Әлемнің үздік интернет-дүкендері қандай?

Онлайн-сауда — әлемдік экономикадағы жаңа тренд. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылы әлемдік онлайн сатылымдар 2,3 трлн долларды құрады. Ал, 2020 жылы 3,2 трлн долларды көрсетеді деп күтілуде.

Электронды коммерция саласы бойынша дамыған 10 ірі мемлекет тізіміне: Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Канада, Ресей, Бразилия енеді.

Аталған алпауыт мемлекеттерде жаһандық деңгейдегі үлкен интернет-дүкендер орналасқан. Бұлар өз кезегінде е-сommerce дамуына айтарлықтай үлес қосып жатыр. Мәселен, Қытайлық компания AliExpress, АҚШ мемлекетіне тиесілі Zappos, Ebay, Amazon мен Itunes және т.б.

AliExpress

AliExpress онлайн-сауда нарығындағы ең маңызды ойыншылардың біріболып саналады. Айта кету керек, AliExpress компаниясы әлемдік деңгейдегі онлайн-дүкен ретінде баршамызға белгілі. Ол бастапқыда Қытай елінің өнімдерін әлемдік айналымға шығару үшін құрылған болатын. Десе де, қазіргі таңда бұл қауымдастықтың қызметін тұтынушылар саны жылдан жылға артуда. Әлем елдерінің 200 аса мемлекеті осы компанияның қызметін тұтынады. Тіпті, Африка елдеріндегі ең кедей мемлекет саналатын Зимбабве де AliExpress-ті пайдаланады екен. Өйткені, мұндағы тауар бағасы арзан, жеткізу уақызы да тез және сапалы тауар түрлерін ұсынады.

Zappos.com

Zappos.com – аяқ киімдерді интернет арқылы сататын ең ірі компаниялардың бірі. Оның жалпы айналымы шамамен 1 млрд долларды құрайды. 1990 жылдардың соңында құрылған болатын. Негізін салған америкалық тұрғын Ник Суинмур. Көптеген интернет-дүкендер тұтынушыларды тарту үшін бағаларын түсіріп жатады. Ал, Zappos болса сенім мен сапалы қызметті ең алдыңғы орынға қояды. Нәтиже де жоқ емес, оның тұтынушыларының 40 пайызы одан қайтадан тауар сатып алады екен. Дегенмен, Amazon компаниясы оны 2009 жылы 800 млн долларға сатып алған болатын.

Ebay.com

Ebay.com – әлемдегі үлкенинтернет-дүкендердің бірі. Интернет-аукционы ретінде де танымалдылыққа ие. Ол 1995 жылдың 4 қыркүйегінде құрылған болатын. Көптеген мемлекеттерде өздерінің жергілікті филиалдары бар.

Мәселен, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Испания, Аустралия және т.б. Ebay интернет-дүкені арқылы тұрмыстық өмірге қажетті барлық тауар түрін алуға болады. Мәселен, теледидар пультінен бастап, спортқа қажетті барлық затты сатып алуға мүмкіндік бар. 2018 жылы Ebay-дің таза табысы 1,049 млрд долларды құрады.

Amazon.com

Amazon.com – халықаралық деңгейдегі ең ірі интернет компания саналады. Мұнда тауар түрінің барлығы бар. Мәселен, сағаттан бастап, көлік дөңгелегіне дейін сатып алуға болады. Бұл ұйымның қызметін пайдаланушы әлемдік мемлекеттер АҚШ, Бразилия, Канада, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Франция, Польша, Испания, Үндістан, Қытай, ТМД мемлекеттері. Сондай-ақ, аталған мемлекеттерде осы компанияның филиалдары орналасқан. Financial Times-тің 2017 жылғы мәліметінше, оның капитализациясы 506 млрд долларды құраса, жылдық табысы 3 млрд долларды көрсетіп отыр. Ал, 2016 жылы жылдық табыс 600 млн долларға төмен болған еді.Bloomberg Billionaires Index айтуынша, Amazon негізін салушысы  Джефф Безостың жағдайы 100 млрд долларға бағаланыпты.

Itunes.com

Ал, Itunes.com-ның жартысы Apple негізін салушысы Стив Джобсқа тиесілі. Аталған мекеме интернетте аудио материалдарды сатумен айналысу бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Мұндағы музыкалар 99 центпен бағаланады. Әлемнің 600 млн тұрғыны осы компанияның қызметін тұтынады екен. Бұл сервис Apple компаниясына тиесілі болғандықтан, оның жылдық табысын оң әсер еткен. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша алып компанияның табысы 83 млрд долларды құрады.

Осылайша, аталған жаһандық кәсіпорындар халықаралық электронды сауданың өркендеуіне әсер етуде. Олардың мақсаты – онлайн-сауданыдамыту, сондай-ақ, тұрғындарға сапалы әрі арзан тауар түрін ұсыну. Бұл өз кезегінде әлем халқына жайлылық пен тиімділік көрсететін болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)