БҚО оқушылары Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламасымен оқи бастайды

Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін тарату мәселесіне арналған кеңес өтті.

Шараға «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысты.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде білім саласында да сапалы өзгерістер орын алуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы басты критерийдің бірі - қоғамдағы білім деңгейінің жоғары болуы. Осы орайда халықаралық білім стандарттарына сәйкес Назарбаев университеті мен зияткерлік мектептер нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Зияткерлік мектептер білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы үлгілерін әзірлеумен бірге, оларға мониторинг жасап, зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізе отырып, жүзеге асырады. Сондықтан Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін облыстағы барлық білім ордаларына енгізудің маңызы зор. Яғни жаңартылған білім мазмұнынан ешкім де тыс қалмақ емес. Осыған орай Алтай Көлгінов 22 қараша күні жаңадан тағайындалған облыстық білім басқармасы басшысының алдына қойылған тапсырмаларды облыстағы педагог кадрларының алдында тағы бір мәрте еске салды.

Жиында Күләш Шәмшидинова білім саласындағы маңызды мақсат-міндеттерді атап көрсетті.

Сондай-ақ өңір ұстаздары жаңартылған білім мазмұнын енгізуге байланысты өз ой-толғамдарымен, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, Орал қаласындағы А.Макаренко атындағы №6 орта мектепке Назарбаев зияткерлік мектебінің жұмыс тәжірибесі 2012 жылдан бері енгізілуде. Сол секілді жаңартылған білім беру үлгісіне көшуге байланысты 2015-2016 оқу жылында республикадағы отыз мектептің қатарында Оралдағы М.Ықсанов атындағы №36 және Теректі ауданындағы Шаған орта мектептерінің апробациядан өткені мәлім. Қазіргідей бәрі өзгеріске түсіп жатқан мезгілде педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру де маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ең бастысы, әр мектеп жаңашылдықпен жұмыс жасаса, білім деңгейі де өседі. Ортақ мақсат та осы.

Міне, осындай өзекті мәселелерді талқыға салған жиын соңында «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен БҚО әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)