Өлең-жыр байқауы

Шұбар күзен

Шұбар күзен — сусарлар тұқымдасының орташа пішінді жыртқышы (денесінің ұзындығы 35-38 см, салмағы 650-680 г). Сырт пішіні күзенге ұқсас, бірақ арқасы алабажақ; құрсағы қара түсті, басының ортасынан көлденең үлкен ақ жолақ өтеді. Күзенге тағы бір ұқсастығы — арқасын доға тәрізді иіп, секіріп қозғалуы. Қорыққанда немесе ызаланғанда өзіне тән қимылымен шашақталған құйрығын арқасына тастап, басын көтеріп, тісін сірестіріп, ит сияқты ырылдаған дыбыс шығарады. Каспийден Ертіске дейін шөлді жерлерді мекендейді, бірақ барлық жерде сирек, сол үшін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл сарышұнақтар, құмтышқандар, жерде ұялайтын құстармен қоректенеді. 15 жыл өмір сүреді. Інде ұялайды. Маусым-шілдеде күйлейді, 5 айдан кейін інінде 3-8 ұрпақ пайда болады. Санының азаюының негізгі себептері — тың жерлерді жырту және кеміргіштермен күресу үшін улы химикаттарды кең қолдану.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)