Алматыда оқушыларға кәсіпкерлік сабағы оқытылатын болды

Қазақстан мектептерінде тұңғыш рет  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізіледі. Пилоттық жоба Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 көп салалы гимназиясында басталады.

Алғашқы сабақ 10-11 сынып оқушылары үшін қазақ тілінде өтеді.

Оқушылар үшін арнайы дайындалған таңдау пәнін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп әзірледі.

Жаңа пән 2018-2019 оқу жылында республика мектептерінің оқу бағдарламасына енгізіледі.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (2)

Айнаш

Жақсы жаңалық! Дұрыс бағыт!

Гүлжан

Пайдасы тиер деген үміттеміз. Өмірге қажетті пән.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)