сайыс
ozgetil.kz

Google cіз жайлы қандай деректер жинайды және мұндай бақылаудан қалай құтылуға болады

Google сервисіндегі сіздің жеке деректеріңіз кенеттен басқалар үшін қолжетімді болып қалуы мүмкін. Біз сіздерге мұндай келеңсіздікті қалай түзеуге болатынын айтамыз.

Google неліктен қолданушылар туралы деректерді жинайды.

Қазіргі таңда Google бізді бақылап отыратыны ешкім үшін құпия емес. Біздің мекен-жайымызды бақылап отыратыны сияқты ғаламтордағы іс-әрекетімізді де назарынан тыс қалдырмайды. Сіз желі арқылы қандай да бір өнімді іздеп, ол туралы мәлімет оқығанда, YouTube Сізге бірден осыған ұқсас өнімнің жарнамаларын ұсынатынын байқаған боларсыз. Егер Google өз пайдаланушылары жөніне мәліметтерді жинамаса, дербес жарнама болмай, жарнамалардың жұмысы тоқтап қалар еді.

Деректерді жинаудың қаупі неде?

Бір қарағанда бұнда тұрған жаман ештеңе жоқ сияқты. Біз жайлы Google деректер жинаса несі бар, енді компанияның қызметін пайдаланбауымыз керек пе? Қайта осы қызметтің көмегімен ғаламтор қызықты әрі пайдалы: Сіздің қызуғышылықтарыңызды қанағаттандырады, керекті кеңестер береді.

Алайда Google Docs индексациясымен орын алған жуырдағы оқиғаны еске алсақ, онда Google-дан басқасы Сіздің мекен-жайыңыз жайлы, немен айналысатыныңыз туралы деректерді біліп алуы мүмкін деген күмән туатыны анық. Кепілдік болмағандықтан өз қамыңызды өзіңіз жасауыңызға тура келеді.

Google Сіз жайлы не біледі?

Орналасқан жеріңіз жайлы ақпараттар

Бірінші және ең бастысы — бұл сіздің геолокацияңыз. Сол арқылы Google сіздің орналасқан жеріңізді бақылап, мекен-жайларды жазып отырады. Содан соң сол ақпараттарды негізге ала отырып дербес жарнамаларды ұсынады. Сілтеме арқылы жүрсеңіз, Google, тіпті, Сіз өзіңіз ұмытып қалған мекендеріңіз жайлы ақпараттарды есінде сақтап тұратынына көз жеткізе аласыз.

Сол жақ жоғарғы бұрышынан кез-келген күнді таңдасаңыз, картадан қай жерде болғаныңыз, сағат нешеде, тіпті қандай көлікпен  қозғалғаныңызға дейін ақпараттар шыға келеді.

Іздеу тарихы мен желідегі іс-әрекеттер

Google тек Сіздің іздеу тарихын ғана емес, сонымен қатар Сіз оқыған мақалалардың тізімі, әлеуметтік желідегі адамдардың профильдері, Сіз кірген желі парақшаларын сақтап тұрады. Сілтемеге өтіп, өзіңіз көз жеткізе аласыз.

Сіздің құрылғыңыздан алынған ақпараттар

Сізге өзекті, маңызды жарнамалар ұсыну үшін Google Сіздің байланыстарыңыз жайлы деректер, күнтізбеңіздегі жоспарларыңыз, Сіз қолданатын қосымшалар мен тыңдайтын әуендеріңіз, тіпті батарея зарядының деңгейі жайлы деректерді сақтап отырады. Барлық деректер тиізімін осы жерден көре аласыз.

Дыбыстық сұранымдар және смартфонды дыбыстық басқару

Егер Сізге «Окей, Google» тіркесі таныс болса, құттықтаймыз: Сіздің смартфоныңызды басқарудағы дыбыстық бұйрықтарыңыз және дыбыстық іздеу сұранымдары Google серверлерінде сақталады. Оларды мына сілтеме арқылы тыңдай аласыз

Сіз жайлы жарнамалық ақпарат

Google үшін қолданушылар жайында деректерді жинаудағы негізгі мақсат — жарнаманы дербестендіру. Себебі осы жарнамалар арқылы компания ақша табады. Сіздің мүддеңіз бен қызығушылықтарыңыз жайлы жарнама беруші хабардар екенін осы жерден біліп, бір кездері кездейсоқ ғаламтордан іздестірген өнім жайлы «маза бермейтін» жарнамалардан оңай құтыла аласыз.

Сіздің смартфоныңыздағы фотосуреттер

Егер Сіз Android негізіндегі смартфон қолданатын болсаңыз, Сіздің фотосуреттеріңіз Google бұлтты мұрағатында қазірдің өзінде сақталып тұрған болар. Ал Сіз бұл жайлы білмеуіңіз де ғажап емес, себебі, автожүктеу әдепкі қалпы бойынша қосылуы мүмкін. Google Photo қосымшасын өшіруге асықпаңыз — бұл жағдайды реттемейді. Бұдан Сіздің барлық фотосуреттеріңіз сақталуын тоқтатпайды, әрі бәріне қолжетімді — «ашық» күйде қалып қоюы мүмкін. Google өзі әр түрлі құрылғылардағы фотосуреттер мен бейнежазбалардың автожүктелуін қалай өшіруге болатынын мына нұсқаулықта жазған.

Сіздің cookie-файлдарыңыз

Сіздің компьютеріңіздің көптеген ресурстарын Google Chrome «жеп қоятынын» байқаған боларсыз? Браузер Сіз жайлы мәліметтерді жинап, тіпті толығымен жабылған кездің өзінде, фон күйінде жұмыс істеп тұрады, сонымен қатар Сіздің cookie файлдарыңызды да сақтайды. Google бұл файлдарды қалай және не үшін қолданатынын мына сілтеме арқылы түсіне аласыздар.

 Егер Сіз қосымша беттер фон күйінде жұмысын жалғастырғанын қаламасаңыз, Chrome браузерінің баптауына өтіп «Система» бөліміндегі «браузер жабылған кезде фон күйінде жұмыс істейтін сервисті өшірмеу» пунктының қарсысындағы белгіні басыңыз. Бұл Windows-нұсқаларына ғана қол жетімді, macOS қолданушыларында жоқ. Егер өзіңіз жайлы деректерді жинауды, әрі cookie файлдарын қолдануды өшіргіңіз келсе парақшаның төменгі жағында «қосымша баптаулар» батырмасын басып, өзіңіз жайлы, өзіңіздің іс-әрекеттеріңіз жайлы жария қылғыңыз келмейтін ақпаратты өшіре аласыз.

Өзің жайлы мәліметтерді қалай өшіруге, әрі келешекте жиналуын қалайша тыйуға болады?

Әуелі Сіз мына сілтемеге өтіп Google-ге және жарнама берушілерге жібергіңіз келмейтін ақпараттарды өшіруіңіз керек. Барлық пункттер бір жерде орналасқандықтан, қолдану өте ыңғайлы.

Содан кейін Сіз туралы бұрын жиналған деректерді өшіріңіз. Ол үшін келесі сілтемеге өтіңіз (барлық ақпаратты бірден жою үшін «барлық кездегі» пунктін таңдауыңызға болады), сервистерді біртіндеп немесе Google сервистерінің барлығын таңдап қорықпастан «жою» батырмасын осы жерде өзгерте аласыз.

Сондай-ақ егер Сіз байланыссыз төлемдер үшін Google Pay–ді қолданбасаңыз, әрі Google Play қосымшасын сатып алмасаңыз, Google-да төлем жайлы ақпараттарыңыздың қалмағанын тексеріңіз, қажет деп тапсаңыз оны да өшіре аласыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)