Қазақстанда онлайн сауда жасаушылардың көпшілігі 18-34 жастағы азаматтар

Елімізде «Қазпошта» АҚ арқылы онлайн тапсырыс беріп, сауда жасаушылардың дені жастар, оның ішінде 59%- ы әйел адамдар болса, 41%-ы ерлерді құрайды. Бұл жөнінде «Қазпошта» АҚ электронды сауда департаментінің директоры Мұстафин Сұлтан мәлімдеді.

«Қазпошта» АҚ әр сағат сайын 10 мыңнан астам жөнелтімдерді қабылдап жіберіп отырады. Онлайн тапсырыс беріп сауда  жасайтындардың көпшілігі жастар. Қазақстанда электронды сауданы дамытушы, тапсырыс беруші қалалар есебіне Алматы қаласы бірінші орынды құрайды, бұл пайыздық көрсеткішпен 70%», – деді Мұстафин Сұлтан.    

2016 жылы Қазақстанға жеткізілген посылкалардың саны 15,3 млн. бірлікті құрады, оның ішінде супермаркеттер арқылы - 553 мың, 2017 жылы - 21,9 млн., супермаркеттер арқылы – 1,8млн., ал 2018 жылы бес айда - 11,6 млн., супермаркеттер арқылы - 2 млн. Поштаматтар арқылы, 2017 жылы 500 мың посылка жеткізілсе, ағымдағы жылдың басынан бастап бұл көрсеткіш - 306 мыңды құрап отыр.

«Бүгінгі таңда «Қазпочта» АҚ және басқа да пошта әкімшіліктері электрондық сауда нарықтың басты драйвері екенін анықтады. Себебі поштаның электрондық сауданы дамытудан басқа, интернет-дүкендерден, қаржылық технологиялардан және де басқасынан бөліп қарасақ, жеткізіп отыру негізгі қызметі және ерекшелігі болып отыр. Яғни неғұрлым жеткізу жылдамырақ болса, онда адамдар онлайн сатып алуды соғұрлым көбейтіп отырады», – деп айтып өтті ол.

2018 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда электронды коммерция нарығының көлемі 101 млрд. теңгені құрап отыр. «Қазпочта» АҚ болжамына сәйкес, жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 302 млрд. теңгеге дейін өседі және бөлшек сауданың 2,9%-ын құрайды.

Сондай-ақ, С. Мустафин «Қазпочта» АҚ-ның маңызды бағыттарының бірі Қазақстанда электрондық коммерцияны дамытумен қоса, электрондық коммерцияға тікелей бағытталған бірқатар жобалар бар. Компанияда ірі аймақтарға посылкалар EMS Kazpost жеткізу қызметі арқылы тәулік сайын жеткізілетінін атап өтті.

Айта кетелік, экспресс пошта қызметі (EMS) - әлемнің 200 еліне жедел жөнелтімдерді жеткізу қызметі. Қазақстанда бұл қызметті «EMS-Kazpost» компаниясы көрсетіп отырады, ол жедел және шұғыл құжаттарды және жүктерді Қазақстанға алыс-жақын шетелдердің кез келген нүктесіне жылдам әрі тиімді жеткізуді қамтамасыз етеді. Әр тұтынушы EMS жөнелтімдерінің жұмыс барысы жөнінен «Қазпочта» АҚ www.kazpost.kz сайтында немесе EMS Kazpost Call-center операторы арқылы хабардар болып отырады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)