Cу полосы

Су полосы – барынша қатты жанасушы ойын. Бір мезгілде бір-біріне қарсы екі команда ойнайды. Әр команда жеті ойыншыдан құралуы тиіс. Олардың ішінде қақпашы шапкасында ойнайтын қақпашы болу керек және қосалқы ретінде шығатын саны алтаудан аспайтын резервті ойыншылар болуы керек. Ойында ойыншылардың қосалқылармен алмасуы жиі орын алады.

Ойын төрт кезеңнен тұрады. Әр кезең 8 минутқа (таза уақытқа) созылады. Уақытты есептеу ойыншы допқа жанасқан сәттен бастап есептелінеді. Ойынды тоқтататын барлық дабылдарда бақылаушы секундомер допты ойынға қосқанға дейін тоқтатылуы керек. Сәйкес лақтыру кезінде ойыншының қолынан доп шыққанда немесе даулы лақтырыста ойыншы допқа тигенде секундомер қайта қосылу керек.

Әр командаға шабуылды жүзеге асыру үшін 30 секунд уақыты беріледі. 30 секунд өткен соң доп қарсылас командаға беріледі. Әр команда негізгі уақыт кезінде екі минуттық тайм-аут немесе қосымша уақыт кезінде бір минуттық тайм-аут ала алады. Тайм-аутты тек допқа иелік етуші команда қолдана алады.

Ойынның негізгі қағидасы – ойыншыларға (қақпашыдан бөлек) допты екі қолымен ұстауға болмайды. Ойыншылардың допқа иелік етуі бір қолмен іске асады. Ойыншылар командасына допты беруге  немесе допты алдына алып жүзуіне болады.

Әр команда үшін ойынның мақсаты тактикалық сызбаларға сай әрекет ете отырып, қарсыластың қақпасына барынша көп доп түсіру. Ойыншылардың қарсыластан допты тартып алу бойынша барлық әрекеттері, ережені бұзу деңгейі, ойыншыларды шығару және басқа да ойында орын алатын сәттер су полосының ережесімен реттеледі.

Су полосын 19 ғасырдың екінші жартысында Ұлыбританияда Ульям Уилсон ойлап тапқан. Ойынның прототипі регби болды. Ойынның алдыңғы нұсқалары допқа таласта күш қолдануды, допқа иелік ету үшін қарсыласты су астында ұстауға рұқсат берген. Қақпашы алаң сыртында тұратын және қарсыластың айлаққа допты салу әрекетіне тосқауыл ететін. Ойын қазіргі қалпын 1880 жылдар да алды.

Су полосын әлемнің көптеген елдерінде ойнайды. Бұл ойын, әсіресе Венгрия мен бұрынғы Югославияда танымал.

Су полосы – олимпиадалық спорт түрлерінің көнелерінің бірі. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1990 жылы енгізілді.  

Су полосы бойынша ерлер арасындағы әлем чемпионаты 1973 жылдан бастап өткізілсе, ал әйелдер арасында 1986 жылдан бастап өткізіледі. 

Су полосы – бұл хоккей, футбол және баскетболдың қосындысы деп есептеледі. Әрі ұзақ уақыт бойы дененің 80% су астында болады. Су полосы ойыншыларда командамен жұмыс істеу қабілетін дамытады және денені (өкпе көлемі ұлғаяды, мүсін жақсарады) шынықтырады. Оның арқасында дене пропорциялары идеалды болады. Әр алуан қимылдардың нәтижесінде жақсы координация қалыптасады. Бұл спорт түрі ең алдымен жүрек-тамыр жүйесін жақсартады және майды ыдыратады. Екіншіден, төзімділікті мықты нығайтады, дененің әр бөлігін дамытады. Себебі, дененң суда ұстап тұру үшін барлық бұлшық еттер өз қызметтерін атқару тиіс.

Су полосы Қазақстанда 1950 жылдан бастап дамып келеді. 1954 жылы ерлер командасы құрылды. Қазіргі таңда Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрама командасы әлемнің ең мықты 15 командасының қатарына кіреді. Командалар көптеген халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен. Жыл сайын екі құрама да Еуропада, Азия, Австралия және АҚШ-та өтетін 8-10-ға жуық халықаралық турнирлерге, Ресейде өтетін 20-30-ға жуық турнирлерге қатысады. Сонымен қатар командалар елімізде өткізілетін ішкі жарыстарға да қатысады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама