Жетістік байлықпен байланысты емес. Өз өміріне көңілі толмайтын бай адамдар көп. Табысты болу – демек әрдайым даму, өмірімізді, күнделікті істерімізді, жұмысымызды және өзгелермен қарым-қатынасымызды жетілдіру.
Көптеген адамның табысқа жете алмауының бір себебі – бар уақытын ұсақ-түйекке арнайды.
Джим Рон (Jim Rohn) америкалық бизнес-тренер және өз-өзіңді дамыту кітаптарының авторы.
Біз керісінше, уақытымызды өміріміздің негізгі бөлігін (рухани, әлеуметтік, қаржылық, физикалық) теңестіруге арнап, басқасынан бас тартуымыз керек.
Дами түскен сайын, өміріміздің көптеген бөлігінде өзгерістер керек екенін аңғарамыз.
Ақшаны пайдасыз заттар мен көңіл көтеруге жұмсауды доғару қажет. Оның орнына өз білімің мен болашағыңа инвестиция құюды әдетке айналдыру керек.
Жетістікке жеткен сайын, қызметіміз де жинақталған және сапалы бола түспек. Бұл мінсіздікке ұмтылу дегенді білдірмейді. Және бас алмай жұмыс істеу керек дегеннен де аулақпыз. Шын мәнінде нағыз табыстың құпиясы – әрдайым шығармашылық демалыс алып отыру.
«Бір затты қалай істесең, басқа заттарды да солай істейсің» деп бекер айтпайды. Бұл жоғары деңгейлі ой-толғау. Өміріндегі барлық артық заттан арылғандар дәл осылай ойлайды.
Осы приниципті ұстану үшін біз күнделікті нені жоғары бағалаймыз, сонымен айналысуымыз керек. Тек сонда ғана біз саналы өмір сүреміз. Тек сонда ғана біз дегенімізге жетеміз.
Бұл принициптің өмірімізде орын алуына көп уақыт қана емес, көп күш қажет. Қызықты, бірақ пайдасы жоқ дүниелерден бас тарту қиын. Зиянды әдеттерден бас тарту қиын. Өмірге көзқарасыңды өзгерту үшін батылдық керек. Ал үйреншікті ой-санаға оралу өте оңай.
Бірақ, күннен күнге өз құндылықтарыңызға сай өмір сүруді үйренсеңіз, таңғажайып заттар орын ала бастайды. Сіз бақытты бола түскеніңізді аңғарасыз. Жақын адамдарыңызға көбірек уақыт бөле бастайсыз. Жаңа армандар мен мақсаттар пайда болады. Қиындықтарды өткеру де жеңілдей түспек.
Тағы бір рет Джим Ронның сөздерін еске түсірейік: «Көп адамның табысқа жете алмауының себебі, олар уақытын ұсақ-түйекке жұмсайды».
Көптеген адам өзін-өзі дамытпайтындықтан, өспейтіндіктен табысқа жетпейді. Бірақ бір бастасаңыз, күн сайын мақсатыңызға бір табан жақындай түсесіз. Болашақта кім болуды армандасаңыз, сол боласыз. Бұдан кейін сізді ешкім тоқтата алмайды.
Міндеттерді қалай жеңілдетуге болады?
7 пайдасыз әрекеттен бас тартып, өміріңді өзгерт
Өміріңізді құр өткізіп жатқаныңыздың 13 белгісі
Жалқаулықты жеңудің ең жақсы әдісі
Сіз неге әлі күнге дейін бай емессіз: 7 себебі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі