Ең көп гол соққан қақпашы

Футбол тарихында ең көп гол соққан қақпашы ол - Бразилиялық Роже́рио Му́ке Се́ни. Ол 23 жылда 1256 ресми матч өткізіп, 131 гол соққан. 
Сени биыл футбол мансабын Бразилиялық Сан-Паулу клубында аяқтады. Оның соңғы матчы Гоияс командасына қарсы болды. Есеп 0-1 Сан-Паулу пайдасында.
Роже́рио Сени Синоп клубынан Сан-Паулу клубына 1992 жылы ауысқан болатын және сол уақыттан бері тек осы клубта ғана өнер көрсеткен.
Сенидің футболдық мансабы бойынша ресми матчтарда соққан 131 голы қақпашылар арасындағы рекорд болып табылады. Сонымен қатар оның еншісінде бір клубта ең көп матч өткізу рекорды да бар, ол Сан-Паулу клубында 1236 ойын өткізген.
Төменде Роже́рио Сенидің 10 голының видеосы:

 

 

15 ақпан, 1997 жыл. «Унион Сан-Жуан», Сенидің ең алғашқы голы.

 

19 мамыр, 2004 жыл. "Тачира" командасына қарсы матчта.

 

20 ақпан, 2005 жыл. "Палмейрас" командасына қарсы матчта.

 

9 наурыз, 2005 жыл. "Универсидад де Чили" командасына қарсы матчта.

 

1 маусым, 2006 жыл. "Тигрес" командасына қарсы матчта.

 

19 маусым, 2008 жыл. "Итуано" командасына қарсы матчта.

 

28 наурыз, 2011 жыл. "Коринтианс" командасына қарсы матчта. 100-ші голы.

 

7 тамыз, 2012 жыл. "Фламенго" командасына қарсы матчта.

 

15 шілде, 2013 жыл. "Витория" командасына қарсы матчта.

 

26 тамыз, 2015 жыл. "Сеара" командасына қарсы матчта. Футболдық мансабындағы соңғы голы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)