Өнермен өрілген өмір

Жақында Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында «Кескіндеме және мүсін», «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен жазушы, ғалым Жұмабай Қайрамбайдың «Өнермен өрілген өмір» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жиынға Байтұрсын Есжанұлы, Тұрдақын Жексенбай, Керімбай Қыстаубаев, Аман Құлбаев, Бауыржан Байділда сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. 
 

Жиын барысында автор аталған еңбекті жазудағы басты мақсатына тоқталды. Кітаптың жарық көруіне белгілі суретші, кескіндемеші, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, профессор, Қырғыз Ұлттық Көркемсурет Академиясының академигі Жұмақын Қайрамбаевтың өмірі мен өнері арқау болған. Кітаптың бас кейіпкері Италиядағы ірі сурет көрмесінде өз туындысын таныстырғанда, шетелдік суретшілер қазақ халқында мұндай өнер мүлде болмаған деп таңданысын білдіріпті. Сонда суретші мүдірместен ата-бабаларымыздың ерте ғасырдан-ақ тасқа қашап сурет салғандығын айтқан. Осы оқиғаны тілге тиек еткен Жұмабай Қайрамбай: «Қазақ ертеден өнерлі халық. Кітапта кескіндеме, сурет өнерінің қыр-сырына үңілдім. Оқырмандар, жастар осы өнерге қызығып, дамытамыз десе, құба-құп», – деді.  Кескіндеме өнерінің кеңінен танылуына үлес қосқан суретшінің көркем шығармалары еліміздің мұражайларымен қатар, шетел қорларында да сақтаулы. 
 

Іс-шараның екінші бөлімінде «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Тұрдақын Жексенбай: «Жұмақынның тілі жеңіл, сөз байлығы мол. Əрбір жастың ой-өрісін көркем əдебиет жетілдіреді. Ал қолымыздағы кітап қазақтың кесіндеме өнерін насихаттап қана қоймайды. Сондай-ақ, өрелі өнерді өнегелі сөзбен жеткізетіндігін» айтып, жинақтың тұсауын кесті. 
  Жиын соңында ақын Маралтай Райымбек жыр оқып, əнші Рамазан Стамғазиев «Екі жиренді» нақышына келтіре орындап, көрермен ықыласына бөленді.


Пікірлер (4)

Сымбат

Құтты болсын!

Модератор

Жазбаның авторы өзіңіз болсаңыз - автор деген бөлімді бос қалдырған дұрыс болады.

AraiZh

Бөлімді бос қалдырдым.

Ермек

Керемет! Суреттер әдемі екен. Мақала да қызықты.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)