Су – денеміздегі бүкіл мүшелер, тіндер және буындардың ең маңызды және негізгі қажеттілігі. Денеміздегі барлық мүшенің болмысы суға байланысты. Денеміздің 75% судан тұрады. Мидың 85%, қанның 90%, бұлшықеттердің 75%, бүйректердің 82%, сүйектердің 22% судан құралады.
Денеміздегі мүшелер және секрет бездері егер жақсы және таза сумен қоректенбейтін болса, соңында міндеттерін атқара алмайтын жағдайға келеді.
Ересек адам әр күні терлеу және тыныс алу жодарымен шамамен 2,5 литр су жоғалтады. Денедегі су мөлшері 5% төмендегенде келеңсіз әсерлері көріне бастайды. Ересек адамда мазасыздық, тынышсыздық күйінде көрінеді. Дененің су тапшылығы ұзақ уақыт жалғасатын болса, қартаю әсері және ауруға шалдығу қаупі қарқынды түрде өсе береді.
Егер қажетті мөлшерде су алмайтын болсақ, клеткалар суықтықты қаннан ала бастайды. Бұл да жүректің қиналуына себеп болады. Сонымен қатар бүйректер суды жақсы сүзе алмайтын болады. Бұл жағдайда бүйректің міндетін бауырмен басқа мүшелер жүктенеді. Ал бұл жағдай мүшелердің күйзелісіне себеп болады. Сондай-ақ іш қатуы, терінің құрғауы және қышыма, безеу, мұрын қанауы, зәр жолының инфекцияларына, жөтел, тұмау және бас ауруы секілді денсаулық дерттер көрінеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі