Өлең, жыр, ақындар

Дәл осы көзім көрген қыздың жайы

  • 18.04.2015
  • 1
  • 0
  • 8219
Дәл осы көзім көрген қыздың жайы
Жігіттің жібек арқан еркетайы.
Күлімдеп қара көзден сәуле түссе,
Секілді жер құлпыртқан көкек айы.

Бұл жазған мақтау емес, жаным саған,
Он есе артық көріндің одан маған.
«Өмірде бар қызықты бірге көрсек»
Дейтұғын көңілімде бар бір арман.

Сол ойды көрсетпекпін бетін ашып,
Әдепті сүю жеңіп, кетті асып.
Өзімсініп өзгеден қызғанамын,
Ала бұртқан жастықпен көңілім тасып.

Осыған не айтар екені сүйген сәулем?
Мендей о да сүйер деп көңілім сенген.
Еркіңді басқа біреу билеп кетсе,
Болам да қарттың бірі көңлі сөнген.

Шын айтқан ақ жүректен ағытпа сөз.
Ой талғап, жүрек таңдап, танытқан кез.
Жас көңіл асығады жай тапқанша,
Жетсе екен мендік болған қуаныш тез.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күңшіл ақ кірпік

  • 1
  • 0

Алты жастан оқып ең, ақ кірпігім,
Не айтар ең, сұраса егер: «не бітірдің?»
«Пәленшелер молдадан оқып жүр» деп,
Жел ауыз боп мақтаған сөзбен жүрдің.

Толық

Жүрегім, тулап шабасың

  • 1
  • 0

Жүрегім, тулап шабасың,
Жоқты қайдан табасың,
Уытын жайған сыртына,
Оны қайтіп жабасың?

Толық

Ұлт

  • 1
  • 1

«Кәпір» бар, «мұсылман» бар — барлығы адам.
Оларды алалайтын қандай надан!
Өнер, білім, әділет кім қолдаса,
Қай ұлт болсын — бәрі бір бауыр маған.

Толық

Қарап көріңіз