Эссе және өлең-жыр байқауы

Соқыр тышқан

Соқыр тышқан (Ellobios) — сұр тышқан тұқымдасының бір туысы. Дене бітімі жұмырлау, тұрқы 13 см, түгі жұмсақ, қылшықсыз, түсі сарғылт, қара қоңыр. Көзі кішкене, құлағы шала дамыған, күрек тістері жер қазуға икем, тіршілік әрекетін топырақ арасында өткізіп, жер бетіне сирек шығатын кеміруші. Евразияның дала, шөл аймақтарында таралған, тауда 4000 м биіктікке дейін кездеседі. Қазақстанда кең таралған түрі — кәдімгі соқыр тышқан (Ellobios talpinus). Бұның дене тұрқы 94,0-115,5 мм, топырақ бетінен 10-30 см тереңдікте топырақты қазып, өсімдік тамырымен қоректенеді. Қазып босатқан топырағын анда-санда жер бетіне шығарады және бұл топырақ осы қоректік ін жолының аузын жабады. Інін, ұясын қоректік ін жолына жалғастыра 1,5-2 м тереңдікке жасайды. Бау-бақша, беде егістігіне зиян келтіреді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...