Эссе және өлең-жыр байқауы

Дрондар туралы таңқаларлық алты дерек

Өздігінен ұшатын аппараттар («дрон» деп те аталады) дүние жүзіне көз ілеспес жылдамдықпен таралып  және күннен күнге технологиялық жағынан күрделеніп келеді. «Дрондар» туралы бәрін білемін деп ойлайсыз ба? Тексеріп көрейік.

Сізге арнап ең қызықты деректерді әрқайсысына сәйкес фотосуреттермен дәйектеп ұсынып отырмыз.

Бастапқыда өзгінен ұшатын аппараттар –дрондар коммерциялық емес, әскери мақсатпен жасалған. Олар әскери операцияларда қолданылуы тиіс болған. Қазір жоспар табысты орындалды: кейбір аппараттар жау тылында көзге түспей барлау жасайды, қарсыластың нысандарына дәл тиетін соққы береді. Айталық, әскер взводы қоршауға түсіп қалып, оқ-дәрі таусылар болып, көмек әзір келетіндей болмаса, дрон ешкімнің көзіне түспей қажет жерге оқ-дәрі жеткізіп бере алады.

Жапонияның Secom ұйымы сағатына 10 шақырым жылдамдықпен ұшатын және автокөлік тұрағында қарауыл қызметін атқара алатын ұшу аппаратын жасап шығарды. Шағын тікұшақ тәртіп бұзушыларды суретке түсіріп, тұрақтағы көлік номерін тіркеп ала алады. Бір ғана құрал орнатылатын он камераның орнына жұмыс істеп, тәртіпті қамтамасыз ете алады. Мұндай заттың бағасын, әрине, барлық компаниялардың қалтасы көтере бермейді – 6620 долларға сатып алып, ай сайын сервиске 41 доллар төлеп отыру керек. Алайда, бәсекелестік артқан кезде қалай боларын кім білсін.

DHL почта компаниясы бірінші аппаратты 2013 жылы сынақтан өткізген. Оның мақсаты   - адам аяғы жете бермейтін жерлерге почта жеткізу болатын. Ал 2014 жылдан бастап ондай дрондар су өткізбейтін контейнерлерге салынған почта тасуға жаппай кірісті. Google және Amazon сынды танымал компаниялар сондай жабдықты сатып алатыны туралы мәлімдеп үлгерді.

Жапония және АҚШ фермерлері ұшатын аппараттарды алқаптардың үстінен пестицидтер мен тыңайтқыштар себу үшін қолданып жүр. Ол қол еңбегіне қарағанда арзанырақ түседі, ал тиімділігі бірнеше есе артық. Бәлкім, жақын арада фермерлер өздерінің орнына бар жұмысты машиналар істеп жатқанына қарап қана отыратын шығар.

Сыктывкар қаласында клиенттерге пиццаны ұшып апаратын машиналар сынақтан сәтті өтті.  Әлемдік «Dodo Pizza» компаниясы осылайша клиент тартуды көздепті және бұл ретте біршама табысқа жетті. Пиццаны апаратын орнына жеткізу үшін радиобөгеттері ең аз бағытты таңдау керек. Сіз алаңда немесе өз пәтеріңізде отырып пиццаға интернет арқылы тапсырыс бересіз, алайда, бәрібір сыртқа шығыңызға керек болады, өйткені дрон терезеңізге ұшып келмейді.

Делфт университеті студенттерінің бірі салмағы бар-жоғы 4 кг, сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ұша алатын ғажайып машина құрастырып шығарыпты. Оның басты мақсаты – көшедегі кептелістер салдарынын медициналық көмек уақытында жетпегені себепті кісі өлімі көп болатын ірі қалалардағы жүрек тамасы ұстаған адамдардың өмірін құтқару. Ал «дрон» санаулы секундтар ішінде қажет жерге пайдалану жөніндегі нұсқаулық қыстырылған дефибриллятор алып ұшып келе алады. Қиналған адам, не оның жақындары құрылғының операторына хабарласып, шақыру қалдырады, сөйтіп, оның мекен жайына құтқарушы дрон жіберіледі.

Сонымен, өздігімен ұшатын аппараттар тек жұртшылықтың көңілін көтеру үшін ғана емес, адамдарға көмек көрсету үшін де керек екен. Технологиялар дамуы геометриялық прогрессиямен өсіп келеді, соның арқасында «дрондардың» жаңа үлгілері жасалуда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...