Өлең-жыр байқауы

Гессен шыбыны

Гессен шыбыны (Мауеtіоlа dеstruсtоr), қос қанаттылар отрядының галлицатұқымдасына жатады, бидай мен арпаның қауіпті зиянкесі. Қазақстанда кең тараған. Далалық белдемде дәнді дақылдарға қатты зиян келтіреді. Денесінің ұзындығы 2,5 — 3,5 мм, оның үстіңгі жағы күңгірт сұр немесе сарғылт қоңыр, бауыр жағы ақшыл, 17 буынды, ал мұртшаларының түсі қоңырқай сары түсті болады. Жылына бірнеше ұрпақ беріп өсіп өнеді. Жұмыртқалары цилиндр пішінді, ұзындығы 0,5 мм-дей. Олар жұмыртқаларын (50 — 500) жапырақтың үстіңгі бетіне салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер жапырақ қойнауының ішіне еніп, сабақтың буынға таяу ең жұмсақ шырынды жерін сүлікше сорып қоректенеді. Ересек дернәсілдері жалған пілләішінде күздік бидайдың көгінде немесе аңызда қалған өсімдік сабақтарында қыстайды. Қыстап шыққан дернәсілдер көктемде қуыршақа айналады. Гессен шыбынын жаппай ұшуы, дәнді дақылдардың көктеп шығуы мерзіміне тура келеді.

Күрес шаралары: ауыспалы егіске көшу; егістік жерлерді өз мерзімінде сапалы етіп жыртып, топырақты баптау; егінді қысқа мерзім ішінде себу; Гессен шыбынның жұмыртқа салуы кезінде өсімдіктерді улы химикаттармен өңдеу.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз