Өлең-жыр байқауын жариялаймыз

Көпшіліктің сұранысы бойынша 2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында өтетін өлең-жыр байқауына шығармалар қабылдаймыз.

Өлең-жыр байқауы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше таланттарды таныту және ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Үміткерлердің туындыларын арнайы қазылар алқасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді. Ұйымдастыру комитеті сайысқа қатысушылардың өлеңдерін үстіміздегі жылдың 25 қаңтарына дейін қабылдайды. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады.

13 жасқа дейін:

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – диплом.

ІІІ орын – үшеу – диплом.

14 - 17 жас аралығы:

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – диплом.

ІІІ орын – үшеу – диплом.

18 жастан жоғары:

І орын – біреу – смартфон + диплом.

ІІ орын – екеу – диплом.

ІІІ орын – үшеу – диплом.

Қазылар алқасы қосымша жүлделер тағайындауға құқылы.

Шарттар:

— Өлең-жыр байқауының тақырыбы: «Оян». Жарияланған өлең-жырларыңыздың тақырыбы әртүрлі болуы мүкін, бірақ мағыналары өз-өзін дамытуға (еңбек, білім, ғылым, кәсіп, жетістік, бизнес, адамгершілік, денсаулық, жақсы мінез, мәдениет т.б) ынталандыру, рухани жігерлендіру, өркендеу, жаманнан арылу, жақсы жаққа өзгеру т.б - ның төңірегінде болу керек.

— Ақындар порталға тіркеліп, өлең-жырларын енгізулері керек (алдын тіркелгендердің қайта тіркелуі қажет емес, сол аккаунтары жарайды);

— Өлең-жыр енгізгенде ілмектердің арасына:

13 жасқа дейінгілерoyan14

14 - 17 жас аралығыoyan17

18 жастан жоғарғыларoyan18

деген ілмектерді міндетті түрде қосу керек (сайысқа қатысқанын және жас аралығын осы ілмектер арқылы анықтаймыз);

 

Нұсқаулықтар:

Қалай тіркелемін?

Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

Өлең қосу (сұрақтар туындамас үшін мұқият қарап шығыңыз)

Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

Басқа да сұрақтар

 

Барлық өлең-жырлар: Өлеңдер бөлімінде.

 

Сұрақтар үшін:

E-mail: bilimall.kz@gmail.com

WhatsApp: +7 701 754 04 73

Міндетті түрде жауап береміз!

Демеушілерге де ашықпыз. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (38)

Жұлдыз

3-ке бөлгендеріңіз жақсы болыпты!

Айжан

"Ілмектердің арасы"дегенді түсінбей тұрғаным

Модератор

Айжан, Ілмек деген ұяшыққа - өлең туралы ілмек жазасыз, өлеңге қатысты сөздер. Ілмек = тег. Мысалы: егер өлең отан туралы болса, бұл ұяшыққа отан, ел, жер деп жазуға болады. Ілмектер үтір арқылы жазылады. Мысалы: отан, ел, жер, oyan18, деп

ұлбосын

Тіркелуді қалай жасаймыз

Модератор

Енгізіп жатқанда: егер де авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Бауыржан

Жақсы жаңалық, тақырыбы да жақсы! Қатысамын!

назерке

Менинде кызыгушылыгым оянды калам тербемегели коп болды менде катысамын

Niazat

Кай калада?

Модератор

Онлайн

Army

Өлеңді қайда жазамыз

 

Модератор

Army, сайтқа тіркеліп енгізу керек. admin мырзаның нұсқаулықтарын пайдаланып көрсеңіз болады.

Қазақтың баласы

Осындай өлең жыр байқаулары көптеп болып тұрса жақсы ғой.Қаламдарың қарымды, Жырларың ұшқынды болсын

Мардан

Канша уакыт болады,кай калада

Тимур Санатұлы

Қатысып көруге болады екен! "Бақ та, бап та, өз қолымызда екенғой ✊

Шалахан

шыгарган өлендерді почтага жібереміз бе ?

