Өлең, жыр, ақындар

Оқып-үйренуді әдетке қалай айналдыруға болады

Оқып-үйренуді қашан бастасаңыз да кеш емес. Ал осы істі жүйелі ету пайдалы болмақ. Осы мақалада біз оқып-үйренуді әдетке айналдыруға көмектесетін сегіз қарапайым ережені қарастырамыз.

Гретхен Рубин (Gretchen Rubin)

Адвокат, блогер әрі психология туралы бірнеше танымал кітаптың авторы. «Ертеден гөрі жақсырақ» («Better than Before») кітабында ол біз әдеттен арылатын немесе қалыптастыратын кезде қолданатын бірнеше түрлі стратегияны қарастырады. Негізгі тарауы оқуды әдетке айналдыруға арналған.

Әдет жоқ жерден пайда болмайды: көп жағдайда бұл біздің саналы таңдауымыздың салдары болады. Олар бізге бостандық береді, таңдау жасаудағы қиындықтарымыздан және секунд сайын өзіміздің жүріс-тұрысымызды түзеуіміз керектігі жайлы шырғалаңынан құтқарады. Әдеттегі өмір салтымыздың 40 пайызын әдеттен тұрады десек, бізді бақыттырақ, табысты және өнімді етуге көмектесетін әдеттерді үйренсек жақсы болар еді. Оқуды әдетке айналдыру жолдарын қарастырып көрейік. 

Нені оқып-үйренгіңіз келетінін біліп алыңыз.

1. Ірі ойларыңызға уақыт бөліңіз.

Күйбең тіршілікте өмірлік негізгі мақсаттар туралы ойлануға уақыт бола бермейді. Өзіңізді бес жылдан кейін кім ретінде көргіңіз келеді? Жұмысыңызды өнімді ету үшін, ал өзіңізді құнды маман қылуыңыз үшін қабілеттеріңізді қалай дамытқыңыз келеді? Біз, барлығымыз бір-бірімізге ұқсамаймыз, біреуге мұны ойлауға аптасына жарты сағат та жетеді, ал біреу ұзаққа созылатын велосеруенге кетіп, әлемдік масштабтағы мәселелерді  ойлауды ұйғарады. Тағы біреулер үшін қойын дәптеріне ойларын жазу ыңғайлы, кейбіреуі тіпті басқа жолды таңдайды және әріптестерімен немесе сенетін ескі достарымен талқылайды.

2. Жай-жапсарына дейін ойлауға уақыт бөліңіз.

Кейде көрікті ой мен мақсаттарды тезірек жүзеге асыру үшін өзімізді қинап, шағын тұрмыс шаруаларын ұмытып кетеміз. Бірақ олар да маңызды: кейде қарапайым әрі шағын істерді өз кезінде, кешіктірмей тындыру пайдалы. Жұмысыңызды жеңіл ету үшін және көбірек ақша табу үшін бүгін не істеу керек?

3. Өзіңізден сұраңыз: мен кімді қызғанамын?

Қызғаныш – жағымсыз эмоция, бірақ ол өзін-өзі тану үшін керемет стимул бола алады. Егер сіз біреудің өміріне қызыға да, қызғана да қарайтын болсаңыз, сол адамның сіз қалаған бір дүниесі бар деген сөз. Кімді қызғанасыз: әрдайым саяхаттап жүретін досыңыз немесе ешқайда да асықпайтын досыңыз бар шығар? Болмаса MBA бағдарламасынан өткен әріптесіңіз әлде өтірікті көп айтатын бір әріптесіңіз. Қызғаныш біздің қай бағытта дамып, қай бағытта өскіміз келетінін анықтап береді.

Оқуды әдетке айналдырыңыз.

4. Нақты мақсат қоя біліңіз.

«Көп оқу», «Ерте тұру» немесе «жаңа дүниені тану» сияқты жоспарлар нақты емес әрі белгісіз. Мақсатыңызды нақтылай біліңіз. Мақсатыңызға өлшеуге келетін, әрекетке айналдыра алатын нақты форма беріңіз. Мәселен: «ай сайын маған қызықты болатын бағыттағы конференцияларға барып тұру», «бір жыл ішінде кәсібіме байланысты 52 кітапты оқып тауысу» немесе «әр бейсенбі сайын апта бойында түртіп алып жүрген мақалаларды оқуға екі сағат жұмсау». Нақты қойылған мақсат сізді әрекет етуге шабыттандырады. 

5. Әдеттеріңізді бақылаңыз.

Бақылаудың бізді басқара алатын қасиеті бар. Зерттеулер бойынша, өз әдебімізді бақылай отырып, біз тапсырмаларды жақсырақ орындай бастайды екенбіз. Мұның қандай әдет болатыны маңызды емес: пәтерден таяудағы дүкенге дейін қанша қадам бар немесе күн бойында телефонмен соғылған қоңыраулардың саны. Дәл осы әдісті үйрететін материалдарды қаншалықты жиі көретіңізге де қолдануға болады. Себебі бұл арқылы жаңа әдетті қалыптастырасыз. Жаңа әдет қалыптаса бастағанда оны бақылап жүріңіз, бұл арқылы сіз әдетіңізді дұрыс бағытта қалыптастырасыз.

6. Әдеттеріңіздің кестесін құрыңыз.

«Әйтеуір бір дүниені қалай меңгеру керек» деп құрастырылған мақсат атқаратын істеріңіздің ең бір түкпірінде қалып қояды. Ол шын мәнінде маңызды, бірақ оның нақты бір орындалу мерзімі жоқ, сондықтан оны әр кезде де ертеңгі күнге қалдыра береміз. Сондықтан да жаңа оқуға нақтылы уақытты жоспарлағаныңыз жөн.

7. Ертеңге қалдырмаңыз

Атқарылатын жұмысты күнде кейінге қалдыра бермеңіз. Белгілі бір мерзімге жоспарлап қойсаңыз, одан басқа ешбір іспен айналыспаңыз. Ешқандай да электрондық поштаны тексеру, шайға үзіліс немесе телефоннан қоңырау шалу сіздің негізгі ісіңізге кедергі болмасын. Мұның барлығы кейінге қалсын, ал дәл қазір қалаған ісіңізді аяқтаңыз, әйтпесе ісіңіз өнбегендей сезіммен өмір сүретін боласыз.

8. Сіз қалыптастырғыңыз келетін әдеттері бар адамдармен бірге көп уақытыңызды өткізіңіз.

Зерттеулерге қарағанда, біз айналамыздағы адамдардың әдеттерін алуға бейім екенбіз, сондықтан айналаңыздағы адамдарды дұрыс таңдаңыз. Егер кейбір әріптестеріңіздің оқуы әдетке айналғанын түсінсеңіз, олармен көп уақытыңызды бірге өткізуге тырысыңыз. Бұл сіздің жаңа әдетіңіздің қалыптасуына көмектесіп, септігін тигізеді.

Ең бастысы, ең маңыздысы, әдет туралы білуіңіз тиіс мәселе. Біз әдеттерді өзімізге пайда әкелуі үшін қалыптастыруымыз керек. Мысалы: көркем мінезді қалыптастыру, ақылды болу, кәсіби машықты жетілдіру. Біз өзіміз үшін игі мақсаттар қойып, соған жетіп жатсақ, жаңа әдеттерді екі есе сәтті қалыптастырамыз.

Дереккөз: hbr.org - How to Make Learning More Automatic


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Жакупова М.С.

Өте мағыналы мағұлмат алдым. Авторға рахмет!

Ақерке

Жақсы екен

Айдын

Жақсы әсер алдым

аяжан

өте пайдалы екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар