Өлең, жыр, ақындар

Несіне асығады?!

  • 23.04.2015
  • 2
  • 12
  • 74911
Күн қайда асығады?!
Нендей күш күннің нұрын жасырады?!
Қызарып соңғы сәуле шашырады.
Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Несіне асығады?!
Көкжиекке ымырт кеп асылады,
Түн келіп, дүниені басынады.
Күн неге асығады, асығады?!
О, жарық дүнием-ай!
Қуатым-ай!
Несіне асығасың, тұра тұрмай.
Өмірді басқа арнаға бұратындай.
Түннен қорқам...
Мәңгілік тұратындай.
Тоқташы!
Тоқтай тұршы, қуатым-ай!
Білмеймін асығатын Жер ме, Күн бе?!
Белгісіз, не күш мені тербетуде?!
Қара жер қашан өткен күнді айналып?!
Қозғалмай-ақ тұрмын ғой жер бетінде.
Жетпедім ұшығына күнде ойланып,
Жер қайда асығады, күнді айналып?!
Тірлікте қара түннің керегі не,
Кетпей ме онан-дағы күнге айналып.



Пікірлер (12)

мукагали макатаев

рахмет кушти олен екен

Мұқағали Мақатаев

Күшті өте күшті өлеңдер екен

Сара

Мұқағали Мақатаевтың Несіне асығады?! өлеңі ұнады

Аяулым

Өлең өте мағыналы әрі әдемі я в шоке

Апа

Зор

Зейнеп

Қайтадан киносына дәл келген қандай әдемі өлең еді Мұқағали атамыздың керемет өлеңі

Эльвира

Әні мен сөзі өте сай, Әнуарбек Аманқосовтың орындауын тыңдай бергің келеді.????

Эльмира.

Кун кайда асыгады ,Оте маганалы олен. Кайта кайта тындайсын. Асерли.

Эльмира.

Кун кайда асыгады ,оте керемет маганалы олен. Асерли.

Перизат

Мұқағали Мақатаевтың «Несіне асығады?!» өлеңі — өмірдің үдеуі мен уақыттың мағынасы туралы терең философиялық тұжырымды көркем тілмен жеткізетін ерекше туынды. Ақын Күннің көкжиекке асығуын табиғаттың заңымен салыстыра отырып, біздің күнделікті тіршілігіміз бен ішкі толғаныстарымыздың мән‑мағынасын ойлануға шақырады. Бұл шығарма оқырманға уақытты бағалауға, әрбір сәтті терең сезінуге және өмірдің жан‑жақты бейнесін түсінуге шабыт береді.

Ерназар

Бұл өлең — қазақ поэзиясының терең философиялық толғанысы. Мұқағали Мақатаев адам мен ғалам арасындағы байланысты, уақыттың құбылмалылығын үлкен шеберлікпен бейнелейді. Ақынның «Күн қайда асығады?» деген қарапайым, бірақ мағыналы сөзі адамды өмірдің мәні мен уақыттың жылдамдығы жайлы ойлануға жетелейді. Қуаныш пен қорқыныш, үміт пен белгісіздік сезімдері өлеңнің әрбір жолында нақты көрініс табады. Бұл шығарма — оқырманға тек эстетикалық ләззат қана емес, сонымен бірге рухани ізденіс пен терең ой сыйлайды. Мұндай өлеңдер қазақ әдебиетін одан әрі байыта түседі және әрбір оқырман жүрегін тебірентеді.

Али

Бұл өлең қазақ әдебиеті мен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын зерттейтін оқушылар, студенттер және поэзия сүйер оқырмандар үшін маңызды — ол күннің, уақыттың және өмірлік мәннің мәні туралы ойлануға шабыт береді.

Пікір қалдырыңыз

Айтатын саған сырым бұл

  • 1
  • 4

Айтатын саған сырым бұл,
Ертеңім менің бұлыңғыр.
Әлсіреп, дымым құрып жүр.
Адасып менен кеткен бе?

Толық

Анау - аспан, мынау - бақ

  • 1
  • 6

Анау - аспан, мынау - бақ,
Аспанда бұлт, бақ жадау.
Мамық ұшты, қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.

Толық

Сабағы әлсіз сары гүл

  • 1
  • 22

Сабағы әлсіз сары гүл
Жартаста жалғыз тұр өсіп.
Жауын ба, жел ме – бәрі бір,
Өзінше ол да күресіп,

Толық

Қарап көріңіз