Алматының аспаны – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Алматының аспаны» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2015
  • 1
  • 9
  • 40975
Тал түсте,
Бозғыл деңгейде,
Шуағын жерге төккен Күн.
Жылымық қыста кей-кейде,
Иісі келер көктемнің.
Ұмыттырар ақпанды,
Боз аспан, онан боз дала.
Осынау ғажап шақтарды,
Қозғама, тәңір, қозғама!
Оралады өткен күз,
Қыс келеді.
Төсі қар.
Ұзатылған көктем-қыз
Қайта оралса, несі бар?!
Ішке сыйған баламыз,
Сыртымызға сыяды.
Кең ғой біздің даламыз!
Зиялы да ұялы.
Қайдан келсін бірақ та,
Мезгіл жетпей қыз-көктем.
Қарашы анау қыратқа,
Арқасына мұз шөккен.
Алматының аспаны,
Бізді әзірге тұр алдап.
Қайың, терек бастары,
Барады әне, қыраулап...


Пікірлер (9)

дильназ

оте асерли создер мактаныш сезиммен маган унады

Сабина

Өзім Алматыда тұрған соң, осы өлеңді оқысам, жаным жай табады

енилик галымкызы

керемеи

Алина

Керемет олен шумактары маган унайды.

Жадыра

таңғажайып....

Өмірбек Дильяра

Керемет өлең шумақтарынан әдемі әсер аласың маған өлең шумақтары қатты ұнайды

Мен жаттап жатырмын

Дилмурат

Риза

Мұқағали Мақатаевтың Алматының аспаны өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматының аспаны өлеңінің авторы кім?

Мұқағали Мақатаев — осы өлеңнің авторы.

Алматының аспаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматының аспаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұқағали Мақатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматының аспаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері