Менің ұстазым

Алматы облысы Балқаш ауданы
«№1 Бақанас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
3 «А» сынып оқушысы Бауыржанұлы Әлижан

 

Білімнің жолбасшысы, шәкірт­тің қолбасшысы – Ұстаз. Елді басқарған басшыны, әйгілі әншіні, ұлы ақынды, еңбек сүйген егіншіні де тәрбиелейтін ұстаз. Білімді ғалымдар, ойшыл дарындар, алып  батырлар да осы ұстаздың тәлімімен алға қарай қадам басып, талай биіктерді бағындырған.  Сондықтан, ұстазға артылар жауапкершілік орасан зор.

Ұстаз мен үшін ардақты есім. Ұстаз біздің екінші анамыз. Ұстаз өз шәкірттерінің бойындағы жақсы қасиеттерін ашуға көп еңбек етеді. Сол ұстаздардың бірі маған білім беріп жатқан ұстазым -  Дария Жұмаділқызы. Ұстазымның әдемілігі, сабақ түсіндіруі, кішіпейілділігі мені қатты қызықтырады. Ол кісі әр сабағын қызықты етіп өткізеді. Мұғалімімнің берген білімін ынтамен ұғып, санама құюға тырысамын.

Ол ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді және мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көреді, ақыл айтып отырады, көп нәрселерді үйретіп жүр. Оның әрбір сабағы қызықты да, сапалы болып өтеді. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол — алғашқы ұстаз. Мен алғашқы ұстазымды  мақтан тұтамын!

Қазір мен 3-сыныпта оқимын. Білім мен тәрбие берген ұстазымнан көп нәрсе үйрендім. Жетістіктерге жетуіме ұстазымның сіңірген еңбегі зор. Ол өте ақылды, дарынды, мейірімді, парасатты жан. Әрбір сөзі біздерді әдепті, мейірімді болуға тәрбиелейді. Апайымыз біздің білімімізге, тәртібімізге, киім киісімізге, тазалығымызға қатты мән береді. Бізге апта сайын сынып сағаттарын, әр мереке сайын мерекелік тәрбие сағаттарын өткізеді. Маған тәлім-тәрбие беріп жүрген ұстазымызды ата-анам да қатты құрметтейді.Ұстазыма алғысым шексіз. Маған әрқашан қамқоршы болып, білім шыңына жетелейтін – ұстазым. Сондықтан, ұстаз еңбегін зая кетірмей, үмітін ақтау – борышым.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)