Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздар жалақысы көтерілді

2016 жылдың қаңтарынан бастап, барлық мемлекеттік білім беру мекемелерінде мұғалімдердің айлығы көбейді. Бұл өте қуантарлық жайт, себебі, ұстаз үлесі тым ауыр. Дегенмен, теңгенің құнсыздануына байланысты, барлық тауарлар мен қызметтердің бағасының тым өсуі, көңілге кірбің ұялаттырады. Бастысы, жалақының көтерілуін ұстаздар қауымы сезінсе екен.   Сонымен, барлық қызметкерлерді қоса алатын болсақ, жалақы 27%-ға өседі. Ал, педагог қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 44%-ға артады.

«Соның ішінде, білімі жоғары және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің еңбекақысы 66%-ға, білімі жоғары, І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердің жалақысы 51%-ға, орташа білімді және біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің еңбекақысы 64%-ға және І санаттағы жоғары білімі бар мұғалімдердің жалақысы 43%-ға артады. Осы мақсатта республикалық бюджеттен шамамен 200 млрд теңге бөліну жоспарлануда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (10)

kz2015

Жақсы жаңалық! yes

Улжан

Продуктынын барлыгы котериледи

Lazzat_103

ұзағынан сүйіндірсін. Әумин!

Айдана

Орта білімді, санатсыз мұғалімдерге қосылама?

нарқыз

хим.лаборанттардың жалақылары көтеріле ме?

Марал

Дәптер тексеруге, бірлестік жетекшілерге төленетін төлем алынып тасталса, ақшаның көбейгені қайсы ? Түсініксіз жай Кім ақысыз жұмыс атқарады ?

Марал

Дәптер тексеру,Бірлестік жетекшісіне төленетін төлем алынып тасталса ақшамыз көбеймей қайта азаймай ма?

Айна

Акша көбейді деген атақ 50-60% көтерілді деген қағаз жүзінен көрінгенімен, іс жүзінде көре алмадық.

Акжунис

Бирлестикке толенбегесин маган ягни жас маманга жуктеп койды. Мен озим али багытталмаганмын. Ал баскалар бирлестик жумысын истегиси келмей алган жок ешким

Акжунис

Бундай каркынмен жумыс журмейди типти

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар