8 сынып алгебра оқулығына талдау

Қазіргі кезде барлығымыз білетіндей мектеп курсына арналған алгебра және геометрия оқулықтары жеткілікті. Бірақ осы оқулықтардың саны көбейгенімен сапасының да жоғалып бара жатқаны жасырын емес.

Мектеп қабырғасында жүрген оқушылар қай оқулықтан оқитынын біле алмай шаршаса, ұстаздар оқушыларыма кімнің жазған оқулығынан оқытсам тиімді? Қай оқулықтағы мысалдармен берілген тақырыпты жылдам әрі тиянақты түсіндіре алам?- деп шаршауда. Жалпылама айтқанда мектептерде оқулықтың бір негізділігі қалыптаспауда. Сондықтан да мектеп оқулықтарына зерттеу жасап, қай автордың жазған оқулығы мектеп курсында оқуға тиімді, мемлекеттік жалпы білім стандартына сай?- деген сұраққа жауап іздеп көрдік.

Зерттеу нысаны ретінде 8 сыныпқа арналған екі оқулықты қарастырдық.

1. А.Н. Шыныбеков. 2012 жыл, «Атамұра» баспасы.

2. А.Абылқасымова, И.Бекбаев, А.Абдиев, З.Жұмағұлова, 2012жыл, «Мектеп» баспасы.

Шыныбеков:

Бұл оқулық IV тараудан және математиканы тереңдетіп оқытуға арналған есептерден тұрады.

I.Квадрат түбірлер.

§1.2 тақырыпшадан, 2 мысал, «Қайталау жаттығуларына» - 3 есеп, «А» - 10, «В» - 9, «С» -7. §2. 2 тақырыпша, 2 мысал, 3 - қайталау есептері, «А» - 9, «В» - 9, «С» - 8 есеп (2 есеп *-мен берілген, бұл қабілеті ерекше оқушыларға арналған тапсырма). §3. 3 тақырыпша 3 мысал, «А» - 9, «В» - 10,«С» - 7 (3 есеп ерекше қабәлетті оқушыларға арналған) есеп, қайталау есептеріне - 5 есеп. §4. 2 тақырыпша, 9  мысал, «А» - 10,«В» - 16,«С» - 10 (2 есеп *), қайталау тапсырмаларының - 3 есеп. §5. 2 тақырыпша,2 мысал, «А» - 7,«В» - 10,«С» - 5 (2*-лы) және қайталау есептеріне – 4 (1 қабілетті оқушыларға арналған).Тарауға қосымшаесептерге жалпы – 20 есеп берілген.

Әбілқасымова: V тараудан тұрады.   

§1. 2 анықтама, теорема және оның дәлелдеуі, «А» - 4, «В» - 6, «С» - 3.§2. 4 мысал, 2 анықтама берілген. «А»  - 10,«В» - 8, «С»  - 5. §3. Теорема берілген, оның 2-еуі дәлелдеумен. 6 мысал берілген. «А» - 8, «В» - 6, «С» - 7. §4. 5 мысал берілген.«А» - 14, «В» -10, «С» - 4. §5 «А» - 4, «В» - 4, «С» -7.Тарауды қайталауға арналған тест 29 есеп.

Шыныбеков:

ІІ.Квадрат теңдеулер.

§1. 2 тақырыпша, 3 мысал,«А» - 8,«В» - 9,«С» - 8(оның 4-уі *), қайталау есептеріне 3-есеп берілген.  §2. 2  тақырыпша, 6 мысал,«А» - 18,«С» - 12,  қайталау есептеріне арналған - 3 есеп. «В» тобына арналған деңгейлік тапсырма берілмеген. §3. 2 тақырыпша, 4 мысал.«А» - 7,«В» - 11,«С»-9 (оның екеуі *), қайталау есептеріне - 3 есеп. §4. 2 тақырыпша,2 мысал,«А» - 6,«В» - 4, «С» - 8,қайталау есептеріне -3. §5.2 тақырыпша 3 мысал, «А» - 7,«В» - 9,«С» -11, қайталау есептері-2. §6. 2 тақырыпша, 5 мысал, «А» - 4,«В» - 4,«С» - 6(1 *).ІІ тарауға арналған қосымша есептерге-16 есеп берілген.

Әбілқасымова:

Квадрат теңдеулер.

§1. 4 мысал, «А» - 6, «В» - 5, «С» - 4. §2. 3 мысал, «А» - 6,«В» - 7,«С» - 6. §3. 2 теорема дәлелдеуімен, 2 мысал . «А» - 6, «В» - 7,«С» - 10. §4.  2 мысал, «А» - 5,«В» - 6,«С» - 5. §5. 2 мысал, «А» - 4,«В» - 4,«С» - 5.§6. 3 мысал, «А» - 6, «В» - 12,«С» - 8.

Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмасында 25 есеп.

Шыныбеков:

ІІІ.Квадраттық функция тарауы.

§1. 3 тақырыпша, 2 мысал, «А» - 6, «В» - 6.«С» - 6(1 есеп *), қайталау тапсырмаларының -2 есебімен қамтылған. §2. 3 тақырыпша 3 мысал, «А» - 10, «В» - 12,«С» - 7. қайталау есептеріне тапсырма берілмеген.§3.  4 тақырыпша, 6 мысал,«А» -10, «В» -14, «С» -9 (6*) есеп берілген. §4. 2 тақырыпша,6 мысал, «А» - 4, «В» - 5, «С» - 6.(3 есеп қабілетті оқушыларға арналған),  қайталау есептеріне-2 есеп. ІІІ тарауға қосымша есептерге- 14 есеп.

Әбілқасымова:

Квадраттық функция.

 §1. 4 мысал. «А» - 6, «В» - 5, «С» - 6. §2. 2 мысал. «А» -7, «В» - 5,«С» - 7. §3. 2 мысал. «А» - 6, «В» - 6, «С» - 2.  Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмасында 25 есеп.

Шыныбеков:

ІV.Квадраттық теңсіздіктер.

§1- тақырыпшасы қабілеті жоғары оқушыларға арналған,тақырып - 30 есепті қамтиды,8 мысал, «А» - 8,«В» -10, «С» - 10, қайталау есептеріне-2. §2. 4 тақырыпша, 6 мысал, «А» - 7, «В» - 10, «С» -11, қайталау есептеріне- 3 есеп берілген.   §3. 2 тақырыпша, 2 мысал, «А» - 8, «В» - 8, «С» - 8. қайталау есептеріне -2.   §4. 2 тақырыпша, 2 мысал, «А» - 5, «В» - 6, «С» - 5.(1  есеп *), 2- қайталау есептеріне берілген. §5. 2 тақырыпша, 1 мысал. «А» - 6, «В» - 7,  «С» -3.қайталау есептеріне - 4 тапсырма берілген. ІV тарауға қосымша есептер саны - 36.[1]

Әбілқасымова:

Квадраттық  теңсіздіктер.

§1.  6  мысал, «А» - 6, «В» - 6, «С» - 5.   §2. 3 мысал. «А» - 7, «В» -13, «С» -5.  Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмасында 25 есеп берілген              

Әбілқасымова:

V-тарау. Ықтималдық теориясы және математикалық статистика туралы алғашқы мағұлматтар: 2 тақырып,12 жаттығу бар.

Математиканы тереңдетіп оқытуға арналған қосымша материалдар тарауында: жалпы-57 мысал, оның 19- І тарауына, 38- ІІ тарауына берілген: І тарау: §1-ге мысал берілмеген, §2 және § 4-ке 1 мысалдан, §3,§5,§8-ге 4 мысалдан, §6-ға 2, §7-ге 3 мысал; ІІ тарау: §1-ге мысал берілмеген, §2және §10-ға 3 мысал, §3,§4,§5,§7,§8-ге 4 мысалдан, §6-ға 5, §9-ға 7 мысал берілген.[2]

Қорыта келе, жалпы зерттеу бойынша: Шыныбековтің оқулығында 264 бет, 1005 есеп,38 тақырып,56 тақырыпша,15 анықтама мен 132 мысал берілген.

Әбілқасымованың оқулығында 143 бет, 432 есеп, 38 тақырып, 7 анықтама, 46 мысал берілген.

Екі оқулықты салыстыра отырып, мектеп курсына екі оқулықты бірдей пайдалану керек деген тұжырымға келдім. Өйткені Әбілқасымова жазған оқулық өте ықшамды және есептер саны өте аз. Бұл оқушылардың тақырыпты жеткілікті түсінуіне мүмкіндік жасай алмайды. Және мектеп курсын жақсы білетін кейбір қабілетті оқушылар үшін есептер өте жеңіл. Осы мәселенің шешімін Шыныбековтың оқулығынан табуға болады. Шыныбековтың оқулығының басты ерекшелігі, есептердің күрделілігі, әрі көп есеп шығару арқылы тақырыпты жеткілікті түсінуге болатыныдығы. Егер мектеп курсынан Әбілқасымова оқулығы алып тасталынып, тек Шыныбековпен оқытылса, ол оқушыларға ауырлық тудырады. Есептердің қиындығы математика пәніне қызығушылығы аз оқушыларды жалықтырып, тақырыпты түсіне алмай қалуына себепші болуы әбден мүмкін. Сондықтан да мектеп курсына екі оқулықты да немесе олардан бір оқулық құрап шығарылса, оқушылардың деңгейіне, білім алуына байланысты салыстырып оқытуға тиімді болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Кітап:

Алгебра және анализ бастамалары: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 8-сыныбына арналған оқулық:

1. А.Н. Шыныбеков. 2012 жыл, «Атамұра» баспасы.

2. А.Абылқасымова,И.Бекбаев, А.Абдиев,З.Жұмағұлова.2012жыл. «Мектеп» баспасы. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі [Текст] / А. Әбілқасымова, А. К. Көбесов, Д. Р. Рахымбек, Ә. С. Кенеш. - Алматы : Білім, 1998. - 208 б. - ISBN 5-7667-2354-7 : 200 т.

3. Бидосов Ә. Орта мектепте математиканы оқыту методикасы. (Жалпы методика). Алматы, «Мектеп», 1989.

Семей қаласы, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
«5В010900» - математика мамандығының студенті Әлихан Ерқанат
Ғылыми жетекшісі – Тайболдина Қ.Р.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)