Қалың қар балаларға шаттық әкелгенімен, көлік иелеріне біршама мәселе тудырады. Көлікті қар мен мұздан тазалаудың оңай жолы, оны жүргізу мен межелі жерге жету – біз сіздерге әр жүргізушіге пайдалы болатын 16 айла-тәсілді топтастырдық.
Терезені қар мен мұздан тазалаудың 7 тәсілі
1. Терезе тазалағышты көтеріп, бір түнге солай қалдырыңыз. Осылайша оның терезеге жабысып қалуының алдын аласыз.
2. Терезелердің қатып қалмауына сірке суының үштен бір бөлігі мен судың бір бөлігінің қоспасы көмектеседі: оны алдыңғы терезеге сеуіп, бір түнге қалдырыңыз. Сонда терезенің қарын тазалау әлдеқайда жеңіл болады.
3. Құрғақ шүберек пен спирт терезеге қатқан мұзды тезірек жібітуге мүмкіндік береді.
4. Алдыңғы терезені мұз басып қалмас үшін мына тәсілді пайдаланып көріңіз: ескі кілем, брезент немесе қалың матаны терезеге төсеп, терезе тазалағыштың астына қыстырып қойыңыз. Бірақ мұны температураның жылдам ауытқуы кезінде немесе қар қатты жауған кезде жасауға болмайды.
5. Егер қолыңызда қырғыш болмаса, онда қатты қалақша немесе кредиттік картаны пайдалануға болады, ең бастысы – металл пайдаланбаңыз, әйтпесе бетін сырып алу қаупі бар.
6. Бүйір терезелерді мұздан қорғауға қарапайым пластик пакеттер көмектеседі.
7. Егер көлікті шығысқа қаратып қойса, онда таңертең күн түсіп, қарды біраз ерітеді. Осылайша көлікті тезірек тазалауға болады.
Құлып пен есікке мұз қатып қалудан қорғаудың 4 тәсілі
1. Көліктің қатып қалған құлыбы мен есігін ашуға қолды дезинфекциялауға арналған құрылғы көмектеседі.
2. Сонымен қатар кілтті оттық арқылы ысытып алып, ақырындап қатып қалған құлыпқа кіргізу керек.
3. Алдын ала кілтке WD-40 жабдығын шашсаңыз болады.
4. Қатып қалған есікті ашу үшін оны басып көріңіз. Тағы бір тәсілі – жылы (ыстық емес) су, немесе антимұздатқыш қоспаны пайдалану.
Ішкі терезені қорғаудың 2 амалы
1. Мысық дәретіне арналған толтырғыштар терезенің булануының алдын алып, дымқыл мен түрлі иісті сіңіріп ала алады. Оны шұлыққа салып, көліктің бір жеріне тығып қоюға болады.
2. Қырынуға арналған крем терезенің ішкі жағын тазалауға көмектеседі және булануының алдын алады: кремді жағып, құрғақ шүберекпен сүртіп шығыңыз.
Қытымыр аязда да көлікті оталдыруға көмектесетін 3 кеңес
1. Егер суық түскелі жатқанын байқасаңыз, көліктің аккумуляторын абайлап алып, үйге кіргізіп қойыңыз.
2. Егер көлік 15-20 секунд бойы оталмаса, былай жасап көріңіз: кілтті бастапқы қалыпқа келтіріп, шаршаған аккумуляторға демалуға 2 минут уақыт беріңіз, кейін тағы оталдырып көріңіз. Бұл процессті қайта-қайта қайталамаңыз – осылайша сіз аккумулятордың жағдайын одан сайын нашарлатасыз. Дұрыс бағдар – стартердің бұру жылдамдығы.
3. Көлікті оталдырудың ең дұрыс жолы – «тұтатқыш». Өзіңізде дайын кабельдер болсын – бұл сізге басқа көліктің аккумуляторына қосылуға мүмкіндік береді. Бірақ аккумуляторыңыз «есін жиып» бастапқы қалпына келуі үшін қозғалтқыш бір сағаттай жұмыс істеуі керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі