сайыс
ozgetil.kz

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы» жаңа жыл мерекесі

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» жаңа жыл мерекесі аталып өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына қарасты мемлекеттік мекемесі Облыс орталығының Көксай-2 шағын ауданында  Ж.Нұрлыбаев көшесінде орналасқан. Аталмыш  мекеме 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ашылғаннан бері жеті жыл ішінде мекеменің педагог мамандары көптеген жасөспірімдерді тәрбиелеп, олардың теріс жолға түспеуін қадағалап, қоғам өміріне бейімдеуге бар күштерін салуда.

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде жаңа жылдық мерекеге арналған «Қош келдің жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Жаңа жыл мейрамын мерекелеудің мақсаты өскелең ұрпақтың санасына эстетикалық тәрбие беру, жаңа жылды насихаттау, балаларды қуанышқа бөлеу болатын.

Сахнада шырша, жұлдызды аспан, гирлянды шарлардан түрлі мүсіндермен безендірілген .

Орталыққа Алтынбекова Айгул Раушанқызының жетекшілігімен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекенттік университеті, Қашықтықтан оқыту институты, «Мәдениеттану жұмысы» мамандығы 5 курс, ВПИК-13-15к1 тобының студенті Өтеев Дәулетжанның «Қош келдің жаңа жыл!» атты шығармашылық жұмысын тарту етті.

Жаңа жылдық думанды кештің алғашқы ақ тілегін айту ушін «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» басшысы Қансейіт Бимен Жұмаханұлына сөз берілді .Ол балаларды, қонақтарды және қызметкерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін және жылы лебізін білдірді.

Сахнаға Аяз ата мен Ақшақар келді, олар балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, мерекелік сыйлықтарын, яғни Спонж боб киіміндегі кейіпкерлер, бапкер мен тірі аюдың өнерін тамашалады.

Сонымен қатар, алып трансформерлер (роботтардың) қызықты шайқастары, Иллюзия (фокус) өнерін, Ит жылы (массовка би жаңа жыл әнімен), Пружына (созылмалы киімдегі адам) өнерлерін көрсетті.

Бұл өнер балаларға және қонақтарға өте қатты ұнады себебі жоғары дәрежеде өнер көрсетті.

Аяз атаның өнер майталмандарынан құралған керемет сыйлығына, орталық тәрбиеленушілері жауап ретінде өз өнерлерін ортаға салды, Даурханова Мехрижамалдың орындауында «Мереке» әні, Тұрымбетов Азат, Маматова Зарина, Сейтова Айдананың заманауи биі, Пазылбекова Жанияның түрік әндерінен попуриы, балалардың тақпақтары, билері, көріністері қонақтардың көңілінен шықты. Аяз ата мен Қарша қыз балаларға сыйлық берді.

Мерекеде Трио «Аңсар», Трио «Шабыт», Трио «Дарын», Махмуд Урумбаев баян мен (зеркальный шоу фонында), Трио «Бойсбенд», Жұлдыз биі, Трио «Zas stars», Дуэт «Экспо», Саксафон «Компазиция» өз өнерлерін  көрсетуімен жалғасын тапты.

Балаларды мерекесімен құттықтап келген қонақтар мен демеушілер, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы: Досыбекова Алия Сартайқызы, «Алтын Дән» ЖШС-нің директоры Абдукаримов Бахарам Сейдраманович, «NegoCom» ЖШС-нің директоры Горбатых Дмитрийге сөз кезегі беріліп, балаларды жаңа жылмен құттықтап сыйлықтар берілді.

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» басшысы Қансейіт Бимен Жұмаханұлы келген қонақтарға, демеушілерге балалардың көңілін көтергені үшін рахметін айтып, «Алғыс хаттар» табыс етті.

«Қош келдің Жаңа жыл» атты мерекелік кешімізді «Жаңа жыл» әнімен мәресіне жетті, фейерверктер атылып, сыйлықтар үлестірілді.
Мереке өте жоғары деңгейде өтіп қызықты әрі көңілді болды. Балалардың жүздерінен көтеріңкі көңіл күй мен бақытты балалық шақ қуанышы көрініп тұрды. Осындай дәрәжеде өтуіне үлес қосқан Алтынбекова Айгул Раушанқызы мен Өтеев Дәулетжанға айтар алғысымыз шексіз және де алдағы уақытта еңбектерінің жемісін көруіне тілектеспіз.
 

ОҚО Білім басқармасының
«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-нің
тәрбиешісі Аширбекова Гулзахира Нурлубайқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)