Әлемдегі ең үлкен алаңдар

Бүгін біз сіздерге спорттың ойын түрлеріне арналған (футбол, америкалық футбол, крикет) әлемнің ең үлкен алаңдарының рейтингін ұсынбақпыз. Алаң сыйымдылығының көрсеткіштері 2014 жылдың мәліметтеріне сәйкес. 

Көп адам Рио-де-Жанейродағы Маракана стадионы жайлы сұрайды, рейтинг кіріспесінде ең алдымен сол туралы айтып өткенді қаладық. Мараканаға келушілер саны бойынша 1950 жылы әлем чемпионатының финалы кезінде рекорд орнады. Бразилия Уругвайдан 2:1 болып жеңіліп қалған матчта 199 мың 854 жанкүйер болған. Алайда қайта жөндеуден кейін Маракана 78 838 адамды ғана сыйдыра алады, ал 2014 жылы футболдан әлем чемпионатына одан да аз адам қатысқан – 73 531. Қазір Маракана әлемнің ең ірі алаңдарының елулігіне де кірмейді. 

Біз сіздерге 25 ең үлкен алаңдардың тізімін ұсынамыз

25-орын: Бурдж аль-Араб / Borg El Arab (басқаша атауы – Мысыр әскерінің алаңы). Сыйымдылығы – 86 мың. Бұл Мысырдың ең үлкен алаңы және Африкадағы ең үлкен екінші алаң. 2006 жылы Мысыр әскерінің инженерлерімен салынған алаң Александрия қаласына жақын Бурдж аль-Араб курорттық қаласында орналасқан. Алаң 2010 жылы футболдан әлем чемпионатын жеңу үшін салынған, бірақ нәтижесінде Мысыр әлем чемпионатын өткізу мәртебесін ОАР-дан жеңіліп қалады. Алаңда футболдан ұлттық құраманың матчтарын, сонымен қатар Мысыр Кубогының финалдары мен мысыр клубтарының маңызды мачтарын өткізу жоспарлануда.

 

Мемориал Стэдиум / Memorial Stadium

24-орын: Мемориал Стэдиум / Memorial Stadium. Сыйымдылығы - 87 091. Алаң 1923 жылы Небраска (АҚШ) штатының Линкольн қаласында тұрғызылған. Мұнда Небраска Университетінің Nebraska Cornhuskers – америкалық футбол командасы ойнайды.

 

Джордан-Хейр / Jordan–Hare

23-орын: Джордан-Хейр / Jordan–Hare. Сыйымдылығы - 87 451. Алаң 1939 жылы тұрғызылған және Оберн қаласында (Алабама америкалық штаты) орналасқан. Джордан-Хейр жергілікті университеттің Auburn Tigers америкалық футбол командасының алаңы болып табылады.

 

Бунг Карно / Bung Karno

22-орын: Бунг Карно / Bung Karno. Сыйымдылығы - 88 083. Алаң Индонезия астанасы Джакартада 1960 жылы 1962 жылы өтетін Азия ойындарына орай тұрғызылған. Бунг Карно – Индонезияның ең үлкен алаңы, мұнда осы елдің футбол құрамасының матчтары өтеді.

 

Бен Хилл Гриффин / Ben Hill Griffin

21-орын: Бен Хилл Гриффин / Ben Hill Griffin, халық арасында "The Swamp" (ми батпақ) деп аталып кеткен. Сыйымдылығы - 88 548. Алаң Гейнсвилл қаласында (Флорида штаты) тұрғызылған. Бен Хилл Гриффин жергілікті университеттің Florida Gators америкалық футбол командасының алаңы болып табылады.

 

Уэмбли / Wembley

20-орын: Уэмбли / Wembley. Сыйымдылығы - 90 000. Алаң Лондонда 2007 жылы салынған және Англия футбол құрамасының үй аренасы болып табылады. "Уэмблиде" Англияның футбол Кубогы өтеді. Сонымен қатар "Уэмблиде" "Saracens" (Сарациндер) регби командасы өз матчтарын өткізеді.

 

Азади / Azadi

19-орын: Азади / Azadi (парсы тілінен аударғанда "еркіндік"). Сыйымдылығы - 91 623. Алаң 1971 жылы 1974 жылы өткен Азия ойындары үшін тұрғызылған. Бұл алаңда Иран құрамасы футболдан үй матчтарын өткізеді, сонымен қатар мұнда Персеполис және Эстегляль командалары ойнайды.

 

Коттон Боул / Cotton Bowl

18-орын: Коттон Боул / Cotton Bowl. Сыйымдылығы - 92 100. Алаң 1930 жылы тұрғызылған және Далласта (Техас штатында) орналасқан. Коттон Боул америкалық футболдан көптеген команданың үй алаңы болған. Сонымен қатар мұнда 1994 жылы «жай» футболдан әлем чемпионаты өткен.

 

Тайгер Стэдиум / Tiger Stadium

17-орын: Тайгер Стэдиум / Tiger Stadium. Сыйымдылығы - 92 542. Алаң 1924 жылы тұрғызылған және Батон-Руж (Луизиана штаты) қаласында орналасқан. Тайгер Стэдиум – Луизиана штаты Университетінің америкалық футбол командасының үй аренасы.

 

Сэнфорд Стэдиум / Sanford Stadium

16-орын: Сэнфорд Стэдиум / Sanford Stadium. Сыйымдылығы - 92 746. Алаң 1929 жылы Афинада тұрғызылған, бірақ грек емес, америкалық (Джорджия штаты) қалада. Мұнда жергілікті университеттің Georgia Bulldogs (Джорджия бульдогтары) америкалық футбол командасы үй матчтарын өткізеді.

 

Лос-Анджелес Мемориал Колизей / Los Angeles Memorial Coliseum

15-орын: Лос-Анджелес Мемориал Колизей / Los Angeles Memorial Coliseum. Сыйымдылығы - 93 607. Алаң 1923 жылы тұрғызылған және екі рет жазғы Олимпиада ойындарын (1932, 1984) қабылдаған. Мұнда Оңтүстік Калифорния Университетінің "Трояндар" (Trojans)»деп аталатын америкалық футбол командасы ойнайды.

 

Роуз Боул / Rose Bowl

14-орын: Роуз Боул / Rose Bowl. Сыйымдылығы - 94 392. Алаң 1922 жылы Пасадена қаласында (Калифорния штаты) тұрғызылған. Алаңда 1994 жылы футболдан әлем чемпионаты ойындары, соның ішінде финалы өткен. Бүгінде Роуз Боулда Калифорниялық университеттің америкалық футбол командасы үй матчтарын өткізеді.

 

Соккер Сити / Soccer City

13-орын: Соккер Сити / Soccer City. Сыйымдылығы - 94 736 (бұл Африка құрлығындағы ең ірі алаң). Алаң Йоханнесбургте (ОАР) 1989 жылы тұрғызылған. 1996 жылы мұнда африкалық ұлттар Кубогының финалы өтті, ал 2010 жылы Соккер Сити футболдан әлем чемпионаты матчтарын (оның ішінде финалды да) өткізетін орын болды. Соккер Сити – футболдан ОАР құрамасы мен ОАР чемпионатының 11-дүркін жеңімпазы болған Кайзер Чифс командасының үй аренасы.

 

Камп Ноу / Camp Nou

12-орын: Камп Ноу / Camp Nou (каталондық тілден аударғанда "Жаңа алаң"). «Барселона» футбол клубының үй аренасы болып табылатын бұл алаң 99 786 көрерменді сыйдырады және Испанияда ғана емес, Еуропадағы ең ірі алаң болып есептеледі. Алаң 1957 жылы тұрғызылған, 1982 жылы футболдан әлем чемпионатын, ал 1992 жылы – жазғы Олимпиада ойындарын қабылдады.

 

Мельбурн Крикет Граунд / Melbourne Cricket Ground

11-орын: Мельбурн Крикет Граунд / Melbourne Cricket Ground. Сыйымдылығы - 100 024. Бұл Австралияның ең ірі алаңы болып табылады. Бұдан өзге, бұл крикет ойындарынан әлемдегі ең үлкен алаң. Мұнда крикеттен Австралияның ұлттық құрамасы ойнайды. Сонымен қатар бұл алаңда футболдан Австралия құрамасының үй матчтары өтеді. Сонымен қатар мұнда австралиялық футболды да ойнайды. Алаң сонау 1854 жылы тұрғызылған және содан бері жөнделмеген. 1956 жылы Мельбурн Крикет Граунд жазғы Олимпиада ойындарының басты алаңы болады, ал Олимпиада-2000 кезінде футбол матчтарын қабылдайды.

 

Даррелл Роял / Darrell K Royal

10-орын: Даррелл Роял / Darrell K Royal (бұрынғы атауы - Техас Мемориал Стэдиум / Texas Memorial Stadium). Сыйымдылығы - 100 119. Алаң 1924 жылы тұрғызылған, Остин қаласында (Техас, АҚШ) орналасқан. Алаң америкалық футбол бапкері Даррелл Роялдың есімін алған. Қазірде алаң жергілікті университеттің Texas Longhorns америкалық футбол командасының үй аренасы болып табылады.

 

Букит Джалил /  Bukit Jalil

9-орын: Букит Джалил /  Bukit Jalil. Сыйымдылығы - 100 200. Бұл алаң Малайзия астанасы Куала-Лумпурде Бірлестік ойындарын (Британ бірлестігі, ТМД-мен шатастырмаңыз) өткізу үшін 1998 жылы ашылды. Малайзияның ең үлкен алаңы қазірде мемлекеттің футбол құрамасының үй аренасы болып табылады, сонымен қатар футболдан Малайзиялық Кубок пен Суперкубок финалдарын өткізу орны саналады.

