Қожанасырдың май сатып алуы

Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады.

Әйелі оған бір кесе беріп:

- Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, - деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.

Сол жерде сатушы:

- Май кесеңе сыймайды. Қалғанын қайда құямыз? - дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:

- Қалғанын мына жағына құй! - деп, кесесінің түбіне құйғызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:

- Майды мұнша неге аз алдың? - деп сұрағанда,

Қожа:

- Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, - деп, кесені тағы да төңкеріп қалады. Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп қалыпты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

ақнұр

Маған Қожаның май сатып алуы сабақ жоспары керек еді бырақ таппадым.

Пікір қалдырыңыз

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)