Материалдың бөлімі
Материалдың бөлімін дұрыс таңдаңыз.
1) Өлең қосу - Сайтқа өлең қосу үшін осы сілтемені басасыз. Өлең дегеніміз кез-келген автордың өлеңі немесе өзіңіздің жазған өлеңіңіз.
2) Мақала қосу - Сайтқа кез-келген тақырыпта, қызықты мәлімет, мақала жариялау үшін осы сілтемеге кіресіз.
3) Нақыл сөз - Сайтқа нақыл сөз жариялау үшін осы сілтемеге кіресіз. Нақыл сөз (Цитата) - кез-келген адамның айтқан ұлағатты сөзі.
4) Анекдот, әзіл қосу - Сайтқа анекдот, әзіл, күлкілі әңгімелер қосу үшін осы сілтемеге кіресіз. Ұятсыз анекдот болмауы тиіс.
5) Мақал-мәтел қосу - Сайтқа мақал-мәтел қосу үшін осы сілтемеге кіресіз. Қазақ тілінде кез-келген ұлттың мақалы болуы мүмкін.
6) Ашық сабақ қосу - Сайтқа ашық сабақ, тәрбие сағаты, сабақты қайталау, жаңа тақырып, яғни мұғалімдер материалдарын жариялау үшін осы сілтемеге өтесіз.
Материалдың тақырыбы
Тақырып аты мақаланың не туралы екенін түсіндіре алуы керек. Қатты ұзын да емес, қысқа да емес, нақты жеткізе алуыңыз керек. Сөйлемнің бәрін үлкен әріппен жазбаңыз.
Жеткізу формасы
Мәтінді орналастыру өте маңызды. Ұзын мәтін, көп әріптен қорықпаңыз. Кез келген ақпаратты әдемі жеткізуге болады. Бар мәселе осында, дұрыс жеткізуде. Байқасаңыз мәтін орналастыратын жерде бірнеше батырма бар, соның барлығы мәтінді әрлеу үшін.
Жарияламастан бұрын материалдың статусын "шимай" етіп, алдын ала қарап алуыңызға да болады. Шұқып көріңіз, эксперимент жасаңыз. Алдын ала қарап алыңыз бірнеше рет, сосын барып жариялаңыз. Мәтіннің маңызды жерлерін қою қылыңыз. Кей жерлерін қисайтыңыз, астын сызыңыз. Адамды тарту үшін тақырыпқа сай сурет қойыңыз. Тек суреттерден тұратын пост болса әр суретке қысқаша түсініктеме жазыңыз.
Енгізген мақалаңызды ашып қарасаңыз, тақырыптың тұсында Қалам және Қоқыс жәшігінің суреті белгіленген.
Егер қосқан мақала/өлең/материалыңызда бір қате көрсеңіз, осы "Қалам"-ды басып өңдей аласыз. Ал өшіргіңіз келсе, "Қоқыс жәшігін" басасыз.
Автор
Автор деген ұяшыққа - егер материалдың авторы сіз болмасаңыз (мысалы Ахмет Байтұрсыновтың), осы ұяшыққа өлеңнің авторын жазасыз (мысалы Ахмет Байтұрсынов). Бірінші Есімі сосын Фамилиясы, артық нәрсе жазудың қажеті жоқ. Ерег авторы өзіңіз болсаңыз бос қалдырасыз немесе Авторы өзім деген белгіні таңдайсыз(егер өлең болса).
Ілмектер(Тегтер)
Материалдағы белгілі бір ілмекті түрткенде сайттағы сол сөзге қатысы бар деп белгілеген материалдың бәрі шығады. Содықтан ілмекті барынша қысқа және материалға қатысты етіп жазуға тырысыңыз.
Қайталамаңыз
Бір жерде бұрын жарияланған нәрсені көшіріп әкелуге құмартпаңыз. Сайт ішінен міндетті түрде іздеп көріңіз. Сол тақырып/мақала/өлең/т.б бұрын да жазылған болуы мүмкін.
Осылардың бәрін дұрыс орындасаңыз, қысқа уақытта өз материалыңызды алғашқы бетте көре аласыз.
Төмендегі сілтемелерді де оқып шығыңыз:
- Құпиясөзді (парольді) ұмытқан жағдайда
- Сайтқа қалай ашық сабақ, тренинг, жоспар т.б жариялаймын?
- Ілмек бойынша іздеу деген не және оны қалай қолданамыз?
- Сайтқа қатысты басқа да сұрақтар
Умида
Салеметсіздерма мен ашық сабағымды жіберинші десем қорқып қалдым енді жіберинші деп отқам бір мұғалім абайла ұқсас ашық сабақ болса жаман болад деп бирак интернеттен алмағам өзімнің тəжірибелі ұстазыммен отырып ақылдасып жазғанбыз ватсаппен жіберсем тексерип бересіз ба болама болмаима проблема боп жүрмесін отв.жду
Модератор
Сәлеметсәз бе?! Умида, жібере беріңіз)) bilimall.kz@gmail.com.
венера
мен макала жарияласам соған сертефикат берілеме? жауап жазасызба?
Модератор
Венера, беріледі.
Жайна
тест жауаптарын калай береміз
Айымгүл
сәлеметсіздер ме? менің балам 3-ші сыныпта оқиды мақала жібергісі келеді қалай жіберуге болады ?
Модератор
Айымгүл, bilimall.kz@gmail.com-ға жіберуге болады.
Досыбай Нұрлыбек
Қазақ елім
Қазақ елім шаттығымының белгісі
Тәуелсіздік бұл халқымының еншісі
Қаншама жыл қаншама күн өтседе
Ел басымыз бұл бостандық елшісі
Қазағым деп қазақ елін мақтайын
Тарихымды мен жүректе сақтайын
Аңыз тұнған тарихымның белгісін
Мен осылай жырмен жазып ақтайын
Қазақстан байтақ елім асқарым
Жарқырайды күнмен түнім аспаным
Байтақ жердің туын көкке көтерген
Тәуелсіздік ерік пен елдік дастаным
Еркіндік пен ерік берген халқыма
Бас иеміз сақтаған ата-салтына
Өтсе өмір өтсе тарих жазылып
Сөз айтамыз Қазақстан атына
Жырдан тұнған сырдан тұнған еліме
Біз арнаймыз Қазақстан жеріне
Бостандық пен ерік берген халқыма
Қонсын бақ құс өзенімен көліне
Осы сөзді арнап келем қалама
Нұрын шашқан кеңбайтақ елді далама
Желтоқсанның туын көкке көтерген
Жастармды тарихым еске алама
Құтты болсын тәуелсіздік емін- еркін
Жеткізем мен халқыма сөздің көркін
Желтоқсанды қадір тұтып тұрған елге
Орындалсын әр қашанда берген сертін
Досыбай Нұрлыбек
Салем бердік халайық
Сіздерден бақыт алайық
Осы күнде бәріміз
Қуанып бір қалайық
Күн шуағы шашылсын
Жайқалған гүлдер ашылсын
Халықтар бірге қуанып
Ашуы бугін басылсын
Сөзіме құлақ салыныз
Көңілді болып қалыңыз
Науырыз күнді бақытпен
Құшақ жайып алыңыз
Күнде нұрын шашқанда
Еліме есік ашқанда
Табиғат көктем анасы
Жұлдыздар шығар аспанда
Қарсы алайық бақытты
Арман қуған уақытты
Амандық тілеп халқы ма
Науырыз күндей шаттықты
Халқымды аялаған баптаған
Кең байтақты сақтаған
Бізді ұмытпай өтетін
Жалғасым деп мақтаған
Арайлап таңым атқанда
Күн қызарып батқанда
Көктемнің осы күндерін
Көрейік бірге ақ таңда
Халқы ма сертін беретін
Көктемде мұздар еретін
Ұрпағың бар өзіңінің
Соңыңнан еріп келетін
Арман
Досыбай Нұрлыбек, бұл өлеңдерді өлеңдер бөліміне қосу керек еді))
Разиа
Омiр откiншi кезен
Алмагул
Маган сертификат емес, диплом алу ушин не истеум керек?
Бекзат
Әр аптада үздік 1өлең, 1мақала анықталып отса, себебі үздік өлеңдер жарияланып эссе қорытындысы сирек шығады