Өз қателіктеріңізден сабақ алуға үйрететін 3 сөз

Basecamp-тің негізін қалаушы және Rework кітабының авторы Дэвид Ханссонның пайымынша, әр адам кез келген қателігі үшін жауапкершілік пен кінәні өз мойнына алуы керек, себебі осылай ғана өзгеріп, өсуге болады.

Кез келген сәтсіздікке біреулерді кінәлай салу – ең оңайы. Әр теріс қадамды сараптау, әр кемшілікті анықтау. Мұндай сараптаудың мәні болмашы. Ол шын мәнінде пайда әкелуі үшін сіз барынша күш салуыңыз керек, нақты айтсақ, өзіңіздің қаншалықты кінәлі екеніңізді түсіну.
 

Basecamp-пен бірге жүргізген жұмыс кезінде біз көп қателесеміз: техникалық, кадрлық, өндірістік. Қателіктерді түзеу қолымнан келіп тұрса, мен олардан сабақ аламын. Ол қателіктер жайлы білмеген болсам да (негізінде білуім керек болған!), оларды болжамаған болсам да (болжауым керек болған!).

Жасалған қателіктің басым бөлігі менің кесірімнен еді, ішіндегі кейбірі  — толығымен менің кінәм. Біздің мұнда болуымыздың себебі осы қателіктерді түйсіну деп ойлағым келеді.

- Дэвид Хейнемейер Ханссон (David Heinemeier Hansson) Ruby on Rails авторы, Basecamp негізін салушы, Rework және Remote кітаптарының авторы, автошабандоз.

Өзгелер үшін жауапкершілік арқалайтын болсақ, бұл әдісіміз дұрыс. АҚШ-тың 33-ші президенті Гарри Трумэнның арқасында танымал болған бір сөз бар – «Фишка ары қарай жүрмейді». Бұл ұрансөзді қазір де еске алуымыз қажет: билікте болсаңыз, жауапкершілікті қоластыңыздағыларға жүктемеңіз.

Сыни өзіндік сараптау сабақтары жетекшілерге ғана қажет емес. Бұл әрбір адамға қажет. Команданың немесе процесстің бір бөлігі болсаңыз және тасыңыз өрге домаламаса – әрине, бұл сіздің де кінәңіз. Себебі бұдан да сақ болып, бұдан да қатты күмәнданып, екі мәрте тексеріп шығуыңызға болар еді. 

Қателік өздігінен пайда болмайды.

Қателіктердің басым бөлігі – алдын болғандардың себеп-салдары. Қатенің нақты кімнің кесірінен болғаны анық болса да, қалғандары бұған жол бергені үшін кінәлі.

Мұндағы мақсат – жүйені өзгерту. Бұған қол жеткізу үшін оның бөліктерін өзгерту керек. Өзіңізден бастау үшін батылдық керек.

Іс кезінде жауапкершілікті барынша өзіңізге алыңыз. Бұл жүйенің өзге бөліктеріне де әсерін беруі мүмкін. Тіпті бұлай болмай шықса да, сіз жағдайды түзеуге сәл де болса қадам жасайсыз.

«Бұл менің қателігім». Осылай деңіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (2)

Əлібек

Өте Жақсы айтылған

aitu

керемет айтылған

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)