Жаңадан планеталар

Насаның «Планета аңшысы» деп аталатын Кеплер ғарыш телескобы, көбісінің көлемі Жермен шамалас болған 461 потенциалды планета тапты. Ғалымдар тек «Құс жолы» галактикасының өзінде ғана көлемі Жермен бірдей ең кемі 17 миллиард планетаның бар екендігін мәлімдеді. Кеплер астрономы Кристофер Берк АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг Бич қаласында ұйымдастырылған Американдық астрономиялық бірлестігі конференциясында жиналыс өткізді. Екі жыл алдын 1200 объект бақылағанын білдірген Берк, «Бір жылдан кейін одан да көп аспан денелерін анықтадық. Өте көп кішкентай планеталар мен жердің көлеміндей және одан да үлкен планеталар көрдік. 22 айлық бақылаудан кейін 461 жаңа планета белгіленді.» деді. Берк, табылған 4 планетаның жұлдыздарынан қашықтықтарының себебінен өмір сүру мүмкіндігін айтты. Кеплер телескобының тапқан планеталарының арасында көлемі Жерден 1,5 есе үлкен, Күнге ұқсас бір жұлдыздың айналасында айналатын, бір жылы 242 күн болған және суы да бар болуы мүкін деп ойлаған планета да бар. 2009 жылдан бері бақылауларын жүргізіп келетін ғарыш телескобы, «Құс жолы» галактикасындағы 160 мың жұлдыз жүйесін тексеріп, өмір сүру мүмкіндігі бар планеталарды іздеуде. Тексерілген 2740 жұлдыз жүйесінің 299-ында 2, 112-сінде 3, 44-інде 4, 11-інде 5, 1-інде 6 планета табылды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)