Балалардың таным қабілетін дамытуға арналған ойындар

Алматы қаласы, Алатау ауданы
КМҚК "№177бөбекжай-балабақшасы"
Психолог маманы
Дарибаева Гулмира Габитовна

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың таным қабілеттерінің даму ерекшелігі

      Таным қабілеттері

 Мектеп жасына дейінгі балаларға тән түрлері

1

 Қабылдау

Суретті қабылдау,сенсорлық эталондарды қабылдау, кеңістікті және уаққытты қабылдау

2

Зейін

Ырықсыз және ырықты

3

Ес

Көру есі,есту есі арқылы көрнекі образдық ес,сөз логикалық есін дамыту

4

Ойлау

Анализ және синтез жасауға,салыстыру,логикалық ойлауға жетелеу

5

Қиял

Шығармашылық қиялын дамыту

6

Тілінің дамуы

Диолог дәне монолог түрде сөйлеу

7

Қол бұлшық еттерін дамытуы

Заттады қағаз бетіне бейнелеуі, саусақтар арқылы бейнелер жасау,қарындашты дұрыс ұстауы.

 

Балалардың таным қабілеттерін дамытуға арналған ойындар.

Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланыесінде сақтап алуы керек. Ойын жүргізушінің  берілген белгісі бойынша балалар көздерін жұмады. Ойын жүргізуші отырған балардың бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды.балалар көздерін ашып, қандай өзгеріс барын қасындағы балаларға қарап.

Қиялдағы сурет

Балалар шеңбер ққұрып отырады. Ойыншыларға таза ақ парақ пен түрлі–түсті арандаштар таратылып беріледі. Балалар ойын жүргізушінің белгісі бойынша өз ойларынан сурет сала бастайды. Ойын жүргізуші  белгі берген кезде салып жатқан суретін тоқтатып,оң жағындағы ойыншыға береді де,сол жағындағы ойыншының суретін жалғастырады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша қолдан-қолға ауысып,толықтырылып салына береді. Соңында сурет талданады.

Мен нені жұмбақтадым?

Ойын жүргізуші затты, ойыншықты немесе бір жануарды сипаттап айтады. Ойыншылар заттың атын тауып атауы керек. Мысалы: Ойын жүргізуші диванды жұмбақтап былай сипаттайды: «Заттың көлемі өте үлкен.Үсті матамен жабылған.оны жазып қолдануға болады». Жұмбақтаған затты кім шешсе, сол әрі қарай жүргізеді.

Билеп көрсет!

Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойын жүргізуші кез-келген заттың немесе жануардың атын атайды да әуен қояды. Ойынға атысушылар атаған затты бейнелеп билеп көрсетеді. Мысалы: көбелек, жылқы, гүл, құс, қоян, кәмпит, алма, қамыр, күн т.б болып билеуді ұсынады.

Бояулар базары

Ойыншылардың ішінен етікші,тігінші,тоқымашы белгіленеді. Олар бөлмеден шығып кетеді. Қалған ойыншылар киімдеріне қарай түрлі түсті бояулар қызыл, көк, сары, көгілдір, ақ, сұр т.б болады. Базарға қол өнер шеберлері бояулар сатыпалуға келеді. Олар: базарда бояулар сатылама? Деп айқайлайды. Бояулар: “Cатылады, сендерге қандай бояулар керек?” деп жауап береді. Қолөнер шеберлері өздеріне қажетті бояуларды атай бастайды. Егер аталған бояулар бар болса, сол бояу қолөнер шеберіне қызмет етуге шығады. Атаған бояулар “жоқ” болса, жоқ деп жауап береді. Осылайша шеберлер кезекпен бояуларды сұрайды. Кімде бояу көп болса, сол шебер жеңіске жетеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Кымбат

Маган отте унады ойындар,баллардын ойлау кабылетын дамытады сурет салу оз ойын кагазга тусыру жан жакты зерелеу бунын бары келешек пайдасын береды. Осындай тапкырлыкты тауып ойластырган устаздарга алгысым шексыз.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)