Кейде адамдар бір жағдайды алғаш рет көрсе де, оны бұрын бастан өткергендей немесе түсінде көргендей сезінеді. Мұндай құбылыс ғылымда «дежавю» деп аталады. Бұл термин француз тілінен аударғанда «бұрын болғандай сезім» деген мағына береді.
«Дежавю» ұғымын алғаш рет 1876 жылы француз ғалымы Эмиль Буарак ғылымға енгізген. Ол бұл құбылысты «адам қазіргі сәтті бұрынғы тәжірибемен шатастырып қабылдайтын сана күйі» деп түсіндірген. Яғни мәселе естелікте емес, қабылдауда жатыр. Ал психоанализдің негізін қалаған Зигмунд Фрейд дежавюді «бұрын санадан ығыстырылған ой немесе сезімнің қайта оралуы» ретінде сипаттаған. Зерттеулерге сүйенсек, дежавю көбіне 15–25 жас аралығындағы адамдарда жиі байқалады. Себебі бұл кезеңде ми белсенді жұмыс істейді. Жас ұлғайған сайын дежавюді сезіну жиілігі төмендейді. Қиялы бай, сезімтал адамдар дежавюды жиі бастан кешіреді. Сондай-ақ стресс, ұйқының аздығы немесе миға шамадан тыс жүктеме түскен кезде ми ақпаратты өңдеуде «қысқа жолды» қолданады да, қате сигналдар пайда болуы мүмкін.
Статистикалық деректер бойынша, адамдардың 60–80 пайызы өмірінде кемінде бір рет дежавю сезінген, ал кейбірі оны айына 1–2 рет байқайтынын айтады. Дегенмен кей адамдар дежавюды мүлде сезінбеуі немесе өте сирек байқауы мүмкін. Бұл көбіне ақпаратты нақты қабылдайтын, эмоциясын бақылауда ұстай алатын, логикаға сүйенетін адамдарға тән. Кей жағдайда адам дежавюды жай ғана ұқсастық ретінде қабылдап, оған мән бермей де қалуы мүмкін.
Ғылыми тұрғыда дежавюды түсіндіруге болатын болса да, бұл құбылыс әр адамға өзінше ерекше әсер қалдырады.
Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Рамазан Қазына
- Лао-цзы
- Хилон
- Платон
- Илон Маск
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі