Ағылшын басылымдары темекі шеккен қазақ баласы туралы жазып жатыр

Желіде бастауыш сынып оқушысының мектеп ауласында темекі шегіп тұрғаны бейнеленген видео пайда болды.

Онда мектеп формасын киген сегіз жасар ұл баланың темекі шегіп тұрғанын көруге болады. Бейнекөріністі баланың сыныптастары түсіріп, YouTube-қа жариялаған болуы мүмкін.

Mirror хабарлағандай, ролик Қазақстанда түсірілген болуы ықтимал. Өйткені балалар қазақ тілінде сөйлеп жатыр.

Видео астындағы комментарийлерде KTL белгісімен шыққан азамат: «Менің ойымша, темекі тартып тұрған бала үлкендерге еліктеп отыр» десе, желінің тағы бір пайдаланушысы: «Ата-анасы темекі шеккендіктен, соларға ұқсағысы келген шығар. Бала кезінде барлығы темекі тартып көрген. Өкініштісі, ол Қазақстанда темекі шегетін жалғыз бала емес», - деп жазды.

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)