сайыс
ozgetil.kz

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру: Білім

Рахматуллина Айтан Рахматуллаевна
«Тұран» университеті колледжінің экономика пәнінің оқытушысы

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы шыққалы бері барлық жағынан рухани жаңғыру жүйесі қолға алынғаны белгілі. Білім салаына да рухани жаңғыру керек. Ол дегеніміз оқытушының біліктілігі мен білімінің арқасында көрінетін дүние. Өзі жаңғырып, өзі өзгеріп, өзінің кәсіби шеберлігін арттырып отырған оқытушы ғана рухани жаңғыруға сай білім нәрін құя алады.

ХХ ғасырдың ірі өкілі,белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: «Балаларға білім берумен, тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмәм болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкіртінің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте өмірде аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры». Оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде-оқытушы басты тұлға болып табылатыны сөзсіз. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен оқытушы өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барынша жетілдіру және қызметі саласындағы жаңалықтар мен өз тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс. Сонда ғана оқытушы қызметі бүгінгі күннің талабына сай болады. Үздіксіз іздену - бүгінде оқытушыларға қойылып отырған басты талаптардың бірі. Оқытушы шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен, сабақпен байланысты. Демек сапалы, тиімді әрі нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір білімгердің сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқыту технологиясы оқыту үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Қазіргі кездегі білім беру сапасы білімгердің әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім нәтижелерімен түсіндіріледі.

Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипаты қандай екендігіне тоқталып өтсек, кейбір сөздіктерде құзіреттілікке белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауға, салмақты да беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндірме берілген. Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіруі қажет және жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалануда жоғары нәтиже береді деген сенімдеміз.

Жаңғыртылған білімге сай жаңа сарындағы, жаңа сипаттағы мамндарды даярлау үшін оқытушы төмендегі әрекет – қадамдарды орындауы керек:
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып – зерттеу;
3-қадам:Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау;
4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру;
5-қадам: Берілген модульдегі оқу материалын тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру;
6-қадам: Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір білімгерге  арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудығ ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірлеу.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымның бір ерекшелігі- білімгерлердің тұлғалық дамуына бағытталған жаң оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.Жаңа педагогикалық технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, мәселелік оқыту технологиясы, тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы, модулдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Жаңа оқыту технологиясының негізгі мақсаты – білімгерді өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Қазіргі кезде,тірек белгілері арқылы  оқыту технологиясы жиірек пайдаланылып жүр. Мұның мақсатты білім, білік, дағдыны қалыптастыру, оқытуды жежелдету. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының  ерекшеліктеріне тоқталсақ:
-    Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
-    Жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
-    Ізгілік,еркімен оқыту;
-    Әр білімгердің жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда қоғам сұранысын қанағаттандыру үшін білімді ғана емес, танымдық ізденісі жоғары деңгейдегі мамндарды даярлау қажет. Мұндай мамандарды даярлау үшін,жаңа оқыту технологияларын кеңінен пайдалана отырып,жаңашылдық  деңгейдегі танымдық,ғылыми зерттеу жұмыстарын жолға қоя отырып, оқытушы өзінің танымдық, құзіреттілік білім мен біліктілігін арттырғанда ғана жаңғыртылған білімге сай мамандар дайындайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://www.akorda.kz/
2. Кенжебеков Б. Маманның кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізі. Бастауыш мектеп 2006 ж,. № 7.
3. Профессиональное развитие из опыта учителей, Алматы, 2005ж.
4. Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық іздемпаздығын қалыптастыру негіздері. Алмат6ы, 2003ж.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)