Бақыт деген...

Алматы облысы Балқаш ауданы
«№1 Бақанас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесі
3 «А» сынып оқушысы Еркін  Рауан

Бақыт әр адамда болады. Мысалы, мен бақыттымын. Себебі: менің әкемде, анамда бар. Онымен қоса менің денім сау, қол-аяғым аман."Бақытты адам" - деп бай адамдарды айтпайды, бақытты адам деп денсаулығы бар, отбасы бүтін адамды айтады. Менің анам маған үнемі айтады: "Бақыт деген байлық емес, бақыт деген денсаулық, ата-анаң, туған бауырларың және өзіңнің туып өскен жерің" - дейді. Менің ең бірінші бақытым денсаулығым, екінші бақытым бақытым ата-анам, үшінші бақытым туып өскен жерім, елім және мақтаныштарым, қамқоршыларым екі әпкем. Мен бақыттымын өйткені, мен жарық дүниені көремін, жақсы сөздерді естіп, оқып, көріп біліміді шыңдаудамын, екі қолыммен еңбектенудемін, өз аяғыммен жүріп баратын жерлерге барудамын.

Мен бақыттымын, өйткені мен Тәуелсіз елде, Тәуелсіз мемлекетте тіршілік етудемін. Менің елімнің туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Туған елімнің табиғаты тамаша, көркем! Біз өз елімізде бақытты өмір сүрудеміз. Ақындар жырлағандай менің бақытым тілім, өз ана тіліңде сөйлеу, білім алу қандай бақыт, сонымен қатар менің бақытым Отаным. "Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас" - дегендей өз жеріңнің топырағы да, суы да, құсы да, тіпті қыбырлаған жәндігі де саған бақыт сыйлайды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)