Модератор

Шалахан, сайтқа тіркеліп енгізу керек.

Модератор

Мардан, 2018 жылдың 05 қыркүйегі мен 2019 жылдың 25 қаңтары аралығында қабылданады. Қабылданған шығармалар 1 айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталады. Барлығы онлайн өтеді. Толық мәлімет жоғарыда жазылып тұр.

Аршын

18 жастан жоғарғы жаста шектеу бар ма?

Модератор

Жасқа шектеу жоқ

Жанна

Жарыска. калай. тиркелемиз. Жасым он үште
Мен бұл жарысқа. қатысатын. боламын

Модератор

Жанна, жоғарыда нұсқаулықтар бар, соны пайдалануға болады, барлығы түсінікті етіп жазылған.

admin

Аватарға суретімді қалай шығарамын деген сұрақтың жауабы:

Логиніңізді басасыз - > баптауларға кіресіз - > сол жерден сурет жүктеуіңізге болады. Есіміңіз және фамилияңызды да толық сол жерде жаза аласыз.

Гүлзия Акімбайқызы

Өте керемет

Аяулым

мен жаңа байқамай дұрыс емес емайлды жазып койыппын.Енді жаңадан емайлымды ашып,кайта дурыстап тиркелип жатсам"Бұл емайл тиркелинген",- деп тур.Не істесем болады?

Модератор

Аяулым, - Құпия сөзді ұмытқан болсаңыз басыңыз - дегенді басып жаңалап көріңіз немесе E-mail: bilimall.kz@gmail.com, WhatsApp: +7 701 754 04 73 - қа жазып көріңіз.

arshynkerei

Өлеңдерім сайысқа тіркелді ме? Қалай білеміз? 

admin

arshynkerei, барлық өлең-жырлар өлеңдер бөлімінде немесе профиліңізге өтіп көре аласыз.

 

шәкен айжан

маған ұнады

шәкен айжан

меніңде қатысқым келеді бірақ ата анаммен ақылдасуым керек

шәкен айжан

тіркелуді түсінбей отырмын

Aidana

біз бул топка калай тиркелип калай олендеримизди жибере аламыз жане ол олендердин такырыбы кандай болу керек абай туралы шыгаргандарымызда болама

Алау

Aidana, барлығы жоғарыда жазылып тұр гой)

admin

Көптеп қойылған кейбір сұрақтардың жауаптары:

- Автор өзіңіз болсаңыз - Автор - деген ұяшықты бос қалдыру керек, авторы өзім деген белгіні таңдайсыз.

Жазудың үстін басу керек (суреттегідей)

Егер материалдың авторы сіз болмасаңыз (мысалы Ахмет Байтұрсынов), онда осы ұяшыққа өлеңнің авторын жазасыз (мысалы Ахмет Байтұрсынов). Өзіңіз болсаңыз бос қалдырыңыз.

- Ілмекті барынша қысқа және материалға қатысты етіп жазуға тырысыңыз. Дұрыс жазылған ілмектер жарияланған жазбаның көп оқылуына ықпал етеді.

- Енгізген материалыңызды ашып қарасаңыз, тақырыптың тұсында Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті белгіленген.

Егер қосқан материалыңызда бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өңдей аласыз. Ал өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.

- Қазақша әріптерді пайдаланып қатесіз жазуға тырысайық.

 

Сұрақ қоюдан алдын, өтініш төмендегі сілтемелерді бір қарап шықсаңыздар:

- Сайтқа қалай тіркелемін?

- Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда

- Сайтқа материал қосу

- Материал/мақала/өлең/т.б енгізбестен алдын оқып шығыңыз. Жазған мақалаңыз жақсы бағалануы/оқылуы үшін не істеу керек?

- Сайтқа өлең қосу

- Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?

Микош Пазылбек

Көк тарландаи елім бар
Жадыраган жерім бар
Алаш деген кең баитак
Көгілдір аспан елім бар
Торгаи деген жерім бар
Алаш деп туган баламын
Өзім акын боламын
Атам менің акында
Акын болам жакында

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)