Өлең, жыр, ақындар

Владимир Смирнов (шаңғы тебу)

Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, 1994 жылғы Олимпиаданың жеңімпазы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, төрт дүркін әлем жеңімпазы. Қазақстан Республикасының «Халықтар достығы» және «Даңқ» ордендерінің иегері.

Смирнов Щучинск қаласында дүниеге келген. Ол шаңғымен 12 жасынан айналысқан. Өзі туралы Володя:

— Мені кішкентайымнан классикалық әдіспен шаңғы тебуге баулыды. Ал өзім үлкен қашықтықты ұнатамын. Алдыңғы үштікке шығамын деп ешқашан ойламағанмын. Бірақ олимпиадалық ойындардағы күтпеген табысым мені одан әрі үміттендірді, — дейді.

Ұзақ жылдар бойғы тынымсыз жаттығу жұмыстары Владимирді марафондық жарыста табысқа жеткізді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз