Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Таиландта гаджет көмегімен емтихан тапсырған талапкерлер оқуға түспей қалды

Таиландтық талапкерлер «ақылды сағат» пен камерасы бар көзілдірікті қолданып емтихан тапсырған, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы

Оқушылар озық технологиялар көмегімен елдегі ең беделді университеттің медициналық факультетіне түсуді жоспарлаған. Олар емтихан сұрақтарын суретке түсіріп, ұстаздарына жібереді.

Алайда елеусіз нәрсе жастардың жоспарын жүзеге асыруға кедергі келтірді. Үлкен көзілдірік емтихан алушылардың назарын аударған. Сонымен қатар талапкерлердің 3 сағатқа лайықталған емтихан сұрақтарына бар болғаны 45 минутта жауап бергендері де күдік тудырды.

Алаяқтарға 170 доллар айыппұл салынып, аты-жөндері қара тізімге енгізілді. Енді олар бұл медициналық институтқа ешқашан түсе алмайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...