Беташар – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Беташар» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 5
  • 28616
Боз ала ауыл жастары,
Бозбала күнін тастады.
Боз жаулық жауып қыздарға,
Шаңырақ құра бастады.
Жиылып жекжат ой-қырдан,
Ауылда күнде той-думан.
Жалғыз ұлы әкенің
Жалғыз атын да сойдырған.
Үйленді біздің, ағай да.
Үйленбе деуге қарай ма.
Бәсіре жалғыз көк тайын,
Сойғызып жатыр сарайда,
Той жасап бермек қалайда.
Ағайдың тойы жасалды.
Арманым еді қашанғы.
Қуанған көңлі босанды,
Әжем де көзге жас алды
Келіннің бетін ашқан-ды.
Иіліп байғүс жасқанды.
Жасқанды-дағы... жас қалды...
Ертесі соғыс басталды,
Алды да кетті жастарды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

фарида

Мұқағали мақатаев менің сүиікті ақының.

Ерлан

Бұл маған өте қатты ұнады

Диас

Өте керемет

Марат

«Беташар» атты өлеңді оқып шығып, осы шығарма туралы әсерімді бөліскім келеді. Бұл поэтикалық туынды ауыл өмірінің салтанатымен басталатын той-жоралғыларды, жастардың қуанышы мен әулет бірлігін дәстүрлі түрде бейнелейді. Өлеңде елдің қарапайым тұрмыс-таңдысы, той-думан, әжелердің көз жасы, келіннің беташар сәті көркем тілмен беріледі, бұл қазақтың ұлттық салт-дәстүрінің мәніне терең бойлайды.

Осы автордың басқа өлеңдері