Өлең, жыр, ақындар

Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын

  • 18.04.2015
  • 1
  • 0
  • 9569
Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын,
Ақ анар, жұпар иіс, мамық қойын.
Мінезді, сөзге епті, әңгіме ұста,
Өмірдің қыздыратын жастық тойын.

Сүйріктей ақ білекті шебер саусақ,
Ақ шаңқан балапандай тұрған жусап.
Жаратылыс мақтаны — сұлу қызды
Көрген сайын құмарық артар сусап.

Ақ уыз — дене көркі, тік қос алма,
Магниттей тартқызған көрген жанға.
Әзірге көргенмен де, көптің бірі,
Мендік боп, мені сүйсең арман бар ма!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлт

  • 1
  • 1

«Кәпір» бар, «мұсылман» бар — барлығы адам.
Оларды алалайтын қандай надан!
Өнер, білім, әділет кім қолдаса,
Қай ұлт болсын — бәрі бір бауыр маған.

Толық

Оқып жүрген жастарға

  • 1
  • 2

Үмітпенен жоқ қуған
Үмітпенен жоқ қуған
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,

Толық

Соқыр ағаш

  • 1
  • 1

Мен көрдім соқыр ағаш басын иген,
Жаһаннамға* кетеді оған тиген.
Зәһәр деп жас алманы дұспан тұтып,
Мисыздар ол ұжмақ деп барып сүйген.

Толық

Қарап көріңіз