Өлең, жыр, ақындар

BTS (Bangtan Sonyeondan)

    BTS — Оңтүстік Кореядан шыққан әлемге танымал музыкалық топ. Топ 2013 жылы құрылды және оның құрамында жеті адам бар: RM, Jin, Suga, J-Hope, Jimin, V және Jungkook. BTS алғаш рет сахнаға 2013 жылғы 13 маусымда шықты. Ол кезде топты көпшілік біле қоймаған еді. BTS өз шығармашылық жолын Big Hit Entertainment компаниясымен бастады. Бұл компания 2005 жылы құрылғанымен, BTS дебют жасаған уақытта аса танымал болмады. Топтың алғашқы альбомы “2 Cool 4 Skool” деп аталды. Бұл альбомда жеті ән болды. 2014 жылы BTS тағы бірнеше альбом шығарды, бірақ үлкен жетістік бірден келген жоқ. Топ мүшелері күн сайын 10–12 сағат бойы дайындалып, жаттығулар жасады. 2015 жылы шыққан “The Most Beautiful Moment in Life” альбомынан кейін BTS-ке деген қызығушылық арта бастады. Бұл альбом үш бөлімнен тұрды. Осы кезеңнен бастап топтың жанкүйерлері көбейе түсті.

BTS әндерінің басты тақырыптары — жастардың өмірі, мектеп, армандар және қиындықтар. 2016 жылы шыққан “Wings” альбомы өте үлкен жетістікке жетті. Ол 1 миллионнан астам данамен сатылды. Осы альбомнан кейін BTS тек Кореяда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де танымал бола бастады. 2017 жылы BTS алғаш рет Billboard Music Awards марапатын жеңіп алып, “Top Social Artist” атағына ие болды. Бұл марапатты топ бес жыл қатарынан жеңіп алды. Осы кезден бастап BTS әлемдік деңгейдегі топ ретінде танылды. 2020 жылы BTS “Dynamite” әнін шығарды. Бұл ән Billboard Hot 100 чартында бірінші орынға көтерілді. Сонымен қатар, әннің бейнебаяны YouTube платформасында бір күнде 100 миллионнан астам қаралым жинады. Кейін шыққан “Butter” әні де үлкен жетістікке жетті.

BTS осы уақытқа дейін тоғыз студиялық альбом шығарды. Олардың әндері Spotify платформасында миллиардтаған рет тыңдалды. Топ 30-дан астам елде концерт өткізді. Бір концертке шамамен 50 мыңға жуық адам жиналады. BTS жанкүйерлері ARMY деп аталады. Бұл атау 2013 жылы пайда болды. Қазіргі таңда әлем бойынша миллиондаған ARMY бар. BTS әлеуметтік желілерде де өте белсенді. Олардың бейнелері мен әндері жүздеген миллион қаралым жинап, әлемдік музыка мәдениетінде маңызды орынға ие болды.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Шалхар Ақнұр


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар