2026 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласында 21 жастағы Нұрай Серікбайдың қаза болуы қоғамда үлкен резонанс тудырып, құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы өзекті мәселелерді қайта көтерді.
Нұрай Серікбай — Алматы қаласында білім алып жүрген студент. Қысқы демалыс кезінде ол Шымкентке келген. Туыстарының айтуынша, Нұрай күдікті жігітпен бұрыннан таныс болған, алайда қыз бұл қарым-қатынасты қолдамаған. Соған қарамастан, жігіт бірнеше рет хабарласып, мазалағаны айтылды.
Оқиға күні күдікті қызды үйінің маңында күтіп тұрған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол Нұрайды қуып жетіп, оған ауыр дене жарақатын салған. Оқиғадан кейін күдікті оқиға орнынан кетіп қалған. Құқық қорғау органдары жедел іздестіру шараларын жүргізіп, екі күн ішінде күдіктіні Бозарық шағын ауданында ұстады. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
Бұл жағдай қоғамда әйелдердің қауіпсіздігі мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қайта талқылауға себеп болды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында қыз алып қашу және адам ұрлау адам құқықтарын бұзатын ауыр қылмыс екенін атап өтіп, мұндай әрекеттерге қарсы заңнаманы күшейту қажеттігін айтты.
Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Абдихай Жанболат
- Имам Раббани
- Имам Раббани
- Чанакья
- Лао-цзы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі