Шиеленіске байланысты: Қатты ауырмайтын, бірақ ұзаққа созылатын ауру. Ешқандай шаншу да болмайды. Бас немесе мойын айналасында түйінделіп қалған сезім болады. Жеткіліксіз ұйқы, депрессия және стресс ең басты себептері.
Мигрень (бас сақинасы): Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және дауыстарға қарсы тітіркену, лоқсу және жүрек айнуы болады. Себептері мезгілсіз тамақтану және гормонды дәрі-дәрмектер.
Солқылдау: Өте қатты ауыртады. Көбінесе бір көз айналасында немесе артында сезіледі. Мұрынның бітелуі, көздің жасаурауымен бірге болуы мүмкін. Ауруы көбінесе ұйқы кезінде келеді. Спиртті ішімдіктер және темекі мұның ең басты себептері.
Гайморитке байланысты: Ауыртпалы және тұрақты. Мұрыннан тоқтамай су ағады. Ауырғаны мұрын үстінен бастап, маңдайға және құлаққа дейін жайылады. Себептері гайморит инфекциясы және мұрынның бітелуі.
Аллергияға байланысты: Танаулардың бітелуі, көздердің жасаурауы, қышытпа және бастың шаншуы белгілерінен байқалады. Гүл тозаңы, зең (зәк, көгеру) және шаң ауруға себеп болады.
Кофеинге байланысты: Шаншытып ауыртады және шамадан артық кофеин тұтынудан туындайды.
Шаршауға байланысты: Ауру, белгілі бір жердің ауырғанымен шектеулі емес. Шаршататын физикалық қозғалыстар, түшкіру, жөтелу, ісік, мигренмен бірге көрінуі мүмкін.
Сүйек аралары: Баста қысым және қысылу сезімі. Жақтың аурып шытырлауы арқылы белгісін көрсетеді. Жақтағы келеңсіздік және стресс бұған басты себеп.
Ревматизм: Мойында немесе бастың артқы жағында, қимылдағанда артатын аурулар. Тұз жиналуынан және суықтан болады.
Көздің шаршауы: Көз айналасындағы ауру сезімі. Көрудің нашарлауы және астигмат аурудың себептері.
Көзілдіріктің сәйкес келмеуінен де бас ауырады. Емі: көз дәрігеріне қаранып, көзілдірікті ауыстыру керек.
Жақпайтын тамақ жесе де бас ауыруы мүмкін. Емі: асқазанды тазартса, бастың ауруы қояды.
Қаназдықтан да бас ауруы туындайды. Белгілері: бас ауырады, көздің қарашығы ұлғайып, маңдай мұздап, тамырдың соғуы әлсірейді. Емі: басыңызды орамалмен қатты таңып, тегіс жерде шалқаңыздан жатып бір сәт демалыңыз. Кейін кофе немесе шай ішіңіз.
Ой еңбегімен айналысатын адамдар күніне бір мезгіл таза ауада серуендеуді ұмытып, күні-түні қағаздан бас алмаған кездері басы ауырады. Емі: а) легенге ыстық су құйып, 10-15 минут аяқты толарсаққа дейін малып отырыңыз; ә) бір шай қасық жалбыз шөбін 1 кесе қайнаған суға тұндырып ішіңіз, кейін демалыңыз; б) ой еңбегінен шаршап жүрген адамдардың балық жегені абзал.
Бас ауруына бас сақинасы, желке және жүйке невралгиясы да себепші болады. Бұл аурулар негізінен жүйкенің жұқаруынан - әлсіздіктен туындайды. Белгісі: басы ауырады, ашушаң болады, яғни сіркесі су көтермейді. Емі: а) мазасыз ойлардан арылып, жақсылап тынығу керек; ә) шай ішу қажет; б) жұмыртқаны шикілей кесеге жарып, үстіне қайнаған су құйып әбден араластырыңыз, осындай қоспаны күнде аз-аздан ішсеңіз, жүйке ауруынан құтыласыз.
Жүйкенің жұқаруы (неврастения, невроз) - бұл ауру мұғалімдерде жиі кездеседі, яғни бұны устаздардың кәсіби ауруы десе де болады. Емі: а) күнде 1 ас қасықтан бал жеу керек; ә) киікоты, қалақай т.б. дәрілік өсімдіктермен емделу керек; б) маңдайға жұқалап кесілген шикі картопты таңып қойыңыз; в) таңертеңгілік аш қарынға айран ішкен - бас аурудың мың да бір емі; г) басыңыз ауырған кезде қос қолыңызды шынтақпен қоса ыстық суға малып отырсаңыз, басыңыздың ауырғаны қояды. Ыдыстағы су салқындап бара жатса, ыстық сумен араластырып, температурасын бір қалыпта ұстаңыз.
Қан таспасы (гипертония), атеросклероз ауруына шалдыққанда кардиолог, терапевт дәрігерлерге, инсультқа шалдыққанда невропатолог дәрігерге, ал миыңызда қатерлі ісік не бітеу жара бары анықталса, нейрохирург дәрігерге қаралып, тексеріліп арнайы ем алған жөн. Кекшиме, яғни мең-зең еткен менингит ауруына шалдыққан жағдайда инфекционист дәрігерге барып, ем алған дұрыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айнұр
Бəрімен келісемін
Жандос
Керемет екен. Менин басым сақина ұстаған сияқты ауырады
Икрам
Базар жок коп коп рахмет шелиниске байланты кобирек емдик касетерин айсаныз отиниш
Назгүл
менің мамамның желке тамыры аурат басын кимылдатамай жатып калат жане беті жыбырлаит не стесе болат білсеңіздер жауап
беріңіздерші
Мирас
Басым катты аурады тура тобем аурады коп уйыктагым келе береди
Мадина
Желкеден жрғары оң жак шетінде шаншу қадалып тұр не істеуге болады? Алдын ала рахмет
багжан
меның желкем аурат шәншып неның белгісы?
Фарида
Саламатсыз ба! Кейде сол жақ бассүйегім солқылдатады, кішкене көздің айналасы да. Əсіресе артқы жағы. Бұл неден екен?
Асел
Колдан басыма карай шаншып кетеди ол не ушин
Сауле
Менын мурнымнан кан кетып басым ауырады бул сонда кайсысына жатады?
Жани
Басып ауырып желкем тартып тұрады, не себеп?
Эля
Менин басым бир ауырса катты ауырады алсиреп журегим айнып кусып жатып калам.Орамалмен каттылап байлап алам.Цитрамон ишемин баска не ишуге болады?Калай емдеуге болады?
Дико
Дәрігерге қаралу керек, анализ тапсыру керек, дұрыс диагноз қою керек. Диагнозы дұрыс болса арғы жағы оңай
менң басм ылғи аурады оң жақ шекем желкем, мурнмна
менң басм ылғи аурады оң жақ шекем желкем кейде басмды көтре алмай қаламын бул не себептен
Жанна
Салеметсиздерме халкым! Кобине бас желке арт жактагы мойын тамырлары ауырса давление томен или жогары фанендоскоппен олшеп тексерип отыру керек. Давление жас карини тандамайды барлык адамда кездеседи тукым куалайды отбасынызда биреуде давлениемен ауырсада.Врачка барыныздар тексеруден отиниздер.
Бахыт
Гормарид бар менде мұным бітіп түнде ұйықтай алмай желкем ауырады екі апта болды тамырым тартып тұрады білесіздер жауап жазыныздаршы
Туйгын
Мамамның басы қатты солқылдап ауырады,сол жақ көзі ісіп көгеріп кетті соны білгім келед
Гүлнұр
Өте керемет екен. Менин сурағым келгени жеркеммен маңдайымнын екі жағы жиі ауырады. Жане басым айналады
Кемелбек
Басым шуылдап ауырады решение
Жәудір
Бастарыңыз ауырмасын, дендерің сау болсын, базар жоқ, рахмет!