жер астының көрсін деп соқпақ, сойқан меселін,
Бастап мұнда әкелдім, — деді менің көсемім, —
Қаттан қатқа апарып, Тамұқтан алып өтуге,
Мақшарда мендей марқұмға жазмышы жарлық етуде;
Ақиқат — осы, мінеки, алдында сенің бекуде".
Жүзден аса елестер тоқтай қалды жалма-жан,
Азаптарын ұмытып денелерін жалғаған,
Қадала қарап бәрісі, сұқтана мені барлаған.
"Дольчиноға айтпайсың, шыға алсаң егер Тамұқтан,
Келмеймін десе қасыма қатыгез тағдыр тарылтқан.
Қамдана берсін берілмей, қуғынға салған халықтан.
Көмектеспей тұрғанда новарларға қардан шың;
Керегін жинап алсын да, күні бұрын қамдансын,
Сонда ғана жауынан жеңіліп, күйреп қалмау шын".
Осыны айтып Мухаммед жылжыды, ілгері аттады,
Өмірде қалған Дольчина әріптесін жақтады.
Өтіп жатыр өлгендер тоғызыншы қаттағы.
Бір бейбақ тұр тамағы тақ ортадан тесілген,
Мұрыны жоқ, қос қабағы қосарлана кесілген,
Сыңар құлақ сірә да, хабарсыз-ау еш үннен.
Бірдеме деп кәңгірлеп, аялдады, тоқтады,
Көмейін ашты әуелі, үңірейді оқпаны.
Дегені мынау пақырдың көбік шашып от қаны:
"Ей, күнәсіз, егерде тұрмаса алдап пішінің,
Бұрыннан-ақ сені мен танитұғын кісімін,
Ортасынан көргенмін латындар ісінің.
Есіңе сен де алып көр Пьерді мұнда тасталған;
Верчеллидің жанынан шекарасы басталған.
Тамаша бір жазық бар Маркабоны жастанған.
Анджолелло, Гвидодай азаматтарға сәлем де,
Фаноның жайсаңдарына айтқанымды дәлелде;
Жалғандық егер жоқ болса, көріп келдік әлемде.
Жалғандықтың жалдама құлдары кеп ластайды,
Католика маңында кемеден суға тастайды,
Әккі тиран өмірі сол сұмдыққа бастайды.
Аралықта Кипрден Майоркаға дейінгі,
Қарақшылар, гректер құрған қанды сейілді,
Нептун бірақ көрмеген мұнша зұлым пейілді.
Екеуін де айдайды сығыр көз бір жырыңды,
Қол астына ап, қожа боп, билеп тұрған Римді,
Оны мәңгі көрмеуге көршім менің бұрылды.
Екеуін де сол зұлым келісуге шақырар;
Шақырар да, жол бойы тұңғиыққа батырар,
Фокарада екеудің енді қандай қақы бар?"
"Сен туралы хабарды тірілерге апарам,
Жарық көрер күн болса, жатқан мынау жападан:
Айтшы маған, көршің кім жанары сөнген қападан?"
Дегенімде, ол досының жақ сүйегін қозғады,
Қолын қойған қалпында, қозғады да, боздады.
"Мінеки ол: үні өшкен, бұл өңірдің боздағы.
Қудаланған бұл бұйрық күдікті қуып Цезарьдан,
Шешен еді топ жарып, қапелімде сөз алған: —
Шешінген судан тайынбас, — деп үгіттеп, сазарған".
О, бишара, соншама бола қапты бұйығы,
Салбырап тұр "сәнденіп", кесілген тілдің қиығы,
От ауызды Курион ғой — шешендіктің құйыны.
Қолдарының тамтығын көтеріп көрші түнектен,
Басқа біреу көрінді мүгедектік жүдеткен,
Бет-аузына қан қатқан, айқайлады жүректен.
"Бітті жұмыс, — қайтты кек, — деп көскиткен мәтелді,
Еске алғайсың, айтқайсың Москаны да қатерлі;
Туған жерге ол лаңның алапатын әкелді".
Сенің қандастарыңа өлім келсін!" — деген ем,
Мұңына мұң жамылып, сенделіп ол жөнелген.
Қашқандайын ақыл-ес әруақ болған денеден.
Ал мен болсам, қарадым тобыр толы аңғарға,
Біліп болмас іс көрдім бүлік салған жандарға;
Ол туралы, сірә да, айта алмас ем жалғанда.
Ар мен ұят әмірі аяқ асты қалғанда,
Ақиқаттың сауытын айқара киіп самғарда,
Адал ар мен ұяттан асыл, сірә, жар бар ма?
Көрген едім, әлі де көз алдымда тұр менің;
Арасында тобырдың бассыз дене жүргенін,
Қауымменен қанша рет айналғанын білмедім.
Кесілген басты шырақтай көтеріп тұрды ол шашынан,
Қарады бізге, шошыдық көзінің қанды жасынан,
Қайғылы сонда үн шықты қиылған адам басынан.
Екеу болып көрінді ол, өзін-өзі жарық қып,
Екі жүзді көрсеткен бір өзі екен, қанықтық;
Не істесе де еркі ғой, шебер ием, жарықтық.
Біздер тұрған көпірдің жақтауына тоқтады,
Бас көтерген қолын тік маған қарай оқтады;
Маған деген айтылмыш әңгімесін соққалы.
"Еркінсіген, ей, адам, ішінде өлі жандардың!
Азап пенен сорларға назарыңды аударғын,
Бұдан ащы жапаны көрген жоқсың, аңғарғын.
Менен хабар ала бар, сұрай қалса, Тұныққа,
Мен Бертрам де Борн екенімді ұмытпа;
Бір кезде Иоанн корольді үйреткем теріс қылыққа.
Ылаң әке-балаға мен арқылы орнаған;
Авессалом, Давидты ойран етіп, торлаған,
Ахитофел әзәзіл, сірә, мендей болмаған.
Туысты туысқа айдап сап, бүлік болып саналғам,
Жұлыным сосын қиылып, жексұрын болып жаралғам;
Тозақ екеш тозаққа керексізбін арам қан.
Сол үшін мен де басқадай құтыла алман зауалдан".

ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ ЖЫР
Жаншылған мынау тобырлар азап-сор, мұңға жол салын,
Жанарымның құшырын қандырғаны соншалық,
Жасырмай шерлі-қайғыны, жылағым келді томсарып.
"Жаншыған мынау түнектен мүгедек, қараң адамды,
Іздейсің нені, жарқыным, ұқпақсың нендей хабарды?
Түнеріп жатқан түкпірге жанарың неге қадалды?
Өзіңді басқа апандар осынша зауықтырмаған,
Қайтесің ғазиз жандарды, жазасын налып тыңдаған,
Есебіне жетпейсің, ерен бұл Тамұқ тұр қараң.
Әнеки, сонау төменде, барады Ай да қалықтап,
Уақыт тығыз, аз қалды, жүрмейміз енді "шарықтап",
Басқалар күтіп тұр сені, басқа жәйт өзін танытпақ".
"Әлденеге ниет қып дағдарып тұрған кезімде,
Жанымды жете түсініп, бойласаң ішкі сезімге,
Аялдауға, сірә да, бұйырар едің өзің де".
Бастаушымның сөзіне осылай жауап бергемін,
Ол — алдымда, мен арттан әуелгідей ергемін;
Көмейімде тұрғанды айтуға оған жөн дедім.
"Әне бір жерге, апанға, көзімді тіктім, мұң ішім,
Өтеуге тиіс жазасын өзімнің жақын туысым,
Тартуы тиіс ауырын тартқызған талай құны үшін".
Қор қылма оған ойыңды, бөлмей-ақ қойғын сананы,
Кездеспей қалғаныңнан да келер-кетер шамалы,
Ойламай-ақ қойғайсың, ушықтырма жараны.
Айдаһардай ашулы екен, көргем оны көпірден,
Саған сұқтап саусағын, бірдеме деп өтінген,
Естігемін, Джери деп, біреу оған жекірген.
Ойлап тұрдың онда сен есіңе алып басқаны,
Байқап қалып Готфорлық құдіретті қасқаны:
Көре алмадың сондықтан, ал ол сені тастады".
"Оны біреу өлтірген, құрбан болған, көсемім,
Арттағылар кек алмай кетірді оның кеселін,
Амал қанша, жамылдық намыссыздық кеселін.
Сондықтан да ол біздерге мәңгі бақи өкпелі,
Сондықтан да ол маған ашу шашып өткені,
Сондықтан да ол маған аяулы боп кеткені".
Әңгімелеп осылай ендік жаңа күмбезге,
Келесі апан үстінде түнеріп тұр түн кезбе,
Көрер едік жан-жағын жарық түссе күн көзге.
Сопқанды Сығыр Саңлаудың көрер ең соңғы тұрағын,
Сан жеткісіз сенделген қарағы мен шырағын,
Өрмелеп өрге шыққанда құлаққа ұрды бір ағын.
Уайым, мұңдар ұшынған ұсқынсыз со бір күйдегі,
Еңіреулер, қарғыстар найзадай келіп түйреді.
Тығындадым құлақты, даңғаза мені биледі.
Вальдикьяна, Маремма, Сардиния жерінде
Барлық аурухананы әкеп тықса көрінге,
Ыңырсулардың көкесін көрер еді тегінде.
Дәл солай, бізден төменде, күңіренуде апан жылатып,
Қаңсыған сасық жарадай, кеулеген ірің былапыт.
Үстінде мүңсік иісі қолқаны қауып, тұр атып.
Сытылдық та сілемнен, бұрылып сол жақ беттегі,
Ұстазымыз екеуміз дуалға келдік шеткері.
Айқын турды алдымда апанның түрлі өткелі.
Аулаққа кетті жанарым құдайдың құлын таныды,
Жазалап жатыр қатігез Ақиқаттың ақ ұлы,
Айыптап жатыр аяусыз кәззап пенен қарыны.
Жұқпалы қырғын дерт келіп, жамсата бәрін қырғанда,
Жөн тартқан Эгина үстінде түнеріп қайғы тұрғанда,
Кенелмеген дәл бұлай кеңірдектен мұң-зарға.
Түк қоймай тірі жәндіктен алапат індет таралған,
Ақыры байырғы адамдар құмырсқадан жаралған,
Жыршылардың бірісі осылай деген ғаламнан.
Сойқандап өткен сол бір шақ зауалға мына жетпеген:
Соқыр зындан түбінде аруақтар кеткен бетпенен,
Зарығады пақырлар жалғыз-жалғыз, көппенен.
Бірісі түсіп етбеттен, бірісін бірі жанға алып,
Қасайған бірі біреудің иығына қарманып,
Біреулер жылжып барады төрт аяқтап шаң қауып.
Дерттенген сормаңдайларды келеміз тыңдап, үңіліп,
Аттаған сайын көреміз дәрменсіз жатыр бүгіліп:
Келеміз үнсіз көз тастап қарманғандарға сүрініп.
Екеуді көрдім арқасын біріне-бірі қалаған,
Орныққан оттың үстінде аумайды екі табадан,
Тұла бойы тұтасып қабыршықтанған жарадан.
Асыққан атшы сезініп қожаның күліп тұрғанын,
Абдырар байқап, күннің де батуға ыңғай бұрғанын —
Сол да осылай тездетпес тарақпен атын тырнауын.
Өзін өзі осуда тырнағымен айғыздап,
Құтырынған қышуды бір сәтке солай қойғызбақ.
Сонымен жаны жай тауып, жанына дамыл жайғызбақ.
Сыдырғандай пышақпен қабыршағын балықтың,
Қотырына әруақтар саусақтарын салыпты,
Тынымсыз тырма-тырнақтар теріні түтіп алыпты.
Етті жұлып қан аққан тістеуіктей саусақтан,
Бүлдіріп бүкір жотасын дал-дұл етіп қаусатқан,
Мойныңды бүр, ей, пәнде, өзін-өзі жамсатқан.
Айтармысың сен бізге, біз тыңдарлық мән бар ма?
Маңайында, пақыр-ау, латыннан жан бар ма?
Мына азапты тырнақпен тыя алмайсың жалғанда!"
"Латындар — біздерміз, алдындағы екеуің,
Міне, көріп тұрсың ғой, азап-сорын, мекенін,
Кімсің, бізге мәлімсіз өзіңнің кім екенің?"
"Қасымдағы мен мына тіріменен біргемін,
Қараңғы алқап, қара жер қаттан-қатқа кіргемін.
Тамашасын тамұқтың көрсеткелі жүргенім!"
Осы сәтте әлгілер тастай бере тірегін,
Жабыла маған үңілді қалтыратып реңін,
Бүкіл апан таңырқап, бірі түртіп біреуін.
Ұстазым маған аударды аспандай тұнық жанарын:
"Айтарыңды айтып қал, не десең, білсін қалауың!"
Барлық ынта-жігермен сөз сөйлеуді қаладым.
"Өздерің туып, жаралған ең алғашқы өмірде,
Есімдерің ұмыт боп, жоғалмасын көңілде,
Баршаға ортақ қыруар күн кешігеді тегінде!
Қайдансыңдар, кімсіңдер, қандай жандар бар мұнда?
Жексұрын азаптарыңнан, айналдырған малғұнға,
Ұялуға қақың жоқ екеуіңнің алдымда".
"Ареццодан едім мен, ал Альберо-Сьеннен,
Өртегенде жалынмен себепке бөлек сүйенген,
Басқа үшін менің Тамұқта тартқан жазам Иемнен.
— "Ауада да ұшын көргемін, — дегем оған бір кезде,
Әзіліме сәбидей сене қойып ілезде.
— Үйрет, — деді, не дерсің бұл балалық мінезге.
Айтып айтпай не керек, одан Дедал шықпады,
Сол үшін де ол мені шіркеуге әкеп жыққаны,
Сол үшін де епископ отқа мені тыққаны.
Алхимик едім, алайда жоқ заттан алтын жонушы,
Сондықтан Минос — мәңгілік қателеспес торушы
Айдады мені осынау абақтыға оныншы".
"Съендіктерден асқан бұзылған жұрт қайда бар?
Күресу үшін булармен француздар да ойланар?.."
Осылай дедім ақынға, осы еді сөзім ойға алар.
Өре турды орнынан әруақтың қотыр бастасы:
"Шығынға сараң, үнемшіл Стриккадан басқасы,
Тізіміңнен, тірі жан, шығарып оны тасташы.
Қалампыр сүйгіш Никколо қосылмайды тағы да,
Бірінші боп сол гүлді ол отырғызған бағына,
Орасан табыс берген-ді, мал қосқанды малына.
Ашанолық Качча да, достас болып жанасқан,
Бағын, жерін тәрік етіп, тамашаға таласқан,
Аббальято ақыры ақыл-естен адасқан.
Сенімен бірге сендік сорлыларға күлемін,
Азап тартқан рухтың анықтап қара реңін,
Жадыңа сақта, айтайын, ал енді өзім кім едім:
Әбігер анау дүниеде алхимия ол берген,
Капоккьо едім мен — металға алтын өң берген;
Есіңде болар, егерде өзің болсаң мен көрген,
Кәззаптықтың шебері ем, кәсібімді меңгерген".

ОТЫЗЫНШЫ ЖЫР
Сол күндері Юнона ашуы буып келгенде,
Семела үшін кек төгіп фивяндарға төнгенде,
Болған жәйтті сан рет көрсеткен-ді елдерге, —
Қолындағы ханшаның перзенттерін көргенде,
Ақыл-есім тұман боп Афаманта шерменде,
Айқайлаған патша, ашу есін жеңгенде:
"Top құрайық тұтайық, арыстанның қаншығын,
Жолын бөгеп, жөндейік баласын да, балшығын!" —
Тырнақ жазып ұмтылды ол бүркітіндей аңшының.
Қайыра сілтеп қанатын Леархты ап қалды,
Жайрап түсіп нәресте, соғылып тасқа уақталды;
Екіншісін анасы алып суға батқан-ды.
Өжеттікпен, өрлікпен Фортуна келген күндерде,
Трояны төңкеріп, айналдырып түн-көрге,
Қожамен қоса меншігін жоқ етіп жойқын бүргенде.
Жоқшылықта, тұтқында Гекуба шерлі жүргенде,
Аңғарып қалып, қызының өлгендігін білгенде.
Толқын ұрған жағада жатқанын көрген бір кеуде.
Полидордың өлігі әлемет боп құрыпты,
Міне сонда Гекуба ақыл-есін ұмытты,
Қамап алған қайғыдан төбеттейін ұлыпты.
Фивалық ашу-ызадан, трояндық қаһардан,
Әлдеқайда асып тұр алдымдағы қатал маң,
Адамды, аңды жайрата, аластаған қатардан.
Ой, тоба! Құп-қу, жалаңаш мына бір екі адамды-ай!
Айналасын жапырып, қыршып тістеп, жалаңдай,
Қашаны бұзып, қиратып, қорадан қашқан қабандай.
Капоккьо мойнына, қаба тістеп жармасты,
Кетті онымен зымырап, ыңырсыған албасты;
Тасқа төсей жығылды ол қарын менен жамбасты.
"Мынау Джанин Скики — жексұрын бір анайы,
Осындағы жандарды титықтатқан жабайы", —
Осылай деді қалтырап аретина малайы.
"Басқаның қаппағанына шүкірлік ет, шырағым!
Қасыңда мынау тұрғанда, жауап бер, жеңіл сұрағым,
Мынауың кім, қай жақтан, білесін бе тұрағын?"
"Бұл былапыт рух қой қу нәпсісін тыймаған,
Тәннің тәлкек құлы ғой талақ болған Миррадан,
Шатысып туған әкемен құмарын басқан, қинаған.
Әкесінен әл алып, арылмай қалған күнәдан,
Өзіне басқа өң беріп, алдаумен дүние құраған,
Әлекке салған өзгені әне бір жандай — бұл адам.
Әне бір елес бір кезде алмақ боп асыл қашырды,
Өлген Буозо орнына жатқызып өзін жасырды,
Өсиет айтты өтірік, қараңғы қауым бас ұрды".
Бұрқанған екі елес те алыстап менен кеткен-ді,
Жанарым сонда жай тауып, тінтіді қиыр шеттерді,
Басқа бір сормаңдайларды қайыра шолып өткен-ді.
Біреу отыр жазмышқа қарсылық жоқ, бой ұрған,
Шабымен қоса аяғын тастаса алып бойынан,
Су құйған құдды бөшкедей іргеге әдейі қойылған.
Бойында барлық дымқылы шемен болып байланған,
Қарыны кеуіп тырсиып, басынан асып айналған;
Шүйкедей ғана шақша бас әншейін аулақ, жай қалған.
Аңырайтып көмейін, ауру жандай шөлдеген,
От болып жанып денесі, амалсыз бірақ өлмеген,
Созады ернін тынымсыз жоғары-төмен, көлденең.
"Саусыңдар ғой өздерің, Тамұққа есік ашқандар,
Қасіретті апанға, — деді ол, — қадам басқандар,
Қараңдар маған, көріңдер, бұрылып назар тастаңдар!
Есіл зергер Адамо жазаланған бұл маңда!
Бар құмарды қандырдым баста дәурен тұрғанда,
Бүгін, міне, зәрумін зәредей бір ылғалға.
Казентино жерінің жылғасы мен бұлағы,
Жасыл, жайсаң таулардан Арноға кеп құлады;
Лайсыз, таза арнада мөп-мөлдір боп тұнады.
Қашанда тұнық нәр сәуле жанарымда тұрады,
Қаңсыды жүз, кепті өңеш, күйреп жігер сынады,
Дерт те ит екен дәрменсіз, жейді, қашан тынады?
Абайсызда бас салған күнәға батқан жұртымда,
Енді, міне, сол жерде қылаптанған құлқынға,
Үкім етті: жатырмын ыңқыл қосып ыңқылға.
Иоан патша суреті бар масқаралап тиынды,
Роменде жалған бір жасап едім бұйымды,
Сол үшін де сол жерде отта өмірім қиылды.
Гвидо, Алессандро, інісі — мұнда келер ме ед,
Жексұрын, жауыз жандардың елесін, әттең, көрер ме ем,
Айызым қанып, алғысқа Бранданы берер де ем.
Тобырлардың сөздері тұрарлық болса сенуге,
Әлгілердің біреуі бас ұрған дейді өлімге;
Тұра алмаймын, не шара, қолымнан келер менің не?
Әттең, шіркін, мұнша тым ісіп-кеуіп жатпасам,
Тым құрыса жүз жылда бір қарыс жер аттасам,
Ит болар ем мен оны қайтсем дағы таппасам.
Шіріндінің ішінен қайтсем де оны іздер ем,
Шақырымдар жатса да арамызда жүздеген,
Қашан оны тапқанша күдерімді үзбер ем.
Қырсығы ғой солардың күйреткені тосқауыл,
Жалған алтын тиынмен мен де оларды тосқамын,
Солар үшін алтынға үш есе тас қосқамын".
"Жәйі не мынау екеудің, көк түтінге батқанның,
Қалғандайын қолдары аязында ақпанның,
Сылқ түсіп сұлаған оң жағында жатқан кім?"
Деді әлгі: "Тартқанда Тамұқтың мені апаны,
Осылай еді осылар, беттерін өстіп тақады;
Байқаймын, сірә, осылар мәңгілік өстіп жатады.
Мына жатқан Иосифті арбаған да, жалмаған,
Трояндық грек пен суайт Синон жалдаған,
Аптап ауру баздандырып, көк түтіні лаулаған".
Елестің сөзін көрші елес кенет естіп қалды да,
Сый нақақ деп ұйғарды белгілі бекзат алдында,
Жұдырықпен бір түйді тығыршықтай қарнына.
Даңғырадай даңғырлап, күңіренді құрсағы;
Бар ашумен зергер де бетке қолын жұмсады,
Пәрменінің барынша былш еткізіп бір салды.
"Денем ауыр тартқанмен мына дерттен талайғы,
Тәнім бағынбағанмен, қолым әлі талайды
Көрістіріп көкесін бір түюге жарайды".
"Басқанында жалынды, — деді әлгі көкбөрі, —
Қолың бұлай құлшынып, еш әрекет етпеді,
Жалған ақша жасауға ылдым-жылдым, епті еді",
"Жалған жауап беріп ең, жалдап тұрып жаныңды,
Трояндарға айтқаннан мынау мүлде нанымды;
Мінеки, мұның ақиқат", — деді жуан қарынды.
"Мен сөзіммен алдасам, сен кәсіппен жалмадың!
Өмірде теріс қылыққа бір-ақ рет барғамын.
Ал сен болсаң, алдампаз, сайтандарды да алдадың!"
"Ей, ант бұзар, абайла, ағаш атты есіңе ал,
Жалған айтқан жауызда жасағанның өші бар,
Бар жазаны бүгінде бір өзіңе кесіп ал!"
Сасық ірің кернесін, жазалансаң жазалан!
Кепсе, кепсін кенезең, аулақ қал бірақ қазадан.
Қампиған, кепкен қарныңмен мәңгі-бақи мазалан!"
"Әуелден сенің көмейің былапыт сөзден жыртылған,
Шөлдеймін, рас, кәрім бар денемде менің бұлқынған,
Дертің жеңіп, ал сенің мүжіліп миың құртылған.
Миыңды сенің дерт жайлап, денеңді аптап талауда:
Зәредей ниет білдірген өңмендер едің адамға,
Тым құрыса бір рет Нарцистің суын жалауға".
Бұлардың мынау сөзіне құлақ түрдім құныға;
Ескертті бірақ көсемім: "Еліттің ненің сырына?
Ренжуге мен даярмын тамаша көрген мұныңа!"
Осылай деп ол маған тіл қатқан кезде зілменен,
Қысылып сонша, жүзіне қарауды ғана білген ем:
Әлі де менің жадымда, жасқанам әлі күнге мен.
Күйініп, кейіп, кей адам әлі ұйқыға кетерде,
Енсе екен деп түсіме езіле тілек етер де,
Болмағандай болғанды қиялдайтын бекерге.
Соған ұсап өтініш аузыма кеп тығылды,
Түсінер де, кешірер деп күттім мен мұнымды,
Кешкен екен, білмегем, ұлы ұстазым ғұмырлы.
"Таудай үлкен айыпты тарыдай ұят жуады,
Манадан бергі жәйттарға кірленбес арың шуағы,
Салынба сары уайымға, — деді ақындар пырағы, —
Есіңде болсын, екеуміз жүргенде алға қамданып,
Қарысқандарға кездесіп, қарармыз, мүмкін, таңданып,
Егескендерге әлгідей бұрылып, назар аударып.
Арсызды тыңдап алайда, ақымақ болып қалмалық.

ОТЫЗ БІРІНШІ ЖЫР
Әлгінде ғана соншама сілейте мені шаққан тіл,
Өңімді тіптен өзгертіп, өзегіме батқан тіл,
Жарама менің өзі енді шипасын да тапқан тіл.
Әкесі мен Ахилдың көк сүңгісі өстіген,
Азаптарға алғашқы себепші болған, естіп ем,
Ақырына әдемі көмекші болған, естігем.

Қияметті op сырт қалып, жазықпен тарттық көлбеген,
Манағы көрген опат ор — оралған бізге белдеме,
Tic жарып дыбыс қатпадық, кездеспеді пенде де.
Күндіз де емес, түн де емес, сенбе мейлің, сен мейлің,
Қияндағы қиырдың шегін, шетін көрмеймін,
Естіп тұрдым алайда ащы үнін кернейдің.
Күркірінен аспанның әрі күшті, әрі өктем,
Көз тастадым әлгі үнге әлденені зар еткен,
Жады қылып қойғандай жанарымды әлек мен.
Сарбазынан айрылып Ұлы Карл сол жолда,
Кері кеткен жылдары керемет қырғын болғанда,
Әлгіндей кернейлетпеген жан ұшырған Орлан да.
Буалдыр сағым сәуледен, мінеки, шықты қарсы алдан,
Қатар түзеп, көк тіреп, мұнаралар қарсы алған.
"Неғылған бұл шәрі?" — деп, ұстазыма тамсанғам.
"Ынтығып мынау ымыртқа тым алыстан қарадың,
Қарадың да, көзіңді қалт жібермей қададың.
Мұндай кезде кей-кейде алдауы мүмкін жанарың.
Өз көзіңмен көресің, қасына таман барғанда,
Аңғарғаның алыстан анық па әлде жалған ба,
Көсіле, қане, адымда, қайраттан, босқа таңданба".
Қолымнан алып ізетпен, ескертті көсем сәл күліп:
"Есіңді алып бейнелер жүрмеуі үшін дал қылып,
Әлі де көрмей тұрғанда, әзірден бастап ал біліп:
Мұнара емес мыналар, — алыптардың қатары;
Құдықтар мен қуыстар айналасы — жатағы,
Төмен қарай кіндіктен тас дуалға батады".
Бұлт түнегі серпіліп, кездерде бір ашылған,
Көрінбей ме дүние көкшіл тұман жасырған.
Аңғармай ма жанарың ақ сәулені шашылған?
Аттаған сайын осылай алаңқаймен ашылған,
Тығыз ауа арасымен ылдиға қарай бас ұрған,
Күдігім менің жойылып, үрейім бірақ тасынған.
Мұнаралар айналасын тұмшалаған босқа құр,
Монтереджона тұғырында тұрғанындай тас бауыр,
Мұнда да бір қоршаған қаһар шашқан тосқауыл.
Аспанда Дит әлі күнге есін алған күркіреп,
Алапаттай алыптар тұр, дүниені сілкімек,
Бой көрсете сұстанады, секілденіп түр тірек.
Бет кеудесін біреудің аңдап қалдым ондағы,
Жалғасқан майлы мықынға анау қарны болғаны.
Қос бүйірін қуалап салбыраған қолдары.
Қиып тастап Марстан дәл мынадай алыпты,
Табиғат талай қырсықтан аман сақтап қалыпты.
Тұсау салып дүлейге жеті әкесін танытты.
Өз қолынан жасаған киттер менен пілдерге,
Егер жомарт табиғат өкінбеген күндерде,
Мұндай дүлей алыпты тықпас еді бұл жерге.
Белгілі ғой, біріксе ақыл, ашу, долданыс
Дүниені түгелдей тығар еді орға күш,
Адамдарға ешнәрсе болмас еді қорғаныс.
Тұрқы оның сонша зор, соншама ұзын, ірі де,
Ұрығындай шыршаның орнатылған Римге;
Соған ұқсас бар кескін, барлық тұрқы-түрі де.
Аяқтары орда тұр, жиегінен ордың сол,
Жалғасып ап, үш фриз жағасына созса қол,
Маңдайына ешқашан жеткізе алмасы анық ол.
Мықынынан жамбасы отыз сүйем аулақта,
Отыз қарыс, санасаң, белуардан сан жаққа;
Адам білмес тілде бір ақырды кеп жан-жаққа.
Тағы ауыздан дүлей үн атылады қыжыртып,
Баяғыдан сорлыға берілмеген қызыл тіл,
Мінәжат қып, дұға оқып отырсын деп сызылтып.
"Дүлей рух! Одан да кернейлетсең болмай ма,
Буырқанған ашуың басылмай ма ондайда?
Кернейлетсең, сайтаның қуылмай ма сол бойда!
Тозақы рух, мойныңды сипап, қане, көр дейім,
Шынжырды тап алдымен, сипап қара деңгейін,
Қарыныңның үстінде ілулі тұр кернейің:
Бұл — Немврод патша ғой, өзін анық танытты;
Кесірінен осының кесапат тарап, жауыпты.
Әр тілде сөйлеп халықтар, түсінісе алмай қалыпты.
Жетер енді, лағу — оған деген әңгіме,
Түсінбейді ол, айтқан сөз қонбақ емес әңгіге,
Ешкімге де сөзі оның түсініксіз мәңгіге".
Солға тарттық біз енді, сапарымыз жалғанды,
Аздап кері шегіндік, тастадық та ол манды;
Әлгіден де алапат көрдік басқа палуанды.
Білу керек нендей күш жұмсатқанын алыпты,
Қайырылып оң қолы арт жағында қалыпты,
Салбыратып сол қолын алдына әкеп таңыпты.
Мойынынан өкшеге шынжырменен шандылған,
Қос бүйірін сыға кеп, ақыл-есін тандырған,
Шырмап, матап бейбақты шырмауықта қалдырған.
"Өктем неме билікті аламын деп күшпенен,
Диге қарсы соғысып, ақымақтық істеген,
Зауалда тұр сорлы енді, құдіреті күштеген.
Бұл — Эфиальт: есте ұста осы басшы болғанын,
Бұзбақ болған алыптар құдайлардың қорғанын;
Енді, міне, мәңгіге көтермейді қолдарын".
"Теңдесі жоқ Бриарей не күйде екен бүгінде,
Көрер ме екем бетпе-бет, болар ма екен білуге?" —
Деп сұрадым ұстаздан, оңтайланып жүруге.
"Бізге жақын осында, Антей дейтін мүсін-ер,
Шынжыр оны бумаған, айтқан сөзге түсінер,
Шыңырауға кеселді, соның өзі түсірер.
Әлгі сенің айтқаның көрінбейді алыстан;
Әлгіндегі алыптай шынжырда ол қарысқан;
Әлпетінен әсте бір қаһар төгіп, зәр ұшқан".
Ашу буған Эфиальт сілкінгендей, сірә да,
Жер қозғалса қозғалмас ежелгі алып мұнара,
Дүр етті бір сілкініп, дүлей тұрған бұл ара.
Өлер сәтті күттім мен, зәрем жоқ, жаным қынжылды,
Өлер едім үрейден, есі кеткен жын ғұрлы.
Көрмегенде мына бір шомбал-шомбал шынжырды.
Және жүрдік, және тұр тас қараңғы апанда,
Теңдесі жоқ жаһанда алып Антей атанған.
Төбесінен мойнына бес аттасаң апарған.
"Бытыратып, быт-шыт қып Ганнибалдың ор күшін,
Сципион даңқ алған мекен етіп жерді шын,
Қатерлі алқап нуында қан сасытқан сенбісің?
Сан жетпес арыстандарды жүндей түтіп жүрмісің,
Бастағанда қырғынға бауырлардың әр күшін,
Жер ұлдары жеңер деп жұрт мақтаған ермісің?
Жер ұлдарын бастасаң, жеңер еді алыптар,
Түнерме сен, түнерген паң кейпіңді танытпа,
Шыңырауында мұз қатқан Копитке бізді алып бар.
Тифон, Титий қашықта тұр, біздерден алыста;
Саған менің серігім қымбат сыйын табыстар;
Иіл, кәне, жағыңды құрыстыра қарыспа.
Сені әлемге қуана паш етеді тағы да,
Ұзақ ғасыр байланған бұл тірі адам, жанына,
Есі ауысқан дүниенің бармаса егер маңына".
Деді көсем, алпауыт абыр-сабыр қамданды,
Ашық алақанына дұрыс көрді алғанды,
Алкид бастан өткерген жойқын осы қорғанды.
Аясынан алақан Виргилийім жай тапты;
"Мұнда тұр", — деп, мендегі үрейді де қайтартты.
Алақаны сауыттан сенімді екен, байқатты.
Гаризенда мұнарасы, нақ төбеңнен төнілген,
Шырқау көкке шаншылып, шыңы аспанмен көмілген,
Бұлтқа қарай сәл басын иетіндей көрінген.
Соған ұқсас төнді Антей, уысындамын қатердің,
Сездім сонда, сірә, мен осылай-ақ өтермін.
Қапелімде бұл жолды қаламай-ақ кетермін.
Люцифер, Иуданы жұтқан түнек апанды,
Дәлдеп тұрып түсірді, жәйлап бізді апарды,
Көтерді алып еңсесін, көкте басы қаһарлы.
Діңгегіндей кеменің шолып турды жаһанды.

ОТЫЗ ЕКІНШІ ЖЫР
Қаһарлы оқпан қатал талап тартты, дереу қолға алды,
Барлық құздар құлай келіп, құшақтайды сол маңды,
Сонда жырым сырыл қағып, сықырлауық болған-ды.
Көмектесті ол терең ойдың нәрін сығып алуға;
Лебізім осы жерде орынсыздау қалуда,
Сөйлеуім де қиын енді, қиындықтар қаруда.
Алға әкелу бет-бейнесін жаһаннамның түбінің,
Оңай шаруа емес, шырақ, тұрса да артып білімің.
Бұл арада көр-жерменен көгермейді түбірің.
Сөзбен сырлап жеткізбекке кереметті мол, батпан,
Амфиондай сырлы әуезбен Фиваны орнатқан.
Берер қуат, келер Муза кереметім қолды артқан.
Сұрқия ұрпақ, талақ-тағдыр, түні-күні қараңдар,
Бәлен деудің өзі қиын, жер бетінде тағы аңдар,
Бір қора қой болып неге қалмадыңдар, арамдар!
Ендік біздер шыңырау бір түнегіне тамұқтың,
Жып-жылмағай алаңқайға, аяғына алыптың.
Төбемдегі жүрген тауға аузымды ашып қалыппын.
Үн естідім бір сәтте: "Көзіңе қарап аттағын!
Көрмейсің бе туыстардың соры қайнап жатқанын?
Өзің тіптен өкшеңменен басымызды таптадың!"
Жан-жағыма қарандым мен, қарандым да, сыр ұққам,
Астымда бір қол жатыр тас боп қатқан суықтан,
Сұры әйнекке ұқсайды, су екенін ұмытқан.
Қарып, қақап тұрған шақта алапат қыс ақ шашты,
Австрия Дунайы да оранып бұлай жатпас-ты:
Қиырдағы Танаис та дәл осылай қатпас-ты:
Тамберника алмағайып астан-кестен мола ғып,
Құласа егер Пьетрапане дәл осында жоғалып,
Мына көлдің жиегі сықырламас-ау, ол —анық.
Әндетпекке көлшіктен тұмсығын сәл ыңғайлап,
Қарманатын көлбақа, тыңдасын деп түнгі аймақ,
Жатқан шақта диқандар күндізгі ісін түнде ойлап.
Беттен бөлек тәндері мұз астыңда көмулі,
Сақылдайды тістері соққандайын темірді,
Күнәкарлар көгеріп, мұз құрсауда көрінді.
Жасытады жүздерін жаһаннамда ділгіріп,
Көрсетеді бейнесін тамұқ жатқан бүлдіріп,
Ауыздары — аязды, көздері мұңды білдіріп.
Айналаны аңғарып, басымды идім және мен,
Екі жанды байқадым қосарланған денемен,
Тұтасып кеткен шаштары, аумайды бір түп көдеден.
"Төс пен төсі жабысын, мұзбен қатқан кімдерсің?" —
Деп сұрадым, екеуі мойнын соза ділгерсін,
Жалтыраған жанармен маған қарап үлгерсін.
Жазғындардың жанары көз жасымен ісініп,
Дымқыл атып тұр екен бір нүктеге түсіріп,
Қабақтарын қатты аяз қатырды тез үсіріп.
Темір құрсау бөренені тас бекітсе қаншама,
Дәл бұлардай болмас еді, тастай қатып қалса да,
Текелердей маңдайымен сүзісті олар жан сала.
Жұтқан аяз құлағын, шұнақ біреу жәй ғана,
Көтерместен шекесін: "Бұл не? — деді ойлана, —
Неге бізге тесілдің қарағандай айнаға?
Білмек болсаң айтайын, мына екі малғұнды,
Әкелері Дльберто артына мұра қалдырды,
Бизенцьо жері үшін бірін-бірі жау қылды.
Бірге туған қос бауыр, мына Каинды аттаған,
Ол шеті мен бұл шетін тінтісе де таппаған,
Екеуіндей еш өлік шегенделіп қатпаған.
Дәл бұлардай қатпаған қырағы көз Артур да,
Көк сүңгісін жанышқан өгей ұлға антұрған.
Фокаччаның өзі де азғын, сатқын, ант ұл да.
Татымайтын тар күнде басы маған тақалған,
Сассоль Маскерони деп Тосканада атанған,
Ел білетін елес те жоқ олардай қата алған.
Камичон де Пацци — мен, анықталсын барлығы,
Карлиноны күтемін — арамдықтың қалдығы,
Бүркелуі үшін күтемін заңсыздықтың жарлығы".
Беттер көрдім жүздеген бейнесіндей төбеттің,
Беттер көрдім сол мұздан берекесіз ерек тым,
Әлі күні қорқыныш, үрей менде демекпін.
Жәйлап қана аяңдап сол ортаға енгеміз,
Дүниедегі бар салмақ түсіп тұрған жерге біз,
Қалтырадым елсізде ымырт жапқан көрде — мұз.
Әлде тәңір, кездейсоқ әлде жазмыш, қалайын,
Білу қиын, бастардың аттағанда талайын,
Қағып кеттім аяқпен әлдекімнің самайын.
"Неге ұрасың? — деді елес ыңырсыған пішінде, —
Келген жоқсың ұруға мені көрдің ішінде,
Кек алуға келіп пе ең Монтаперти үшін де?"
"Сәл аялда, ұстазым, алайыншы біліп мен;
Айықтырсын бүл өлік мені мына күдіктен,
Тездетерміз сонан соң жолымызды іріккен".
Ағызады әлгі аруақ бар былшылын, білгенін,
Аялдады бастаушым, әлгі елеске үндедім:
"Өзгелерге ызалы азаптағы кім?" — дедім.
"Өлілердің беттерін тіріден әрі тапаған,
Мына Антенорада өзің кімсің, жат адам?"
Ол да маған үн қатты мұзды аязда қақаған.
"Мен тірімін, сені егер ұрпақтарға түу алыс,
Атап өтсем жырымда, табар едің жұбаныш", —
Дедім оған, алайда ол білдірмеді қуаныш.
"Мен басқаны қалаймын, әрмен кетші, шатпағым,
Кеше тұрып көлденең мына мұздың батпағын,
Алдарқатар нәрсені, о, бәтшағар, тапқанын!
Қолым барып әп-сәтте шүйде шашқа жармасты:
"Не өзіңнің атайсың есіміңді алғашқы,
Не шашсыз қап құрисың, қарғыс атқан албасты!"
"Жалбыраған шашымды ақыр жұлады екенсің,
Ақтармаймын сырымды білмей мені өтерсің,
Маған десең, біржола түтерсің де, кетерсің".
Шүйде шашты қолыммен тінткілеп, төнгем кеп,
Бір топ шашын шыңғыртып жұлып алдым шеңгелдеп,
Итше ұлыды сор қатқан төмен қарап, өңмеңдеп.
Айғайлады әлдекім: "Бокка, тоқтат, бақырма!
Шықшыттарың онсыз да сақ-сақ ұрып жатуда.
Ұлыдың ғой, жетеді! Не көрінген пақырға?"
"Өшір енді үніңді, сатқын, жауыз, қақсама,
Қалайсың ба өмірде қылығыңды масқара,
Мен арқылы мәңгілік білдіресің басқаға".
"Табаныңды жылтырат, өтірігіңді айта бер,
Әңгімеңді бірақ та қаз-қалпында айта гөр,
Дарбаза ауыз мынаның кім екенін байқа, көр.
Француздар ақшасын жоқтап мұнда жылаған,
"Күнәкарлар айдынында Дуэра да құлаған", —
Деп айтқайсың жасырмай, жан болса егер сұраған.
Олар егер сұраса, кім жатыр деп тағын да,
"Беккерия бар мұнда, жауыққан бауыр жанында,
Қылша мойны қиылып, мәңгі бассыз налуда;
Джанни Сольданьер бар салбыраған қабағы,
Ганеллон бар, Тебальделло ашып берген қаланы,
Жаулар еніп, түн жамыла фаэнцаны талады".
Аулақтадық олардан, көзім тағы қанықты,
Бір шұңқырға бір-екеу мұзда қатып қалыпты,
Төңкерілген бөріктей бірін-бірі жауыпты.
Есі кеткен аштардай қатқан нанды қажаған,
Айқасыпты тістері ашу, ыза, жазадан;
Астыңдағы сорлының желкесіне қадаған.
Ақтық демі бітерде өзі дағы Тидейдің,
Бас сүйекті қажаған мына долы пірдейін,
Меналипптің маңдайын кемірді ме, білмеймін,
"Жыртқыш aшy кернеген, ей, есуас, желіккен,
Кімді мүжіп жатырсың, көрмеп пе-едің, көріп пе ең?
Кімді жалмап жатырсың, себебі оның неліктен?
Шыныменен өштігің орынды болса, дүлейім,
Өкпелеткен кім сені, кімсің өзің, білейін,
Ақиқат болса, өмірде әңгімеге ілейін.
Байланып тілім қалғанша қызмет етіп жүрейін".

ОТЫЗ ҮШІНШІ ЖЫР
Жемтігінен жексұрын аузын алып жалма-жан,
Езуінің қанын сүртті қалың шашқа қармаған,
Қанын сүртті қалың шашқа әлгінде өзі жалмаған.
Сосын айтты: "Сор азап кәріне тәнім бағынды,
Қайғылы мына жүректі қайта ояттың, қағынды:
Айту тұрсын, ойлау да жегідей жейді жанымды.
Сөз деген егер ұрықтай өрбісе, бәрін ақтарам,
Жауымды мына түйресе қаңқасын мүжіп таптаған,
Әрі жылап, әрі айтам, рахаттана шаттанам.
Кімсің, білмен, бұл елге жайлап жатқан арман мұң,
Барса келмес межесін қалай өттің, таңдандым.
Тосқаналық екеніңді дауысыңнан аңғардым.
Уголино граф ем, сонау алыс бір шақта,
Руджери — хазірет екеуміз бір сапта;
Туыстардан жақынбыз, бекер емес, бұл шақта.
Сенгем оған, ол маған жауыздығын танытты,
Тұтқындайын түнекте ұстап мені сарылтты:
Сарылтты да, өлтіртті — баяғыдан анық-ты.
Сатқынның көр-пиғылын маған арнап көздеген,
Алайда ешбір замандасым бұған дейін сезбеген,
Тыңда, айтайын, сұмдық ажал қалай маған кез келген.
Содан бері атанды ол әйгілі Аштық Мұнара,
Талайларды еркінен де айырылтар бұл ара,
Жазаландым сол арада, сонда баттым күнәға.
Темір тордың тесігінен талай айларды өткердім,
Келер күнге кең жамылғы ашқан шақта еткен күн,
Қатерлі ұйқы қалтыратып, қапелімде кептелдім.
Түсіме енді, оныменен саятшылар төнеді,
Бөрі менен бөлтіріктерін қуып ала жөнеді,
Лукканы жасырған сол бетке алып төбені.
Елегізген иттерді еліктіріп қорегі,
Бірінші боп алдында жұбын жазбай желегі —
Гваланди, Сисмонди, Ланфранки келеді.
Балалар мен әкеден қорғану да жоғалды,
Аңшылардың дегені дер кезінде жол алды.
Өткір тістер жармасып, қабырғаға қадалды...
Көркін күтпей көк аспанның таңсәріде тұрғамын,
Ұйқы езген, әлсіреген аянышты үн тыңдадым.
Нан сұрайды төрт нәрестем, төрт құлыным — ұлдарым.
Бұл күрсініс жүрегіңе не хабарлар, сен мүлде,
Көзіңе жас алмайсың ғой, айтқаныма сендің бе?
Бір нәрсеге бір кезде сен жылап, сірә, көрдің бе?
Қаңсыды Аштық мұнара, ұландарым оянды,
Абақтыгер талшық берер шақта сол сәт таянды,
Әлгіндегі ауыр түстен көңіліміз қаяулы.
Кенеттен бір дыбыс естіп, есім кетті, не керек,
Сұм Мұнара есігін кеп біреу жатыр шегелеп,
Ұлдарыма қарап қалдым, о не деген керемет!
Күрсінерге жоқ дәрмен, қатып қалды төрт таған,
"Неге бұлай қарайсың, сүйікті әке", — деп маған,
Ансельмуччо сұрады, күңіренді төрт балам.
Мылқаудайын мелшидім де, жыламадым алайда,
Күн мен түнді өткердім де, шыдап бақтым қалайда,
Оралғанша келер күн таңғы шұғыла арайға.
Болар-болмас бозғыл сәуле құйылғанда зынданға,
Өзімнің кім екенімді жаңа анықтап бұл маңда,
Өз бетіме өзім қарап, қайран қалып тұрғанда", —
Дерт қыжырып, сонда мен саусағымды шайнадым,
Балаларым, сірә да, аштықтан деп ойлады,
Бәрі тұрып орнынан, жалына сұрап қоймады.
"Же, бізді, әке, жей ғой бізді, өзің берген денені,
Қараң қалған құр сүлденің шамалы енді керегі.
Ақиқаттық адал үкім өзі осылай дер еді".
Жандарыма жауыздықты жасау қайда, тоқтадым,
Күн өтті үнсіз, екінші күн оның басты соқпағын,
О, қара жер, о, қара жер, неге бізді оппадың?!
Уақыттың иығына төртінші күн асылды,
Гаддом менің сенделіп кеп аяғыма бас ұрды:
"Құтқарсаңшы, әке, мені!" — деді де өлді, басылды.
Қарап тұрған дәл сендей тура маған дөп келіп,
Қарап тұрдым, үш ұлым кезек-кезек кетті өліп;
Бес, алтыншы күндерді араларында өткеріп.
Көр соқырмын, сипап көрем, үрей кештім, зар бастым,
Қос күн удай өліктерді шақырамын, алжастым,
Қайғыдан да қатал екен аштық дейтін албастың..."
Үні өшті оның, дереу бір сәт көзі аларып, шатылды,
Қараң қалған қаңқа басқа жармасты да, қатулы,
Қақ сүйекке қашыр-құшыр ит азуын батырды.
Ғажап өлке Италия бетіндегі масқара —
Уа, Пиза, көршілерің алдарқатып жатса да,
Тартарсың сен, болсын солай, мұны естен тастама:
Капрара, Горгонаның тұрағынан жөнесін,
Жөнесін де, Арноның кеп кең сағасын бөгесін,
Арсыз жұртың суға батып, кеткенінен келмесін!
Мақұл, граф Уголино қара ниет болған-ды,.
Қара даңқын қалдырды да, өзі берді қорғанды,
Балаларға қанішерлер неге сонша долданды?!
Қарашығы-ау Фивтердің, күнәсіз ед сол жандар,
Угуччоне, Бригата жап-жас жаңа толғандар,
Күнәсіз еді балалар — жырымда сөз болғандар.
Ілгері тарттық бармаққа жазықпенен көлбеген,
Қаһарлы мұз қапсырған, қимылдауға ырық бермеген,
Күнәкар ұрпақ етпеттеп, азап шеккен жерменен.
Ет жүрегің қан жылайды, көз жасқа ерік бермейді,
Ақ айдынның алжапқышын ауыр дертің жеңбейді.
Тұңғиықта тұтқын азап атырапты кернейді.
Көлкіп, көзден шыққан жас ақпас бетпен тайғанай,
Қас, қабақтың астына қатырып оны қойғаны-ай,
Шыққан бойда қатады мөлдір, тұнық айнадай.
Сол сағатта менің де бет, қабағым, қол, маңдай,
Зәһәр суыққа ұрынып, қаһарынан тоңғандай,
Бойымдағы бар сезімім мүлде қатып қалғандай;
Әлдеқалай лүп етіп, самал есіп ұрғанда,
Ұстазымнан сұрадым: "Қайдан келді зынданға?
Мәңгі-бақи бу біткен өшпеп пе еді бұл маңда?"
Жауап болар сұраққа жерге алып барамын,
Түсінесің бәрін де, өз көзіңмен қарағын,
Неге екенін білесің қозғалысын ауаның".
Мұз құрсанған түнде де үні естіледі біреудің,
"Жауыз жандар, қылмыстарың бастан асқан білемін,
Сол үшін де тамұқтың ең шыңырауына жіберді.
Алыңдаршы көзімнен, ауыр азап мұздай-ды,
Жас боп ақсын бір сәтке жанды жеген мұң-қайғы,
Аршыңдаршы, аяз кеп азаптамай тынбайды".
Жауап қаттым: "Жарайды, жанарыңды ашайын,
Есіміңді айт алдымен, өтірік айтсам, ағайын,
Өзіңе ұсап көк мұздың қабатыңда қалайын!"
"Альбериго сопымын, күнім менің тым қараң,
Жеміс-бұтақ өсірдім арам іске бір ғана,
Айырбастап отырмын антырымды құрмаға".
"Сен өліп пе ең?" — деген сұрақ үйірілді тіліме,
Жауап қатты ол: "Құқығым жоқ, айлам да жоқ білуге,
Менің тәнім бұл жалғанда нендей өмір сүруде.
Таломеяда ежелден қатал тәртіп түр мұнда,
Атропос жаныңды алғанынша бір жылда,
Шыбыныңның бөлшегі өзі-ақ ұшар құрдымға.
Жаға түссін жаныңа, аяздан қорғап қалғанда,
Шыныдай мұзды көзімнен өз қолыңмен алғанда,
Жауыздық іске, біліп қой, жаңадан мен барғанда.
Жаныма кеп орныққан жалбыр шашты албасты,
Қалып қойды біржола кетпестей боп жармасты,
Сәулем қашан сөнгенше арылмас-ты, қалмас-ты.
Дене қалып, шыбын жан құрдымға кетті сөнді де,
Бүрістірген бүрме аяз артымда тур, көр, міне,
Мұны да жұрт санамай жүрген шығар өлдіге.
Жерден келген пендесің, тиістісің білуге,
Бранка д'Орья — біздің бауыр бүгінде;
Бірге өткердік жылдарды бұл тамұқтың түбінде"
"Қиындау болар, — дедім мен, — ақиқат табу мынадан,
Бранка д'Орья өлген жоқ әлі, тірі адам,
Ішеді, жейді, ұйықтайды, киінеді дін аман".
"Микеле Цанке сорлыны қарамаймен қайнаған,
Жөнелтпей тұрып апанға, зұлым істі ойлаған,
Жаны өзінен кеткен де, орнын сайтан жайлаған;
Сайтанға бойын билетіп, сайтанға ойын алдырған,
Ұялас тумасы екеуі ұятты әдіра қалдырған;
Қатігез жандар осылай қара дақты жандырған:
Қолыңды, кәне, созсаңшы, көзімді ашшы кел менің!"
Қозғалтпадым қолымды, саусақ ұшын бермедім,
Азғынменен сыбайлас болғым менің келмеді.
Соңғы ұятын қымқырып, жүрегімен ұрлаған,
Генуя жандары, барлығын да былғаған,
Жер бетінде неліктен тұқымың шіріп, құрымаған ?
Романдық пасықтың пасығын мен білемін,
Бірге онымен сендерден кездестірдім біреуін,
Жаны көптен тамұқта, жерге тастап реңін.
Көркіменен көзді алдап, алдап-арбап жүр елін.

ОТЫЗ ТӨРТІНШІ ЖЫР
"Әміршісі тамұқтың желбіретіп жалауын,
Жақын қалды біздерге, — деді ұстаз адамым,
Тобырлардың арасынан көрініп тұр, қарағын".
Аспанға біздің түн келіп, түнеріп тұрып алатын,
Жарқыраған жанарды немесе тұман жабатын,
Жел диірмен алыста қанаттарын қағатын.
Түнекте тұрған алыпты сол сияқты ұғындым,
Ұстазымның артына жан ұшыра тығылдым,
Жайратардай бораннан жан сауғалап бұғындым.
Болдық, біздер сол жерде, қорқамын тағат қыла алмай,
Қатпар мұздың қойнында әруейлер шыға алмай,
Үскірік атты тұңғиық, әйнекке тұрған қыраудай.
Кімісі сұлап, кімісі тікеден тік қатуда,
Жоғары-төмен бастары мұзға оранып жатуда,
Иіліп қалған доғадай ал қайсыбір пақырлар.
Әрі қарай үн-түнсіз сапар жолын жалғадым,
Сұлу болған бір кезде талайлардың арманын,
Көрсем деген ниетпен көңілімді арнадым.
Жайлап қана ұстазым алға мені жөнелтті!
"Мінеки Дит, біз мұнда келгеніміз себепті,
Үрей-қорқынышыңды аластауың керек-ті".
Денем суып, әлсіздік басқан мені; сол жайды,
Сұрама менен, оқушым, сөз бұл жерде болмайды,
Керек емес көп еңбек жазу үшін ондайды.
Не тірі, не өлі емеспін, екі ортада бірдеме,
Өзің ойлап қара дағы, байыбын түй, үндеме:
Не тірі емес, өлі емес, — сонда ұқсамақ бұл не
Дозақы жұрттың төресі тым ерекше, төтен-ді,
Кеудесінің жартысын мұздан алып көтерді,
Аждаһадай бір алып, Луюцифер бөтен-ді.
Сәл көтерген кеудесін алып па деп көресің,
Көресің де түгелдей мұзға батқан денесін,
Аңғарасың өзің-ақ, өз көзіңе сенесің.
Жаратқанды жазғырып, қайтқан оның меселі,
Неткен үрей, бір кездер әсем жаның осы еді,
Ол ақиқат, бәлекеттің ең бірінші көсемі!
Денесінен оның мен көргенімде үш бетті,
Ғажайыптан үнім өшіп, есім шығып, түс кетті
Кеудедегі бір бетін қызыл түстен істепті;

Екі иықтың үстіне екі бет кеп жабысқан,
Айбар шашып жан-жаққа, қорқытады алыстан,
Желкедегі айдардың дәл астымен қабысқан.
Он иықта — оң беті, жапырақтай ақ сары,
Сол бетінің бояуы көзге қораш, жат, тағы,
Тұрғындардай сонау бір Ніл дария жақтағы.
Екеуінің астыңда екі қанат гулеген,
Өмірде ешбір құс тағы бұл сұмдықты білмеген,
Мұндай үлкен желпуіш кеме де алып жүрмеген.
Қауырсынсыз, түбітсіз, жарғақ қанат түстенген,
Самалдатып самұрық топшысымен күш берген,
Сол бір түнек алқапты түтіп жатыр үш желмен.
Суы қатты Коциттің мәңгі мұзға ұсаған,
Алты көзді, аққан жас, азаптанған, тұсаған.
Қан аралас сілекей шұбыртады үш аран.
Үш жақтан кеп жұлмалай талағанда үшеуі,
Әр арнаға бір-бірден күнәкарлар түседі,
Үш күнәкар бір кезде шыңғырады, күседі.
Алдыңғысы тырнаққа ілікпеуді тілейді,
Ақсиған тістен тырнақтар әлдеқайда үрейлі,
Әлсін-әлі сыдырып, жон терісін ірейді.
"Бәрінен сұмдық азапта, — деп көсемім қояды, —
Жоғарғы сонау Иуда — бас күнәкар баяғы,
Басы кеткен көмейге, сыртта қалған аяғы.
Бастарын төмен жіберген мыналарды көрдің бе?
Қара араннан салбырап тұрған Брут, ол мүлде
Терідейін құрысып, аша алмайды ернін де!
Қарсыдағы Кассий ғой, талпақ, мығым денелі,
Уақыт болды жүрейік, түн салбырап келеді,
Билігіміз жоқ біздің, көрдің, болса керегі".
Жарғақ қанат жазылып ашылғанда төсі оның,
Ұстазымның арқасына алқымымды төседім,
Сәтті шақта солай маған әмір етті көсемім.
Жалбыр жүнді тұлғаны жақын барып тұр ұстап,
Төмен сырғи бастады сайтан жүнін уыстап,
Жүн кеуде мен мұз қабықтың араларын қуыстап.
Бүйір жамбасты аралап, әзер-әзер өткенде,
Түйетайлы мықынға, ылдиға енді жеткенде,
Әзер дем ап көсемім, дереу жата кеткен де.
Аяқ жақты бағдарлап, басын санға соғады,
Жалбыр жүнге жармасып, көтерілді жоғары,
Өткен жолға қайтадан баратқандай болады.
"Мықтап жармас!" — деді ұстаз, мен де қатып қалыппын,
Қалжыраған адамдай әзер демін алып тұр, —
Құтқаратын жол осы құрдымынан тамұқтың".
Титтей қуыс ішімен тапты жартас қатпарын
Отырғызып шетіне, көмек берді, сақтады,
Мен отырған жартасқа өзі батыл аттады.
Күттім, шолып Сайтанды таста біраз мекендеп,
Ойлағамын оны мен әуелгідей екен деп,
Аяқтары ал оның көкте тұрды секеңдеп.
Ести тұра жырымды еш мәнісін таппаған,
Төрелігін сендер айт нендей қиырды аттағам,
Өздерің айт не үрей сонда маған қаптаған,
"Тұр орныңнан! — деп көсем есімді сәл кіргізді, —
Талай алыс сапарлар алдан күтіп тұр бізді,
Сапарына аттанды күн қуалап жұлдызды".
Біз тұрған жер төрі емес-ті төрт бұрышты сарайдың,
Кедір-бұдыр едені бар жай бір қуыс талайғы,
Әлжуаз бір әлсіз сәуле өлеусіреп қарайды.
"Айтшы, ұстазым, — дедім мен де дереу қарғып тұрдым да, —
Тұңғиықта тұрғанда, мынау осы құрдымға,
Адаспайын айт маған күдік дейтін құрғырға;
Мұз қайда әлгі екеуміз көп аралап, көп көрген?
Оқтай зулап, сорайған, тар қапаста кептелген,
Түннен таңғы сапарын қалай Күн тез өткерген?"
"Бар әлемнің салмағы астыңдағы жаншылған,
Мен жүніне жармасқан дүниеге шаншылған,
Сайтан тұрған жердеміз деп ойлайсың аршыл жан.
Төмен қарай түсерде, болдың онда шынында,
Баяғыдан бар салмақ баса келіп жығылған,
Нүктеге сол жеткенде, жалт беріп мен бұрылғам:
Қазір сенің үстінде аспан әлемі орнаған;
Оған қарсы құрлықтың әуесі тұр қорғаған,
Мәңгі-бақи саясын құрлығына жолдаған:
Өмір сөніп, күнәсіз тәңірге кеп тақалған;
Тас төсеніш әзірге өзің көрген аспаннан —
Кіші шеңбер, Джудекко арғы беті атанған.
Ол жақта түн, бұл жерде Күн шыққан да, таң алған,
Мына жүндес баспалдақ баяғыдан жаралған,
Бәз-баяғы қалпында қара жерге қадалған.
Көктен келіп шаншылған қарғыс ұрып бір кезде;
Гүлжазира жер беті ертеректе түрі өзге,
Жер сілкініп теңіздің қойнына енді ілезде.
Біздер тұрған осы бір жарты шарға өткен-ді,
Шапшып тау боп, кім білсін, жоғарыға кеткен-ді;
Кеуекте қалған кер сайтан түбіне жердің жеткен-ді".
Періден алы с бір жер бар құйттай ғана кеңдігі,
Көрдің қабырғалары әкетері алыс белгілі,
Гүрілінен танытқан құтылар жол сол ендігі.
Тасты жарып, тасты езіп, ағып жатқан бұлақ бар,
Жоғарыдан салдырап естіледі құлаққа:
Ылдиы бар оның да, құласын емес бірақ та.
Аттандық көсем екеуміз, көрінбес жолды көзге алын,
Енуге жарық өмірге ынталандық, тозбадық,
Бар жігермен жоғары келеміз жылжып, қозғалып.
Ол алдымда, мен артта, сапарымды жалғауға,
Жүріп келем нұрлы аспан көрінгенше саңлаудан,
Тоқтармын жарық дүние көздің жауын алғанда.
Шықтық жарық дүниені қайтадан бір барлауға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халыққа хат

  • 1
  • 6

Туған халқым!
Қатемді кешір менің?
Сенің арқаң сескенбей, есіргенім.
Егерде жырың болмай, ұрың болсам,

Толық

Қыз сыры

  • 1
  • 2

Көк белдерге шық тұнғанда,
Шықтым бір күн далаға.
Күнмен бірге шықтың алдан,
Шықтың алдан, жан-аға.

Толық

Сәби өсіп келеді

  • 1
  • 3

Түнге карай,
Түйсік салып,
Таң атқанша не болады?!
(Оны қайдан білейін)

Толық

Қарап көріңіз