Спектакльдер науқаны басталды

Астанадағы «Шабыт» жəне Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы арасындағы достық байланыс, тəжірибе алмасу дәстүрге айналған. Өткен аптада астаналық өнерпаздар Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да театрлық қойылым көрсетті.

  «Шабыт» университетінің 20 жылдығына орай «Драма театры және кино ТВ актері» факультетінің ІV курс студенттері дипломалды жұмыстарының қойылымын көрсетті.  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, продюссер Бекназар-Ханинга Лейло Ақназарқызының жетекшілігімен М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, Мұзтай Кәрімнің «Ай тұтылған түн» жəне И.Кальманның «Сильва» опереттесінің желісі бойынша «Мен...» студенттік коллажын шберлікпен орындап шықты. Дипломдық спектакльдер науқанына орай алдағы аптада алматылық өнерпаздар Астанадағы «Шабыт» университетінің сахнасында өнер көрсетпек.
      Аман Құлбаев, Т.Жүренов атындағы ҚазҰӨА театр факультетінің деканы, профессор: – Астананың 20 жылдығы жəне «Шабыт» университеттің 20 жылдық мерейтойына арнап екі өнер шаңырағы келісімге келген болатын. Яғни ІV курс драма бөлімінің актерлары дипломдық қойылымдарын екі сахнада өткізеді. Енді 24-26 мамыр күндері біздің студенттер Астанада М.Əуезовтің «Қарагөзін», Штраустың «Жарқанат» жəне «Арыстандар патшалығы», «Гэтсби» қойылымын қояды. Біріншіден, сахна өнеріндегі болашақ актерлердың біз берген білімі, деңгейі, режиссура мен осы жолдағы ізденістері осы дипломдық спектакльде көрінеді. Екіншіден, тəжірибе алмасуда мұндай байланыстың маңызы айрықша.
    

Дарындыларды даралап, талантты танытатын қос өнер ордаларының ұжымына шығармашылық табыс тілейміз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)