сайыс
ozgetil.kz

Туған өлкем, неткен көркем

ОҚО Шардара ауданы Ұзын Ата жалпы орта мектебі
9 "А" сынып оқушысы Тұрсынбай Зухра
Жетекшісі: Мусаилова Оңай


Отан ыстық жалын оттан тіпті қызу шоқтан да,
Оған деген ыстық сезім қармалауда қалама
Орманынсыз бұлбұл жетім,Отанынсыз адам жетім,
Бұл фәниде туған елсіз қалған да.

Ал менің де отаным бар Шардарадай шалқада,
Нар далаға теңеп еді Мұқағали дана да,
Дарияны қорғап жатқан бұл өленің тарихы,
Шежірелі шерлі тарих құпиясы қаншама.

Сонау ширек киелісі Ұзын ата сахаба,
Шардараны мекен еткен бір өлкелі жағада.
Сол бабаның туған жері кең көсілген сағасы,
Енді қазір Ұзын атадай кең дала.

Туған өлекем неткен көркем сұлу еді тамаша,
Сұлулығын бар жәннатін жырлар едім мақтана.
Қызыл құмы,ақ алтыны, бидайы
Сар даланы мың құбылтар жаңаша.

Тіл жетпейтін сұлулығы тамаша,
Барлық әлем мойындайды жаңаша,
Туған жерім ыстық маған далам да.
Сәби жүрек қимайды оны балаша.

Туған жердің топырағында бой жеттім,
Енді міне қимай тұр-ау
Мына мендік жүрегім,
Тарам болған тірегіммен тамаша.

Туған жерді қалай қиып кетем мен,
Ей,даланың ұрпақтары біліңдер
Әлемге әлі мойындатам,сендер соны көріңдер,
Ешқашан да күңіренбес мен тұрған да туған жер!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (1)

egemberdiev

Керемет жарайсын

 

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)