Швецияда әлемдегі тұңғыш мұздан жасалған жыл бойғы қонақүй ашылды

Солтүстік поляр шеңберінен 200 километр жерде, Швецияда, толықтай мұздан жасалған қонақүй ашылды.

Ол Icehotel 365 деген атау алып, мұздан жасалған жыл бойы қызмет ететін қонақ үй болды.

Жалпы ауданы 195 шаршы метр болатын ғимаратта 21 бөлме бар, сонымен қатар бар мен сурет галереясы ашылған.

Дизайнын әлемнің үздік суретшілері мен сәулетшілері жасады.

Қонақүйдің әр бөлмесі ерекше стильге ие.

Мұндай қонақүйді тұңғыш 1989 жылы тұрғызған болатын, бірақ әр көктемде ол еріп кететін болған.

Icehotel 365 маусымдарда ауысып отыратын табиғаттың күшінен ерімейді.

Күн сәулесі мен жылы температура зақым келтірмес үшін қонақүй жарыққа тойтарыс беріп тұратын панельдермен жабдықталған.

Іште -5 деңгейіндегі температура тұрақталып тұрады.

Жылы маусымда қонақүй тоңазыту құралының көмегімен салқын ауа райын ұстап тұрады.

Icehotel 365 Солтүстік поляр шеңберінен 200 километрде, Турнеэльвен өзенінің жанында орналасқан.

Мұз қонақүйді тұрғызу үшін Турнеэльвен өзенінің 30 мың литр суы пайдаланылған.

Жылына Icehotel 365 қонақүйі 50 мыңнан аса адамды қабылдауды жоспарлауда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (4)

Акерке

əдемі екен

samat

өте әдемі бірақ бұл жазда ериді еңбектері босқа кетеді

Аяжан

Мəссаған.Қандай керемет.
Бірақ маған ұнамай тұрғаны неге олар аң терісің қолданып,аңдарды өлтіреді.Бостан босқа

Ако

Суык емес пе?

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)