 

Брайан Денни Стэдиум / Bryant Denny Stadium

8-орын: Брайан Денни Стэдиум / Bryant Denny Stadium. Сыйымдылығы - 101 821. Алаң 1928 жылы Тускалуса қаласында (Алабама штаты, АҚШ) тұрғызылған және бастапқыда 18 мың адамға арналған болатын. Бүгінде бұл жергілікті университеттің америкалық футбол командасының үй аренасы.

 

Огайо Стэдиум / Ohio Stadium

7-орын: Огайо Стэдиум / Ohio Stadium. Сыйымдылығы - 102 329. Алаң 1922 жылы Колумбус қаласында (Огайо штаты, АҚШ) тұрғызылған және бастапқыда 66 мың адамды сыйғызған. Қазірде бұл жергілікті университеттің Ohio State Buckeyes америкалық футбол командасының үй аренасы. Бір айта кететіні, бұл алаңда жарық жоқ, сондықтан барлық матчтар күндіз өткізіледі немесе алаңға уақытша жарық құрылғылары жеткізіледі.

 

Нийланд Стэдиум / Neyland Stadium

6-орын: Нийланд Стэдиум / Neyland Stadium. Сыйымдылығы - 102 455. Алаң 1921 жылы Ноксвилл қаласында (Теннеси штаты, АҚШ) тұрғызылған және бастапқыда бар-жоғы 3200 адамды сыйдырған. Қазір бұл жергілікті университеттің Tennessee Volunteers америкалық футбол командасының үй аренасы.

 

Ацтека / Azteca

5-орын: Ацтека / Azteca. 105 064 адам сыятын бұл алаң Латын Америкадағы ең ірі алаң болып табылады. Алаң Мексика астанасы Мехикода 1966 жылы тұрғызылған және футболдан әлем чемпионатын екі рет қабылдаған (1970, 1986). "Ацтека" 22 маусым 1986 жылы Диего Марадоннаның қолымен соғылған голына куә болған. Ал үш минуттан кейін «Ғасыр голын» - футболдан әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік голды салды. Ол Марадоннаның ағылшын командасының айып алаңына кіріп кетіп, қақпашымен қатар алты ойыншыны алдап кеткеннен кейін салынды. Бүгінде "Ацтека" – бұл футболдан Мексика құрамасының үй аренасы. Сонымен қатар мұнда Мексиканың 10 дүркін чемпионы - «Америка» футбол клубы матчтарын өткізеді.

 

Бивер Стэдиум / Beaver Stadium

4-орын:  Бивер Стэдиум / Beaver Stadium. Сыйымдылығы 106 572 орынды бұл алаң үлкендігі жағынан АҚШ-тағы екінші алаң болып табылады. Алаң 1960 жылы тұрғызылған және бастапқыда 46 284 адамды сыйғызған. Бивер Стэдиум Пенсильвания штаты университетінің студенттер қалашығының аумағында орналасқан. Бивер Стэдиум - университеттің Penn State Nittany Lions америкалық футбол командасының үй аренасы.

 

Мичиган Стэдиум / Michigan Stadium

3-орын: Мичиган Стэдиум / Michigan Stadium. Сыйымдылығы - 109 901. Мичиган Стэдиум – АҚШ-тың, Солтүстік Американың және бүткіл Батыс жарты шарының ең үлкен алаңы, сонымен қатар америкалық футболдан әлемдегі ең ірі алаң. Ол 1927 жылы тұрғызылып, бастапқыда 72 мың адамды сыйғызған. Мичиган Стэдиум Энн - Арбор қаласында (Мичиган штаты, АҚШ) орналасқан. Алаң Мичиган университетінің Michigan Wolverines - америкалық футбол командасының үй аренасы болып табылады. Сонымен қатар бұл лакросстан университет командасының үй алаңы. Мичиган Стэдиум кейде хоккей матчтарын өткізетін орын болады. 11 желтоқсан 2010 жылы хоккей матчына келушілер саны бойынша рекорд орнады. Жергілікті екі университеттің командаларының ойынын көруге 104 073 адам келген.

 

Үнді жастарының алаңы / Stadium of the Indian Youth

2-орын: Үнді жастарының алаңы / Stadium of the Indian Youth (басқаша атауы - Salt Lake Stadium). Сыйымдылығы - 120 мың адам. Алаң 1984 жылы тұрғызылған және Үндістанның Калькутта қаласында орналасқан. Бұл алаңда Үндістанның құрама командасы өз матчтарын өткізеді, сонымен қатар "Ист-Бенгал", "Мохун Баган" мен "Мохаммедан" футбол клубтары да ойнайды. Бұдан өзге, мұнда жеңіл атлетикадан жарыстар өткізіліп тұрады.

 

150 мың адамдық Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласындағы Бірінші Мамыр алаңы Азиядағы және әлемдегі ең үлкен алаң болып саналады. Алаң 1989 жылы жастар мен студенттердің ХІІІ-ші фестивалін өткізу үшін салынған. Қазірде бұл алаңда футболдан Солтүстік Корея құрамасы үй матчтарын өткізеді.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)