Денсаулық – жеңіл түрде қарайтын дүние емес. Бірақ соның өзінде денсаулығына мән бермейтін, тіпті таңертеңгі жүгіруді жат көретін адамдар қоғамда аз емес. Сондықтан бұл мақалада таңертең жүгірудің пайдасы туралы айтылады.
I. Таңертең жүгірудің пайдасы қандай?
Таңертең жүгіру тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар жүректі қатайтып, жүрек пен қан тамырларын жаттықтырады. Статистика бойынша, тұрақты түрде жүгірумен айналысқан адамдардың артериялық қысымы шамамен 10 пайызға төмендеген.
Егер дұрыс тамақтану мен таңертеңгі жүгіруді қатар ұстансаңыз, салмақты азайтып, ұйқы сапасын жақсартуға болады. Мұндай физикалық белсенділік зат алмасу процестерін жандандырып, сергектік гормондары – эндорфин мен дофаминнің бөлінуіне әсер етеді. Бұл ағзаның энергия тұтынуын арттырып, стресске төзімділікті күшейтіп, көңіл күйді көтереді. Сондай-ақ жүгіру аяқ, арқа және өзек бұлшықеттерін шынықтырып, буындарды нығайтады. Таңертең ерте тұрып жүгіру тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырып, күнделікті істерді жүйелі орындауға көмектеседі. Жалпы алғанда, таңертең жүгіру иммунитетті нығайтып, өмір сапасын жақсартады.
II. Жүгіруді қалай бастаған дұрыс?
Алдымен нақты мақсат қойып, жүгіруге қолайлы орын таңдаған жөн. Мақсат адамға мотивация беріп, алға жетелейді. Жүгіруді асықпай бастаған дұрыс, себебі таңертеңгі жүгіру марафон емес.
Жүгірудің дұрыс техникасын сақтау маңызды. Жүгіру кезінде алға қарап, денені тік ұстау керек. Қолды сәл бүгіп, қозғалысты тепе-тең сақтай отырып жүгірген дұрыс. Сонымен қатар ыңғайлы спорттық киім мен кроссовки дайындау қажет. Алғашқы кезде қысқа және орташа қашықтықтарды таңдап, жүктемені біртіндеп арттырған жөн. Тым жылы киінбеу керек, себебі жүгіру барысында дене қызуы көтеріледі. Егер ауырсыну байқалса, міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет. Сондай-ақ жүгіру кезінде ағза көп сұйықтық жоғалтатындықтан, су ішуді ұмытпау керек.
III. Қанша уақыт жүгіру қажет?
Жүгіруді бастапқыда 20 минуттан бастап, уақыт өте келе 30–45 минутқа дейін біртіндеп арттыру ұсынылады. Жалпы жүгіру ұзақтығы адамның физикалық дайындығы мен мақсатына байланысты болады.
Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Нүсупқан Тоғжан
- Имам Раббани
- Имам Раббани
- Чанакья
- Лао-цзы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі