Жеті жұрттың тілін біл

Тіл білу – басқа адамдардан ерекшелігің, өз ортаңдағы артықшылығың. Тіл білу – өнер. Оны білу үшін адамда, ең алдымен, қызығушылық, алдына қойылған айқын мақсат керек. Кез келген іс адамды еңбекқор болуға тәрбиелейді. Бізге тек қана жақсы жағынан көмек береді. Бір емес бірнеше тіл білу – сенің жадыңның қалыпты екендігінің дәлелі. Жеті түрлі тіл білу маңызды ма? Оның қандай пайдасы бар? 

Әлемде қанша мемлекет болса, сонша тіл бар. Сен соның көбісін білер болсаң, полиглот деген атқа ие боласың. Көп тіл білетін адам жұмыссыз қалмайды. Мектептерге мұғалім болып кіруге болады.

Жекеменшік бала оқыту орталығын ашуыңа болады. Бұл да нағыз пайданың көзі. Өзім сондай орталыққа барып, дәріс алдым. Ол жерге мен секілді орта есеппен 30 бала барады. Айына 8000 теңге төлеп оқиды. Демек 240000 теңге ол адамға кіріс кіріп тұр. Сен үйде жатып бір айда бұл ақшаны таба алмайсың.

Егер жоғары білімің, дипломың болса, бір компанияға аудармашы ретінде кірк аласың. Аудармашы әр сөзіне ақша алады. Демек бұл да нағыз табыстың кілті.

Адам баласы өмірде өзін бақытты сезіну үшін өзі қалайтын істі орындауы керек, сол істен лаззат алуға тиіс. Ондай өзіңе ұнайтын іс болмаса, өмір сүріп жатқаның бекер. Мен сіздерге тіл үйренгеннің пайдасын айттым. Онымен келісу, келіспеу өз еріктеріңізде. Болашақта таңдайтын мамандығым тілге қатысты. Оның жағымды жақтарын білу – менің міндетім.





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)