Өлең, жыр, ақындар

Павлодар облысында «Ұстазыңды құттықта» акциясы бастау алды

Павлодарлық оқушылар мен ұстаздар өздерінің ізгі тілектерін білдірген #МұғалімдерКүніПавлодар және #ДеньУчителяПавлодар хэштегімен бейнероликтер мен суреттерді Facebook, ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастыруда белсенділік танытуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтың айтуынша, ұстаздар күні қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. Алайда қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде мерекелік хэштегпен құттықтаулар пайда бола бастаған.

— Осы хэштегтер бойынша жарияланған бейнероликтер мен суреттерді әлеуметтік желілерден көруге болады. Бүгінде 300-ден астам видео мен сурет салынған. Облыстық білім беру басқармасы тұрғындарды аталмыш акцияға белсенді қатысуға шақырады. Осылайша, кез келген адам алғашқы әрі жақсы көретін ұстазына деген құрметін білдіре алады, — дейді Ернұр Дәуенов.

Ақбота Сейсенбаева

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар