Өлең, жыр, ақындар

Ананың шеберлігі

Томас Эдисон электр шамын ойлап тапқан адамзат тарихының ең ұлы өнертапқыштарының бірі. Томас Эдисон 1847 жылы, 11 ақпанда Огайо штатындағы Милан қаласында дүниеге келген. Жеті жасында барған мектебінде үш айға жетпей «Үлгерімі нашар» деген себеппен мектептен шығарылады. Кішкентай кемеңгерді ұстаздары түсіне алмаған болатын. Томас Алва Эдисон ол күні сабақтан үйге келгенінде қолындағы қағазды анасына беріп, «Бұл қағазды ұстазым берді және тек қана сізге беруімді ескертті» дейді. Анасы мектептен жіберілген қағазды оқып отырып, көзжастарына ерік береді. Кейін баласына бұл хатты дауыстап оқып берді: «Балаңыз өте данышпан. Бұл мектеп ол үшін кішкентай және оны жетілдіретіндей дәрежеде мұғалімдеріміз жоқ. Өтініш оны өзіңіз оқытыңыз...»  

Анасы оны мектептен шығарып алды және үйде өзі оқыта бастады. Айналасындағы достарынан жәрдем алды. Арнайы мұғалім жалдады және физика, химия пәндеріне қызығушылығы артқан баласын жігерлендіріп отырды. Тіпті үйде лабаратория құруына мүмкіндік берді. Және анасының бұл еңбектері жемісін берді.

Арадан ұзақ жылдар өтеді. Эдисон анасы қайтыс болғанда сол дәуірдің ең данышпан, ең беделді ғалымдарының біріне айналған болатын. Бір күні ескі заттарды реттеп отырып тартпаның бұрышында бүктеулі жатқан қағазды алып оқиды. Бұл әлгі мектеп мұғалімінің анасына жіберген хаты болатын. Қағазда «Балаңыздың ақылы кеміс. Оның мектебімізде оқуына рұқсат бере алмаймыз» деп жазылған еді. Томас Эдисон сағаттап жылап, біршама уақыттан соң күнделігіне мына мәтіндерді жазды: «Томас Эдисон қаһарман анасы тарапынан, жүз жылдың данышпанына айналған ақылы кеміс бала еді...» 


Пікірлер (2)

Айдар

Осындай аналар көөөп болсын!

Әлібек Талғатұлы.

Менің әжем,Зере,Ұлжан,Ботантай апалардың сіңлісі.Ол кісі Қарашаңырақ университетін бітірген.Кәзір де үстаздық етеді.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз